Су басқан аумақтағы адамдарды шұғыл іздеу ұйымдары



ЖОСПАР

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. Су басқан аумақтағы адамдарды шұғыл іздеу
ұйымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .4-5
1.2. Су
тасқыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .6-9
1.3. Суға кету. Алғашқы көмек
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-12

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары..13-17
2.2. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары ... ... ... ... ... ...18- 19
2.3. Халықтық табиғи және техногендік төтенше жағдайлар саласындағы
құқықтарымен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...20-23

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...24-27

ІҮ. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе

Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөніндігі Республикалық
жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде
оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың
алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп- экологиялық апат қауіпі
өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған,
топырақ бөлінуде, ормандарға, өсімдіктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде.
Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектлер
бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі апат салдарын қазігі заманғы
жаппай қырып-жою құралдарын қолдану салдары мен салыстыруға болады. Төтенше
жағдайдың түрін, көлемін, сипатын және т.б. жақтарын анықтау Азаматтық
қорғаныстың, Төтенше жағдайдың ұйымдарының барлау құрылымдарының негізгі
міндеттері. Бұл жұмысты Азаматтық қорғаныстың, Төтенше жағдайдың штабтары,
әскери бөлімдері, арнайы барлау органдары ұйымдастырып, жүргізеді.
Барлау жұмысы зақымданған аудандарды, қарсы жақтың қай жерде, қандай
қару қолданғанын, радиацияның деңгейін, улы заттың түрін, өрттің алып
жатқан көлемін, адамдардың, жан-жануарлардың,өсімдіктердің немен,
қанщалықты дәрежеде зақымданғанын анықтайды.бейбітшілік кезіндегі төтенше
жағдайда ауаның, судың, топырақтың, өсімдіктердің және басқа да
объектілердің улы, радиоактивті заттармен ластанғанын бақылап,
лобороториялық талдаудан өткізу.

1.1.Су басқан аумақтағы адамдарды шұғыл
іздеу ұйымдары
Су басқан аумақтағы адамдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып, осы жұмысқа АҚ
және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының экипажы мен басқа
барлық қолда бар күшпен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде
ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай орындау керек. Жүзу
құралдарына (қайық, желкен және т.б.) шектен тыс салмақ алуға болмайды,
өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға
ауру адамдармен қарттарға көрсетілетінін
есте ұстаған жөн.
Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті
жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек. Үйден шығардың алдында электр мен
газды ажырату, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдеткішті және
басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.
Тұрғындарды уақытша көшірудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті
радио мен теледидар, ал жұмыс істейтіндерге ккәсіпорын, мекеме және оқу
орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін
халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады. Халыққа
жиналатын орынды, жиналу мерзімін, көшу кезіндегі жаяу баратын бағыт,
сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жағдайларды, оны
ауыздықтау жолдарын және басқа да мәліметтер хабарланып отырады.
Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-
мүлкімен бірге су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді-мекендерге
көшіріледі.
Кәсіпорын мен мекемелер су қауіпі төнген жағдайда жұмыс тәртібін
өзгертеді, ал кей жағдайда жұмыс мүлдем тоқтайды. Су басу ықтимал аймақта
мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелеріуақытша жұмысын
тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан мектеп пен балалар мекемесіне
ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және көшедегі адамдар судың
көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты
болса, шатырға шығуға тиіс. Жұмыста әкімшілік нұсқауымен белгіленген
тәртіпті сақтап, биік орналасқан орындарға көтерілу керек. Далада кенеттен
су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әртүрлі жүзу құралдарын
пайдаланған жөн.
Үйден шыққан кезде өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, құнды заттарды, екі-
үш тәулікке жеткілікті азық-түлік қорын алу ұсынылады.

1.2. СУ ТАСҚЫНЫ

Су тасқыны табиғат күштерінің әсерінен құрғақ жердің көп бөлігін сумен
алып кету. Су тасқыны - өте қатты нөсерлі жаңбырдың соңын ала, өзен
бастауына ұштаса таяу жатқан мұздардың күн ыстығынан шұғыл еруінен, кейде
жасанды бөгендер суының жағаны жырып бұзуынан пайда болады. Таудан құлаған
лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді.
Екпіндей аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатумен
бірге, діңіне адам құшағы жетпейтін биік ағаштарды тамырымен қоса жұлып
әкетеді. Су тасқыны келесі себептерден болуы мүмкін.
1.Жауын-шашынның көп түсуі, қардың көп түсуі немесе еруі.
2.Қатты желдің әсерінен мұздықтың суға түсіп еруі.
3.Жер сілкіну, ядролық жарылыс кезінде гидротехникалық құрылыстардың
бұзылуы.
Егер жергілікті жер су тасқынына көбірек ұшырайтын болса, онда алдын алу
жұмыстарын жүргізу керек. Ол жерге платиналар, су ағысын реттейтін
гидротехникалық құрылыстар салу керек.

Құтқару жұмыстары
1.Су басқан аймақта жоғалған адамдарды іздеу. Сол жердің тұрғындарын
қауіпсіз аймаққа көшіру.
2.Ықтимал су басу ауданындағы ахуалды болжау:
3.Тұрақты кезекшілік ұйымдастыру, қызметтен міндетті білу және бұзылу
қаупі және гидроторап ғимараттарының кенеттен бұзылуы кезіндегі қолда бар
техникалық құралдармен халық пен басшы құрамды дер кезінде құлағдар ету.
4. Гидротехникалық ғимарат
5. Мал мен материалдық құнділіқтарды шұғыл әкетудің кезектілігі мен
тәртібі.
6. Су басқан аудандардағы инженерлерін барлауды ұйымдастыру.
7. Адамдарды, малды іздеу мен құтқаруды ұйымдастыру
8. Тез арада зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету.
Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау-
тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге,
кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді
құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын,
мұздың кенеттен мол еруін , сол жердің топырағының бостығын, тас
жиынтығының көптігін жатқызуға болады.
Республика бойынша 300-ден аса осындай қауіпі бар тау бассейндері бар.
Әсіресе қауіпті жерлерге Іле, Жоңғар, Талас, Алатау, Қаратау, Кетмен,
Тарбағатай таулары жатады. Бұл тауларда осындай тасқындар жыл сайын болып
тұрады.
Тау су тасқынынан сақтану жолдары:
• Жауын уақытында және жауын өткеннен кейін 2 күндей тауға шықпау.
• Тауда тек бұрын адам жүрген жолдармен жүру.
• Төтенше жағдай-апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты
көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бұл
процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша

күш пен қаражат тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
Су тасқынының алдын- алу жолдары
- жүйені құру, жағалауды, суағарды бекіту, ұстау үшін бөгет орнату,
жолды, көпірді, су келетін каналдар қондырғысын жөндеу, шұңқырларды
жоюға арналған авариялық материалдарды жинақтау және бөгеттің
,гидрооқшаулағыш қондырғысымен ғимараттың биіктігін көтеру, аласа
ағаштарды отырғызу жолымен қорғау;
- ықтимал су басу аймағында орналасқан халықты, шаруашылық кешенін,
обьектілерінің гидротораппен сенімді байланысын қамтамасыз ету, су
басу қаупі немесе басталғандығы туралы оларға өз уақытында хабарлау;
- гидротораптың астындағы су деңгейінің апатты көтерілуі туралы
автоматты дабылдау жүйесін құру, қала АҚ және ТЖ органдарының, елді
мекендер мен шаруашылық кешені объектілерін гидротораптың
жойқындылықпен бұзылуы туралы хабарлау;
- су басқан уақытта тұтынушыларды энергиямен қамсыздандыру және
кезекпен ажырату жөніндегі схемаларды әзірлеу;
- гидроторап бұзылған кезде су көлігі тұрағының орнын дер кезде
таңдау және ұйымдастыру;
- су басу аймағында қалған халықты ауыз сумен қамтамасыз ету
жөніндегі шараларды, эпидемияға қарсы шараларды өткізуге дер
кезіндегі әзірлік;

- апатты су тасқының жағдайындағы іс- әрекетке халықты оқытуды
ұйымдастыру.

Су тасқыны қауіпі пайда болған кездегі
өткізілетін шаруалар:
- су басу болжамына тұрақты назар аудару, шаруашылықтың мүдделі
салалары гидрологиялық құрылыстардың қауіпті дамуы туралы жедел
ескерту;
- тоғанның, бөгеттің, су қоймасы мен басқа объектілерінің жағдайына
тұрақты бақылау жасау;
- су қоймасындағы судың жинақталуын реттеу;
- ірі өзендерде судың транзиттік жіберілуін жүргізу (гидротораптың
бүкіл жүйесі бойынша) табиғи су қоймаларындағы тоғандардың сағасын
нығайту немесе осы тоғандардың аса қауіпсіз бағыттағы бұзылуын
ауыздықтау; жүзу жіне құтқару құралдарын даярлау;
- халық пен малды дер кезінде көшіруге әзірлік және жүргізу, ықтимал
су тасқыны аудандарынан материалдық құндылықтарды әкету;
- су тасқыны аймағындағы тұрғын үйлерді судың басуын болдырмау үшін
белгілі бір уақытта топырақ салынған қапттармен бекіту, үйлердің
бірінші қабаттарындағы есік пен терезе тақтамен немесе үйеңкімен
шегеленеді.

1.3. Суға кету. Алғашқы көмек беру
Суға кету тыныс алу жолына сұйықтық , көбінесе су болғанда басталады.
Суға батып бара жатқан адам кеңірдегіне және өкпесіне су барғандықтан тыныс
ала алмайды, оттегі жетіспегендіктен жүрек қызметі тоқтайды. Зардап
шегушіні мүмкіндігінше судан тез алып шығу керек. Оны судан шығарған соң
белуарына дейін шешіндіреді, аузымен мұрнын тұнба, ұйыма, лайдан және
шырыштан мұқият тазартып, биіктеу дөңбекке немесе өз тізесіне етбетінен
жатқызады да көкірек сарайын басып, өкпедегі және қарындағы суды шығарады.
Соңынан зардап шегушіні шалқасынан жатқызып, дереу қолдан тыныс алғызуға
және жүрек тұсын уқалауға кіріседі. Ауыздан-ауызға үрлеу әдісімен қолдан
тыныс алғызу қалпына келгенше жасайды. Егер тыныс алу қалпына келмей,
зардап шегуші есін жия алмаса, онда нақтылы өлім белгілері (қарашықтың
үлкеюі, көздің мүлде жарық сезбеуі, ұзақ уақыт жүректің соқпауы, мәйіт
теңбілі ) басталған кезде қолдан тыныс алғызу мен жүрек тұсын уқалауды
тоқтатады.

Суға кеткенде немесе тұншыққанда
көрсетілетін алғашқы көмек.
Өкпеге оттегінің толық түспеуі – асфикция деп аталады.
Оның себептері:
1. Тыныс алу жолдарының көбіне кеңірдектің қолмен немесе жіппен қысылуы;
2. Тыныс алу жолдарының сумен, сілекеймен, құсықпен толып қалуы;
3. Кеңірдектің бөгде заттармен немесе тілмен бітелуі;
4. Тыныс алу орталығының улы заттардың әсерінен семіп қалуы (параличке
ұшырағанда) немесе бас миының жарақаты кезінде;
5. Жас балаларды кейбір жұқпалы ауру кезінде (дифтерия,грип,ангина )
жұтқыншақтың ісінуінен тыныстың жетіспеуі.
Ауруды судан алып шыққан кезде абай болу керек. Суға батқан адамды
артынан жүзіп, шашынан немесе қолтығынан демеп, суға батқан адамның
бетін жоғары қаратып жағаға шығару керек. Алғашқы көмекті тез арада
жүргізу керек. Жәбірленуші көмек беруші адам ішпен өзінің бүгілген
тізесіне жатқызып, басынан төмен салбыратып, ауыз қуысы мен
жұтқыншақты судан, құсықтан, шөп-шаламнан тазалайды.
Сосын бірнеше рет күшпен көкірекке басып, кеңірдекпен ауа тамырлардан
қалған суды шығарады. Тыныс алу жолдарын тазалағаннан кейін
жәбірленушіні тегіс жерге жатқызып қолдан дем береді.
Өмір-тіршілік қауіпсіздігікурсының оқу багдарламасына енгізілуі
қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму логикасына байланысты болып
отыр. Бұл курстың өзегі болып, қоғамның дамуының негізі –адам алынған.
Кезінде Пратогор Адам- барлық заттың өлшемі деген екен. Яғни, адамды
жұмыс күші ретінде жұмыс процесінде ғана қорғау қажет емес,сонымен
қатар оны өмір бойы, қайда жүрсе де қорғау қажет.
Айтылған мәселелерге байланысты Өмір-тіршілік қауіпсіздігі
курсының негізінжасауға болады:
-адам Жерде пайда болғаннан бастап, ылғи да өзгеріп отыратын қауіп
пен қатердің арасында өмір сүріп келеді, яғни адамның іс-әрекеті мен
тіршілігі әрқашанда қауіпте;
-қауіп-қатер адам оміріне , оның денсаулығына ылғи да зиянын
тигізеді(жүйке ауруы, жарақат, ауру, өлім), яғни мемелекеттің, жалпы
қоғамның алдында адамдарды қорғау міндетті тұрады;
-толық қауіпсіздік болмайды, әрқашан белгілі бір қауіп қалып отырады,
сондықтан қауіпсіздікті ұйымдастыру жұмысы жоғарғы деңгейде болу
керек;
Осы алға қойылған мақсатқа жету үшін техникалық, эканомикалық және
басқада шаралар-егер адамдардың бұл мәселелердегі біліктілігі төмен
болса –аздық етеді.Табиғатта болып тұратын қауіп-қатерлер тұрақты, жан-
жақты және қуатты, сондықтан жер бетінде қаіп төнбейтін адам болмайды.
Бірақ көп адамдар бұл жағдайға көңіл аудармайды, байқамайды, тіпті
ойламайды да, сондықтан олардың ойы нақтылы өмірден алшақ болады.
Сондықтан қаіпсіздіктің идеологиясын, нақтылы жайға сай ойлауды,
тәртәпті құру үшін, осы Өмір- тіршілік қауіпсіздігі - адам өміріне
төнетін жалпы қауіп- қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын
шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың,
құрал – жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсізідігін
қамтамасыз ету мәселелерді шешпейді, онымен арнайы мамандықтар
айналысады (атом қауіпсіздігі,электр қауіпсіздігі, жарылыс, өрт
қауіпсіздігі). Өмір- тіршілік қауіпсіздігі курсының мақсаты-
қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау
қабілетін, өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау- осылар
барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми - әдістемелік
іргесі болып саналады. Осы курсты оқып өткен өз ортасындағы қауіпті
және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы
білікті әрекет жасауына мүмкіншілік болады.
Өмір- тіршілік қауіпсіздігі курсының негізгі мақсатына келесі
сұрақтар кіреді:
-қауіп – қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін
зардаптың зиянын шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б;
-болғалы тұрған қауіп – қатердің алдын- алу;
- қауіп- қатер болғанда төтенше жағда кезінде білікті іс - әрекет
жасай білу

2.1. Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе
әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық
жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты
едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған
немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір
аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай
табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны
және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары,
ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері
арқылы зақымдануы туғызатын ТЖ-лар.Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп,
көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін
улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын
(тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы,
бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және
коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және
техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне
қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310
Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
жіктемесіне сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы
№1351 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және
апаттардың себептерін тексеру ережесіне сәйкес объектілік және жергілікті
ауқымдағы ТЖ жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан
құрылған комиссия зерттейді.
Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары,
жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары
кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және
басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық
қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен
кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы
және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру
жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық
қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама
комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы
белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса
берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын
анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген
бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға
тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың
қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян
мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік
сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және
апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.
Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды
ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен
ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын
авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару
облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының
қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік
объектілеріндегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін Қауіпті
өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ҚР 2002 жылғы
3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті
шегінде белгілейді.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеп соққан зілзала.
Апат - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соққан жойқын
құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін
болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен
материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

Үкімет өкілдері мінген тікұшақ алдымен Қазалының Басықара су тоспасына
аялдады. Дарияның бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария өзенінің су тасқынынан жанындағы тұрғындар мен нысандарды қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
Су басу кезінде тұрғындарды қорғауды ұйымдастыру
Су тасқыны туралы мәліметтер
Жер сілкінісі, сел
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жайында
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Сұрапыл апаттардан тұрғындарды қорғау
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі
Пәндер