Суды ластайтын заттар мен эфтрофикациясы



Қазақстанның су ресурстары

Мазмұны

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазақсттанның су ресурстары.
2. Судын сандық мөлшерінің сарқылуы мен ластану мәселелері.
3. Суды ластайтын заттар мен эфтрофикациясы.

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Қазақстанның су ресурстары

Казақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден
құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық,
Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер
жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі
мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр.
Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су
артериясы — Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде
ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар — мыс,
шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін
негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мъң тоннадан астам 1994 және 1995
ж. шамамен 23 мың тоннаға жуық азотты органикальқ қосылыстар (18 мың
тоннаға жуық), фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам, 1995
жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 т 1995) жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы
дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.
Каспий аймағыньң экологияльқ жағдайы. Бұл ауданның
экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және
жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына
байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз
деңгейнің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400—2700 ұзарып, су
астында қалған жерлерге тағы да 1,2—22 млн. га қосылуына әкелуі
мүмкін.
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және
Солтүстік-Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су
астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал
11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың
ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий
мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып
табылады. Кас-пийдің биологиялық алуантүрлілігін сақтау бүкіл
әлемдік қауымдастықтың жүмысы. 1995 ж. Тегеранда І Каспий маңындағы
мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты
Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның
ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып I
табылады. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламар іс жүзіне
асуына, оның ірі мұнайгазды аймақ ретінде маңызының артуы
күрделендіреді.
Арал теңізінің
экологиялық мәселелері. 60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы
кеми бастайды. Суды ауьл шаруашылық дақылдарын суару үшін
қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан
астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп,
өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге
түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200
тонна түз бен құм желмен 300 км арақашықтыққа таралады. Шөлдену,
топырақтың түздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің
кедейленуі, климаттын өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы
күрт төмендеп кетті.
Арал аймағыньң экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі
бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік
және саяси мәселелерді туғызады.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам
өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық
тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін
табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен
алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды
жасап, іске қосу керек.
Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км
судан айрылды, судың тұздылығы 26—27 глитрге (бұрын 11—12) жетті. Судың
деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді.
Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.
Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша
Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған.
Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақүм және Қызылқүм шөлдері
Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі
шамамен 1000 км3. Тереңдігі 20—25 м., ең үлкен тереңдігі — 67 м. Жаздағы
орташа температура 24— 26°С, қыста — 7—13,5°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері
шамамен 100 мм,
Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен — 5,9 км3, өзен
ағысымен — 54,8 км3 қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану — 60,7 км'\
Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы — 25 см, ал ғасырлық — 3 м-ден артпаған.
Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің
сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері
— Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал
теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2 км!, ал
1980 жылы — 10 км3. 1986 жылы Амудария мен Сырдария
өзендері теңізге жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды.
Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі
әсер етіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300—400 км ара қашықтықта
байқалды Бұл Хорезм облысында мақта өсірудің ең солтүстік белдеуін жасауға
мүмкіндік берді. Қазір ауа райының континенталдылығы артты. Ең салқын айдың
орташа айлың температурасы 1,5-2°С-ға төмендесе, маусымда 20С-ға артқан.
Ауа райының қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да
қаталдана береді. Аязсыз кезендің 170—180 күнге қысқаруы мақта өсіруді
қиындатады (мақтаның өсуіне 200—220 күн оң температура қажет). Бұрын өзен
суының минералдығы 0,3-0,5 гл болса, қазір ол 2,5 гл жегкен.
Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына
ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен
шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп
кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.
Балқаш көлінің экологияльщ мәселелері. Ағынсыз Балқаш көлі
Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен
шектесіп жатыр. 70-жылдарда көлдің ауданы жылдың жауын-шашын
мөлшеріне байланысты 17-ден 22 мың км2 дейін ауытқып
отырған. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9—19
км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш
Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетнақдала шөлімен, ал
оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен
шектесіп жатыр. Сонымен қатар, Балқаш бассейніне Жоңғар
және Күнгей Алатауы, Қалықтау, Нарат, Боро-Хоро да кіреді.
Балқаштың суының көлемі — 112 км3, ең үлкен тереңдігі — 6 м.
Көлдің батыс
бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне — шағын өзендер Қаратал, Ақсу,
Лепсі келіп құяды.
Балқаш — жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және
шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп
құюына байланысты тұщы болған. Ол көлге жылдық су мөлшерінің 782%
береді. Балқаштың шығыс бөлігіне келіп құятын шағын өзендердің барлығы
қазір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады.
Тек көктемгі су тасқыны кезінде және мұздықтардың еруі кезінде ғана осы
судың бір бөлігі өзендермен Балқашқа келіп түседі.
Географтар бұл жерді Балқашқа келіп құятын Іле, Шу, Ақсу, Қаратал,
Лепсі, Тентек , Көксу өзендеріне байланысты Жетісу деп аталған.
1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, ал 1970 жылы ірі
Қапшагай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін бөгеу нәтижесінде Бартоғай
су қоймасы жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің өзендерінен 1965—1986 жылдар
аралығында алынатын судың мөлшері 4,8-ден 5,6 км3жылына артқан. Соңғы он
жылдықта Балқаш көлінің деңгейі екі метрден астам төмендеп, су бетінің
ауданы 4,7 мың км2 кеміген.
Көлдің тұщы бөлігіндегі судың минералдылығы артып келеді (12-ден
1,9 гл, ал Балқаш қаласы маңында 2,2-ден 2,3 гл дейін). Судың
минералдылығы, өндіріс орындары мен коммуналдың шаруашыльщтың шайынды
сулары, суармалы жерлердің қайтымды- дренаж суларының келіп түсуінің
артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың демалу жағдайлары
нашарлап, аурулар саны артып отыр. Бүкіл жағалауда шөлдену процесі
басталуы көлдің жағасындағы қамыстар жойылып бара жатыр.
Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру
кәсіпшілігі қүлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40
мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген. Өзен жағалауларындағы
тоғайлы ормандар жойыла бастады.
Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана
емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді. Экология
заңдарын білу, қала мен өндіріс орындарының тиімді тығыздығын аныңтау
Оңтүстік Қазаңстандағы үш ірі облыстардың келешегін қамтамасыз ететін
экологиялық тепе-тендікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді
Кіші өзендерді қорғау мәселесі. Республикамызда 8643 тұрақты
және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123
мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті
таралмауында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және
Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазың
территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және
Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаңңанда 0,13—0,022
км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге
болады. Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді
Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген.
Бірақ, осы таудың сулы өзеңдерінің өзін суаруға пайдалануға
байланысты халық тұщы судың тапшылығын сезіп отыр. Бүл
республика халқынан суды ысырапсыз пайдалану мен қорғау
қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.
Кіші өзендер кіші дөп аталғанмен, олардың экология тұрғысынан
алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге
байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын
торлап жатыр.
Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің,
Балқаш және Теңіз көлдерінің тұйың ішкі бассейндеріне, тек
Обь—Ертіс, Есіл және Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды
мұхитына барып қүяды.

Судың сандық
мөлшерінің сарқылуы мен ластану мәселелері
Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының
0,1—0,15%-ын пайдаланады. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге
судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Оның үстіне ол сарқылмайтын
ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне қайтып
келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылуы мүмкін емес, бірақ
бұл мәселе аймақгық тұрғыда болуы мүмкін.
35 млн. км3 тұщы судың шамамен 70%-ы мәңгі мұздықтар мен
мәңгі қар түрінде болады. Бүл суды " адам іс жүзінде
пайдаланбайды. Олар өлі су қорын түзеді. Сонымен қатар
топырақтағы су, атмосфералық су мен тірі ағзалардағы су
пайдаланылмайды. Батпақтардың суын пайдалану шектелген. Жердің
терен қабаттарындағы суды игеру қиын. Тұтас алғанда адамзат шамамен
3 млн. км3 суды пайдалана алады. Бұл қоғамның техникалық
мүмкіндіктеріне байланысты. Табиғи су көздерін пайдаланғанда су
ресурстарының қайта қалпына келу жылдамдыгын есепке алу
қажет.
1-кестедегі мәліметтер оның ең максималды шамасы өзен суларына
тән екенін көрсетеді (12—16 тәулік). Көл сулары орташа шамамен 17 жылда,
жерасты сулары тек 1400 жылдан соң қалпына келеді. Жер астының терең
қабаттарындағы су қоры тіпті қалпына келмейді. Сөбебі атмосфера —
жауьш-шашын құрлық — зат жүйесіндегі зат алмасуға қатыспайды. Қазіргі
кезде ең таза болып есептелетін жер асты сулары олардың қорының
көп болуына қарамай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған орта ластаушыларының көздері
Жерасты суларының мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластану жолдарын зерттеу
Ағынды суларды мұнай қалдықтарынан тазарту
Сарқынды сулардың классификациясы
Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Гидросфера туралы негізгі мәліметтер
Жүзгін заттар
Атмосфера, биосфера, гидросфера
Табиғи ресурстар және оларды ұтымды пайдалану
Жер бетіндегі тұщы судың жетістеушілігі
Пәндер