Стоматологиялық қабылдауда науқастың тексеру әдістері
Тақырып: Стоматологиялық қабылдауда науқастың тексеру әдістері.
Мақсаты : Стоматологиялық науқастарды текерудің қазіргі кездегі
ерекшеліктерін оқытып-үйрету.
Дәріс жоспары:
1.Кіріспе.
2.Жалпы клиникалық зерртеу әдістері.
3.Арнайы клиникалық зерттеу.
Пародонт ауруларымен сырқаттанған науқастарды тексеріп қарау әдістері.
Ауруды тексеруді, оның өмірі мен сырқаты жайындағы мәліметтерді оқып
танысудан бастайды.
Науқас адамның шағым түсінігін анықтайды, дәрігерге қаралу себебін,
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, мамандығын, созылмалы аурулардың бар-
жоқтығын, тамақтану мерзімін, қолайсыз зиянды әдеттердің ауру адамда
кездесетінін сұрақ қоя отырып мағлұмат алады.
Бұл мәліметтер дәрігерге ауру адамның жағдайын бағалауға, аурудың
этиологиялық кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Мұның өзі диагноз қоюды анағұрлым жеңілдетіп, әрбір жеке жағдайда емдеудің
ең қолайлы жоспарвн жасап алуға қызмет етеді.
Науқас адамнан сауал қоя отырып, шағымын анықтау кезінде аурудың
бірінші белгілері қай уақытта пайда болғанын, соңғы кезде қозғалу
дәрежесіне байланысты қанша тіс алынғанын, кәсіби зияндылықтарды, тамақтану
сипатын (мезгілімен тамақтану, тағам мәзірінде көмірсу, белоктардың басым
көп болуы ), аурудың қалай пайда болуы мүмкін (жергілікті факторлар,
соматикалық аурулар, тұқым қуалаушылық) ауруға икемдігі жайында мәліметтер
жинайды.
Пародонт ауруында тұқым қуалаушылық факторына назар аударған жөн.
Осы мақсатпен науқастан туыстарынан екшім аталған аурумен сырқаттанған ба,
сол жағына көңіл ауларған жөн.
Нерв жүйесінің жалпы жағдайы, оның ішінде ренжу, қатты күйзелу
пародонт ауруларының барысына әсер етеді.
Бұрын қолданған емді, оның нәтижесін, тиімділігін, емдеу жиілігін
анықтаудың да маңызы бар.
Тағы бір есте болатын жағдай ауыз қуысының тазалығына ерекше назар
аударған жөн.
Гигиена ережелерін дұрыс сақтай ма, тістерін қалай және неше рет
тазалайтынын анықтап сұрау қажет.
Келесі басты тексерудің бірі жалпы тексеру болып табылады.
Дәрігер ауру адамды мұқият қарауға, оның көңіл-күйіне назар аударуға, басқа
адамдармен қарым-қатынасын анықтауға, науқастың жалпы мінез-құлқын
анықтауға міндетті, себебі мұның бәрі оның нерв жүйесінің жағдайын білуге
мүмкіндік береді.
Аурудың сыртқы әлпетін қарау кезінде беттің түзулігіне, бет-мойын
терісінің түсуіне, бөртпе, жара бар-жоғын, жақ астындағы лимфа түйіндерінің
жағдайына көз тоқтатады.
Ауыз қуысын қарау ауру адамның өтінішіне қарамастан, оның барлық
бөліктерінде белгілі бір жүйе бойынша жүргізіледі.
Ең алдымен еріннің, жұмсақ және қатты таңдайдың, тілдің, самайдың
сілекей бездері тексеріліп, кілегей қабықтың түсуіне, дымқылдануына көңіл
бөлу қажет.
Тістесудің сипатын анықтайды, тіс қатарында тістердің орналасуын,
күрек тістер арасындағы алшақ ақаудың бар-жоғын, ерін үзбелерінің қалай
бекігенін тексереді.
Стоматолог аурудың аузында ортопедиялық конструкциялар болғанда,
оларға толық баға беруі керек.
Қызыл иекті тексерген кезде ең алдымен оның түсіне, қанағыштығына,
ісінгеніне көз тоқтатады. Тіс аралығындағы байланыстардың бүртігіне назар
аударады. Сонымен бірге пародонт қалталарының болуын және олардың
тереңдігін тексеру қажет.
Қызыл иектің түсінің өзгеруі әр түрлі жағдайларға байланысты:ашық
қызыл түстен көгерген түске енуі—жедел немесе созылмалы қабынуды
айқындайды. Ал, қызыл иекте қан құылу мен дақтардың болуы лейкоз ауруының
белгісі ретінде байқалады.
Қызыл иектегі өзгерістер шектеулі немесе жайылмалы сипатпен беріледі.
Пародонттың клиникалықжалпы жағдайын тексеру үшін арнайы клиникалық-
лабораториялық әдістерді қолданады.
Соның ішінде пародонтжағдайына нақты баға беру үшін пародонтальды
индекстер деп аталатын әдісті қолданады.
Ең көп қолданатын индекс РМА—қызыл иек бүртігі, шетінің және тіс
ұясының көрсеткіші, гингивит индексі деп те аталады.
Бұл аталған индекс 3 баллдық жүйе бойынша әр тістің төңірегіндегі
қызыл иек ісінуінің көлемін есепке алады.
Қызыл иек бүртігінің ісінуі—1 балл; қызыл икетің шет жағының ісінуі—2
балл; қызыл иек тіс ұясының қабынуы—3 балл (кестелер).
РМА—индексінің сандық көрсеткіштері мынадай формуламен есептеп
шығарылады.
PMA = әр тістің көрсеткіштерінің жиынтығы
х 100
3 х тіс
саны
Пародонт ауруының таралуы мен жиілігін зерттеу үшін Рассель 1956 ұсынған
пародонтальды индекс РИ кеңінен қолданылады.
Әр тістің пародонтының жағдайы 0-ден 8 баллға дейін бағаланады.
Бұл ретте қызыл иектің қабыну дәрежесі, тістің қозғалуы, пародонтальды
қалтаның тереңдігі есепке алынады.
0—ешқандай өзгеріс жоқ.
1—жеңіл гингивит, тіс төңірегіндегі қызыл иекті толық қамтымаған.
2—тіс төңірегіндегі қызыл иек қабынған, бірақ эпителиидің зақымданғаны
байқалмайды.
6—қалталанған гингивит—эпителиі бұзылған тістің шайнау қызметі
өзгерген,
тістің қозғалғыштығы аңғарылмайды.
8—пародонт тіндерінің құрылымы бұзылған,шайнау қызметі жойылған, тіс
қатты қозғалып орнынан ығысқан.
Белгіленген балл жиынтығының қосындысын ауыздағы барлық тіс санына бөледі.
РИ= әр тіске қоылған балл жиынтығы
тіс саны
Шыққан сандар РИ индексін бағалайды. РИ индексі бойынша 0,1--1-ге дейін
пародонт ауруының алғашқы белгісі бағаланады.1,5-тан 4,0-ке
дейін—орташа кезеңі; 4,0-8,0—ауыр кезеңі бағаланады.
Ауыз қуысының тазалық жағдайына баға беру мақсатымен Ю.А.Ф(доров пен
В.В:Володкинаның тазалық индексі қолданылады.
Тіс тазалығын анықтау үшін Люголь ерітіндісімен төменгі қатардағы алты
тістің ерінге қараған беттері боялады. 5 балл—тіс сауыты түгел боялса; 4
балл—төрттен үші боялса; 3 балл—жартысы боялса; 2 балл—төрттен бірі және 1
балл—тіс мүлдем боялмаса қойылады.
Индекстің формуласы : Кп
Корт= П
Бұл жерде Кп—бар тістерге қойылған индекс жиынтығы. П—тексерілген тіс саны.
Корт—орташа есепті барлық бяолған тістердің жиынтығы.
Индекс бойынша жақсы тазалық дәрежесі 1,0—1,2 балл болады.
Индекс саны жоғары болса, ауыз тазалығы соғұрлым төмен келеді.
Шиллер-Писарев байқауы—қызыл иектің қабыну сатысын анықтайтын әдіс
(йод 1 г йодид калий 2 г тазартылған су 40 мл ерітінді құрамына кіреді).
Ол тіндегі гликогенді анықтауға негізделген.
Созылмалы қабыну кезінде пародонт тінінде гликоген күрт көбейеді.
Ерітінді жаққанда сары түстен бастап, қара-қоңыр түске дейін боялады.
Соған қарап диагнозды анықтаумен қатар, жасалған емнің нәтижесін білуге
болады (кестелер).
Ауыз қуысы гигиенасының қарапайымдалған индексі тіс қағы индексі мен
тіс қағы индексінің жиынтығынан құралған. Бұл үшін 11,16,26,31=6116
тістердің
11
ерін жақ бетін,36,46= 616 тістердің тіл жақ тіс қағы, тіс тасы
индекстерін анықтау мақсатымен әзірлейді.
Тіс жағы индексінің мәні мынадай:
0—тіс қағы мүлде болмайды.
1—тіс қағы тіс бетінің үштен бір бөлігін жауып тұрады.
2—тіс қағы тіс бетінің үштен екі бөлігін жауып тұрады.
3—тіс қағы тіс бетінің үштен екіден астам бөлігін жауып тұрады.
Тіс қағы индексі мынадай фомуламен есептеліп шығарылады:
ТҚИ=әр тістің көрсеткіштерінің жиынтығы
6
КГИ=ТКИ+ТТИ.
Тістің босағанын белгілі әдіс—белгілі әдіс пинцет аспабының көмегімен
анықтайды. Тістерді пинцетпен әр түрлі бағытқа қозғалтқанда, олардың
қозғалу дәрежесі айқын көрінеді.Тіс үш түрлі дәрежеде қозғалады.
1-тістің ерін жақ бағытта қозғалуы.
2-тістің ерін жақ және алдыңғы, артқы бағытта қозғалуы.
3-тістің барлық бағытта қозғалуы.
Қызыл иектің қанағыштық дәрежесін (деңгейін) Айнамо бойынша (1975)
анықтайды (кесте).
1-дәреже—қанағыштық сирек байқалады
2-дәреже—қызыл иектің қанағыштығы тісті тазалау кезінде пайда болады
3-дәреже—қанағыштық тағам ішкенде,сонымен бірге, өздігінен де пайда
болады.
Бүкілдүнйежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауы бойынша (1977)
қызыл иектің қанағыштығын пародонт қалталарын зондпен тексеру арқылы
анықтайды.
Айнаның көмегімен қанағыштықтың болмауын—0 -деп,ал болған жағдайды—1
балл деп бағалайды.
Ясиновскийдің әдісі бойынша қанның ақ түйіршіктерінің бір жерден
екінші жерге көшуін анықтауда маңызды сынамалардың бірі болып есептеледі.
Ауыз қуысындағы сұйықтықтың шайылуы мақсатымен науқас 5 минут ішінде
ауыз қуысын физиологиялық ерітіндімен шаяды.5 минут үзілістен кейін
(бұл уақыт лейкоциттердің ауыз қуысына шығуына беріледі), 10 секунд ішінде
15мл.физиологиялық ерітіндімен науқас аузын шаяды.
Осы шайынды сұйықтықты түтікке жинап, оның тамшысын Горяев камерасына
салады.
Лейкоциттер мен эпителиальды клеткалар санын микроскоптың көмегімен
есептейді.
Қалыпты жағдайда 1см3 –де лейкоциттер саны 80-нен 120-ға, клеткалар
санының 20-35 болуы қызыл иек бүртігі қан тамырларының қалыпты жағдайына
сәйкес келеді.
Ал лейкоциттер саны 120-дан 400-ге , одан да жоғары,клеткалар саны
35-155 болғанда пародонт тінінде қабыну сарыны бар екндігі айқындалады.
Бұл әдісті лейкоциттердің көшпелі белсенділігн бағалау мақсатымен
қолданады.
Қызыл иектегі ұсақ қан тамырларының тұрақтылығын анықтау
В.И.Кулаженко ұсынған (1960)мөлшерлі ауасыз кеңістік әдісі бойынша
жүргізіледі. Ол үшін пародонтитті емдейтін ауасыз аппарат пен әр түрлі
пішінді және мөлшерлі әйнек түтіктер қолданылады.
Қалыпты жағдайда сау пародонтта қан түйіршіктері төменгі жақ сүйектің
алдыңғы бөлігінде 50-60 секундтан кейін пайда болады.
Гингивит, пародонтит ауруларында қан түйіршіктерінің пайда болуы 20
секундқа, сирек жағдайда 10 секундқа дейін қысқарады.
Мак-Клюр-Олдричтің домбықпа сынамасы (кесте).
Бұл сынаманың оң жауап көрсетуі пародонт ауруы кезіндегі тамырлы-
тінді өткізгіштіктің жоғарылағанын дәлелдейді.
Қалыпты жағдайда домбықпаның сіңірілуі 40-60 минут аралығында жүзеге
асады. Ал қабыну процесінде домбықпаның сіңірілу уақыты 2-3 рет қысқарады.
Қазіргі уақытта Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған
эпидемиологиялық зерттеуге қатысты пародонт ауруларының емдеу қажеттілігі
мен емдеуінің жаңа индексі кеңінен қолданады.
Бұл индекстің маңыздылығы— тексерілетін аурулар санының аздығына
қарамастан, емдеу ұйғарымын нақты шешуге мүмкіндік беруінде болып
табылады.
Б.Д.С.У индексі СРІТ (кесте)
Кодтары: 0- ауру мүлдем болмайды,
1- тіс қанағыштық,
2- тіс тасы,
3- тереңдігі 4-5 мм пародонт қалтасының болуы,
4- тереңдігі 6 мм кейде одан да артық пародонт қалтасының болуы.
11,16,17,26,27,31,36,37,46,47 тістер төңірегіндегі пародонт тексеріске
алынады секстант есепке алынбайды.
Кодтарға сәйкес емдеу принциптері: 1-ауыз қуысының гигиенасы.
2-тіс
шөгінділерін алу+гигиена.
3-
шөгінділерді алу+комплексті терапия.
(кюретаждың ашық, жабық түрі).
4-тіс тасын
алу+комплексті терапия.
(жамау
операциялары, ортопедиялық ем).
ММСИ-да СРІТ-ге қарағанда қарапайым келген индекс-комплексті
периодонтальды комплекс ұсынылған. Индекстің жақсы жақтары мынадай:
1. Үйренуді, оқуды талап етпейді.
2. Зерттеу кәдімгі стоматологиялық аспаптардың көмегімен жүзеге асады.
3. Индексті балаларды да, үлкендерді де тексеру үшін қолдануға болады.
4. Пародонт ауруының қауіпті факторына (тіс қағы ) сезімтал келеді.
5. Аурудың ауыр кезеңін – патологиялық қозғалысын ескереді.
0 – ешқандай өзгеріс болмайды. 0,1-1,0 – ауру
қауіптілігі.
1 – тіс қағы. 1,1-
2,0 – зақымданудың жеңіл
2 – қанағыштық. сатысы
3 – тіс тасы. 2,1-3,5 – орташа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz