Стоматологиядан дәрістер


Дәріс № 1 2 курс 3 семестр
- Тақырыбы:Стоматологияда тіс протездерін дайындау технологиясының рольі, мақсаты және міндеті. Тіс жақ жүйесінің функциональды анатомиясы. Шайнау аппаратының биомеханикасы. Артикуляция және окклюзия. Тістем түрлері.
- Мақсаты:Студенттерге тіс протездерін дайындау технологиясының стоматология саласында үлкен орын алатынын, оның ролі, мақсаты мен міндетін түсіндіру. Ауыз қуысын протездеуде тіс жақ жүйесінің функциональды анатомиясының маңызын, шайнау аппаратының биомеханикасы, артикуляция және окклюзия ұғымдарын білу, олардың тіс протездерін дайындау технологиясында алатын орны, тістем түрлерін оқыту, түсіндіру.
- Дәріс тезистері:
Артикуляция мен окклюзиялар.
Сүйектердің буындағы мүшеленуін артикуляция деген терминмен белгілейді, ол буындағы мүмкін болатын қозғалыстар деп аталынады. Ортопедиялық стоматологияда осы ортақ қозғалыстардан тек тіс қатарларының түйісуі сақталатын қозғалысы бөлініп алынады. Төменгі жақтың бұл қозғалысын окклюзиялық қозғалыс деп атайды. Төменгі жақтың 3 түрлі окклюзиялық қозғалысымен тұрақтылығы бар: орталық, сагитальды және трансверзальды шайнау аппаратының биомеханикасын дұрыс түсіну үшін: 1) тіс қатарына, 2) буынға қатысты артикуляция элементтерінің терминологияларын анықтау қажет.
а) сагитальды және трансверзальды окклюзиялық қисық.
б) күрек тістердің бір бірін жабу тереңдігі (фронтальды жабу)
в) сагитальды және трансверзальды күрек тістер жолының бұрышы (жоғарғы күрек тістердің тандай беті) готикалық бұрыш 120 градус.
г) шайнау төмпешіктерінің биіктігі мен ойықтығы.
д) сагитальды және трансверзальды буын жолының бұрышы. Беннет бұрышы 15-17 градус.
Төменгі жақ сүйектерінің қозғалыстарының әртүрлі тістесуіндегі биомеханикасы.
Тістердің қабысуы төменгі жақтың орталық, сагитальды және трансверзальдя күйіндегі тіс қабысуның маңызы зор. Орталық окклюзия төмендегідей морфофункциональдық белгілермен сипатталады:
а) төменгі жақты көтеретін бұлшықеттер біркелкі жиырылады.
б) төменгі тістер қарсы тістермен тығыз, біркелкі және бір мезгілде қабысады.
в) буын басы буын ойығымен буын төмпешігі ойысының түбінде мүшеленіп байланысады.
Жақтың тұрақтылығында тамақты тістеу және шайнау процесі аяқталады. Төменгі жақтың сагитальды күйі келесі белгілермен сипатталады:
а) төменгі жақты қозғайтын бұлшықеттер біркелкі жиырылған, ал өзгелері босаңсыған.
б) буын басы төмен алға қозғалып, буын төмпешігінің ұшына жетеді.
в) төменгі күрек тістер, жоғарғы күрек тістердің таңдай жағымен сырғиды да, жоғарғы күрек тістердің тістейтін шетімен түйісіп орналасады (сагитальды буын жолының бағыты), азу тістерде көптеген нмесе үш пункте түйісу болуы немесе мүлдем болмауы мүмкін. Азу тістердің ажыау шамасы алдыңғы істердің бір-бірін жабудың буын ойығының тереңдігіне және сагитальды окклюзиялық кисаюдың дәрежесіне байланысты. Сонымен қатар буын төмпешігі мен зау тістердің шайнау төмпешігінің биіктігіне тура пропорционалды:
1) күрек тістердің фронтальды жабу тереңдігіне
2) буын ойығының тереңдігіне
3) сагитальды окклюзиялық қисаюдың дәрежесіне
4) буын төмпешігі мен азу тістердің шайнау төмпешігінің биіктігіне.
Шайнау аппаратының артикуляциясы мен окклюзия туралы ілімнің теория және іс-жүзіндегі маңызы зор. Ол тіс протезінің (әсіресе тіссіз жақ сүйегі үшін) құрастыруды ғылым жүзінде негіздеуге себеп болды. Тіс қатарлары арасындағы көптеген окклюзиялық түйісу парадонтқа түскен салмақты біркелкі таратуға жағдай жасайды. 7-9 жастағы баладарда сүйір тістердің төмпешігінің мүжілуінің бөгелуі жиі кездеседі. Окклюзияны бірқалыпты сақтау үшін бала астыңғы жағын алға қозғайды да, өзіне өзі тістесудің ауытқыған түрін жасайды. Бұл еріксіз түрдегі прогения кейін шын прогенияға айналып кетуі мүмкін. Ересек адамдарда парадонтоз кезіндегі әртүрлі окклюзия парадонтқа түсетін салмақты қабыну процесін және тістердің босаңсуын күшейтеді.
Тіс жақ жүйесінің негізгі қызметін орындау төменгі жақтың әртүрлі сипатта қозғалуымен байланысты. Шайнау және жұтыну кезінде тіс қатарының қабысуымен ашылуында осы қозғалыстарыдң белгілі бір фазалығы бекітілген. Әдейі және рефлекторлы қозғалыста және дем алу, сөйлеу және әр түрлі мимикалық қозғалыстарда тіс қатарының қабысуы болмайды.
Төменгі жақтың қозғалысы шаралы және шарасыз рефлекстердің күрделі қосылыстарының негізінде әртүрлі бұлшықет топтарының жиырылуынан жүзеге асады. Шайнау қысымын жүзеге асыру үшін нерв импульстарының реттілігі бас миының өзекті бөлімінде орналасқан орталықпен бақыланады.
Шайнау аппаратының барлық механизмінің іс-қимылын дұрыс бағалау үшін артикуляция, окклюзия және т. б. терминдерді міндетті түрде білу қажет.
Артикуляция - бұл төменгі жақтың барлық қозғалсыс кезінде жақтар мен тіс қатарларының жазықтықта қатынасы.
Артикуляцияның бұл анықтамасына төмеңгі жақ тек шайнау қозғалысы ғана емес, сөйлеу, есінеу және т. б. кездердегі қозғалыстар жатады. Артикуляцияны практикалық мақсатта ең қолайлысы окклюзия варианттарының бір-біріне ауыспалы тізбегінде қарастырған жөн.
Окллюзия бұл жоғарғы және төменгі жақтардың тіс қатарының немесе жекелей тіс топтарының белгілі бір уақыт аралығында қабысуы. Яғни окклюзия бұл артикуляцияның бір моменті болып табылады.
Төменгі жақтың жоғарғы жаққа қатынасының күйіне байланысты былай бөлінеді:
- салыстырмалы физиологиялық тыныштық күй.
- орталық окклюзия немесе жақтардың орталық қатынасы.
- бүйірлі оң окклюзия
- бүйірлі сол окклюзия
- алдыңғы окклюзия.
Салыстырмалы физиологиялық тыныштық күй шайнау бұлшықеттерінің минимальды белсенділігінде және мимикалық бұлшықеттерінің толығымен босаңсуындағы төменгі жақтың бір артикуляциялық күйі. Төменгі жақты көтеретін және түсіретін бұлшықеттердің тонусы біркелкі.
Орталық токклюзия түйісу нүктелерінің максимальды санында тістердің қабысуымен сипатталады. Бұл кезде беттің орталық сызығы орталық күрек тістер арасымен өтетін сызықпен сәйкес келеді. Төменгі жақ басы буын бұдырының скатында, оның негізінде орналасады. Бұл кезде шайнау бұлшықеттерінің біркелкі және бір уақытта жиырылуы бақыланады.
Алдыңғы окклюзияда төменгі жақтың алдыға жылжуы болады. Бұл латеральды қанаттәрізді бұлшықеттің екіжақты жиырылуымен жүзеге асады. Орталық күрек тістер арасындағы сызығы беттің орталық сызығымен сәйкес келеді. Төменгі жақ басы алдыға ығысып және буын бұдыры ұшында орналасады.
Бүйірлі окклюзия төменгі жақтың оңға немесе солға ығысуымен жүзеге асырылады. Төменгі жақтың оңға жылжуында латеральды қанат тәрізді бұлшықеттің қарама-қарсы жағы жиырылады, ал солға керісінше.
Төменгі жақтың вертикальды қозғалысы.
Вертикальды қозғалыс ауызды ашып, жабуына сәйкес және төменгі жақты көтеріп, түсіретін бұлшықеттің кезектесіп жифрфлуынан жүзеге
асырылады. Төменгі жақ түскенде тіс жақ қатарлары ашылады, ал ауызды жапқанда, керісінше қабысады. Ауыздыңмаксимальды ашылуы кезінде тіс қатарлары арасындағы қашықтық орташа 4, 4см тең.
Ауызды ашқан кезде төменгі жақтың әрбір тісі төмен түсіп және артқа жылжып, буын басының жалпы орталығымен қиғаш түседі.
Төменгі жақтың сагитальды қозғалысы.
Төменгі жақты алдыға жылжыту латеральды қанағаттәрізді бұлшықеттің екі жақты жиырылуымен жүзеге асады. Олардың бі жақ ұшы қанағаттәрізді өсіндінің шұнқырында, ал екінші ұшы төменгі жақ басының алдынғы жақ бетінде буын дискісіне бекітілген. Төменгі жақтың алдыға жылжуы екіге бөлінуі мүмкін. Бірінші фазаға диск төменгі жақ дискісімен бірге буын бұдыры бетімен сырғанайды. Екінші фазаға басының сырғанауына өзінің көлденең осьі бойымен шарнирлы қозғалысқа қосылады. Осы қозғлыстар оң және сол жақта бір уақытта жүреді.
Төменгі жақ алдыға қозғалуында төменгі жақ басының жүретін арақашықтығы сагитальды буын жолы деп аталады. Ол белгілі бір бұрыш сагитальды буын жолы бұрышымен сипатталады. Бұл бұрыш сагитальды буын жолының жалғасы болып жататын окклюзиялық жазықтықпен қиылысқан сызықпен түзіледі. Буын сагитальды жолының бұрышты Гизи бойынша орта есеппен 33 градусқа тең.
Ортогнатиялық тістесуде төменгі жақ қозғалысында жоғарғы жақтың қабысуынан босатылса ғана, алдыңғы тістер алдыға жылжиды. Бұл қозғалыс төменгі күрек тістердің, жоғарғы күрек тістердің тандй бетімен сырғанай отырып кесу қырлары жанасқанға дейінгі мономентпен жүргізіледіТөменгі жақты алдыға жылжытқанда төменгі күрек тістердегі құрылған жолды сагитальды күрек тіс жолы деп атайды. Сагитальды күрек тіс жолы сызығының окклюзиялық жазықтықпен қиылысуында түзетін бұрыш, сагитальды күрек тіс жолының бұрышы деп аталады. Оның көлемі жкелей әртүрлі, және қабысу сипаына байланысты. Гизи бойынша ол 40-50 градусқа тең.
Төменгі жақтың трансверзальды қозғалысы.
Төменгі жақтың бүйірлі қозғалысы латеральды қанат тәрізді бұлшықеттің біржақты жиырылуынан құрылады. Яғни төменгі жақ оңға қозғалса, сол жақ қанат тәрізді бұлшықет жиырылады, ал солға қозғалса - оң жақ қанат тәрізді бұлшық ет жиырылады. Бұндай қозғалыста буын басы бір жағынан өз осінде айналады. Осы уақытта екінші жақтың буын басы диспен бірге буын бұдыры бетімен сырғанайды. Егер төменгі жақ оңға ығысса, онда
сол жағындағы басы төмен және алдыға ығысады, ал оң жағында буын басы вертикальды осьте айналады.
Жиырылған бұлшықет жағында төменгі жақ басы төмен, алдыға және біраз ішке ығысады. Бұл кезде ол буын жолының сагитальды сызық бұрышына жол жасайды. Бұл бұрыш ең алғаш Беннетпен жазылып және осы себептен сонының атымен аталғын. Немесе оны бүйірлі буын жолы бұрышы деп те атайды. Ол 17 градусқа тең.
Трансверсальды қозғалыс тістердің окклюзиялық жанасуының белгілі бір өзгерістерімен сипатталады. Төменгі жақ бірде оңға, бірде солға ығысатындықтан, тұйық бұрышта қиылысатын тістердің қиғашын көрсетеді. Тіс төменгі жақ буыннан неғұрлым алшақ тұрса, соғұрлым бұрыш үлкен болады. Ең тұйықұ бұрыш түзетін орталық күрек тістер. Бұл бұрыш трансверсальды күрек тіс жолының бұрышы немесе готикалық бұрыш деп аталады. Ол күрек тістердің бүйірлі қозғалысының аумақтығын анықтап және 100-110 градусқа тең.
Жақтың бүйірлі қозғалысында оны екі жаққа бөлуге болады: жұмысшы және балансты. Жұмысшы жағында тістер бір-біріне аттас бұдырларымен оналасады, ал баланстыда карама-қарсы, яғни төменгі ұрт бұдыр қарсы таңдай бұдырымен түйіседі.
Тамақты шайнау кезінде төменгі жақ қозғалу циклін жасайды. Гизи төменгі жақтың циклділігін схема түрінде ұсынды. Қозғалыстың бастапқы кезеңі орталық окклюзия күйі болып табылады. Одан кейін өздіксіз кезекпен бірінен соң бірі 4 фаза өтеді. Бірінші фазада жақ төмен түсіп және алдыға шығады. Екінші фазада жақ бүйірге қарай ығысады. Үшінші фазада жұмысшы жағында тістер аттас бұдырлармен, ал балансты жаққа қарама-қарсы түйіседі. Төртінші фазада тістер орталық окклюзия күйіне келеді және осы шайнау циклі ары қарай қайтадан қайталанады. Шайнау аяқталған соң жақ салыстырмалы тыныштық күйге келеді.
Сонымен, шайнау аппаратының биомеханикасының заңдылықтарын түсіну әрбәр дәрігер-стоматолог үшін қатардағы білім деңгейі болып табылады. Ол тіс протездерін құрастыру, тісті плобалау кезінде, тістеудің ауытқуын анықтауда және парадонтозда тістердің шектен тыс салмақ қабылдауының рольін есепке алуға қажет.
Шайнау аппараттарының биомеханикасы.
Биомеханика - адам мен жануарлардың қозғалысы туралы ғылым. Ол дененің барлық механикалық қозғалысы бағытын механикалық заң көзқарасымен қозғалысты зерттейді.
Ортопедиялық мақсатта шайнау аппаратының шайнау механикасын оқып білу өте маңызды-шайнау аппаратын түзетін мүшелер мен жүйелердің
функциональды қатынасы мен морфологиясын. Шайнау аппаратының формасы мен қызметін қалыптастыруға, тамақты тістеп және шайнау актісіне, сөйлеу және демалу процесстеріне бағытталған ортопедиялық іс-әрекет, сау шайнау аппаратының функциональды құрылыс заңдылықтарында негізделеді. . Шайнау аппараттарының қызметі шайнау бұлшықеттерінің өзгерістерімен және тіс қатарлары арасындағы қатынастың өзгерістерімен жүзеге асады. Шайнау аппараттарының қызметі схема түрінде келесі негізгі фазалардан тұрады: ауызды ашып және жабу, төмеңгі жақ алдыға және артқа жылжуы, бүйірлі және аралас қозғалыстар.
Төмеңгі жақтың қозғалыстары және самай-шықшыт буыны элементтерімен тіс қатары қатынасының өзгеруі.
Төмеңгі жақтың бастапқы күйінде еріндер жабық, ал төменгі жақ аздап жабық болып тұрады. Бұл кезде жоғарғы және төменгі жақтар арасында 2-4мм саңылаулар болады, бұл тыныштық күй деп аталады.
Төменгі жақты ашуды 3-фазаға бөледі-біраз, едәір және максималды ашылуы. Буған буын басы қозғалысының - түрі әрекет етеді. Біраз ашқанда буын басы буынның артқы бөлімінен төмен, оны орталық етіп көлдеңен осьті айналады. Төменгі жақтың едәір ашылуында буынның төменгі артқы бөлімінде шарнирлі айналумен қатар, оған буын басының дискпен бірге буын бұдар бетінің манына қарай сырғанауы қосылады. Буын басының аралас қозғалысы пайда болады. Максимальды ашу кезінде буын басының сырғанауы буын басында тежеледі де, бір ғана шарнирлі қозғалыс жалғастырады. Буын басының қозғалысын есту тегісіне саусақты сұға отырып ауыздың ашылуында тексеруге болады. Ауыздың ашылу амплитудасы орта есеппен 4-5см тен. Төменгі жақты түсіру және осыған сәйкес, буын басының жүретін жолы буын бұдырларының биіктігі мен пішініне байланысты.
Төменгі жақты максимальды ашудан тістердің толық түйісуін төменгі жақты көтеретін бұлшықеттермен жүзеге асырылады. Төменгі жақты көтергенде буын басы түсіргендегі жолды қайталайды.
- Жоғарғы және төменгі тіс қатарының құрылысы.
Қалыпты жағдайда тістер үздіксіз тығыз қатар құрайды. Олардың пішіні жоғарғы жақ сүйегінде жартылай эллипс түрінде, ал төменгі жақ сүйегінде парабола түрінде кездеседі. Тістердің тығыз түйісуімен тіс сауытының шығынқы пішіні (экватор) қызыл иекті шайнау процесі кезінде зақымдалудан қорғайды. Тістер жақ сүйектерінде жантайып орналасады. Жоғарғы тістер сыртқа, ал төменгі тістер ішке жантаяды. Тік сызықтан
(вертикальды) ең үлкен ауытқу бұрышы - жоғарғы күрек тістерінде (20-30 градус), ең кішісі 0-5 градус (төменгі күрек тістер), тістердің жантайып орналасуына байланысты жоғарғы тіс қатары төменгі тіс қатарын жауып ттұрады. Сонымен қатар тістердің жантаюы тіс ұяшығының сыртқы және ішкі қабырғаларының қалыңдығының әр түрлі болуына себебін тигізеді. Тістің жантайған жағында қабырға жұқа болады. Хирургртер осы жағдайды, тіс жұлғанда ескереді. Сондықтан, тістер кедергісі өз жағдайына қарай жұлынады. Сол себепті жарақаттың жазылуы кезінде тіс ұяшығының жұқа бөлігі мүжіледі де, жоғарғы жақ сүйегінің көлемі кішірейіп, ал төменгі жақ сүйегінің көлемі ұлғаяды, механикалық заң тұрғысынан алғанда тіс ұяшығындағы тісті иін ретінде қарауға болады. Тіс сауытын шайнау қысымы түсетін иіннің иығы ретінде қарасақ, тіс түбірін иіннің кедергі иығы ретінде қарауға болады. Тіс сауыты ұзындығының тіс түбірі ұзындығына 1:2 қатынасы тістің шайнау процесінде пайда болатын қысымына қатысты беріктігін қамтамасыз етеді. Тіс қатарларының шайнау беттерінің пішіні көлденен және түзу бағыттарда қисайып келеді. Олар тіс қабысуы бетінің сагитальды және трансверзальды қисаюы деп аталады. Бұл қисаюлар тек үлкен адамға тән, балалардың тістерінің қалыптасуы кезінде кездеспейді және алғашқы қауым адамдарында да болмайды, олардың тістері горизантальды орналасқан. Бұл құбілісті шайнау аппараттарының эволюциялық дамуының және оның шайнау мен сөйлеу қабілетіне байланысты пайда болған төменгі жақ сүйегінің күрделі қозғалыстарына бейімделуі деп санауға болады. Тіс қабысуы беттерінің сагитальды және трансверсальды қисаюының маңызы жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Тіс қабысуы қисаюының бірінші болып швед анатомы Шпее жазды. Ол шайнау беттерінің трансверсальды және сагитальды қисаюының дәрежесі, буын ойығының тереңдігіне, буын төмпешігінің биіктігіне және алдыңғы тістердің бір-бірін жабу дәрежесіне байланысты екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, сагитальды буын жолымен сагитальды шайнау беттерінің қисаюы ортасында көз шарасы бар шеңбердің доғасының кесіндісі. Осындай өзара тәуелділік трансверсальды окклюзиялы қисаю мен трансверзальды буын жолы - Беннет бұрышында бар. Шпее өзара тәуелділікті анықтау арқылы окклюзиялық кисаю-компенсаторлық қисаю деген тұжырымға келді. Окклюзиялық кисаюдың компенсатрлық қасиеті төмендегідей. Төменгі жақ сүйегінің окклюзиялық қозғалысы кезінде тістердің арасында көптеген түйісу сақталады. Шпеенің ойынша, бұл төменгі жақ сүйегінің буын басы мен тістердің шайнау беттерінің бір қисықтың бойында бір-біріне параллель болып келетін қозғалыс жасауына байланысты.
Түйісудің сақталуы шайнау қысым күшінде тістер арасында біркелкі тарылуын қамтамасыз етеді дейді. Окклюзиялық қисықтар туралы Шпее
ұғымы (Х1Х ғасырдың соңы) біздің мемлекетте Катц пен Курляндскийдің жұмыстарында қайта қаралып, сыналды.
Катц адамның бас сүйегін өлшеу және клиникалық тексеруі нәтижесінде Шпеенің ұғымын теріске шығарды және окклюзиялық қисықтар мен буын төмпешігі беткейінің бір шеңбер доғасының кесіндісі емес екендігін дәлелдейі.
Окклюзиялық қисықтар бірнеше бөлек қисықтардан тұратын ойыс бетті құрайды. Осы қисықтар әр тістердің шайнау беткейлеріне дәл келеді. Төменгі жақ сүйегінің буын басы қозғалыстың буын төмпешігінің қисайған жерімен бұл қисықтың ортақ орталығы жоқ. Клиникалық байқаулар Катцтың корытындысын растайды. Осыны әрқайсымыз өз бойымызда байқауынызға болады. Төменгі жақ алға нмесе бүйірге (оң және сол) жылжығанда алдыңғы тістердің арасында саңылау пайда болады. Окклюзиялық қисықтардың компенсаторлық қасиеті туралы Шпееның ұғымы табиғи үйлесуге негізделмегенімен толық алмалы салмалы протездерді жасағанда тіс доғасын құру туралы негіз болып табылды. Бонвильдің тіс доғасымен жақ қаңқасы жөніндегі мәліметінде осы жағдайлар көрсетілген Бұл ғалымның қорытындысы: екі буын бастары арақашықтығының және олармен күрек тістердің медиальды бұрыштарының арасы 10см тең, осы нүктелерді қосқанда тең үшбұрыш пайда болады. Оқулықтарда оны Бонвиль үшбұрышы деп атайды. Ол анатомиялық артикулятордың құрылысына негіз болып қаланды. Артикулятор - төменгі жақ сүйегінің қозғалысын дәл қайталайтын және толық алмалы салмалы протезге тістерді орналастыру қызметін атқаратын аспап-құрал. Келесі бір ұғым мынадай: окклюзиялық қозғалыс кезінде тіс қатарлары арасында көптеген немесе кем дегенде үш пунктік (біреуі күрек тістерде жйне бір бірден оң және сол жақ азу тістер аймағында түйісу сақталғанда ғана алмалы салмалы протез қызыл иекке біркелкі жәнетығыз отырады) . Мұндай түйісу болмаған жағдайда протез жақ сүйекке біркелкі отырмайды. Иін (рычаг) заңы бойынша ауытқып кетеді. Бұндай протездер қолдануға келмейді. 3 пунктік немесе көптеген түйісуді жасанды проездерде сақтап қалу үшін жуық арада тістердің қарым-қатынасын түзету керек.
Тістердің тістесуінің физиологиялық және патологиялық түрлері.
Тістердің тістесуі дегеніміз (төменгі жақтың ) орталық окклюзияда төменгі және жоғарғы тіс қатарларының қабысуы.
Орталық окклюзияда тістердің түйісуін тістесу деп айтамыз. Барлық тістесудің түрлері екі топқа бөлінеді - физиологиялық және патологиялық.
Физиологиялық тістесуге: толығымен шайнау қызметін, сөйлеу және эстетиканы қамтамасыз ету жатады. Тіс қатарының түйісуінің, шайнау
қызметінің, сөйлеу және адамның сыртқы бет әлпетінің бұзылуы патологиялыққа жатады. Түйісулер патологиялық және физиологиялыққа шартты түрде бөлінеді, қалыпты түйісулер кейбір жағдайларды мысалға: парадонтопатияда немесе жекелеген тістерді жоғалтқанда және олардың ығысуында паталогиялыққа ауысуы мүмкін. Физиологиялық тістесуге ортогнатиялық, тура, физиологиялы прогения, опистогнатикалық тістесулер. Патолгиялыққа прогнатиялық, терең, ашық және айқас тістесулер жатады.
Ортогнатиялық тістесу.
Ортогнатикалық тістесу қазіргі адамдарда ең кең таралған болып табылады. Тістесу түрлерін анықтағанда тіс түйісулерінің 3 бағытта өтетіндігін көреміз: вертикальды, сагитальды, трансверзальды. Ортогнатиялық тістесу мынадай түйісу белгілерімен сипатталады. Олардың бірі барлық тістерге алдыңғы тістерге және үшіншісі тек шайнау тістеріне қатысты болып мінезделеді.
Барлық тістерге қатынасты түйісу белгілері.
Әрбір тіс екі антогонистпен түйіседі - негізгі және қосымша. Төменгі орталық күрек және жоғарғы жақтағы ақыл тіс бұған кірмейді, бұларда бір-бір антогонистен әр бір жоғарғы тіс төменгі аттас тіске қарағанда үлкен. Бұл себепке байланысты төменгі тіс қатарына қарағанда жоғарғы тістер дистальды ығысқан.
Алдынғы тістерге қатынасты түйісу белгілері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz