Студенттің өздігінен орындайтын жұмысы – кәсіби білім алу негізі


ӘОЖ 80181 ББК 81. 2
Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы
Ф. ғ. к., доцент, А. Ясауи атындағы ХҚТУ
Студенттің өздігінен орындайтын жұмысы - кәсіби білім алу негізі
Аннотация: Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Білім берудің қазіргі мақсаты - тек білім мен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке қол жеткізу, студенттің жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына баса мән беру, проблемалық оқытуды жетілдіру, шығармашылық еңбегімен өздігінен ізденіп білім алу, дайын материалды ғана қанағат тұтпай, ақпаратты өзі іздеп табу, ой қорытындысын жасауға үйрету.
Студенттердің кәсіби-теориялық даярлығын арттыруда студенттердің өзіндік жұмыстарының алатын орны ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, лингвистикалық дағды мен іскерлікті қалыптастыру бағытындағы өзіндік жұмыстарын іріктеп, оның мазмұнын анықтаудың қажеттілігі даусыз. Мақалада «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні бойынша жүргізілген өзіндік жұмыс тәжірибесі негізінде өзіндік жұмыстың мақсаты, оның түрлері, ұйымдастыру талаптары, жұмыс түрлері, бағалау мәселелері талданады.
Кілт сөздер: өзіндік жұмыс, кәсіби даярлық, лингвистикалық дағды, біліктілік, іскерлік, қорытынды, жеке тұлға, ұйымдастыру талаптары
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс », - деген болатын [1] .
Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Жоғары мектептегі білім берудің басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін дайындау. Білім саясатының өзекті мәселелері - кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үрдісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үрдісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технологияларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленетінін мойындауға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру жайы атап көрсетілген [2] . Осы тұрғыдан келгенде, кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты - жаңа қоғамға лайықты сапалы да, саналы тұлға, өз мамандығын сүйетін, оның кез келген сұрағына жауап бере алатын маман даярлау. Демек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек.
Жоғары оқу орындарының инновациялық іс-әрекетіндегі қолданбалы тәжірибенің көп түрлілігі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа бағыт-бағдарды айқындауды, теориялық тұрғыдан ұғынуды, жалпылауды және сараптауды қажетсінеді. Мұндай өзгерістер жоғары мектептегі инновациялық білім беру үрдістерін басқаруға қатысты педагогикалық теория мен практикаға деген көзқарастың жаңа сипатта қалыптасуын талап етеді.
Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру жүйесіне ену процесі 2003 жылдан бастап еліміздің оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясын ендіруден басталды. Бұл әлемдік және отандық білім беру тәжірибесінің ықпалдасуы ғана емес, олардың өзара толығу үдерісі де болып табылады. Осы үдерістің алдындағы Қазақстанның «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы» Лиссабон Конвенциясына және «Жоғары білімнің еуропалық аймағы туралы» Болон декларациясына қосылуы, ҚР «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы» Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы кредиттік оқыту технологиясының ендірілуіне жол ашты. Кредиттік оқыту жүйесін ендіру және оқыту жүйесін жетілдіру әлемдік жоғары білім беру тәжірибесін, оның ішінде еуропалық аймақтағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Лиссабон Конвенциясы және Болон декларациясы сияқты материалдарды зерттеуді қажет етеді.
Кредиттік оқыту жүйесінің Қазақстанға ендірудегі алғашқы тәжірибелер оқу процесінде студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің қажет екендігін көрсетті. Аудиториялық сағаттардың қысқарып, енді білімді игертуде негізгі салмақтың өзіндік жұмысқа түсуі студенттерде өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әлемдік деңгейде дәрісханалық және студенттің өздік жұмысының арақатынасын 1:3, 5 деп көрсетеді [3, 126] .
Мұның өзі өз бетімен орындайтын жұмыстың маман даярлығы үшін өте маңыздылығын көрсетеді. «Педагогика және психология» сөздігінде бұл туралы: «Өздігінен білім жетілдіру - жеке адамның өзі басқаратын мақсатты - білімділігін(мамандығын) немесе білім деңгейін көтеру», - деген анықтама беріледі [4] .
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - адамның дамуы мен білім алуы оның өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылған мақсатты әрекеті. Алайда өз бетімен білім алу, білім жетілдіру әр түрлі факторларға тәуелді. Алдымен ол студенттен пәнге қызығушылықты, танымдық қажеттілікті, тұрақты ерік-жігерді, жинақылық пен белсенділікті, жоғары саналылықты қажет етеді. СӨЖ студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу үдерісінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу үдерісінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Жоғары оқу орнындағы өзіндік жұмыстың мазмұны, сипаты, әдістемесі мен оны ұйымдастыру кәсіптік бағытта жүргізілсе қорытындылары жоғары болар еді. Студенттердің өзіндік жұмыстарының мақсаттарының қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- өзіндік тапсырмаларды орындау кезінде студенттің кәсіптік-ақпараттық ой-өрісінің, сенімінің және көзқарастарының негізін қалайтын кәсіптік білімдерді игеру;
- студенттердің өз бетімен тапсырмалар жүйесін орындау барысында өздерінің танымдық іс-әрекеттеріне сай, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білімдерін бекіту;
- болашақ мамандардың теориялық және тәжірибелік тапсырмалар орындау арқылы өз бетімен кәсіби ойлануын дамыту;
- студенттердің кәсіби бағдарлануын, қабілеттілігін, мүмкіндігін, кәсіби ынтасын ескеріп, өзіндік жұмыстарды, жекелеген тапсырмалар орындай отырып, танымдық ізденімпаздылығы мен шығармашылық бағытын қалыптастыру;
- жоғары оқу орны түлектерінің кәсіби шеберліктерінің көрсеткіші ретінде көрінетін өзіндік жұмыс үрдісінде жеке адам қасиеттері мен кәсіптік маңызды қасиеттерін қалыптастыру, дамыту;
- озат педагогикалық тәжірибе мен прогрессивті ғылыми идеяларды тәжірибеде шығармашылық түрде пайдалануға баулу.
Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы негізгі үш функцияны қамтиды:
Бірінші, нұсқамалық/бағыттаушы-бағдар берушілік (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т. б. ) . Осы берілген нұсқамалық кеңестер студенттердің алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.
Оқытушының екінші функциясы - консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы студенттің өзіндік жұмысына түзету енгізу. Бұл - студенттің өзіндік жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке консультация жүргізу және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру үдерісінде бұл функцияны тьюторлар атқарады.
Оқытушының үшінші функциясы - бақылаушы, бағалаушы функциясы. Студенттің білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т. б. ) қолданып анықтау. Оларға кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, өзара әрекеттестікті, эталондық тәсілдерді көрсетуін қарастырады .
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 функцияны қамтиды: біріншісі, студенттер оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек; екіншісі, студенттер оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттер жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек; үшіншісі, студенттер күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Студенттер шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды және бұл сұрақтарға өздері де жауаптарын дайындайды; төртіншісі, студенттер оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.
Студенттің өзіндік жұмысы кредиттік технология бойынша оқытуда оқыту үдерісінің басым бөлігін құрайды, сондықтан студент білімінің сапасы өзіндік жұмыстың дұрыс ұйымдастыруына тікелей байланысты. Кредиттік оқыту технологиясының міндеті - студенттердің өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту.
Кредиттік оқу жүйесінде студенттердің өзіндік жұмыстарын инновациялық деңгейде ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге: жоспарлы түрде, жүйелі, бірізділікпен, инновациялық технологияларды қолдану негізінде жүргізілуіне; тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмаларының дәл және анық болуына; лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындалуына ықпал ететіндей болуына; СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына; СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына; СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге; өздік жұмыстардың тақырыптары мен мазмұнының кәсіби бағдардың жүзеге асуын және оның келелі мәселеге құрылып, практикалық маңыздылығының құндылығын арттыруға мүмкіндік жасауына; технологиялық картасының жасалуына назар аудару қажет.
СӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен студенттің орындайтын өзіндік жұмысынан (ОБСӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады. ОБСӨЖ бөлінген уақыт оқытушының жүктемесіне кіреді және сабақ кестесіне енгізіледі. Осы белгілеріне қарай СӨЖ-ді дәрісханада орындалатын және дәрісханадан тыс орындалатын жұмыстар деп бөліп қарастырамыз, сондай-ақ жүргізілетін жұмыс түрлерін саралаймыз (1-кестеде) .
1-кесте. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру жүйесінің құрылымы
- жоба орындау
- пікірталас өткізу
- тест орындау
- бақылау жұмысы
- морфологиялық талдау
- кейс стади
- ассоциограмма құру
- семантикалық карта толтыру
- тілдік ойындар
- лингвистикалық мазмұндама жазу
- тренинг
- кроссворд
- іскерлік ойындар
құру
- мектеп оқулықтарымен жұмыс:
а) ереже талдау;
ә) жаттығу талдау;
б) тапсырмаларды, жаттығуларды толықтыру.
- көрнекіліктер жасау (сызба-сұлба, диаграмма, кесте, т. б. )
- электрондық құралмен жұмыс
- презентация жасау
- портфолио жасау
- реферат
- пән бойынша глоссарий құрастыру
- эссе, мақала және белгілі сала мәселелері бойынша хабарламалар мен ғылыми жұмыстар жазу;
- шығармашылық тапсырмаларды дайындау (коллаж, синквейн, ойын бағдарламаларының сценарийі, рөлдік ойындар жобасы) ;
- өзіндік білім алу бойынша баспа материалдарының аннотацияланған тізбесін құрастыру, т. б.
- ғылыми мақалаларға
аннотация және пікір жазу
- баяндама жасау,
курстық жұмыс, дипломдық жұмыс
- интернет желісімен
жұмыс, бейнефильмдер жасау
- ғылыми жобаларға
қатысу, тілдік кеш ұйымдастыру
- олимпиадаға қатысу,
тілдік жарыстарға қатысу
- оқу мәтіндерімен
жұмыс (конспектілеу, схема, кестелер құрастыру)
«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәнінен студенттердің өздік жұмысы жүйесін бірнеше кезеңге бөліп жоспарладық:
1-кезең. Жоспары жасалып, тақырыптары мен тапсырмалары, оқу материалдары, әдебиеттері таңдалып, іріктелген соң, кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді. СӨЖ құрылымын құрайтын компоненттерінің бірі - технологиялық карта жасалып, онда барлық жұмыстар мазмұны айқындалды (2-кестеде үлгі беріледі) .
2-кесте. Студенттердің өздік жұмыс тапсырмаларының технологиялық картасының үлгісі
Ескерту: Мерзімі тақырыптың күрделілігіне қарай белгіленеді. Өздік жұмыс тапсырмаларының түрлері оқытушының немесе студенттің қалауы бойынша белгіленуі мүмкін. Технологиялық картада белгіленген әдебиеттер тізбесі бөлек беріледі. Ереже бойынша СӨЖ-тапсырмалары бір семестрде 4-5-тен аспауы тиіс [5] .
2-кезең. Тапсырмалар бойынша кеңестер ұйымдастырылып, жұмыстардың түрлері, көлемі белгіленіп, студенттерге бекітіліп, бақылау формасы анықталды.
3-кезеңде өздік жұмыстарын тексеру және бағалау кезеңі белгіленді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz