Еңбек ресурстар есебін ұйымдастыру, жұмыс уақытын қолдану, жалақы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы

ОСӨЖ №4

Еңбек ресурстар есебін ұйымдастыру, жұмыс уақытын қолдану, жалақы
(Баяндама)

Орындаған: Сат Ә.Д.
Тобы: 1-023 жалпы медицина
Тексерген: Алиева М.Т.

Қарағанды 2018ж.
Еңбек ресурстар есебін ұйымдастыру, жұмыс уақытын қолдану, жалақы

Еңбек төлемінің негізі оның саны мен сапасына сәйкес тарифтік жүйе болып табылады. Ол еңбек сапасы мен жұмысшының біліктілігіне, еңбек сипаты мен еңбек жағдайларына тәуелді жалақы деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әртүрлі нормативтерден тұрады. Тарифтік жүйе үш элементтен тұрады: тариф сеткасы, тариф ставкасы және тарифтік-біліктілік анықтамалары.
Тариф ставкасы уақыт бірлігіндегі жұмысшы төлемінің абсолюттік деңгейін көрсетеді. Мұндай бірлікке сағат жатқызылады. Үкіметпен белгіленетін тариф ставкасы жұмысшылар жалақысын олардың біліктілігіне тәуелді жүктеуге негіз болады. Тариф ставкалары сала бойынша ерекшеленеді, олар еңбек жағдайы мен сипатына тәуелді болып келеді.
Басқа да салалардағы секілді, мұнай мен газ өнеркәсібінде қалыпты еңбек жағдайларындағы ставкалар, ыстық, ауыр және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс төлемдерінің ставкалары, сонымен қатар ерекше зиянды және аса ауыр жағдайлардағы еңбек төлемінің ставкалары қабылданған. Екінші топ жұмысшыларының ставкалары біріншісіне қарағанда жоғары, ал үшінші топ ставкалары - екіншісіне қарағанда жоғары болады.
Тариф сеткасы - жұмысшылардың жалақы деңгейін реттеуші, ол орындалатын жұмыстың күрделілігіне сәйкес еңбек төлемін жіктеу ге, жұмысшы біліктілігіне сәйкес еңбек төлемінде дұрыс ара-қатынас қалыптастыруға негіз болады. Тариф сеткасы белгілі бір разрядтар санынан және оларға сәйкес тарифтік коэффициенттерден тұрады. Коэффициент төменгі разряд жұмысшысының жұмысы келесісімен салыстырғанда қаншалықты жеңіл екендігін көрсетеді.
Мұнай және газ өнеркәсібінде коэффициенттер диапазоны 1-ден (1-ші разряд) 1,865-ке (4-ші разряд) дейінгі алты разрядтық сетка қабылданған. Тарифтік коэффициенттер прогрессивті түрде артып отырады. Бұл біліктілікті арттыруға деген қызығушылықты арттырады.
Тарифтік-біліктілік анықтамасыжұмысшы разрядын анықтауға негіз болады. Мұнда салада орындалатын жұмыстардың барлық түрлері тариф сеткасының разрядтары бойынша бөлінген. Тарифтік анықтамалар көмегімен саладағы жұмыстар мен жұмысшыларды тарификациялау жүзеге асады, оларда әрбір разряд жұмысшысы меңгеруі тиіс жұмыстар, білімдер мен қабілеттер тізімі көрсетіледі.
Еңбек төлемінің екі негізгі түрі бар - кесімді және мерзімді. Олар жалақыны есептеу тәртібін анықтайды. Өндірісте жұмсалатын еңбек жұмыс уақыты шығындарымен және еңбек өнімінің санымен өлшенуі мүмкін.
Еңбек төлемінің кесімді жүйесінде жұмысшы еңбегі шығарылған өнім санына тәуелді келісімді бағамен төленеді.
Ал еңбек төлемінің мерзімді жүйесінде жұмысшы еңбегі жұмысшы біліктілігіне және жұмсалған уақыт санына сәйкес төленеді.
Еңбек төлемі жүйесінің әрқайсысы өз кезегінде бірнеше нысандарға бөлінеді. Осылайша, еңбек төлемінің кесімді жүйесі тікелей кесімді, кесімді-сый ақылы, кесімді-прогрессивтік, жанама және аккордтық болып бөлінеді. Осы аталған еңбек төлемі жүйелерінің әрқайсысы оны есептеу тәсілдеріне тәуелді жеке және ұжымдық болуы мүмкін.
Тікелей кесімді еңбек төлемінде жұмысшылар жалақысын есептеудің негізі бағалау, яғни өнім бірлігіне (жұмыс көлеміне) төлем төлеу болып табылады. Бағалауды анықтау тәсілі мөлшер түріне тәуелді болады. Егер жұмыстар өнім мөлшері негізінде мөлшерленетін болса, онда бағалау күндізгі тариф ставкасын өнім мөлшеріне Нөнім бөлу арқылы анықталады: Бағалау = Кезектегі тариф ставкасы
Нөнім
Тікелей кесімді төлемжұмысшылардың барлық өнімінің мөлшерді орындау дәрежесіне тәуелсіз тұрақты баға бойынша төленуімен сипатталады.
Кесімді-сый ақылы еңбек төлемі жүйесіндежұмысшы жалақысы екі бөліктен тұрады: белгіленген тұрақты баға бойынша шығарылған өнім санына төлемнен және сандық немесе сапалық көрсеткіштерді жақсартқаны үшін сый ақыдан.
Кесімді-прогрессивтік төлемдежұмысшы өнімі бастапқы мөлшер шегінде тікелей кесімді бағамен төленеді.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорынында негізінен ұжымдық кесімді-сый ақылы (ұңғыларды жер асты және күрделі жөндеу үшін) және кесімді-прогрессивтік (мұнай өндірісі бойынша бригадалар үшін) төлем жүйелері қолданылады.
Мысалы, Маңғыстаумұнайгаз ААҚ мұнай-газ өндіру кәсіпорынындағы еңбек төлемін ұйымдастырғанда негізгі еңбек ақы ретінде еңбек төлемінің мерзімді жүйесі белгіленеді.Басшылардың, қызметкерлердің, мамандар мен жұмысшылардың еңбек төлемінің мөлшері жеке еңбек шартымен анықталатын айлық жалақы негізінде белгіленеді.
Кейбір құжаттарда еңбек төлемінің қоры деп аталатын жалақы қорыжұмыс берушімен және жұмысшымен ұжымдық және еңбек шарттары негізінде анықталған және жұмысшының жеке жалақысын қалыптастыратын еңбек төлемінің жағдайларын, кепілдіктер мен өтемдерді бейнелейді.
Жалақы қорына мыналар енгізіледі:
1. ұйымда қабылданған еңбек төлемінің нысаны мен жүйесіне тәуелсіз жұмысшылардың орындаған жұмысына төленетін жалақы немесе тариф ставкасы, қызметтік жалақы бойынша нақты жұмсалған уақыт;
2. ауыр физикалық жұмыстардағы және зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстардағы жұмыс тәртібімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтем ақылар, түнгі уақыттағы жұмысқа қосымша төлем, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс төлемдері, мерзімінен тыс жұмыс төлемдері;
3. ынталандырушы сипаттағы төлемдер:тариф ставкасы мен қызметтік жалақыға үстем ақы (жұмыс стажына, кәсіби шеберлігіне), өндірістік нәтижелерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практикасының міндеттері
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Еңбекақы есептеудің әдістері мен нысандары
Нарықтық экономика жағдайындағы өндірістегі тікелей және жанама шығындардың есебі
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындар балама шығындар
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу
Еңбекақы төлеу формалары
ЖШС TOYES CATERING кәсіпорынының қызметімен танысу
Негізгі құралды кәсіпорын ішінде ауыстыру
Өндірістік шығындар есебі және операциялық аудитті ұйымдастыру
Пәндер