Су қоймаларын ластаушы көзі ретінде Қазақстанның ауыр өнеркәсібінің әртүрлі салаларының іркінді суларының сипаттамасы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

● Тақырыбы: Су қоймаларын ластаушы көзі ретінде Қазақстанның ауыр өнеркәсібінің әртүрлі салаларының іркінді суларының сипаттамасы.

Мақсаты: өнеркәсібінің әртүрлі салаларының іркінді суларына жэне олардың су қоймаларына әсеріне гигиеналық сипаттама беру.

● Дәрістің жоспары:

1. Қара металлургияда іркінді сулардың түзілу жағдайы, сандық және сапалық сипаттамасы.

2. Түсті металлургияда іркінді сулардың түзілу жағдайы, сандық және сапалық құрамы.

3. Басқа өнеркәсіптік кәсірорындарда іркінді сулардың түзілу жағдайы, сапалық және сандық құрамы.

Өнеркәсіп пен урбанизацияның қарқынды дәмуымен байланысты республиканың орталық өнеркәсіптік аудандардағы су қоймалары қатты ластануда.

Су ресурстарын ластардан қорғау меселесі қазіргі кезде барлық индустриялық дамыған елдерде №1 проблемаға айналып отыр.

Халық шаруашылығының барлық салаларында техникалық прогресс металлсыз мумкін емес. Біздің елде шойынды, болатты және түсті металлдарды өндіруді үнемі дамыту жоспарланып және жүргізіліп отыр.

Қазақстанда қара және түсті металлургияның бірнеше ірі комбтнаттары бар (Қарағанды, Өскемен, Лениногорск, Жезқазған, Балқаш т. б. ) .

Шойынды, болатты балқыту, прокаттарды және түсті металлдарды өндіру көп мөлшерде суды пайдалануымен және ластанған іркінді сулардың пайда болуымен жүреді. Мысалы 1тонна шойынды өндіру үшін 400м 3 су жұмсау керек, 1т. болатқа - 360 м 3 , 1т. қорғасынға - 80 м 3 , никельге - 3200 м 3 су шығындалады.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің қарқынды даму ғасырында өндірістік іркінді сулар ашық су қоймаларын ластаушы ең қауіпті және күшті көз болып саналады. Осы суларға осындай сипаттама берудің себебі - олар тұрмыстық іркінді суларға қарағанды саны мен сапасы және түзілу режимі бойынша ерекше және зиянды болуы.

Ластану дегеніміз не? Ол - қандай бір заттың су қоймасына түсіп ондағы судың сапасын нашарлатушы және әр түрлі жағымсыз жағдайларды тудырушы шамада жиналуы.

Су қоймаларын ластаушы негізгі кездерге өнеркәсіптік, тұрмыстық, жауын-шашындық іркінді сулары, ағаш ағызу, құм алу жұмыстары, су көлігі, талшықты өсімдіктерді (целлюлозді-қағаз жасауда, зығырды, бамбукты, лозаны) жібіту, судағы өсімдіктер мен су жануарларының жаппай қырылуы т. б. жатады.

Өнеркәсіптік іркінді сулар гигиеналық тұрғыдан 1-ші орында.

Түзілу сипаты бойынша олар 3 түрде жіктеледі:

1. Бірінші түріне суды технологиялық операцияларға реагент, еріткіш т. б. ретінде тікелей қолдануда пайда болған іркінді сулар жатады, яғни мұнда судың технологиядағы шикізатпен тікелей байланысы бар. Бұл сулар технологиялық процессте қатысушы заттармен ластанған.

2. Екінші түрі - технологиялық аппараттар мен агрегаттарды суытуға қолданылған судан пайда болған іркінді сулар. Бұл сулар әдетте ластанбаған, бірақ температурасы жоғары болады (шартты ластанған сулар) .

3. Үшінші түріне - қосалқы цехтарда (шикізат және дайын өнімдер қоймаларында, қазандықта, шикізатты тасымалдауда) пайдаланған сулардан құралған іркінді сулар жатады.

Яғни, су өнеркәсіптерде қалай пайдаланылды:

  1. Су - пайдалы кендерді алуда, кенді және көмірді байытуға орта ретінде қолданылады.
  2. Су - зығырды, жібекті өндеуде, химиялық өнеркәсіптерде, лак-бояу өнеркәсіптерінде еріткіш ретінде қолданылады.

Су - жылутасығыш ретінде қара және түсті металлургияда, пластмасса жасауда, т. б. қолданылады. Мұнда судың сапасы көп өзгермейді, бірақ температурасы жоғары келеді.

Негізінен су араласты пайдаланылады, яғни орта ретінде, еріткіш және жылутасығыш ретінде пайдаланылады.

Сапалық құрамы бойынша жіктелуі:

  1. термальды іркінді сулар(әртүрлі агрегаттарды салқындатуда) ;
  2. қышқылды;
  3. сілтілі;
  4. көбіне органикалық заттармен ластанған іркінді сулар (қант зауытының, ет комбинатының т. б. ) .

Әр өнеркәсіптер өзіне тән іркінді суларды түзеді, яғни қанша түрлі өнеркәсіптер болса, іркінді суларды соншаға жіктеуге болады.

Ластану дережесі өнеркәсіптік іркінді сулар 2 түрге болінеді:

а) шартты таза су немесе шартты ластанған су.

ә) ластанған немесе шынайы іркінді судың өзі.

2. Іркінді судың су қоймасына түсу жағдайы бойынша:

а) ұйымдастырылған іркінді сулар.

ә) бытыраңқы немесе ұйымдастырылмаған іркінді сулар.

Бұл гигиеналық тұрғыдан 1-ші орын алып отыр.

Қара металлургияда іркінді сулардың түзілу жағдайы,

сандық және сапалық сипаттамасы.

Қара металлургияға жататындары: темір және марганец кендерін, және шойын мен болатты өндіруге қажетті кен емес қазбаларын шығару және байыту кәсіпорындары, шойын мен болатты балқыту металлургиялық зауыттары, прокат немесе метиз өндіруші зауыттары, көмірбайыту мен коксохимиялық зауыттары, машина жасау және басқа салалары.

Қара металлургия ірі су тұтынушы сала болып келеді. Оның үлесіне еліміздің барлық жалпы су тұтыну көлемінің 15% келеді. Жалпы су тұтынудың абсолюттік көлемі жыл сайын 4-5% өсіп келеді, қазіргі уақытта ол 30 млр м 3 /жылға жетті.

Қазіргі кезде металлургиялық іркінді сулары жекелеген цехтардың суларынан құралып жалпы зауыттық іркінді суларын және оның сапалық құрамын анықтайды.

Толық технологиялық циклды металлургиялық зауыттарда шойын мен болат балқытылады, ал болаттан әр түрлі профильді прокаттар мен құбырлар жасалады. Қазіргі кездегі металлургиялық комбинаты кешенінде коксохимиялық және басқа өндірістер, сондай-ақ ЖЭО, механикалық және басқа қосалқы цехтары бар.

Агломерациялық өндіріс процессінде су жабдықтарды салқындатуға және гидротығыздауға (подшибниктерді, экгаузерлерді және түтін сорғыштарды салқындатуға, вакуумнасостарды гидротығыздауға т. б. ), газ коллекторының шаң ұстағыш қаптарынан шаңдарды гидрошаюға, цехтарды тазалауға, тағы басқа да процесстерге жұмсалады. Ластанған іркінді сулар агломерациялық фабриканың барлық бөлімшелерінде пайда болады: күйдіру шихтасын дайындау және дозалау, әктасты дайындау, материалдарды бөлу және агломерация корпустарында. Іркінді судың құрамында механикалық қоспалар (13-20 г/л), әктас, ал бірқатар жағдайларда күкірт қоспалары болады, судың рН 12-13, сілтілігі 21-22 мг/экв/л жетеді.

Домналық өндірісте шойын кеннен, окатыш агломератынан үздіксіз істейтін домналық пеште балқытылады, мұнда отын ретінде кокс немесе табиғи газ қолданылады. Судың көбі домна пештерін салқындатуға және домналық газдарды тазалауға жұмсалады, судың бір бөлігі бункер астындағы бөлмелерді гидротазалауға, құюшы машиналардағы шойынды салқындатуға т. б. пайдаланылады. Бұл өндірісте қайта айналымды сумен қамтамасыздандыру жүйесі қолданылады, оның құрамында суды салқындатуға арналған градирнялар, бункерасты кеңістіктерінен, шойын құюшы машиналарынан және газды тазалаудан келетін ластанған суды тазарту тұндырғыштары болады. Шөгінділері сусыздандырылады немесе жинағышқа шығарылады. Домналық өндірістің іркінді суларында 5 мг/л дейін механикалық қоспалар, 9 мг/экв/л дейін кальций гидрототығы түріндегі еріген заттар бар, рН 10-12.

Кенді мұздатушы қондырғылардың іркінді сулары мұнай өнімдерімен ластанған. Су механикалық тазалаудан кейін қайта айналымды жүйесінде пайдаланылады.

Болатты балқыту мартендік, электрлік балқыту пештерінде және конвертерлерде жүргізіледі. Су негізінен металлургиялық агрегаттарды салқындатуға және газдарды тазалауға жұмсалады. Іркінді судың түзілуіне және құрамына әсер етуші негізгі факторлары болат қорытудың технологиялық ерекшеліктері болып саналады. Бұл сулардың сипатты ерекшеліктері: бір технологиялық циклдің (балқытудың) ішіндегі ластардың құрамының өте біркелкісіздігі. Іркінді судағы қалқымалы заттардың құрамы үлкен диапозонда ауытқып 20 г/л жетеді.

Сондай-ақ, осы іркінді сулар ерігіш химиялық заттармен ластанған: сульфаттармен, хлоридтермен, фторидтермен, әкпен және басқа да қышқылы басым заттармен. Балқыту барысында судың белсенді реакциясы рН 2, 5 тен 7, 5 дейін ауытқиды.

Әр түрлі профильді металлдың прокаты ыстық және суық прокатының ауысуында жасалады. Су прокатты жасағанда агрегаттар мен металлдарды салқындатуға, қақты (акалинаны) гидрожууға және түсіруге, қудалаушы (травильный) ерітіндісін дайындауға, қудалаудан кейін металлдарды жууға, прокатты стандар үшін эмульсия дайындауға т. б. жұмсалады. Осы цехтардың іркінді сулары қудалаушы ерітінділермен (қышқылдармен, сілтілермен), қалқымалы заттармен, мұнай өнімдерімен, темірмен және басқа компоненттермен ластанады. Іркінді су тұндырғыштарда қақтардан және мұнай өнімдерінен тазаланады, бейтараптандырылады содан кейін қайтадан келесі циклде пайдаланады.

Ферроқорытпа - ол болатты қышқылсыздандыруға және легирлеуге қажетті кремниймен, марганецпен, хроммен, ваннадиймен және басқа компоненттермен темірдің қорытпасы болып саналады. Су пештерді салқындатуға, газдан тазалауға, ауаны тазалауға, шихтаны дайындауға т. б. пайдаланылады. Іркінді су жоғары карбонатты сілтілігімен, металлдар бойынша агрессивтігімен сипатталады, оның құрамындағы қалқымалы заттары 2 г/л дейін жетеді, және улы заттардың концентрациялары едәуір шамаға жетуі мүмкін.

Метиз зауыттары болат сымдарын, лентаны, калибрленген металлды, канаттарды (жуан арқан), торларды т. б. бұйымдарды шығарады. Іркінді сулар металлды қудалауда, термиялық өңдеуде және беттерін қаптағанда, дайын бұйымдарды және жабдықтарды жууда, цехтарды тазалауда, ауа мен газдарды тазалауда түзіледі. Іркінді сулардың сипаты әр қилы келеді, мысалы металлды қышқылмен өңдегенде іркінді судың құрамында бос және байланған күкірт қышқылы, қақ (окалина) және майлар, қалқымалы заттар, нитраттар болады.

Коксохимиялық зауыттар көмір дайындау және кокс цехтарынан, кокстардағы өнімдерді ұстау және өңдеу цехтарынан тұрады.

Судың шамамен 80% жабық аппараттарды, өнімдерді салқындатуға жұмсалады да, олар ластанбайды. Судың бір бөлігі коксты сөндіру үшін жұмсалады (егер құрғақ сөндіру жүйесі болмаса) . Коксохимиялық өндірісінің жалпы іркінді суында механикалық қоспалар, шайыр құрушы өнімдер, бензолды көмірсулар, фенолдар, аммиак, цианидтер, роданидтер т. б. кездеседі. Фенолды іркінді сулар арнаулы қондырғыда фенолсызданады, соңынан биологиялық тазалаудан өтеді. Көбінесе осы сулар тазалаудан кейін коксты сөндіру үшін пайдаланылады. Коксты құрғақ сөндіретін өндірістерде, бұл сулар тұрмыстық іркінді сулармен бірге тоғандарға жіберіледі.

Қара металлургия өнеркәсіптерінің іркінді сулары су қоймаларының санитрлық жағдайын елеулі түрде нашарлатады. Ең алдымен қалқымалы заттардың мөлшері жоғарылайды, әсіресе іркінді суды ағызу орны төңірегінде. Су қоймасына түскен шөгіндінің қалыңдығы ондаған сантиметрлерге жетуі мүмкін, мұның өзі екінші қайта ластаушы көзі болып келеді. Осыған параллельді судың мөлдірлігі төмендейді, судағы темірдің концентрациясының жоғарылауымен байланысты спецификалық қоңыр түс пайда болады, осының нәтижесінде судың органолептикалық қасиеттері нашарлап, тұрғындар арасында жағымсыз күй тудырады. Су қоймасындағы судың температурасы көтерілуі мүмкін, біршамада тотықтануы және ОБҚ жоғарылайды, оттегілік режимі нашарлайды. Кейбір жағдайларда судың бетінде май және улы заттар пайда болады.

Құрамында қышқылдар бар іркінді сулар су қоймасына түскенде судың рН өзгереді. Күкірт қышқылы бикарбонаттармен әрекеттесіп судың сілтілігін төмендетеді. Қышқылдар көп мөлшерде болғанда су қышқыл реакция алып, қалыпты биохимиялық прцесстері бұзылады.

Улы химиялық заттар шамалы көлемде болғанымен, іркінді сулардың көп көлемде түсуінде, әсіресе шағын тоғандарға ағызғандағы әсерін ескерсек, олар санитарлық-токсикологиялық тұрғыдан санасу керектігін естен шығармау керек. Әсіресе бұл цианидтерге (ШРЕК - 0, 1 мг/л), роданидтерге (ШРЕК - 0, 1 мг/л), фенолдарға (ШРЕК - 0, 001 мг/л) қатысты. Токсинді химиялық заттардың түсуі, сонымен қатар қалқымалы заттардың болуы судағы микроорганизмдерді құртып, су қоймасының өзіндік тазалану процесстерін бұзады. Әсіресе қолайсыз жағдайлар іркінді суларды ақпайтын су қоймаларына жібергенде туады. Судың аз ағуы және нашар араласуы заттардың тез шөгуін тудырып, іркінді суды жіберу орнында судың органолептикалық қасиеттерін күрт нашарлатады. Өзеннің келу-қайту ағындарының нәтижесінде ластар барлық су қоймасы бойынша таралып, судың қатты толқындану кезеңінде түбіндегі шөгінділер жоғары көтеріліп суды лайлайды.

Осы жағдайлардың барлығы металлургия комбинаттарының іркінді суларының суды пайдаланудың санитарлық жағдайларына және тұрғындардың денсаулығына тигізетін жайсыз әсерлерін болдырмау мақсатымен технологиялық және санитарлық-техникалық шараларды жүргізудің маңызын көрсетіп отыр.

Түсті металлургияда іркінді сулардың түзілу жағдайы,

сандық және сапалық сипаттамасы.

Түсті металлургияға өндіру және байыту, мырышты, қорғасынды, мысты, никельді, глиноземді, электродты, аллюминиді, титанды, магнийді өндіру және күкірт қышқылын шығару зауыттары жатады. Осыларды тек атап өтудің өзі ғана технологиялық процесстердің алуан түрлілігін, суды пайдалану сипатының және іркінді сулардың сандық және сапалық құрамының әр түрлілігін көрсетіп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су қоймаларын ластаушы көзі ретінде Қазақстанның тағам өнеркәсібінің іркінді суларының сипаттамасы
Қалалық іркінді сулардың түзілу еркешеліктері
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқаруды талдау
Су денсаулық факторы ретінде. Су факторымен байланысты аурулар. Сумен қамтамасыз етудің гигиеналық маңызы.Ішілетін судың нормалау сапасы
Судың ластануы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ
Жерасты суларының мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластану жолдарын зерттеу
Ағынды суларды мұнай қалдықтарынан тазарту
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Ақмола облысының табиғи жағдайларының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz