Стратегиялық жоспарлаудың негізгі ұғымдары


- Стратегиялық жоспарлаудың негізгі ұғымдарыСтратегиялық жоспарлау экономиканың мелекеттік реттеудің құралы ретінде
Экономиканы басқару деп әдетте экономиканың субъектілерінің оның объектілеріне, олардың сапалық мамандануын, қалыпты қызмет етуін, сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімделуін қамтамасыз ету үшін мақсатты, жоспарлы әсер ету жүйесін түсінеді.
Басқару субъектісі ретінде әлеуметтік институттар, ұйымдар, адамдар тобы мен жекелеген индивидтер болады, яғни шешім қабылдайтындар және олардың жүзеге асуын ұйымдастырушылар. Басқару субъектілерінің екі түрін ажыратады: тікелей және басты. Басқарудың тікелей субъектілері келесілер болып табылады.
а) макродеңгейде-мемлекет,
б) ҚР субъектілері және дергілікті билік органдары деңгейінде-сәйкесінше өкілетті және атқарушы билік органдары
в) коммерциялық ұйымдарда микро деңгейде-әкімшілік басқару аппаратындағы менеджерлер.
Қоғамдық жүйелердегі басқару көбіне екі жақта сипатта болады. Бір жағынан, ол өндіріс процесінің тікелей функциясы болып табылады, яғни еңбек кооперациясынан туындайтын, комбинацияланған еңбек процесінің функциясы. Бұл басқарудың ұйымдастыру-техникалық жағы. Екінші жағынан, басқару өндіріс құралдарына меншікті кфункциясы болып табылады. Бұл басқарудың әлеуметтік-экономикалық жағы. Дәл осы жағы басқару қызметінің құралдары, мақсаттары мен сипатын анықтайды.
Нарық шаруашылығы жағдайында, ұлттық экономика дамуын реттеу ретінде, басқарудың осындай функциясы ерекше мәнге ие болады. Оның мәні қоғамдық және қжымдық тұтынуға бағытталған тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін ынтаның болмауы, шаруашылық етуші субъектілердің өздерінің антропогендік іс-әрекеттің нәтижелері әсер етуге құқықсыздығы, жұмыс істей алатын және істегісі келетін адамдарды еңбектен қамтуға кепілдіктің болмауы, ғылымдағы негіздік зерттеулердің дамуына әрекеттесуге қабілетсіздік, дамудың тұрақсыздығы сияқты нарық жүйесінің кемшіліктерін жою қажеттігімен түсіндіріледі.
Көрсетілген мәселелердің шешімін, мемлекет әлеуметтік-экономикалық процестерге араласудың әртүрлі формаларын қолдану көмегімен шешуге бағытталады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу-бұл қазіргі әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеріп жатқан жағдайға бейімдеу мақсатында мемлекетпен жүзеге асыратын заңнамалық, орындаушылық және бақылаушылық сипаттағы шараларының жүйесі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары бюджет-қаржы, ақша-несие, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясаттар, жеделтетілген амортизация, индикативтік және стратегиялық жоспарлау болып табылады.
Бюджеттік саясат құралдарымен мемлекет тікелей әсер етеді. Мемлекеттік реттеу әдістері арасында қайтарамсыз мақсатты қаржыландыру, субвенция мен субсидия, жеңілдікпен несиелендіру сияқты формалар басым. Мұндай әдістердің мақсаты дамудың мемлекеттік басымдықтарына қол жеткізу, қоғамдық қажетті экономика секторын және халық топтарын қорғау болып табылады.
Сонымен қатар мемлекет шаруашылықтың белгілі бір саласына инвестиция салу арқылы тікелей әсер етеді. Әсер ету екі бағыт бойынша жүруі мүмкін: мемлекеттік сектор кәсіпорындарды субсидиялау және мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту.
Салық саясаты экономикалық өсуді, ғылым техникалық прогересті ынталандыру, құрылымдық, қайта құруларды жүзеге асыру, отандық тауарлардың экспорттық бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін қолданылады. Бұл мәселелерді шешетін әдістердің екі тобы бар:
А) салықтық ставка деңгейінде салық төртесіндегі өзгерістер;
Б) кәсіпкерлер мен жеке кәсіпкерлерге, олардың инвестициялық қызметінің көлеміне әсер ету мақсатымен, тікелей және жанама жеңілдіктер беру.
Әлеуметтік саясат салық жүйесі арқылы табысты қайта бөлуді қарастырады, әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыссыздарға, қоғамның әлсіз топтарына көмек көрсетуді көздейді.
Сыртқы экономикалық саяса - өзге елдермен байланыстарғанда, тауар, қызмет, капитал экспортын ынталандыруға валюта бағамын реттеу және т. б. тікелей әсер ететін арнайы құралдар жиыны.
Әлеуметтік бағытталған экономикада әсер етудің жанама әдістері кең тараған. Мемлекеттік реттеудің жанама әдістері негізінен тауар-ақша тетіктеріне сүйенеді және шаруашылық қызмет субъектілерінің мүдделеріне әсерін тигізеді. Нарықтық экономика елдерінде ақша-несиелік реттеудің құралдары арасында кеңінен тарағандары: орталық банктің есептік ставкасының өзгеруі, міндетті резервтер нормасының, ашық валюта және қор нарығындағы операциялар өзгерісі.
Реттеудің жоғарыда көрсетілген құралдарынан басқа, мемлекет ресурстар үшін төлемдер, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды қалпына келтіру бойынша жұмыстарды қаржыландыру, табиғаты оңтайлы пайдалануды ынталандыру сияқты құралдарды қолданады. Мемлекеттік жоспарлаудың формасы ретінде индикативтік жоспарлау мақсатты ұсыныстық-ынталандырушылық сипатқа ие. Оның маңызда міндеті тиімді шешімдер қабылдауға жағдай жасау үшін, ұсынылатын мемлекеттік инвестициялары мен мемлекеттік бюджет шығындарының іскерлік конъюктурасы туралы ақпараттарды жүйелендіру. Мұндай жоспарлаудың басқа мақсаты экономикалық қызметтің көрсеткіштерінің (индикаторларының) жүйесін жасау.
Әлеуметтік нарықтық шаруашылықты мемлекеттік реттеуде стратегиялық жоспарлау ерекше орын алады. Ол келесілерге мүмкіндік береді: біріншіден, нақты бір уақыт кезеңінде әлеуметтік мәселелерді шешу деңгейі және экономиканың нақты жағдайы туралы ақпарат алуға, екіншіден, әлеуметтік және экономикалық қатынастардың даму тенденциясын болжамдауға; үшіншіден, мақсаттарды белгілеуге.
Стратегиялық жоспарлау формаларының арасында макродеңгейде болжамдау, бағадраламалау, жоспарлау кеңінен тараған. Мемлекет аталған формаларды қолдана отырып, қайта өндірістегі прогрессивті жылжуларды және делдеуге, негативті әлеуметтік процестердік және экономикалық құбылыстардың алдын алуға ұмтылады. Болжамдау, бағдарламалау және жоспарлауды қолдана отырып мемлекет тек экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер етпейді, сондай-ақ макроэкономикалық дамуды қалыпты деңгейде ұстап тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz