Қазақстандағы тағам өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының іркінді сулары: су қоймаларын ластаушы көздері және гигиеналық сипаттамасы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

● Тақырыбы: Су қоймаларын ластаушы көзі ретінде Қазақстанның тағам өнеркәсібінің іркінді суларының сипаттамасы.

Мақсаты: тағам өнеркәсібінің іркінді суларына жэне олардың су қоймаларына әсеріне гигиеналық сипаттама беру.

● Дәрістің жоспары:

1. Тағам өнеркәсіптік кәсіпорындарының іркінді сулары.

2. Ауыл шаруашылық іркінді сулары.

Тағам өнеркәсібінің іркінді сулары.

Әрине, тағам өнеркәсіптік кәсіпорындарында қайта айналымды сумен қамтамасыздандыру туралы сөз болуы мүмкін емес.

Тағам өнеркәсіптік кәсіпорындарының іркінді суларында негізінен органикалық текті ластар өте көп болады.

Астықты өңдеу кәсіпорындарында және нан зауыты өнеркәсіптерінде тек сапасы бойынша ауыз суға қойылатын суларды қолданады. Іркінді суларындың құрамында қиын тотығатын ластар және ұн қоспалары болады. Кондитер фабрикаларының іркінді сулары сироптардың, қанттың және шырындардың дақтарымен ластанған.

Сүт кәсіпорындарының іркінді суларындағы ластардың құрамы мен концентрациялары өндірістің технологиялық процессінің ерекшеліктеріне және өндірілетін өнімнің ассортиментіне байланысты болады. Мұндағы іркінді суларда органикалық ластар көп шамада болады - белоктар, майлар, көмірсулар. Ол сүт өнімдерін өндірудегі шығындармен және шикізаттардың қалдықтарымен туындаған, олардың концентрациялары тұрмыстық іркінді сулардың ластарынан 5 есе асып кетеді.

Ет, балық өңдеу, май өндіру кәсіпорындарының іркінді суларында органикалық және механикалық қоспалар өте жоғары шамада болады: майлар және биогенді заттар - фосфор, азот, фенолдар.

Ауыл шаруашылық іркінді сулары.

Ауыл шаруашылығын интенсификациялау суды тұтынудың маңызды жоғарылуымен байланысты. Әрине, суды тұтынудың өсуімен біруақытта іркінді судың көлемі де жоғарылайды. Ауыл шаруашылық іркінді суларының негізгі көздері болып әртүрлі мал шаруашылық, аң өсіруші және құс өсіруші кешендері мен фермалары болып табылады.

Мал шаруашылығын негізге көшіру жолымен дамыту етті және сүтті өндіруіне шығындарды азайтуына, азықтың шығынын төмендетуіне және өнімнің құның төмендетуіне мүмкіндік береді. Бірақ, салыстырмалы шағын ауданда көп малдарды шоғырландыру негізінде мал шаруашылық өнімдерін өндіру құрамында көң (навоз) болатын іркінді сулардың көп көлемде түзілуіне және жиналуына келтірді. Мысалы, түзілуші қалдықтардың көлемі бойынша қуаттығы жылына 108 мың бас шошқаларды өсіру кешені шамамен 1, 4 млн адамдары бар қаламен пара-пар келеді, мұнда шошқа өсіру кешенінің іркінді суы жылына 1, 5 млн. м 3 құрайды.

Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге ауыстыру салыстырмалы жақын арада басталуына байланысты, мал шаруашылық кешендерінің іркінді сулары әлі аз зерттелген.

Осы іркінді сулар тек органикалық заттармен қатты ластанып қоймай, санитарлық тұрғыдан да қауіпті келеді. Сонымен, қоршаған ортаның мал шаруашылығының сұйық ластарымен ластану проблемасы бүгін айтарлықтай өзекті болып отыр.

Мал шаруашылық кешендерінің іркінді суларының көлемі мен құрамы көңнің санын мен сипаттамасына, сондай-ақ көңді шығаруына жұмсалатын судың көлеміне және оны шығару жүйесіне байланысты келеді.

Іркінді судың максимальды көлемі көңді гидрожуу арқылы жығару жүйесінде түзіледі. Мысалы, шошқаларды өсіру кешенінде бір мың бас шошқаға 30 м 3 /тәулік, сүт өндіруші ірі қара мал кешендерінде 1000 бас сиырға - 250 м 3 /тәулік, бордақылаушы ірі қара мал кешендерінде 1000 бас малға - 100 м 3 /тәулік су жұмсалады.

Молдавияның гигиена және эпидемиология ҒЗИ зертеулерімен анықталған: малшаруашылығын өнеркәсіптік негізге ауыстыру республикада түзілуші іркінді сулардың жалпы көлемінің 15% малшаруашылық іркінді суларына келетінін көрсетті. Бұл іркінді сулар патогенді микроорганизмдермен және гельминттердің жұмыртқаларымен залалдану себебімен, оларда органикалық және бейорганикалық заттардың көп болуымен гигиеналық, эпидемиологиялық және эпизоотиялық қауіпін тудыруда.

Ірі шошқа бордақылаушы кешендерде астына төсегіш материалдарды қолданбай, көңді гидро әдіспен жуу құрамында органикалық заттар мен микроорганизмдер жоғары концентрацияда болатын көп көлемде іркінді сулардың түзілуіне келтіреді. Бұл іркінді суларда гельминттердің жұмыртқалары, сондай-ақ сальмонеллалар және иерсиниялар сияқты патогенді микроорганизмдер болады. Іркінді сулардың 10 сынамаларының ішінде 9-ында иерсиниялар анықталған. Осыған байланысты түзілуші іркінді суларға санитарлық-микробиологиялық бақылау сұрағы, әсіресе оларды тазалаудың әр сатыларында бақылауы үлкен маңызға ие болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ауыр өнеркәсібінің іркінді суларының сипаттамасы және олардың су қоймаларына гигиеналық әсері
Тағам өнімдеріндегі ксенобиотиктер және химиялық элементтердің токсикологиялық-гигиеналық сипаттамасы
Қалалық іркінді сулар: қалыптасуы, санитарлық сипаттамасы және тазалау технологиялары
Қазақстанның су қорлары: жалпы сипаттамасы, ластану көздері және су айналымы
Қазақстан Республикасының су қорлары: ресурстық жағдайы, ластаушы көздері және қорғау мен үнемді пайдалану шаралары
Су экологиясы: маңызы, ластаушы факторлар және су қорғау белдемелері
Су қорларын үнемді басқару және су шаруашылығының геоэкологиялық мәселелері: жер асты сулары, инфрақұрылым және тасқындар
Мұнай өнімдерімен ластанған су қоймаларын тиімді биоремедиациялау әдістерін зерттеу
Жер асты сулары: сипаттамасы, түрлері және су деңгейін төмендету әдістері
Су - денсаулық факторы: су арқылы берілетін аурулар, ауыз судың гигиеналық талаптары және сумен қамтамасыз ету жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz