СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 7 ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

I СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 7
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Студенттердің психикалық танымын қалыптастырудың мәні және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2 Студенттердің психикалық танымын қалыптастырудағы 19
психологиялық дайындау жүйесінің теориялық-әдіснамалық негіздері

II СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚАШЫҚТЫҚТАН 33
ОҚЫТУ ТЕХНОЛО-ГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

2.1 Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану ережелеріне
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.

2.2 Студенттердің психикалық танымын қалыптастыруда қашықтықтан 42
оқыту технологиясын пайдалану негіздері ... ... ...

2.3 Студенттердің психикалық танымын қалыптастыруда қашықтықтан 49
оқыту технологиясын қолдануды зерттеу ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 59
... ... ... ... ... ... ... ... .. .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН 61
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қоғам өмірінің бар саласындағы
қарқынды динамика мен ғаламды бетбұрыстар сипаты жастардың іс-әрекетіне,
қарым-қатынасына жаңаша талаптар қоя бастады.
Қазақстан Республикасының болашағының іргетасын қалайтын жастар
болғандықтан, барлық жағдайлар, талаптар осы жастарға яғни студенттерге
қойылған. Бұл талаптар студенттердің өмірге көзқарасының, материалдық,
рухани құндылықтарының дүниетанымның өзгеруіне әкеліп соқтырады. Себебі
студенттер тәуелсіз, өз іс-әрекетіне өзі жауап беретін дәрежеге
жеткендіктен, "мен" қасиетінің жоғары дамығандығымен, қабілетін жоғары
биіктіктерге шарықтата алуымен ерекшелінеді. Сол себептен қазіргі таңдағы
студенттердің талаптары, қажеттіліктері қандай сатыда екендігі актуалды
мәселелерге айналып отыр[1].
Себебі біздің қоғам күннен күнге жаңа талаптарға жол бастауда. Соған
байланысты біздің ел білімді маман, талантты студенттерді болашаққа
дайындап жатыр. Оларға осы заман ағымына лайық тұлға жөне маман болу үшін
бейімделу емес, алдымен өзін өзгерту және дамыту, сол арқылы жасампаздық,
түрлендірушілік әрекеттерді жүзеге асыру өзекті мәселе болып отыр.
Сондықтан жастардың зор мүмкіндіктері мен шектерінің, тағдырын өз ырқымен
билеуге және қоғамға ықпал етуге қабілеттерінің психологиялық
механизмдерін, алғышарттарын анықтау, дамыту қажеттігі шығады
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру
жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім
технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету
жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы
технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл
атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты
мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен
университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай
туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын
ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар
жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру
ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете
түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату
курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты
даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде
үйлестіруші болуы қажет.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас
ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін
көтеру.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
- бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік
(республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
- құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және
жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек
жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де
кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық
потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім
беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен
жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып,
шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе
алмасуы қажет[2].
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің
нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне,
клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге,
электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту
жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту
тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола
алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының
атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол
курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру
жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап,
тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын
орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің
әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой
көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың
жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік
біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе
мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
- Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі
қажет.
- Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның
алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының
негізінде дамуы туралы білуі қажет.
- Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы
қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет[3].
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше,
білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық
оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан
оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-
экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.
Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік
орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі
педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек
нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын
ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.
Зерттеу тақырыбының баяндалған өзектілігіне орай жоғары мектепте
студенттерді дәстүрлі психологиялық дайындау процесінің тиімділігін арттыру
бағыттарын анықтау; субъект-бағдарлы тұрғыдағы психологиялық дайындаудың
теориялық-әдіснамалық негіздерін қорыту; субъект-бағдарлы психологиялық
дайындау тұжырымдамасын дәйектеу; субъект-бағдарлы психологиялық
дайындаудың технологиялық жобасын құру және осы орайда психологиялық
даярлық пен субъектілік деңгейлерінің өзара байланыста, тәуелділікте,
шарттастықта даму ерекшеліктерін теориялық-эксперименттік жолмен зерттеп,
бекіту көкейтесті әрі мәнді болмақ.
Көтерілген мәселеге байланысты зерттеу тақырыбы Студенттердің
психикалық танымын қалыптастыруда қашықтықтан оқыту технологиясын
пайдалану деп алынды.
Зерттеу мақсаты - студенттердің психикалық танымын жоғарғы оқу
орнындағы түрлі факторлардың әсерінен өзгеретіндігін анықтау және
студенттердің қызығушылықтарын, сонымен қоса қажеттіліктерін анықтау,
қашықтықтан оқыту технологиясының теориялық және ғылыми-практикалық
тұжырымдамасын жасау.
Зерттеу нысаны - студенттердің психикалық танымы, студенттерге
қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы білім беру процесі.
Зерттеу пәні - студенттердің психикалық танымын қалыптастыру сипаты,
студенттердің психикалық танымын қалыптастырудағы қашықтықтан оқыту
технологиясын пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Студенттердің психикалық танымын қалыптастыру психологиялық-
педагогикалық мәселелерін айқындау;
2. Студенттердің психикалық танымын қалыптастыруда жаңа педагогикалық
технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері мен қашықтықтан оқыту
технологиясын пайдалану жолдарын анықтау;
3. Студенттердің психикалық танымын қалыптастыруда қашықтықтан оқыту
технологиясын пайдалану жолдарын анықтау.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы.
Зерттеуден алынған нәтижелерді Жоғары оқу орнындағы студенттердің
қажеттілігін, ортаға қатынасын, мінез-құлқын, тұлғалық қасиеттері мен наным-
сенімдерін анықтау үшін қолдануға болады. Гипотезада берілген мәселе
бойынша мұғалімдер мен студенттердің бір- біріне деген қатынасының
қандай болуы керектігіне жол ашады. Сонымен қоса түйық мінездегі
студенттердің іште жатқан қабілетін, шығармашылығын аша білуде зерттеу
жүмысының маңызы зор.
Зерттеу әдістері. Субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың теориялық
және эмпирикалық міндеттерін шешу үшін психологиялық, педагогикалық, ғылыми-
әдістемелік материалдарды, зертгеу аумағындағы тірек ұғымдарды жүйелеп,
талдау; қазіргі ғылымда белгілі психологиялық дайындау, психологиялық
даярлық және субъектілік жайлы білімдерге сәйкес теориялық үлгі құру;
анықтаушы және дамытушы эксперимент; психологиялық-тарихи реконструкциялау
әдісі; психодиагностикалық тестер; тренинг барысындағы ағымдық бақылау;
сұхбат; сауалнама; әңгімелесу; сараптамалық бағалау; праксиметриялық
әдістер; статистикалық өңдеу әдістері кешенді түрде жүзеге асырылды.
Зерттеу базасы: Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, бөлімдерден,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Студенттердің психикалық танымын қалыптастырудың мәні және мазмұны

Тұлғаның белсенділігі дамудың тек алғы шарты емес, оның нəтижесі де.
Қоғамдық белсенді, ынталы, шығармашыл жəне өзі мен төңірегіндегі қатысқан
адамдардың бəріне бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы
тəрбие əрдайым өз мақсатына жетіп отырады. Саналы, ұйымдастырылған студент
іс-əрекеті белсенділіктің қай түрін де қамтамасыз ете алады. Өсіп келе
жатқан ұрпаққа толық іс-əрекет мүмкіндігін ашып беру, өз күш-қуатын
белсенді қолдануға қажет əрекет тəсілдерімен қаруландыру, тұлғалық
ерекшеліктерді жете зерттеу жəне əр тұлғаның болмысындағы табиғаттан
берілген нышандар мен дарындылықты мейлінше жайып салу- əрбір тұлғаның даму
процесін ақылгөйлікпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-намысы мен қоғам
алдындағы борышы[4].
Сонымен, студент дамуының маңызды жағдаяттарының бірі – оның меншікті
өз əрекеті, қызметі. Оқытушы қаншама жақсы бола берсін, өзі еңбектенбеген
студент көздеген мақсатына жете алмайды. Əрқандай іс-əрекет студент
ықылысымен орындалып, шартты түрде белсенді болуы қажет. Орындаған ісінен
студент лəззат жəне қанағат табуы лəзім. Белсенді іс ешқашан шаршатпайды.
Студенттің даму деңгейіне байланысты жетістіктерді дер уақытында
зерттеп тұру қажеттілігі күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл
қажеттілік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп
жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу
керектігінен туындаған. К.Д. Ушинский[5].: Егер педагогика адамды барша
тараптан тəрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі
шарт -деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу-тəрбие процесіндегі
маңызын баса көрсеткен.
Диагностика (грек сөзі: диа – ашық, айқын жəне гнозис -
білу) – зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні
ілгері алудың жалпы тəсілі[6]. Педагогикалық даму саласындағы
диагностиканың мəн-мағынасы медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен
бірдей. Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің
белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс
жолға келтірудің жоспарына негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика
барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ
түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан да, тұлғаның даму желісін
диагностикалау - жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте
маңызды практикалық іс.
Тұлғаның тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін
бүкіл дүниежүзінде жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін өлшестіруші
ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы
орындауына қарай тұлғаның қажетті деңгейге, тəн-дене дамуындағы нақты
өлшемдерге сəйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен
салыстырылады[7].
Рухани, əлеуметтік дамуды диагностикалау үлкен қиындық тудырады. Бұл
мақсатта қолданылатын əдістемелер əзірше күрделі, қорытынды дəлдігін
қамтамасыз ете бермейді. Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге орай
комплексті тексерістер, антропометриялық, əлеуметтік жəне психологиялық
деректер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшін арнайы жабдықталған
клиникалар мен зертханалар, дайындықты мамандар қажет. Нақты педагогикалық
практикада мектеп психологтары мен мұғалімдері тұлғаның жекеленген қасиет-
сапаларын анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің нəтижесіне негіздеп,
даму құрылымдарына жалпы баға беріп болмайды.
Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз - оны мәдениетке үйрету, білім
беру, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.
Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның тұлғалық және
танымдық дамутына ерекше әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке, тұлғаның
белгілі бір мәдениетінің субьектісі ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі
- сол халықтың мәдени ерекшеліктері, екіншіден - танымдық процестері,
темперамент, мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу.
Жеке адамның әлеуметтенуі және оның әлеуметтік ұстанымы – жеке тұлға
әлеуметтік контексттегі өмір сүруін, оның әлеуметтік тәжірибе мен оны іске
асыруын ашып көрсетеді. Енді осы көрсетілген 2 жақты анализдеп, топтағы
адамның басқа адамдармен қарым-қатынасы негізінде оның шынайы мінез-құлқын
анықтап алу керек. Әлеуметтік-психологиялық зерттеу негізінсіз жеке тұлғаны
жан-жақты зерттеу мүмкін емес. Мұнда жеке адамды іс-әрекет немесе қарым-
қатынас процесінде алып, қарастыруға болады. В.А.Петровский[8] жеке адамды
зерттеудің 3 аспектісін бөліп көрсетті. Мұнда жеке адам:
1) субъект өмірінің жекелік қасиеті ретінде;
2) кеңістікте өмір сүруші жеке адам аралық қасиет ретінде;
3) жекелік даму кеңістігінен бөлек қасиет ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады.
Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір
орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы
әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды. Шынайы, нақты топтың ролі өте
күшті, маңызды орын алады.
Жеке адамның жалпы объективтік қасиеттерінің негізі – қоғамдық қатынас
болып табылады. Дәлірек, нақтылап айтсақ, оның әр түрлі әлеуметтік қоғамдық
қатынастарға енуі және де осы қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінің
реализациялануы. Мұндай мәселені талқылау әдістерінің бірі топтағы жеке
адам немесе жеке адам және топ болып табылады. Ғылыми сипаттама бойынша
топ мәселесі жеке тұлға жағынан қарастырылуы керек деп көрсетті. Мұндағы
жеке адам топпен теңеседі ме?, мұнда қандай механизмдер көрінеді?, топта
жеке адам нені игереді және де ол осы топты немен толықтырады? Бұл
сұрақтарға жауапты тек ғана жеке адамның топта өмір сүруін, қалыптасуын
бөлшектеп, жекелеп зерттеу нәтижесінде ғана алуға болады.
Жеке адам болып туылмайды, жеке адам болып қалыптасады деген принципті
нақтылай келе: жеке адам болып қалыптасады, сондықтан да жеке тұлғаның
қандай топта қалыптасуы, басқа жеке тұлғалармен әсерлесуі, т.б. бәрібір
емес. Егер де мұнда лангитюдті зерттеуді іске асыра алсақ, жеке адамның
бүкіл өмірін зерттей алсақ, онда бұл сұраққа нақтылы жауап табылар еді. Сол
зерттеу нәтижелерде жеке адам үшін топтың маңызын, оның өмірінде алатын
орнын жан-жақты айтуға болар еді.
Жеке адам сапаларын зерттеудің жалпы және әлеуметтік өзіндік дәстүрі
бар. Жеке адамның әр түрлі сапасының құрылымен сипаттаудан әлеуметтік жеке
адам сапалары жүйесін құру керек деген қорытындыға келді. Бірақ та мұндай
жүйе құру принципі әлі де құрастырылған жоқ.
Тұлғааралық бағалаудың 3 процесін бөліп көрсетуге болады:
1) интериоризация
2) әлеуметтік салыстыру
3) өзіндік атрибуция[9].
Осы көрсетілген процесс топты сипаттауда қалыптасады. Әрбір топ мүшесі
өзін-өзі бағалауы топтық көзқарас, пікірге байланысты.
Осыдан психологтар, жеке тұлға арасындағы қарым – қатынас
мотивациясының екі түрін бөледі (басым болу – бағыну және махаббат жек
көрушлік), олардың құлықтық сипатын суреттеп, әр стилдің тәсілдері мен
формаларын нақтылайды.
Тұлғаның дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалаудың қарапайым
əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты.
Ұстаздарды аса қызықтыратын жəйттер – тұлғаның ақыл-ой əрекеттерін, мінез-
құлық сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй шабытын, əлеуметтік
бітістер дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күні ілгері байқастыру. Аталған
сапаларды зерттеудің кең тараған əдісі - бұл тестілеу.
Реалды өмірдегі практика мен бұл өзгерістер қаншалықты сәйкестілікте
құрылған. Өзгерістер барысында жеке адам бойындағы, яғни студенттердің
жасы, білім деңгейі, өмір тәжірибесі, бағалауы мен тұлғалық
ерекшеліктерінің өзгеруіне әсер ететіндігі байқалған.
Студент (латынша – шұғылданушы, оқып білуші, үйренуші)
жоғарғы оқу орнының оқушысы. Ежелгі Римде таным процесімен айналысқан
адамдарды студент деген. Қазіргі АҚШ, Ұлыбритания т.б. елдерде оқу
орындарының оқушыларын да студент дейді[10].
Студенттің дамуына негізгі үш фактор әсер етеді. 1.Психологиялық
жағына: психикалық процестер, кейіп және жеке адамның қасиеттері жатады. Ал
олардың ішіндегі ең бастысы психикалық қасиеттер (темперамент, мінез,
қабілет) болып табылады. Сонымен қоса олар психикалық
процестер, психикалық күй, психикалық біліммен тығыз байланысты.
Ескертетін бір жайт студентті зерттеу барысында индивидтің ерекшіліктерін,
оның психикалық процестері мен күйін есепке алу өте қажетті.
2. Ал әлеуметтік жағына студенттердің қоғамға қатынасын, сол
адамның жеке қасиетінің әлеуметтік топтағы алатын орнын жатқызамыз. Адам-
адам болып өмірге келгеннен кейін, қоғам өміріне араласа бастағаннан-ақ
оның өзіндік көзқарастары, қызығулары, санасы, бағалаулары, қызығулары
қалыптаса бастайды. Нақты тұлғаның өмірлік процесінде оның өмірлік
қатынастары мен өмір жолында белгіленген индивидуалды қатынасы қалыптасады.

3.Оның жекелік ерекшеліктері, белсенділігі мен мінез қырлары
адамның сол қоғамға, ортаға немесе ұжымға бейімделуіне, орта тәжірибесін
тиімді игеруіне өте үлкен әсер етеді. Дәл қазіргі уақыттағы біздің
еліміздегі шиеленісті экономикалық жағдай адамның қоғамдағы динамикалық
өзгерістерге қатынастарын сипаттауға мүмкіндік береді[11].

Сурет 1 – Студенттің дамуына әсер ететін факторлар

Осылайша, қазіргі кезде отандық және шетелдік ғылыми психологиялық-
педагогикалық зерттеулерде субъектілік негізге тіректелу ұлғайып келеді.
Студенттерді психологиялық дайындау жүйесінің субъектілік тұрғыға
негізделуі де кәсіби білім беру саласында студенттердің тұлға және маман
ретінде даму мәселелерін шешуге пәрменді ықпал етеді.Әдебиетте
психологиялық дайындаудың болашақ мамандарға кәсіби білім берудің
бөлінбейтін құрамы, сонымен қатар, оның тиімділігін анықтаушы ретінде
маңызы көрсетіледі.
Талдау барысында психологиялық дайындау арқылы тұлғаның көптеген
қасиеттері мен сапаларын дамытып, жетілдіру мүмкін болатыны анықталды.
Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде көбінесе психологиялық дайындау
мазмұнын кең мағынада анықтау дәстүрлі екендігі белгілі болды.
Психологиялық дайындау тұрғыларын талдау негізінде олардың ортақ тұстарын,
жалпы сипаттарын анықтадық:
басқа да дайындау түрлері сияқгы, психологиялық дайындау да әрқашан іс-
әрекетке, қарым-қатынасқа қатысты, және оның мазмұны сол іс-әрекеттің,
қарым-қатынастың ерекшеліктерімен сипатталады;
психологиялық дайындау іс-әрекеттің, қарым-қатынастың нәтижелі,
игілікгі орындалуына, тұлғаның психологиялық дамуына бағытталады;
психологиялық дайындау арнайы психологиялық-педагогикалық ықпал ету
технологиясы арқылы жүзеге асырылады және жетіледі;
психологиялық дайындау теориялары мен практикасы әрқалай дәрежеде тұлғаның
әртүрлі психологиялық қасиеттеріне қатысты мәселені қойғанмен, оған
біртұтастық тұрғыдан қарауды қажет етеді;
студенттерді психологиялық дайындау дәстүрлі түрде психология пәні бойынша
білім, дағды және біліктіліктің белгілі бір ауқымымен байланысты
қарастырылады[12].
Жалпы психологиялық тұрғылар негізінде психологиялық даярлықты әр
жағынан қарастырып, тұжырым жасадық: психологиялық даярлық мақсат-бағдарлы
психологиялық дайындау негізінде жаңа құрылым ретінде түзіліп, толымды
жетіледі; психологиялық білімнің меңгерілуі мен қолданылуы бойынша деңгейлі
дамумен анықталады; мәдени, ұлттық өзгешеліктер тұрғысынан ерекшеленеді;
оның танылуы және жетілуі әлеуметтік және руханилық сипатта болуы тиіс;
танылу ауқымы кең болады; іс-әрекетті, қарым-қатынасты жетілдіруге және
өзіндік дамуды өзекті етуге қатысты реттеушілік қызмет атқарады
Таным - қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой,
көңіл-күй, іс-әрекеттер мен олардың нәтижесі, яғни, білім, жалпыланған
теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі[13].
Шындық пен нақты болмысты танудың диалектикалық жолы - тікелей байқап,
сезуден нақты ойлауға, одан практикаға өту. Тікелей байқау процесінде, яғни
түйсік, қабылдау, шынайы болмысты белсенді зерттеу арқасында қандай да
құбылыс не заттар жөнінде түсініктер пайда болады. Осы түсініктер
негізінде қорытындылар жасалады. Нақты ойлау әрекеті танымға түскен
құбылыстардың жалпы белгілерін анықтауға, түсінік, пікір, ұғымдарды
игеруге, зат не құбылыстар арасындағы мәнді, қажетті де тұрақты
байланыстарды ашып, заңдар мен заңдылықтарды өрнектеуі мүмкіндік береді.
Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білімді игеру әрқашан
таныммен байланысты келеді. Оқытудың міндеті - табиғат, қоғам және адамның
психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу.
Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Адам қоршаған дүниені
тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір
формасы ретінде қарастыруға болады[14].
Алайда таным мен оқу ортасында болатын маңызды ерекшеліктерді ескермеу
мүмкін емес. Таным - бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы
ғалымдар табиғат, қоғам және адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты.
Яғни, ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным
толық болмайды.
Танымның мәнін, зандылықтарын түсіну үшін оның субъектісі кім екенін,
яғни оны іске асыратын кім екенін анықтау қажет. Мұның қиын еместігі,
танымның субъектісі адам екені өзінен-өзі түсінікті. Бірақ, біріншіден,
философия тарихы заттардың мәнін адамның танып білуі мүмкін емес деп
санайтын ойшылдарды біледі. Екіншіден, қазіргі уақытта таным процесі және
оның теориялық ойлау сияқты формасы адамға ғана тән емес, олар сондай-ақ
адам жасаған электрондық-есептеу машинасы сияқты техникалық қондырғыларға
да тән деген пікір тарап жүр. Үшіншіден, адам - танымның субъектісі деп жай
айта салу жеткіліксіз, оны таным субъектісіне айналдыратын не екенін
анықтау қажет, ал бұл үшін адамның қоғамдық мәнін білу керек.
Кезінде Л. Фейербах[15] танымның субъектісі сана деп түсіндірген
идеалистік көзқарасты сынай отырып, сана адамға тән рухани құбылыс екенін
дұрыс атап көрсетті. Адам, Фейербахтың түсінігінше, кеңістік пен уақытта
өмір сүретін, табиғатпен екі арадағы байланысының арқасында дүниені танып
білуге қабілетті тәні бар жан. Фейербах өзінің таным жайындағы түсінігінде
табиғи мәні бар нақты адам жайында айтып отырған сияқты. Алайда, дейді
Маркс пен Энгельс, "...Фейербах шындықта өмір сүретін әрекетшіл адамдарға
ешқашан жете алмайды, "адам" деген абстракциядан өте алмай тек сезім
саласындағы „шын, тәні бар, дара адамды мойындаумен ғана шектеледі...
[16]."
Адам өзінің нақты, шын мәніне қалайша ие болады? Адамға табиғи
тіршілік қасиеттері, оның ішінде сезімділік қасиет те тән, бірақ
ол өзінің екінші, әлеуметтік табиғатын — мәдениетін, цивилизацияны
өзі жасайды, еңбектің арқасында өзін-өзі жасайды, табиғат нәрселерін жай
ғана иемденбестен, оларды өзінің қажеттеріне сәйкес өзгертеді. Адам мұны
қоғамдық, тіршілік иесі болғандықтан, өзі сияқты
басқалармен белгілі бір қатынастар орната отырып қана жасай алады.
...Адам, —деп жазды К. Маркс - дүниеден тыс бір
жерді паналайтын абстрактілі тіршілік иесі емес. Адам дегеніміз — адам
дүниесі, мемлекет, қоғам [17]. Қоғамнан тыс адам жоқ, олай болса,
қоғамсыз танымның субъектісі жоқ. Осыған орай, оқырманға мынадай занды
сұрақ тууы мүмкін: сонда Пифагор, Аристотель, Ньютон, Эйнштейн сияқты
көрнекті тұлғаларсыз және басқа сан мыңдаған қатардағы адамдарсыз
қоғам, бүкіл адамзат дүниені бірден танып біле ала ма? Әрине, ақыл-
ойы бар, өндіре алатын, жеке басының ерекшеліктері мен қабілеттілігі
бар дара адамдарсыз қоғам өмір сүре алмайды. Бірақ ол дара адамдар
өзара белгілі бір қоғамдық қатынастар орната отырып, әлеуметтік
құрылыстың сол сатысында қол жеткен өндірістік құрал-жабдықтарды қолдану
арқылы ғана танымның субъектісі бола алады.
Сөйтіп, таным процесі адамның дүниені тануының тарихи қалыптасқан
қабілеттерінің құрылысына, танымның даму дәрежесіне байланысты, ал бұл
соңғы кездегі қоғамдық жағдайлар мен тәуелділікке байланысты. Мысалы, И.
Ньютон қаншалықты данышпан болса да, бірақ өз кезінде ол қатыстық
теориясын жасай алмас еді. Объективтік идеализм сананың, ақыл-ойдың сол
тұста қоғамда өмір сүріп жатқан жеке-дара адамдарға тәуелсіз екенін
айта келіп, танымның бұл ерекшелігін бұрмалап, теріс түсіндірді:
адамдардың іс-әрекетінің сана формаларында жинақталған нәтижесін бөліп
алып, оны өзінің ғана логикасы бойынша әрекет ететін дербес мән,
субстанция түрінде көрсетті. Сондықтан ойлау процесі өзінің шын иесі —
адамнан ғана қол үзген жоқ, сондай-ақ объектіден де, яғни
субъектіден тыс тұрған нәрселер мен құбылыстардан қол үзді.
Таным үшін субъект қана қажет емес, сондай объект те
қажет, өйткені субъект адам онымен өзі әрекетке түседі. Танымның
субъектісі — адамнын өзі туралы оның танымы мен практикасының
объектісі екеніне қарай пікір айтуға болады[18]. Мысалы, Демокрит пен
Аристотельдің тұсында ғана емес, сондай-ақ Галлилей мен Ньютонның кезінде
де электрон объективтік шындық ретінде өмір сүрді, бірақ ол
адамның дүниетану қызметінің аумағына енбеді, өйткені адам ол
кезде электронды өзінің ақыл-ойы мен іс-әрекетінің объектісі ретінде
ашуға қабілетсіз еді. Тек қоғамның даму дәрежесін білгеннен соң
ғана табиғаттың қай нәрсесі адамдардың дүниетанымының объектісі
болатыны жайында қорытынды жасауға болады. Мысалы, қазіргі қоғамдық
практиканың деңгейінің жоғарылығы сонша, адамның практикалық іс-
әрекетінің объектісіне біртіндеп біздің Жерді қоршаған ғарыш
кеңістігін және Күн системасының басқа планеталарын іс жүзінде игеру
еніп келе жатыр.
Адам белгілі бір шамада "адамданған" табиғатта өмір сүріп келеді. Ол
өз болмысының орбитасына барған сайын табиғаттың жаңа құбылыстарын қосып
алып, оларды өзнің практикалық іс-әрекетінің объектісіне айналдыруда.
Адамзат дүниесі осылайша кеңейе және тереңдей түсуде. Л. Фейербахтың
шыңдықты түсінуін сынай келе, К.Маркс пен Ф.Энгельс былай деп жазды: "Ол
өзін қоршаған сезімдік дүние ғасырлар бойы дәл сол күйінде берілген,
әрдайым өзіне-өзі тең зат емес екенін, керісінше, ол өнеркәсіп пен қоғамдық
жағдайдың жемісі екенін байқамады... Барлық дерлік басқа жеміс ағаштары
сияқты, шие ағашы да біздің жақта сауданың арқасында бірнеше ғасырлар бұрын
ғана пайда болғаны белгілі, сөйтіл ол белгілі бір қоғамның белгілі бір
уақыттағы сол әрекеті арқасында ғана Фейербахтың „сезімдік қабылдауына
айналды.
Дүниетаным дегеніміз - объективті дүниеге және ондағы адамның алатын
орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы
көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың
өмірлік позициясы, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әрекет
принциптері, құндылық бағдарлары. Педагогикалық ғылыми еңбектерде
дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім
жүйесі, дүниетаным, сенім, адам мұраты.
Сөйтіп, таным объектісінің көпшілік бөлігі табиғаттың адамзат
өзгерткен құбылыстары болып табылады. Танымның бұл объектілері айтарлықтай
дәрежеде адамның практикалық іс-әрекетіне тәуелді. Осы практикалық іс-
әрекеттің нәтижесінде мәдениет жасалады, ал мәдениеттің негізгі бір
элементі танымның нәтижесі — білім[19].
Тұлғаның негізгі таным процестеріне түйсік, қабылдау, зейін, ес, қиял,
ойлау, сөйлеу жатады..
Қабылдау саласында адамдар объективтік және субъективтік типтер болып
та бөлінеді. Бірінші типтің өкілдері заттар мен құбылыстарды дәл, айқын,
ешбір қоспасыз, сол қалпында қабылдайды, өз жанынан еш нәрсе қоспайды. Ал
субъективтік типтегі адамдардың қабылдауында долбарлау, қиялдап жаңа
образдар қосу жағы басым болады.
Мұндайда қабылданатын заттан гөрі адамның сезім күйлері (үміт, үрей,
елжіреу, алдану т. б.) ерекше әсер ететін болады. Субъективтік типті кейде
қабылдаудың эмоциялық типі деп те атайды.
Қабылдау синтездік (сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын үнемі
тұтастай қабылдап, бірақ оның ұсақ-түйегіне жөнді мән бермейтіндер),
анализдік (мұндайлар, керісінше, заттардың ұсақ-түйектерінен шыға
алмағандықтан, оны тұтастай қабылдауға шорқақ болады) типтер де кездеседі.
Тұрмыс, дағды-әдет, іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұны, адамның жас жөне
дара ерекшеліктері т. б. белгілі жағдайларда қабылдау саласындағы типтік
ерекшеліктерді өзгеріске түсіріп отырады[20].
Тұлғада қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге
жүріп отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы зор. Өйткені
қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап отыру — оның мағынасын ұғынуға жәрдем
етеді. Мағынасын ұғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға болады.
Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді.
Оқу материалын меңгеру тиісті объектіге зейін аудару, түйсіну,
қабылдау және ол қабылдағандарды еске сақтау үрдістері арқылы жүзеге
асырылады.
Зейін - таным үрдісінің басты факторы, зейін - ырықты, ырықсыз,
үйреншікті деп аталатын үш түрге бөлінеді. Зейін дербес үрдіс ретінде емес,
ол танымдық әрекеттердің іске асуына басты жағдай ретінде орындалады.
Зейіннің өзгеше және арнайы заты туралы айту қиын. Оның нәтижесі кез-
келген іс-әрекетке еніп, сапасын жақсарту болып табылады.
Ырықсыз зейін адамның саналы әрекетінсіз-ақ орнығып, қолданыла береді.

Ырықты зейін саналы бағытталып, реттеледі. Субъектінің санасымен
объект таңдалады, соған бағытталады. Ырықты зейін ырықсыз зейіннен дамиды.
Сонымен бірге ырықты зейін ырықсыз зейінге ешқандай күшсіз ауысады.
Ырықсыз зейін тікелей қызығушылықпен айқындалады.
Ырықты зейінде ондай қызығушылық болмағанымен, біздің міндетімізге,
мақсатымызға байланысты, сондықтан зейінімізді санамыз арқылы бағыттаймыз.
Зейін өзін-өзі бақылаумен тығыз байланысты. Адамның әрбір әрекетінде
бағыттаушы, орындалатын және бақыланатын бөлімдері бар.
Бақылау - әрекетті басқарудың маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау іс-
әрекетінің өзінің бөлек заты болмайды, ол басқа үрдістердің жасап жатқанына
бағытталған. Сондықтан зейіннің бақылаушы функциясы да соны көрсетеді[21].
Зейіннің жеке актісі, бақылаудың әрекеті ақыл-ойға айналғанда және
қысқа түрде болғанда пайда болады. Бақылау үрдісі - затқа бағытталып
орындалатын іс-әрекет. Сондықтан бақылау іс-әрекетін орындау кезінде
зейінді талап етеді. Тек қана бақылаудың жаңа әрекеті ақыл-ойға және
қысқартылған жағдайда ол зейін болады.
Кез келген бақылау зейін емес, ал кез-келген зейін - ол бақылау.
Бақылау іс-әрекетті немесе оның нәтижесін бағалайды, ал зейін оны дамытады,
жақсартады. Оның себебі, бақылау белгілі бір критерий, өлшем, үлгі арқылы
іске асады, “үлгіні ескерте”, нақты салыстыруға және айыруға жағдай туғыза
отырып, құбылысты жақсырақ тануға жетелейді. Үлгіні қолдану зейіннің
негізгі екі қасиеттерін түсіндіреді - таңдамалылықты (әр уақытта
қызығушылықты көрсете бермейді) және өзі байланысқан әр іс-әрекетке жағымды
әсер етеді.
Ырықты зейін әрдайым жоспарлы. Алдын-ала белгіленген критерийлер және
тәсілдерді пайдалана отырып әрекетті бақылау болады.
Ырықсыз зейін - ол да бақылау, бірақ заттан немесе жағдайдан кейін
“көзге өзі көрінеді” бақылаудың жолы және құралдары алдын ала жоспарланбай,
объектінің әсерімен өтеді. Зейінді дамыту бақылаусыз және өзін-өзі
бақылаусыз мүмкін емес.
Жас ерекшелігіне байланысты зейіннің даму сипаттамасы мынадай:
1)Балалардың жеке дамуымен, олардың қажеттіліктері және
қызығушылықтары дүниетанымдарының өрісі кеңейіп, түсінетін ақиқат заттар
мен құбылыстарға зейіндерін аударады. Қоршаған шындықтарға зейіннің артуына
байланысты, студент зейінінің пәні, ойлары және сезімдері болады. Зейіннің
сыртқа бағыттылығымен бірге, ішкі шоғырлануының дамуына байланысты, ол
өзінің ішкі дүниесін және қоршаған ортадағы адамдармен қатынасын түсінгісі
келеді. Өзіне деген зейінінің негізінде өзін байқауының дамуы, өзін-өзі
тәрбиелеуге психологиялық көмек болады.
2)3ейінінің жас ерекшелігіне байланысты дамуы, оның барлық
қасиеттерінің дамуына және көрінуіне ықпал етеді. Барлау іс-әрекетінің
өрісі күрделеніп, оның қызығушылығы белсенділігі және таңдамалылығы артады.
Шоғырлануының интенсивті дамуына байланысты, таным мүмкіндіктері де жаңа
сипатқа ие болады. Зейіннің көлемі және бөлінуі өрістерінің ұлғаюына қарай
- іс-әрекеттің бір бөлімінде бірнеше зат пен құбылыстарды қабылдап, ойлануы
да кең өріске артады. Жоғары тұрақтылығы және ауысуы, объектілерді барлық
жағынан, тіркеуді дамытады. Мұндай қасиеттерінің дамуы тұрақсыздықты жеңуге
көмектеседі.
3) Жастарының дамуына қарай ырықсыз зейіннен гөрі, ырықты зейін көріне
бастайды. Студентте бұл зейіннің барлық түрлері дамиды бірақ, біртіндеп
ерікті зейін жетекші орын ала бастайды, әсіресе студенттердің өзіндік іс-
әрекетінде.
4) Зейіннің дамуы шоғырлану мотивтерінің өзгеруіне әсері бар.
Алғашында баланың зейіні эмоциялы қызығушылығымен көрінсе, студенттердің
даму үрдісінде жас ерекшелігіндегі негізгі жетекші іс-әрекеттің объектілері
арқылы зейіндері дами бастайды. Өз зейіндерін ұйымдастыру қабілеті оқу
жұмысының мөлшеріне, сапасына бағытталады.
5) Әр жас сатысында жекелік айырмашылықтары, даму үрдісінде жан-жақты
және айрықша көрнеді. Зейіннің жекелік және жасына байланысты
ерекшеліктерін, бірлікте және арақатынаста түсіну қажет[22].
Қазіргі уақытта В.Д.Шадриков[23] көрсеткендей ес дамуының бірнеше
бағыттарын байқауға болады: Ес – психикалық процесс ретінде: мұнда
мнемикалық операциялар мен есте сақтау сатылары, естің ауыспалы процестері
көрсетіледі және есті есте сақтау, қайта жаңғырту, тану, есте тұту,
ұмытумен сипаттайды;
Ес – ақпаратты есте ұстайтын, сақтайтын, қайта жаңғыртатын
психикалық функция. Есте сақтау көлемі, қайта жаңғыртуы, ес жылдамдығы
және т.б. нәтижелік жағы талданып тіркеледі;
Ес – дамушы сан қырлы қорлар жүйелері;
Ес – тек тәжиірбенің жиналып, сақталу міндеттерімен ғана емес іс-
әрекет жүйесін ұйымдастыруда, уақыт қатынасына байланысты өзекті әрекеттер
жоспарының арақатынасымен байланысты жеке адамның құрылымы.
Есті әлеуметтік-генетикалық талдаған П. Жане[24] болды. "Ес эволюциясы
мен уақыт ұғымы" (1928) еңбегінде П. Жане адам есінің психологиялық
механизмдерін қарастырады. П. Жане бойынша естің жоғарғы формасы "жоққа
әлеуметік реакция" жоқты жеңудегі ерекше әрекет болып табылады.
Б.Г. Ананьевтің[25] басшылығымен жүргізілген зертеулерде ес басқа
психикалық функциялармен: зейін, ойлаумен және Д.Векслердің[26] тестер
жинағымен анықталған жалпы интеллектуалды даму деңгейімен байланысты
зерттелінді. Естің басқа психикалық функциялармен байланысында ұзақ
мерзімді есте тұту мен ырықты зейін арасында оң байланыстар көп болды.
Вербалды және бейнелік есті экспериментті зерттеу негізінде
Э.А.Фарапонова[27] материалды есте сақтаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану,
мнемикалық іс-әрекеттердің жас айырмашылықтарына байланысты деп қорытынды
жасайды.
Ал аталған операциялар - өзінше динамикалық болып тұратын
процессуалдық құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін
тиісті бейнелерге, елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.
Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе
бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл - ойлау
әрекетінің бірінші кезеңі.
Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға, түсінуге, сырын ашуға
ұмтылу.
Ойлау процесінің пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған
жаңа, белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.
Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау
белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет
қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен
тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге,
сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік
ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы
шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде
шешеді.
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана
тән психикалық процесс[28].
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға
болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен
қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді.
2) қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне
де, білім тәжірибесіне де байланысты.
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне,
табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады.
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын
процесс.
5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып,
дамып отырады[29].
Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді
кызметке итермелейді, творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек
теориялық және практикалық қызметте ғана емес, ол адамның бүкіл рухани өмір
жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай
дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы
мұнсыз мүмкін емес.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы
бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі
адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады.
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік
түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп
берген И.П. Павлов[30] болды.
Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу
жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін күзетші
пункт деп атайды. Осы күзетші пункттердең біздің бұрын қабылдаған,
көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида
қайтадан тіріледі. Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны
белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс
әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді.
Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге
ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік
сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай
жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы кереметтер кіреді. И. М.
Сеченов[31] осындай түстерді болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары
деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде
қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте,
жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің,
ғалымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялға жатады.
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз - өз
қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі
мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман
творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың
бірінші дайындық сатысы.
Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып
отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі
схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін
жасау) тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың
қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық,
бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің,
машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңіл танк,
аэрошана — суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады.
Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола.
Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін
айтады.
Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Осы әдістер
арқылы айтарлықтай маңызды творчестволық қиял образдарын үнемі туғызу қиын.

Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне ұқсамайды. Бір
адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің
қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай, дәл,
дұрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмұнды келеді. Шындыққа сай
дұрыс қиялдай білетін адамдарда өмірдің түрлі салаларынан алынған білім
қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, соның негізінде қалыптасқан айқын
сенімі болады
Қиялдың маңыздылығы оның шындықпен байланыстылығында. Шын мәнісіндегі
қиял ғана мазмұнды, пәрменді де болып, адамды іс-әрекетке жетектейді, оның
рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады.
Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді.
Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің
қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты.
Студентерді оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға,
олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға жеткізу
тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ.
Жарықбаев[32], С. Қалиев[33] осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы
элементтерін қолдануды ұсынады.
Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын
ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиет туындылары
бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін, сонымен
қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды
іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында
студенттердің ойлау процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы
болады.
Сонымен инновациялық технологияларды сабақ түрлеріне байланысты таңдап
алып, студенттердің танымдық процестерін рет-ретімен дамытуға болады. Бір
сабақта 1 немесе 2 технологияны қолдануға болады. Сабақтың кезеңдеріне және
тапсырманың ерекшелігіне, студенттердің талғамына байланысты таңдап алынған
инновациялық технология сапалы нәтижесін береді. Яғни 1-4 ші курс
аралығында студенттердің жас және дербес ерекшеліктеріне қарай инновациялық
технологиялардың заңдылықтары мен ережелерін мұқият сақтап, рет-ретімен
қолдану арқылы зейін түрлері мен қасиеттерін, қабылдау түрлері мен
ерекшеліктерін, ойлау түрлері мен қасиеттерін, операцияларын, сөйлеу
түрлері мен ерекшеліктерін талапқа сай қалыптастыруға бағыт береді. Бұл
жерде оқытушының әрбір инновациялық технологияны қолдануда өзінің
шығармашылық қабілеттері мен ұйымдастырушылық қасиеттері жоғағы сапаны
талап етеді. Себебі студент кез-келген сабақ түрлеріне байланысты
тапсырманы орындау барысында өзіндік пікірді, дүниетанымды теориялық-
тәжірибелік тұрғыда еркін жеткізіп және кәсіби маман қасиеттерін
қалыптастыруға міндетті.

1.2 Студенттердің психикалық танымын қалыптастырудағы психологиялық
дайындау жүйесінің теориялық-әдіснамалық негіздері

Психологиялық дайындаудың Қазақстанда даму жолы мен қазіргі жағдайы
психология курсының оқулықтарымен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі,
қазақ тіліңде психологияны оқыту мәселесі, жоғары мектепте оқу жоспарлары
бойынша психология пәндерінің түрлері, оларды оқуға бөлінетін сағат
көлемдері, оқыту формалары, дәрісханадан тыс психологиялық жұмыстар,
психологиялық білім беруді жүзеге асырып, жетілдіретін мамандарды дайындау
жағдайы бойынша сарапталып зерттелді. Зерттеу барысында республиканың
жоғары мектептерінде студенттерге психология пәндерінен дәріс берудің
өзіндік ерекшеліктері мен мәселелері ашылды[34].
Жоғары оқу орындарында студенттерді психологиялық. дайындау тарихы
психология курсын оқыту бойынша ұстанымдардың пайда болуымен және аталмыш
мәселеге қатысты еңбек еткен ғалымдардың зерттеулерімен байланысты кеңестік
кезден басталып, болашақ педагогтарға кәсіби білім беру жүйесінің негізінде
және оның аясында одан әрі жетілу мүмкіндігіне ие болғандығы айқындалды.
Әдебиетте бұрын да қолданылған дәстүрлі психологиялық дайындау ұғымын
студенттердің психологиялық даярлығын жетілдіру процесінде сырттан реттеу
басымдылығының; білімнің мінез-құлыққа сіңісті болуын емес, тек академиялық
деңгейге бағдарының; оқу-кәсіби іс-әрекет пен қарым-қатынасты жетілдіруді
және студенттердің өзін-өзі тануынан бастап өзін-өзі дамыту, өзін-өзі
актуалдандыру дәрежесіне жетуін қамтамасыз ететін үйлесімді тұлға бола
алмауының жалпы сипаттамасы ретінде анықтап, қарастырдық[35].
Психология пәндерінің мазмұнын талдау арқылы онда индивид, тұлға,
субъект, даралық ұғымдарын, көріністерін қарастыру дәрежесінің
жеткіліксіздігі; психика формаларымен танысу, олардың заңдылықтары мен
фактологиясын сипаттаумен шектелетіні белгілі болды.
Дәстүрлі психологиялық білім беру процесінің іс-әрекетке, қарым-
қатынасқа, өзіндік дамуға қатысты студенттердің психологиялық проблемаларды
шешуді қамтамасыз ете алмайтыны айқындалды. Студенттерді дәстүрлі
психологиялық дайындау жүйесінде олардың психология ғылымдарын меңгеру іс-
әрекетіне қатынасы, осы орайдағы қажеттілігі мен үміттері әрқашан ескеріле
бермейтіні ашылды.
Студенттерге психологиялық білім берудің дәстүрлі жағдайы деректер
негізінде талданып, психологиялық даярлықтың жеткіліксіз дәрежесіне
себепкер болатын қайшылықтар анықталды:
жоғары мектептің оқу жоспарларындағы психология пәндерінің қазіргі орны
және онын қазіргі ғылым-білім жүйесінде алатын маңызы зор болуы, ізгілікті
пәндерге қатысты қоғамның әлеуметтік үміттерінің артуы арасында;
психология пәндерін қазіргі оқу процесіне таңдап алу, редуциялау, енгізу
жағдайы және студенттерді кәсіби дайындау жүйесіне негіз болатын
психологиялық біліммен оны барынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Өзін-өзі тану пәнінінен лекциялар жиыны
Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесі
Пәндер