Статистика жайында


"Статистика", "орташа статистикалық көрсеткiш", "статистикалық деректер бойынша" - деген сөздердi әр адам бiрнеше естiдi. Осы заманғы қоғамда статистикаға, оның жұмысына және оның көрсеткiштерiне қатыныс бiрдей емес. Бiреулер статистикалық деректердi жұмысында, оқу орынында талдау мен болжамдар жасау үшiн пайдаланса, кейбiреулер статистикалық деректермен теледидардағы жаңалықтар және баспасөз беттерiндегi мақалалар арқылы танысады, ал ендi бiреулер статистикаға мүлде көңiл аудармайды.
Статистикаға қандай көз қарас болмасын, әрбiр адам оның әсерiн жанама болса да сезiнедi. Қабылданатын заңдар мен Үкiметтiң шешiмдерi, болжамдар жасап, мемлекеттiк бағдарламалар дайындау елдiң даму бағытын анықтау - бәрi де статистикалық деректер негiзiнда дайындалып, соған сәйкес жүзеге асырылады.
Статистика сөзi латынша "status" сөзiнен алынып, хал-ахуал, жай-күй дегендi бiлдiредi. Бастапқыда статистика деген мемлекеттiк басқару деп жобаланып түсiндiрiлдi. Бүгiнгi күнi статистика терминi үш мағнада қолданылады:
• бұл қоғамдық өмiрдегi жалпы құбылыстардың, олардың сапалық өзгерiстерiне байланысты бiр немесе бiрнеше жиынтығын зерттейтiн ғылым;
• бұл статдеректердi жинаумен, өңдеумен және талдаумен айналысатын тәжiрбиелiк орган;
• бұл бiр немесе басқа да әлеуметтiк-экономикалық құбылыстардың деңгейiн, көлемiн, мөлшерiн, серпiнiн сипаттайтын сандар.
Қазақстан статистикасының тамыры өте ерте замандардан алынады. Алғашқы Қазақстан мемлекеттiгi туралы XV ғасырдағы қазақ хандығы туралы статистикалық деректердi растайтын тарихи
мәлiметтер бар.
Қазақстан аумағында орталықтандырылған жүйелi статистикалақ қызметтiң туындауы XVIII ғасырдың екiншi жартысына келедi. Қазақстан аумағында ең алғаш ресми түрде кұрылған мемлекеттiк статистикалық орган Түркiстан губерниялық статкомитет болып табылады (1868 жылы 22 қаңтарда құрылған) . Қазақстанның бiрiңғай орталықтандырылған статистикалық органдарының ресми құрылған датасы 1920 жылғы 8 қараша болып есептеу қалыптасты, бұл күнi "Қазақ АССР мемлекеттiк статистикасы туралы ереже" атты Қаулы бекiтiлген. Статистиктердi Қазақстанның барлық өңiрлерiне жiберген, олар қазақтардың әлеуметтiк-экономикалық тұрмысы туралы, қауымдық құрылысы туралы, үкiметтiң ауылдық болыстық қызметi туралы деректер жинады, шайыр қайнату, терi илеу, кендiр, күнбағыс, зығыр жинау туралы есеп жүргiздi.
Соңғы жүзжылдықта статистика органдарының атауы бiрнеше рет өзгердi, бiрақ оларға жүктелген мiндеттер өзгерiссiз қалуда: статдеректер жинау және өңдеу, сапалы, шыншыл, уақытылы қорытынды көрсеткiштер қалыптастырып, тұтынушыларға ұсыну. Бiрнеше онжылдықтар бойы жемiстi жұмыстардың нәтижесiнде статистика органдары орасан зор тәжiрибе жинап, қисапсыз ақпараттық база қалыптастырылды. Облыс мұрағаттарында төңкерiс кезiндегi, соғыс, соғыстан кейiнгi жылдардағы, жылымық және тоқырау кезеңдерiндегi, қайта құру мен бүгiнгi күнгi статистикалық ақпараттар сақталуда. Қазақстанның тәуелсiз мемлекет мәртебесiн алуы қоғамның әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне ғаламдық өзгерiстер әкелiп, жаппай қайта құру болды және мемлекеттiк қызмет жасаудың барлық жүйесiнде, оның iшiнде статистика органдарында түбегейлi қайта құрулар жүзеге асты.
1992 жылғы қаңтарда ҚР "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк статистика" туралы Заңы қабылданды, 1992 жылы желтоқсанда бастапқы және бұғалтiрлiк есептi, статистиканы қайта құру жөнiнде Мемлекеттiк бағдарлама қабылданды. 1997 жылы "Мемлекеттiк статистика туралы" Заң жаңадан қабылданды. Тәуелсiздiк жылдары Статистиканы жетiлдiрудiң үш бағдарламасы жүзеге асып, статистика органдары бүгiнгi күнi 2006-2008 жылдардағы төртiншi бағдарламаны жүзеге асыру шегiнде жұмыс iстеуде.
2006 жылға дейiнгi реформалау тәуелсiз мемлекеттiң халақаралық талаптарға сай ұлттық статистикалық жүйесiн қалыптастыруға бағытталды. Статистикалық органдардың жұмысы сапасының өте-мөте маңыздылығын түсiнiп, тәуелсiз Қазақстанның басшылығы статистикалық өндiрiстi инновациялауға жан-жақты жәрдемдестi. Қазақстан 2000-2003 жылдары ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып, мәлiмет таратудың жалпы стандарттарын енгiздi. 2004 жылы Қазақстан ТМД елдерiнiң iшiндегi Ресми статистиканың негiзгi қағидаларының сақталуын бағалау үшiн Евростаттың аса маңызды мiндеттi тапсырмасы жолданған ең алғашқы ел болды. Бұл тапсырманың қорытындысы жөнiндегi есепте ресми статистиканың қол жеткiзген даму деңгейi жағымды болып бағаланды.
Статистика дамуының төртiншi бағдарламасы статистикалық өндiрiске жаңа технология мен жаңа ақпараттық жүйелердi енгiзу, пайдаланушылармен және респонденттермен өзара интерактивтiк әрекеттердi күшейту, жаңа көрсеткiштер жасау сияқты көкейкестi мiндеттердiң шоғырын шешуге бағытталған.
Статистикасыз мемлекеттiң өмiр сүруi, қоғамның үдемелi дамуы мүмкiн емес екенiн тарихтың өзi дәлелдедi. Тiптi өте ерте замандардың өзiнде әрбiр ел басқарушы дана адамдардың, малдың, жердiң, егiстiктiң есебiн жүргiзуге тырысқан. Осы заманда ол аса өзектi қажеттiлiк. Бүгiнгi күнi кез келген маңызды әлеуметтiк-экономикалық шешiмдер - болжамдық бағалаулар, серпiндiлiк қатарлар, статистикалық деректер. Бiздiң мемлекеттiң статистикалық органдары елiмiздiң өркендеуiне яғни әрбiр адамға, тұтастай қоғамға жұмыс жасай отырып, зымыраған уақыт талабынан қалмай өздерiнiң тарихи маңызды қызметтерiн орындауда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz