Табиғаттағы су айналымы және судың түрлері: жер асты, шипалы минералдық және беткі сулары


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Табиғаттағы су айналымы.

Су - ғажайып зат. Олай деуіміздің бірнеше себебі бар. Су бір мезгілде үш түрлі күйінде кездеседі. Мұз - судың қатты күйі, оның сұйыққа айналуы мен булануы бірге жүреді.

Су - тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ағза бар, бірақ сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесі 50-ден 90 процентке дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе, адам өледі. Адам су ішпей бір апта ғана шыдайды.

Су - табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық - таулар мен жазықтар.

Судың тағы бір кереметі оның су қабаты, ауа қабаты және құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі.

Күн сәулесі қызуынан мұхит, теңіз, көл, өзен суы буланып, ауа қабатына барады. Топырақтан, өсімдіктерден, жануарлардан да су бу күйінде бөлініп, ауаға көтеріледі.

Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына, мәселен тау басына жақындағанда қоюланып, бұлт түзеді. Олар ауаның ағысымен, қозғалыста болады. Жауын-шашынға айналып, өздері ұшып шыққан құрлықтағы су қабатына қайтып оралады. Бірақ ұзақ тұрақтамайды. Күн қыздырғанда қайтадан ауаға ұшып шығады.

Бұлттар салқын ауамен түйіскенде жерге жауатын су тамшылары.

Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді. Онда өсімдік қорегіне айналып, құрлықты жасыл жамылғысына орайды. Жайқалып шөптер, бұйраланып бұталар, бой түзеп ағаштар өседі.

Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады. Судың тереңге сіңуі тау жыныстарының қасиетіне байланысты екенін өткен сыныптан білесіңдер. Онша терең сіңбеген су бастау-бұлақ түрінде жер бетіне шығады, өзендерге құяды. Тереңдеу қабаттарға жиналған жер асты суын құдық қазу арқылы пайдаланады.

Жер асты сулары.

Жер бетінде арнайы су қабаты барын білесіңдер. Ол қабаттың аумағы үлкен болғанымен көпшілігі ішуге жарамайды. Өйткені мұхит және теңіз суларында еріген тұздары өте көп, дәмі ащы. Оларды пайдалану үшін арнайы тазартудан өткізеді. Оған көп мөлшерде каражат жұмсалады. Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын атом қуаты арқылы тазартып ішеді.

Тұщы су Қазақстанның кең-байтақ жеріндегі өзендерінде, көлдерінде және жер астында кездеседі. Шөл және шөлейт жерлері көп Қазақстан үшін жер асты суларының маңызы зор.

Жер асты сулары қалай пайда болады? Олардың негізгі көзі -жауын-шашын суы. Бұл су алдымен топырақтың үстіңгі қабатына баратынын білесіңдер. Топырақтағы еріген минералды заттары бар суды өсімдіктер тамыры арқылы сіңіріп, жапырағы арқылы буландырады. Шел және шөлейт жерлерде есетін есімдіктер тамырларын тереңге жібереді. Орта Азияда өсетін бір терек бір жазда 2000 литрге жуық суды буға айналдырады екен.

Су айналымының кішкене моделі.

Еріген қар суы, жауын-шашынның бір белігі топырақтың астыңғы бетіне әтеді. Ол қиыршық тастардан оңай, құмнан баяу өтіп су өткізбейтін қабатта жиналады. Мұндай жер асты суларының деңгейі әр жерде әр түрлі. Қазакстанның көптеген қалалары мен ауылдары жер астының түщы суын пайдаланады. Ол үшін түрлі тереңдіктегі құдықтар қазылады. Құдық суы таза, мөлдір, салқын болады. Маңында өзен, көлі жоқ ауылдарда құдық суын мал суару үшін де пайдаланады.

Жер асты сулары алуан, құбылыстар тудырады. Тау жыныстарын бүлдіріп, майда бөлшектерін ағызып өкетеді. Жердің қуысына кіріп, жарығын кеңейтеді. Нәтижесінде ірілі-уақты үңгірлер пайда болады. Жер қыртысында ондай үңгірлер көп. Кейбір үлкендерінің ұзындығы 232 км, биіктігі 330 м-ге жетеді. Ғажайып өсем үңгірлер де бар. Олардың төбесі мен қабырғаларынан су тамшылап түрады. Еріген заттарынан түрлі пішіндегі өсінділер түзіледі де, олар еденінен жоғары көтерілсе, ал кейбірі төбеден төмен салбырап тұрады. Ертегі-аңызда айтылатын өсем сарайға ұқсайды.

Шипалы сулар .

Судың сендерге таныс тағы бір қасиеті - жаксы еріткіштігі. Ас тұзын суға салсак, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Табиғаттағы минералдар құрамында көптеген басқа тұздар да кездеседі. Олардың кейбіреулері суда жақсы ериді.

Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады, жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған осындай жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды.

Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жеріне байланысты. Соған орай минералды судың ішуге жарайтыны да, жарамайтыны да бар. Ішуге жарамды судың бір литрінде 2-20 грамм еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы, әр түрлі сырқаттардан айығуға

жәрдемдеседі. Сондықтан ондай сулар шипалы сулар деп те аталады. Олардың кездесетін жерлері ел арасында «арасан» деп те аталады. Алмаарасан, Қапаларасан, Барлықарасан, Жаркентарасан атаулары осыдан шыққан.

Шипалы су шығатын жерлерде тынығу-сауықтыру орындары -курорттар мен санаторийлар салынады. Солардың бірі - Сарыағаш курорты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Судың табиғаттағы айналымы, жер асты сулары, тазарту әдістері және физика-химиялық қасиеттері
Судың қасиеттері, жер асты сулары, тазарту әдістері және су арқылы таралатын аурулар
Жер асты сулары: сипаттамасы, түрлері және су деңгейін төмендету әдістері
Судың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері мен жер асты сулары
Жер асты және грунт сулары: пайда болуы, жіктелуі және түрлері
Гидрология: судың айналымы, су балансы және су ресурстарын қорғау
Су қорларын үнемді басқару және су шаруашылығының геоэкологиялық мәселелері: жер асты сулары, инфрақұрылым және тасқындар
Қазақстанның жер асты сулары: қалыптасуы, режимі және қорғау
Қазақстанның су қорлары және жер асты сулары: Жамбыл облысының жағдайы, кен орындары мен қорғау шаралары
Жер асты сулары мен суды тазалау: Еуразиялық су орталығының ғылыми-зерттеу және инвестициялық бағдарламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz