Студенттердің жеке тұлғалық белсенділігін арттыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
Білім беру жүйесі
Студенттің тұлғалық дамуы қазіргі жоғарғы білім берудің негізгі
міндеті ретінде
Студенттердің жеке тұлғалық белсенділігін арттыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Н.Ә. Назарбаев Н.Ә.Назарбаев университетінде оқығанБілім қоғамы
жолында дәрісінде ел студенттеріне Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен
азаматтарының білімімен өлшенеді. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі,
орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл.
Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың
алдаспаны. Сендерге өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді,
кәсіби құзырлылықтарыңды арттыру қажет. Неміс философы Зиммельдің айтуынша,
білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам
деп өз дәрісінде атап өткен болатын.
Тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесі мен әдіснамалық аспектісі мынадай
бағыттарда көрініс тапқан: тұлғаның өзін-өзі дамыту механизмінің
негіздемесі мен түсіндірмесі (Ф.Перлс, К.Роджерс, Д.Узнадзе, К.Юнг);
тұлғаның өзін-өзі дамытуын өркендететін негізгі факторларды тексеру,оның
әлеуметтік табиғаты мен мазмұны (Л.Божобич, К.Левин, Ж.Пиаже, Э.Эриксон
және т.б.). Тұлғаның философиялық негізі өзіндік даму субъектісі іспеттес
және іс-әрекеттегі тұлға санасын қалыптастыру проблемасын қарастырумен
байланысты. (Л.Выготский, А.Леонтьев, Л.Рубинштейн және т.б.).Сондықтанда
оқу – тәрбие үрдісінде интерактивті әдістерді қолдану жеке тұлға
белсенділігін арттыруда, өзін – өзі дамытуда ролі зор. Интерактивті оқыту
әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс, оқу пікірсайысы (Сократтық
диологтар), ойындық жобалау, ми шабуылы, пікірталас, дөңгелек
үстел. т.б.жатады.
Жеке тұлға белсенділігі, инетерактивті әдістер түсінігіне тоқтала
отырып, ЖОО студенттерінің өзін -өзі тануы арқылы өзін-өзі басқаруды,
өзін – өзі дамытуды ұйымдастыру жұмысының мазмұнын ашу, оны теориялық
тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін педагогикалық тұрғыдан зерттеу.
Жеке тұлғаны бағдарға алып білім беру дегеніміз-педагогикалық іс-әрекеттің
әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын,
өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз
байланысты идеялар мен іс-әрекеттер жиынтығы.
Технолог ғалымдардың пайымдауынша, жеке тұлғаны бағдарға алып оқыту
технологиялары әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруге және тәрбиелеу
әдістері мен тәсілдеріне негізделген.
Г.К.Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы оқушы жеке
тұлғасы, ал оның негізгі мақсаты - табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны
дамыту және қалыптастыру екенін атап көрсетеді.
Сондықтан, жеке тұлғаны бағдарға алып білім беру оқу материалын
шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және мұғалімнен төмендегідей іс-
әрекетті талап етеді:
1) өз студенттерінің мінез-құлқы, көзқарасы, талғамы мен жеке
ерекшеліктерін жақсы білу;
2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, өмірге, еңбекке
көзқарасы, құндылықтарды бағалауы, өмірлік жоспары сияқты аса маңызды
тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейін білу;
3) әрбір студентті білім деңгейі мен мүмкіндігіне сай және біртіндеп
күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік
әрекетке тартып отыру ;
4) алға қойған мақсаттарға жетуге кедергі келтіретін себептерді
анықтап, жойып отыру;
5) жеке тұлғаның белсенділігіне сүйене білу;
6) тәрбие ісінде жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін,
формаларын таңдауына көмек беру;
7) студенттің әрекетін, белсенділік көрсетуін, табысқа жетелейтін
ұмтылыстарын бағыттау.
Әр ұстаз педагогикалық іс-әрекетін өзі еңбек ететін оқу орнының бекіткен
бағдарламасына сәйкес құрады. Сабақты және өздік жұмысты ұйымдастыруда
студент тұлғасының барынша дамуы мен оның табысты оқуы үшін жағдай жасалуы
тиіс.
Информатика пәнің оқытуда бұл мақсатқа жету үшін мына технологияны қолдану
тиімді. Оның негізіне мыналар жатады:
-іс-әрекет үшін қолайлы жағдай туғызу;
-оқу материалы мен оны ұсынуда студенттің тұлғалық тәжірибесі мен
ерекшеліктерін, тіл меңгеру барысындағы деңгейін ескеру;
-тапсырмалардың әртүрлі деңгейлік сипаты;
-студент жұмысын шығармашылық белсенділікке бағыттап отыру
Студенттің тұлғалық дамуы қазіргі жоғарғы білім берудің негізгі міндеті
ретінде
Тұлғаның өзін-өзі дамыту үрдісінің кейбір аспектілерімен ( Мен
тұжырым- дамасының құрылуын) Е.Чеснокова, А.Спиркин және т.б. шұғылдануда.
Сонымен қатар тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесі педагогикалық және
әдістемелік жағынан түбегейлі қарастырылғанын айтпай кетуге болмайды.
Кез келген пәнді оқыту әдістемесі тек оқытушының жоғарғы
кәсібилігінің арқасында көкейкесті бола алады.Яғни,педагогтың өзіне тән
тұлғалық және кәсіби қасиеттеріне байланысты.Оқытушылар кәсіби іс-
әрекетінің мазмұнына қарай мынадай қасиеттерге ие болуы керек:оқу үрдісін
жобалай,оқыту технологиясының әр түрлі әдістерін меңгере, оқытудың
инновациялық жүйесін пайдалана педагогикалық рефлекцияны жүзеге асыра
алуы,яғни, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық,мәселелік
міндеттерін шеше алуы керек. Сонымен қатар оқушылардың тұлғалық
белсенділігінің деңгейін көтеруге көмектеседі. және де оқытуды тұлғаралық
өзара қарым-қатынас жүйесін қарастырады. Тұлғалық таянуды жүзеге асыру
педагогтің адекваттық тұлғалық қасиетін талап
етеді:эмпатиялық,қызығушылық,толера нттық және т.б.
Г.Олпорт бойынша әрбір жеке индивидум белсенділігінің ең жоғарғы
деңгейі тұлға әрекетіне позитивті-шығармашыл ұмтылушы Менің қатысуымен
шартталады.
Г.Олпорт Өзінділікті мұндай тұлғалық аспектілерден құралатынын
анықтайды:өз денеңді сезу;өзіндік пікір айту;өзін-өзі бағалау;өзін-өзі тану
және өзін – өзі рационалды басқару.
Тұлғаның белсенділігін арттырудағы өзіндік сана-сезімнің реттегіштік
рөлі тұлғаның өзін тәжірибелік және танымдық іс-әрекеттің субъектісі жеке
өзінің адамгершілік қасиеттерін,қызығуларын құндылығын,мұратын және мінез-
құлығын тұлға ретінде ұғынуы мен бағалауында көрінеді.
Адам өзіне сыни көзқараспен қарай отырып өз мүмкіндігін өмір талабына
сәйкес бағдарлай білуі және өз мақсатын нақтылап, ойын бір тұрақты түйінге
байланыстыра алу қабілеттілігі белсенділікпен белгілі бір мәнді көрсеткішке
жеткізетіні сөзсіз.Оның ішінде өзін-өзі бағалау тұлғаның өзіне деген
сенімін арттырып,рухани күш алады,өзінің айналасын қоршаған адамдармен
қарым-қатынасын,өзіне сыни көзбен қарауын,талап қоя білуін, сәтсіздік пен
жетістікке қалай қарайтындығына мүмкіндік береді.Сондай-ақ,тұлғаның өзінің
іс-әрекетінің тиімділігіне және оның жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді.

Студенттердің жеке тұлғалық белсенділігін арттыруда интерактивті әдістерді
қолдану

Интерактив сөзі ағылшынның interact сөзінен шыққан. Inter-бұл өзара,
act-әрекеттесу деген мағынаны білдіреді. Интерактивті сөзі бұл бір
нәрсемен ( мысалы, компьютермен немесе біреумен, адаммен әңгімелесу) диолог
түрінде өзара әрекет етуге қабілеттілік дегенді білдіреді. Сонымен,
интерактивтік оқыту- бұл ең алдымен мұғалім мен студенттердің өзара әрекеті
жүзеге асырылатын диалогтық оқыту, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың
арнайы формасы. Оның өзінің нақты және болжаған мақсаттары болады. Оның
мақсаттарының бірі -оқыту үрдісін жемісті ететін студенттердің өзінің
интеллектуалдық деңгейін, табыстылығын сезінуге және оқытуда жағымды жағдай
жасау.
Оқу процесіндегі өзара әсердің жаңа мазмұнын бере алатын анықтаманы
іздестіру барысында интерактивті оқыту термині пайда болды. Бұл шын мәнінде
педагогикалық қарым – қатынастың мәнін, мазмұны мен құрылымын,
оңтайландыруға қабілетті екендігін көрсетті. Интерактивтілік ұғымы
символикалық интеракционизм (Г.Блоуберг, Дж.Г.Мид, Р.Сирс, т.б.), яғни
адамдар арасындағы қарым – қатынасты үздіксіз сұхбат (диалог) ретінде
қарастыру деген сөз. Мұндай тікелей диалог бүгінгі күні ерекше мәнге ие
болып отыр. Көптеген негізгі әдістемелік инновациялар.
Интерактивтің негізгі ерекшеліктері қандай? Мысалы, сондай мақсаттардың
бірі – студент өзінің жетістігін, интеллектуалдық қабілетін көрсете
алатындай жағдай тудыру болып табылады және бұл оқыту процесінің нәтижелі
болуына әсер етеді. Оқу процесіндегі интерактивтік әрекет диалогтың қарым –
қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды көздейді. Өзара түсінісу, өзара
әсерге бірлесіп шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Диалогтық оқыту
нәтижесінде сыни ойлауға, күрделі мәселелерді талдау негізінде шешуге,
балама пікірлер айтуға, дискуссияға қатынасуға, басқа адамдармен қарым –
қатынас жасауға үйренеді. Бұл үшін сабақ кезінде жеке, жұптық және топтық
жұмыстар ұйымдастырылады, зерттеу жобалары, рольдік ойындар қолданылады,
әртүрлі құжаттар мен ақпарат көздері мен шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
Интерактивті оқытудың мәні оқыту үрдісін барлық студенттер таным үрдісіне
тартылып, өздері білетін және ойлайтын нәрселерін қайта қарауға, түсінуге
мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру. Интерактивті әдісте, жоғарыда
айтқанымыздай, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді
де, студент белсенділігі арта түседі. Интеракция кезінде мұғалім жұмысқа
тікелей қатысқанымен, ол өз мүмкіндігін шектеп,онда студенттің белсенді
болуына жағдай туғызуы қажет. Дәлірек айтқанда, өзге тілді үйренуде маңызды
болып табылатын студент пен студенттің арасында болатын интеракция
кезіндегі әрекет жүйесін бес сатыға бөлуге болады: мақсат қою, жұмысты
жоспарлау, тапсырманы бөлу, студенттер әрекетін бақылау, бағалау.
Ал интерактивті оқытудың мақсаты-оқу процесінің барлық сатысында бірлескен
әрекетке жағдай жасау. Әр студентті жеке тапсырмамен жұмыс істете отырып,
топ мүддесін ойлауға үйрету. Әрқайсысын өз міндетін жауапкершілікпен
атқаруға жетелеп, ортақ нәтежеге қол жеткізуге ұмтылдыру.
Интерактивті оқыту әдістеріне студенттерді білім алу және оны өңдеуге
жағдай жасайтын әдістер жатады. Олардың ішінде белгілілері-Үлкен шеңбер,
Өзара (междусобойчик) , Аквариум, Ми шабуылы, Дебат, Мозайка,
Пікірталас жургізу әдістемесі, Рольдік пікірталас, Психологиялық-
педогогикалық консилиум және т.б
1. Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі.
Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі клиент және екінші
мүшесі психолог-консультант ролінде болады. Клиент роліндегі
студент психолог-консультант роліндегі студентке өмір тәжірибесінен
алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30
минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін
топта талдауға арналады.
2. “Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда
қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе
нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады. Жұмыс үш
кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім
мәселені ұсынады.
Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы
мәселені шешудің жолдарын қағаздарына жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ
бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып
тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.
3. Аквариум әдісі: “Аквариум”– балаларға мәселені “қоғам алдында”
талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе
бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды.
Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар
көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Студенттердің жеке тұлғалық белсенділігін арттыруда интерактивті әдістерді қолдану
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ИНТЕЛЛЕКТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жеке тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуі мен өзін жетілдіру мәселесі
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Жоғары мектепте шығармашылық орта түзу
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Пәндер