Су, су экологиясы жөнінде білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері



Тақырыбы:
Су, су экологиясы жөнінде білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері
Кіріспе Су, су экологиясы жайлы жалпы мәліметтер.
II Негізгі бөлім:
1. Су, су экологиясы туралы білім берудің негізгі жүйесі
(стандарт бойынша)
2.Педпрактика барысында берілген сабақ жоспарлары оның орындалу
барысы, қолданылған дидактикалық материалдар жэне оқушылар
жұмыстары.
III Қорытынды бөлім
ІҮ. Қолданылган әдебиеттер тізімі

Кіріспе бөлімінде

1. Су, су экологиясы және қазіргі су проблемалары жайлы не білесің?
2.Осы жайлы қандай қосымша ақпараттардан материалдар алдың?
Негізгі бөлім бойынша:
1. Су, су экологиясы жалпы мәліметтерге тоқталу
2.Бастауыш сыныптарда су, су экологиясы туралы қандай білімдер жүйесі
беріледі (стандарт бойынша).
3.Педпрактика барысында осы тақырыпқа сәйкес қандай сабақтар бердің
(2-3 сабақжоспары)
4.Берілген тақырыпқа оралу үшін қандай ой қозғау жасадың?
5.Оқушылар су, су экологиясы жөнінде не біледі екен, нені білгісі келеді
екен? (Оқушылар сүрақтары мен мысалдар келтір)
6.Сабаққа байланысты оқушылар еркін ойлануына қандай мүмкіндік жасадың?
(тақырыпқа сэйкес қойған сүрақтарыңнан мысалдар келтір.)
7.Оқушылардың зейінін сабаққа қалай аудардың?
8.Осы тақырып арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін қалай дамыттым деп
ойлайсың.
9.Оқушылардың сөздік қоры мен сөйлеу қабілеті қалай дамыды.
10.Оқушылар алған білімін өмірінде қолдана ала ма? Қандай дәлелің бар?
11 .Оқушылардың білмегенін қалай жеткізе алдың?
12.Оқушылар қандай жұмыстарды бірігіп жасады (оқушылар жұмыстарынан
мысалдар көрсет)?
13.Оқулықтан басқа қандай ақпарат көздерін пайдаландың?
14. Тақырыпқа байланысты қандай тәрбие жұмысын өткіздің? (тәрбие
жұмысының сценарийі)
15. Өтілген тақырыптарды халықтық педагогикамен қалай байланыстырдың.
16. Берілген (тақырыпты) қалай аяқтадың
17. Оқушыларды қалай бағаладың?
18.Тақырыпты игере алмаған оқушымен қандай жұмыстар жасадың? (жұмыс
жүйесінен мысал келтір). Қандай қорытындыға келдің?

Кіріспе

Дүние жүзінің физикалық географиясы қартасына немесе глобусқа зейін
сала қарасақ біздің планетамыздын басым көпшілігін су алып жатқаны белгілі.
Оны ғылыми тілде гидросфера деп атайды. Гидро - су, сфера - қабық.
Су шамамен жер бетінің 71 %-ін алып жатыр. Ол ауа қабатының
ќұрамында, мұхит, теніз, көл түрінде, бастау, бұлақ, өзен болып - жер үсті
қабатында, биік таулар мен Антарктида материгінде - мєңгі қар, мұз түрінде
кездеседі.
Су өсімдіктер мен жануарлардын бойында, адам ағзасының құрамында
кездеседі.
Су, табиғатта су айналымы заңынын негізінде, таусылмайтын табиғат
қорына жатады. Ол - ерекше қасиеті бар минерал, Сусыз өмір жоқ. Суды
пайдаланбай, ешбір халық шаруашылығындағы, өнеркєсіптегі процесс іске асуы
мүмкін емес.
Жер бетіндегі су қорынын 98%-і т±зды су, оны ауыз су ретінде
тұрмыста, шаруашылықта қолдануға мүлдем болмайды. Сондықтан да, халық
арасында: Суда отырып та шөлдеп өлуге болады, - деген нақыл сөзі тараған.
Осы айтқандарымыздан т±щы судын адам өміріндегі алатын орны көрініп тұр.
Бірақ тұщы су - өмір нәрі қызметін атқара алу үшін, ал міндетті түрде
таза, ластанбаған болуы керек. Ал суды былғап, улайтын негізінен адамның
өзі. Кейбір жағдайда, табиғат қ±былыстарының әсерінен су табиғи жолмен де
ластанып, уланып жатуы мүмкін. Бірақ табиғи жолмен ластанып жатқан су
көздерін табиғаттың өзі-ақ тазалап ала алады. Ал адам баласынын парықсыз іс-
әрекетінің әсерінен уланып, былғанып жатқан су көздерің табиғат адамның
көмегінсіз, өзі тазартып алуға дәрменсіз. Сондықтан да әрбір адам өмір сүру
барысында суды былғап, улаудан аулақ болуы тиіс. Сонда ғана біз жер бетінде
баянды өмір сүріп, денсаулығы жақсы, ақыл-есі бүтін ұрпақты өмірде
қалдыруымыз мүмкін. Су тазалығын сақтауда халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып
келе жатқан, суды қорғау дәстүрлері үлкен көмегін тигізіп алады.
Ғасырлар бойы өмірлерін табиғаттың аясында, тау қойнауларында, орман
алқабында, шексіз далада, өлке қ±шағында көшіп-қонумен өткізген, кейінгі
ғасырларда ғана отырық шылық өмір сүруге кешкен халқымыз табиғат сырын
түсінген. Табиғат қазақ халқының туған үйіндей, баққан малындай, еккен
егіндей, бар болмысындай болып кеткен. Табиғат пен қазақ халқы біте
қайнасып өмір кешкен.
Адам денсаулығында судың, оның сапасының маңызы зор. Сондықтан
үкіметіміз бен Парламентіміз ауыз су мәселесіне соңғы екі жылда ерекше
назар аударып, халықты сумен, оның ішінде сапалы ауыз сумен жабдықтау жайын
жоғарғы деңгейдегі қ±зырлы мәжілістерде бірнеше рет көтерді.
Қазақстандағыдай біздің Ақмола облысында да сумен Жабдықтау, су
шаруашылығын экологиялық таза, хауіпсіз технологиямен жүргізу, ауыз судың
санитарлық жайын жақсарту жайы талапқа сай деуге келе қоймайды. Суға
с±раныс та, оның қазіргі сапасына реніш те азаймай отыр. Суға ±қыпты да
үнемді болу, тиімді пайдалану әлі де жеткіліксіз.
Облыс халқы негізінен Есіл, Сілеті және Шағалалы өзендерінің су
көздерін пайдаланады. Әр жылдары пайдалануға берілген осы аттас су
қоймаларының сыйымдылықтары да әртүрлі. Б±лардан тартылатын су қ±бырлары
мен тазарту жүйелерінің қондырғылары тым ескіріп кеткен. Көкшетау қаласында
тасқынды канализация жүйесі жоқ. Сөйтіп ағынды су биологиялық тазарту
стансасына есепсіз құйылып жатады.
Көкшетау қаласындағы ағынды су Мырзакөлсор су жинағышына жіберіледі.
Оған тәулігіне орта есеппен 24 мың текше метр су барады екен. Биологиялық
тазарту стансасы соның 18 мың текше метрін ғана өткізе алады. Яғни оның
қуаты аз. Оның жанынан салынған бөгетке тиісті жөндеу жүргізілмейді.
Сонымен ағынды су д±рыс тазартылмайды.
Облыста жерасты және жерүсті сулары негізінен тазартылмаған ағынды
сулар есебінек ластануда. Барлығы 7 тазарту қондырғысы ж±мыс істейді. Темір
жол стансаларындағы канализациялық тазарту жүйелері де ж±мыстарын
тоқтатқан.
Қысқасы облыста сапапы ауыз сумен жабдықтау әлі де өткір күйінде
қалуда. Су тарататын және жіберетін жүйелер қайта жөндеуді қажет етеді.
Халықтың 68 пайызы ауыз суды орталықтандырылған жүйеден, 25 пайызы
қ±дықтардан басқа да жеке көздерден, ал қалған 7 пайызы ашық су көздерінен,
тасып әкелушілерден алады. Соңғы 7-8 жыл бойы Сергеев, Сілеті, Ярослав,
Яблоневск, Қима, Державин, Зеренді толтық су қ±бырлары іске қосылмай қалды.
Жыл сайын су қ±бырларын пайдаланушылар азайып келеді. Атбасар,
Астрахан, Жарқайың, Егіндікөл, Қорғалжын және Жақсы аудандарының 22 елді
мекенінің т±рғындары ауыз суды ашық су көздерінен алуда. Ал облыстың 33
ауылына су тасылып беріледі. Ал 54 елді мекен ауыз суға әбден тапшылық
көруде.
Рас, "Сапалы су" бағдарламасы бойынша облыста 2002 жылы біршама іс
атқарылғанын айта кету керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға былтыр 410,1
млн.теңге бөлінді. Бұған қосымша басқа көздерден ауыз сумен жабдықтауға
116,5 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Өткен жылы 8 ауыз су қ±быры қайта қалпына келтірілді. Жыл ішінде
қосымша 14 үңғыма б±рғыланды, 12 қ±дық қазылды. Көкшетау, Степногорск,
Ақкөл қалаларындағы су құбырларына жөндеу жүргізілді.
Былтыр сумен жабдықтаудың санитарлық-техникалық жағдайын жақсартуға,
ауыз су сапасын арттыруға республикалық бюджеттен 340 миллион теңге
бөлініп, игерілді. Ал жалпы 2001-2002 жылдары 804,9 млн. теңге игерілді.
Су көздерін ластауға жол бермеуді басты назарда ±стаудамыз. Ауыз су
сапасыздығынан болатын эпидемиялық ауру түрлері көп. Санитарлық
эпидемиологиялық станса қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер ±йымдастыруды
биыл да ойластырудамыз.
Облыста жерасты су көздері соншалықты көп емес. Олар солтүстік және
шығыс бөлікте кездеседі. Ал 15 су көзінің пайдалану мерзімі өтіп кетті.
Єлемдік ѓылымдар саласында єлдеќашан ќалыптасќан экология термині
алғаш рет 1866 жылы, ұлты неміс австриялык, биолог-ғалым Эрнст Геккель
енгізген Ол биология ғылымында көп салалы зерттеулер жүрсізген. Э.Геккель,
экология деп - тіршіліктің, әрбір түрінің немесе ағзаның оның қоршаған
табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласын айтқан. Ол экология
ғылымын биология ғылымы саласына жатқызып, экология ғылымына байланысты
ғылыми ізденіспен айналысатын ғалымдар мен практиктерді (мамандарды) -
экологтар деп атаған.
Жер шарын жан-жағынан ауа қабаты қоршап т±рады. Ол жермен бірге
айналып отырады. Жердің ауа қабатын ғылыми тілде - атмосфера деп атайтынын
бәріміз білеміз.
Зерттеу жұмыстары атмосфераның жер бетінен 1000 км биіктікке дейін
тарағанын көрсетіп отыр. Бірақ та, ауаның ең тығыз қабаты - жермен
шеқараласып жатқан бөлігі. Оны ғылыми тілде тропосфера дейді. Тропосфера
жер бетінен 18 км биіктікке дейін таралғак Ауадағы негізгі құбылыстар осы
қабатта жүріп жатады. Оның газдық қ±рамы, шамамен алғанда: 78% азот, 21%
оттегі, 1% басқа газдардан т±рады. Тропосфера қабатынан жоғары жатқан
қабаттарды ғылыми тілде: стротосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера деп
атайды. Осы аталған ауа қабаттарының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері
бар. Бірақ жер бетінің тіршілігі үшін ең маңыздысы - тролосфера қабаты,
оның тазалығы...
Халық арасына кең тараған, оның қанына сіңген санасына ұялаған бір
қастерлі ұғымы. Ол - тазалық ұғымы. Таза, тазалық сөздерін естігенде көңіл-
күйлерінде ерекше бір серпіліс, жақсылыққа ±мтылу сезімі болмайтын адам
баласын кездестіріл көрген емеспіз.
Енді біз табиѓат ќорѓау аныќтама беретін болсаќ, ол – адам баласы µз
ќажеті ‰шін табиѓаттыњ єр т‰рлі ќорларын ±ќыптыњ игілігі ‰шін саќтап ќалу
жолдарын ‰йрететін ѓылым. Экология ѓылымы – табиѓат ќорѓау ѓылымыныњ
негізгі, бастау-б±лаѓы. Табиѓат ќорѓау ѓылымы, оныњ ќаѓидаларыныњ зањдарын
табиѓатты µмірлік ќажетімізге пайдалануда міндетті т‰рде орындау –
мєњгілік, баянды µмір с‰ру негізі.
Облыстық аумаќтыќ ќоршаған ортаны ќорғау басќармасы Қазакстан
Шортанды ауданы бойын - Республикасы Президентініњ Жарлықтарын, н±сқаулары
мен тапсырмаларын басшылыќќа ала отырып, Республика Конституциясыныњ, ұзақ
мерзімді 2030 жылға дейінгі даму стратегиясыныњ, "Қоршаған ортаны ќорғау
туралы" заңның, обылыстың стратегиялыќ, экологиялык даму жоспарларының және
бағдарламаларының талаптарына сєйкес өткен жылы табиғат, ќоршаған ортаны
ќорѓау, экологиялыќ хауіпсіздікті саќтауѓа байланысты біраз іс тындырды.
Есеп беріліп отырѓан мерзімде басќарма инспекторлары 2190 тексеріс
ж‰ргізді, 4334 зањ б±з±шылыќ фактілерініњ аныќтап, 3926 талап жазылды.
Табиѓат ќорѓау зањдылыќтарын б±з±шыларѓа 6150885 тењгеніњ 453 айпп±лы
салынды. Осыныњ 5006737 тењгесі µндіріліп алынды. Өндірілген айыпп±л
мөлшері 81 пайызды ќ±райды. Ал жыл бойы жалпы көлемі 940633 теңгенің 14
талабы жазылып, 8 іздеу шағым арќылы 806349 теңге өндіріліп алынды. Жыл
ішінде 12 нысанның талапа сай келмейтін жұмысы тоќтатылды. Инспекторлыќ
тексерістер бойынша 39 материал прокуратура органдарына берілді.
Облыста бүлінген, жарамсыз жерлер көбейе бастады. Ол эрозияға жол
беруде. Биыл "Ауыл жылы" бағдарламасынын шеңберінде бүлінген жерлерді
рекультивациялау, жер құнарын арттыру мәселелерімен барынша шұғылдану кажет
болады.
Атмосфералык ауаны ластаушыларға тексеріс бұрынғы жылғыдан едәуір көп
жүргізілді. Айыппұл да 17 рет артық салынды. 13 айыппұлға іздеу-шағым
жасалып, жалпы көлемі 1009588 теңге өндіріліп алынды. Облыстағы ең ірі
ластаушы көз "КазСабтон", "Казахалтын" акционерлік қоғамдары үнемі назарда
±сталуда. Былтыр әсіресе Степногорскдегі гидрометаллургиялық зауыттың
радиоактивті қалдықтарын залалсыздандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Мұндағы бұзылған заңдылыктар үшін 82300 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қайта-қайта шаралар ќолдану арќылы "Техноконтракт" жєне "Казахалтын"
кєсіпорындары арнайы табиғат пайдалану рұксаттарын алды.
Есепті мерзімде атмосфераны көп ластайтын автокөліктерге де
тексерістер жиі жүргізілді. Таза ауа операциясы арқылы біраз
кемшіліктердің беті ашылды.
Бұрынғы жылмен салыстырғанда экологиялыќ сараптама бойынша
материалдар 1,4 есе, ал экологиялық паспорттар жөнінде 2,2 есе көп түсті.
Б±л облыс аумағында өндіріс нысандарыныњ көбейгенін көрсетеді.
Облыста атмосфералық ауаның, жер үсті суларының, ауыз судың, жердің
зиянды заттармен ластану мөлшерінің, өндірістік жєне тұрмыстыќ
қалдыќтардың, радиоактивтілік жағдайлардың мониторингтік жұмыстардың есебі,
сурау салған тиісті ақпараттыќ анықтамалар беріліп т±рады. Қоршаған ортаны
ластау мөлшеріне 1926 рұќсат берілді. Б±л көрсеткіш алдындағы жылғыдан 1332
рұқсатқа көп.
Алайда табигат пайдаланушылардан тиісті рұқсат алуға қажетті
материалдар уақытында түспей жатады. Рұқсат алмаған табиғат пайдаланушылар
әлі азаймай отыр. М±ндай кемшіліктер Аќкөл, Аршалы, Б±ланды, Жаќсы, Есіл
аудандарында орын алуда.
Былтыр бірсыпыра кєсіпорындар мен ±йымдардан табиғат қорғау
шараларына инвестиция тартудыњ барысынан мєліметтер жиналды, олардағы
өндірістік мониторинг бағдарламаларының жайы мен орындалуына талдаулар
жасалды. 2010 жылға дейінгі ұзақ мерзімді экологиялық бағдарлама
дайындалды.
Дегенмен экологиялыќ мониторинг ±йымдастыру жүйесінде де олќылыќтар
баршылық. Нақтылы жағдайларға байланысты ұсыныстар жинақтау, проблемаларды
көрсету тым сылбыр.
Ауасы жанға шипа, дертке дауа, мөлдір көлді, жасыл жынысты, түкті
таулы, арудай ажарлы, бауыры барқын Көкшетаудың аймағының экологиялық
жағдайы соңғы жиырма жыл бойы сауыға алмай - ақ қойды. Осындағы өткір
проблемалардың бірі - тау ішіндегі және сыртындағы айдын шалқар күміс
көлдердің жылдар өте келе тайыздалып, көл табандарының қорыс батпақпен
ластануы. Тазартылмайтын ағынды су көздері сол көлдермен жол таба
байланысқан. Таза су боп қосылатын бұлақ көздері де бітеліп қалған. Ретті -
ретсіз су алу, босату, пайдалану санитарлық - экологиялық нормаларға жауап
бермейді.
Әрине, құлаққағыс, жанайқай да аз емес. Бірақ нәтиже ойдағыдай болып
жүрген жоқ. Бірде қаражат табылмайды, немесе бөлінген аз-мұз қаржы жұғынға
жұқ болмайды, жыртықты жамай алмайды.
Министрліктің қатысуымен бұған дейін жұмысы тоқтап қалған Көкшетау
өнеркәсіптік су құбырларының құрылысы да аяқталды. Бұл су жүйесінің құрылыс
құны 420 миллион теңге болатын. Соның 270 миллион теңгелік құрылыс - монтаж
жұмыстары тек 2002 жылы орындалды.
Қазақстан үкіметінің 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасында Қопа
көлінің Бурабай көлдері мен табанын тазарту көзделген. Осы мақсат үшін
облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жобалау-іздестіру жұмыстарын
жүргізуге көлемі 81 миллион теңге қаржыға бюджеттік заявка берді. Сондай-ақ
Бурабай кентіндегі суды биологиялық толықтай тазарту стансасы қондырғысының
құрылыстарын жобалау жұмыстарына 8 миллион теңге сұралып отыр. Қазір көл
табандарын тазарту жобаларына 18 миллион теңгедей қаржы бөлінбек деген
болжам бар. Алайда бұл қаржы көлемі Бурабай көлдерінің экологиялық жағдайын
ойдағыдай жақсарта қоймайды.
Тамаша табиғат мүйісін қалыпты ұстауға байланысты шаралар белгілеп
жүзеге асыру ісі сонау 1984 жылдан, яғни үкіметтік арнаулы қаулы
қабылдаудан бастау алады. Онда курортты аймақты дамытудың бас жоспарының
схемасы айқындалып еді. Бірақ іс-шаралар толықтай жүзеге аспай келді.
Осынау кемшіліктің салдарынан жеке - жеке шағын су жинағыштардың ағынды
суға толып, лас, лай су өзге де арналармен көлдерге толассыз; құйылып
жатады.
Осы күнгі қолданылып жүрген нормативтік құжаттар бойынша бұл аймақта,
құрылыс жүргізу рұқсатын тоқтауға құқық жоқ. Ол Бурабай мемлекеттік табиғат
паркінің құрамына енбейді. Бұл да шешімін таппай жүрген мәселе.
Куротты аймақта 2000 жылы Ұлттық парк құрылған. Ұлттық парктің талабы
бойынша құрылыстар көлден 500 метр қашықтықта салынуы тиіс, Бірақ мұндай
талапты тыңдап жатқан кім бар.
Республикамыздың тәуелсіздік алып, егеменді мемлекет атануына
байланысты Щучье-Бурабай курортты аймағында үлкен өзгерістер басталды.
“Оқжетпес”, “Жасыл орман”, “Көкшетау”, “Щучье” шипажайларында және бірқатар
демалыс үйлерінде жаңа корпустар салынды. “Балдәурен” деп аталатын
балалардың республикалық сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. 1935 жылы
ВЦИК пен РСФСР халық Комиссарлар кеңесінің қаулысы бойынша ашылған
"Бурабай" мемлекеттік қорығына жататын курорттық кешенде соңғы жылдары
жүргізілген сәулетті құрылыстар оның архитектуралық келбетін ашып,
көріктендіре түсті. 30-40 жылдары салынған әкімшілік корпустар және
емделушілер мен демалушыларға арналған мекен-жайлардың көбі тозуға айналған
болатын. Сондықтан жаңа экономикалық қарым-қатынастарға негізделген
жағдайда осы шипажайларды реконструкциялау, күрделі жөндеуден өткізу
мәселесі оңайға түскен жоқ.
Бірақ экология тағдырына мемлекетіміздің басшылары әр уақытта уақытта
айырықша көңіл бөліп отырады. Соның арқасында республикалық бюджеттен қаржы
бөлініп, Щучье қаласы мен ауданының тұрғындарына Сергеев құбырынан сапалы
су жіберетін Көкшетау өндірістік су құбырының құрылысы аяқталды. Ақмола
облысы әкімінің әкімі бойынша ерекше қорғалатын осынау курортты аймақты
дамыту жөнінде облыс және аудандық басқармалар мен ведомстволар жүргізетін
жұмысты үйлестіруші топтар құрылды.
Көкшетау өңірендегі орманды алқаптардың осы жердегі судың сапалылығына
оң әсер етенідігін біледі. Топырақ құрамының біркелкілігіне де ол игі
әсерін тигізіп отыр. Жасыл желек жамылған ортада көптеген хайуанаттар еркін
өсіп, құстар әлемі балапандарын өрбітеді. Орманды алқаптардың әртүрлілігі
бұл өңірдің табиғатына, ауа райына әсерін тигізіп, оны реттеп отырады.
Соның арқасында белгілі бір температуралық режим сақталып, жауын-шашынның
болуы да соған бейімделеді.
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны сақтау туралы" заңын бұзып,
1 күл мен шлактарды, тағы да басқа зиянды заттарды белгіленген нормадан тыс
көлемде шығарғаны үшін "Газ Синегорья" Щучье филиалына 17263 теңге айыппұл
салынды.
Мемлекеттік экологиялық экспертиза қорытынды шығармайынша және
табиғатты пайдалануға рұқсат бермейінше, өндірістік учаскелер ашуға
болмайды. Соған қарамастан осынау белгіленген нормативті міндетті актілерді
орындауға мойны жар бермеушілік фактілері орын алуда. "Дашенка" балаларды
сауықтыру орталығы, "Кадет корпусы" мемлекеттік мекемесінің қызметінде
осындай заң бұзушылық байқалуда. "Жасыл орман" шипажайы" ЖШС-ы, "Прис"
өндірістік кооперативі, "Щучье сүт заводы" ЖШС-ы, "Силуэт" ЖАҚ-ы сияқты
кәсіпорындардың басшылары мен лауазымды адамдары өндіріс қалдықтарын,
металл сынықтарын және басқа да тұрмыстық қоқыстарды уақытында шығармағаны
үшін әкімшілік айыппүл төлеуге мәжбүр болды.

Негізгі бөлім

Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде
және адамзаттық тұрмыс-тіршілігінде үлкен рөл атқарады.
Су – зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат
өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты.
Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық
шаруашылығында, медицинада және т.б. толып жатқан салаларда кеңінен
механика және басқа да ғылыми салаларының зерттеу объектісі.
Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы – құрлықтарды сумен
қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту
арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады.
Жер қыртысындағы судын мөлшері өте мол. Құрлықтың негізігі бөлігін
басып жатқан топырақ қабатындағы судын көлемі осы топырақ қабатының 70 %-ін
немесе одан да көп мөлшері құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ құрамының
қалыптасуына, құнарлығына және басқа да қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді.
Судың маңызы әсіресе жер бетіндегі органикалық өмірдің дамуымен
сақталуы үшін өте зор.
Биологоиялық өмірде су зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамасыз
ететін бірден бір негізгі орта болып табылады. Мысалы, су өсімдіктерге
топырақтан қоректік заттар жеткізеді және температурасын реттеп тұрады.
Жапырақтын бетінен буланып шығу арқылы су оларды кеуіп кетуден сақтайды.
Өсімдіктер өздерінің биологиялық тіршілігінде топырақ арқылы бойларына өте
көп мөлшерде су сіңіреді.
Атмосферадағы су жазда жерді құрғап қалудан сақтаса, қыста аса суып
мұздыққа айналып кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың біркелкі климаттың
жағдайына қамтамасыз етеді.
Су халық шаруашылығында кең көлемде пайдаланылатынын әркім жақсы
біледі. Жергілікті тұрғындарды, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету, судың
ағын күшін пайдалану су көлігін дамыту, жер суару және де басқа маңызды
мәселелерді шешу әрқандай өлке аумақтардың су қорларын пайдалануымен тығыз
байланысты.
Су шаруашылық құрылысы әсіресе соғыстан (1941-1945) соң зор қарқынммен
өрістеді. Бұл жылдары ондаған аса ірі СЭС-тер (Нева, Өскемен, Храм, Сахов,
Нижний Новгород, Кама, Волга) іске қосылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде
КСРО-дағы көптеген өзендер мен көлдер өзінің табиғи қалпын өзгертті.
Су қорларын кешенді пайдалануда жер суару мен жайылымдарды суландыру -
өте маңызды мәселе. Қазіргі кезде суаруға дайындалған жердің көлемі 10-12
млн.гектары – егістік, нақты суарылатыны – 9,8 млн.га.
Планетамыздағы су қабығын – гидросфераны, оның қасиеттерін, ондағы өтіп
жатқан процестерді, оның атмосферамен, литосферамен және биосферамен
байланысын зерттеу мен айналысатын ғылым саласы гидрология деп аталады.
“Гидрология” сөзі екі грек сөзінің (гидро – су, логос – ғылым, ілім)
қосылуынан пайда болған, яғни су туралы ғылым дегенді білдіреді.
Гидрология жердің және оның су қабығының физикалық, географиялық
қасиеттерін зерттейтін ғылымдар кешеніне жатады.
Су – зат алмасу мен ағзалар дамуы өтетін негізгі орта. Адамзаттың өмірі
мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Су –
физика, химия, механика және басқа да ғылыми салаларының зерттеу объектісі.
Қазіргі гидрология ғылымы су объектілерін зерттеу барысында мынадай
негізгі әдістерді пайдаланады, олар:
1. Тұрақты бақылау (стационар);
2. Экспедициялық;
3. Тәжірибиелік (эксперементтік);
4. Теориялық;

Тұрақты бақылау әдісі су объектілерінің гидрологиялық режимі
элементтерінің мерзімдік қозғалысын зерттеу үшін қызмет етеді.
Гидрологиялық режимді жүйелі түрде бақылау гидрологиялық бекеттер мен
станцияларда жүргізіледі. Бұл бақылаулар бірыңғай бағдарлама бойынша ғылым
мен техниканы мақсатына сәйкестендірілген.

Эспедициялық әдіс қысқа мерзім ішінде су объектілерінің физика
географиялық сипаттамалар жөнінде маңызды деректер ауылға, далалық
ізденістер негізінде олардың режимдік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік
береді. Экспедициялық зерттеулердің нәтижесінде алынған деректер мамандарға
гидрологиялық ұқсастық әдісін сенімде түрде пайдалануға жағдай туғызады.

Тәжірибиелік (эксперементтік) әдіс жалпы гидрологиялық құбылыстар мен
қатар процестердің жекелеген жақтарын түпкілікті зерттеуге қызмет етеді.
Зертханада немесе далалық жағдайда жасалатын тәжірибе көмегімен өзен
арналарының қалыптасу заңдылықтары, мұз қату және еру, судың топыраққа
сіңуі мен беткейлерден ағып түсуі, су бетінен және жер бетінен булану және
басқа да көптеген құбылыстар зерттеледі.

Зерттеудің теориялық әдісі гидрологиялық мақсаттарды физиканың жалпы
заңдылықтары және математикалық тәсілдердің көмегімен шешуге негізделген.
Теориялық әдістің нәтижелері дәйекті материалдың көмегімен тексеріліп
отырады.

Су объектілері және олардың режимі жөніндегі ең толық мәліметтер
жоғарыда келтірілген төрт әдіс бірге пайдалынған жағдайда алынатын болады.

Химиялық таза су массасы бойынша 11,9 % сутегі және 88,81 % оттегіден
тұрады. Су оттегінің бір атомы мен сутегінің екі атомы қосылуының
нәтижесінде пайда болады.

Су қорларын қорғау табиғат қорғау пәнінің негізгі бір бөлігі болып
табылады. Табиғатты қорғау ерте заманнан бастау алады. Көне заманының
өзінде халықтар табиғат қорының сарқылатынын білгеннен кейі табиғаттан тек
қана ала бермей, онын орнын толтырып, қайтадан қалпына келуіне көмектесу
керектігіне көздері жеткен.

Қазақ халқында халықтық табиғат қорғау дәстүрі ертеден сақталған. “Елім
бай болсын десен, жеріңнің бабын тап” – деген халық мақалын есте ұстаған
ата-бабамыз күзеуге, көктеуге, жайлауға және қыстауға көшіп, қонысын
ауыстырып отырған. Мұның түбірі табиғат қорларын қорғауда, ләжі болса оны
арттыруда жатыр.

Қазақ халқының табиғатқа жанашырлықпен қарағандығын ауыз әдебиет
үлгілерінен, ақын-жазушылардың шығармаларынан кездестіруге болады. Мысалы,
М.Өтемісұлы:

“...Шырылдап ұшқан қасқалдақ,

Көлінде жатып көркеймес,

Ортайса көлдің қоғасы...

... Суда жүзген нән балық,

Шағала құсқа жем болар,

Үзілсе көлдің сағасы” - деп жырлайды.

Халқымыз әсіресе су көздерін қорғауға өте-мөте мән берген.

Стандарт бойынша бастауыш сынып мынандай білімдер беріледі. Екінші
сыныпта су экологиясы жөнінде мынандай тақырыптарды көздейді. Су – 35-36
бет, Судың қасиеті – 37-38 бет, Су – еріткіш. Суда еритін және ерімейтін
заттар – 41 бет, Судың маңызы – 42-43 бет,

Су. Судың қасиеті мынадай мақсат көздейді: Әр түрлі тәжірибиелер
нәтижесінде судың басты қасиеттерімен және оның шаруашылық маңызымен
оқушыларды таныстыру. Су туралы ғылыми түсінік беру. Оқушылардың
байқағыштығын, білімқұмарлығын дамыту. Суды таза сақтауға, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.

Ата-әжелеріміз бірдеңені мақтаса, “Судай мөлдір, сүттей ақ” деуші. Су –
еріткіш. Суда ерийтін және ерімейтін заттар – бұл тақырып мынындай мақсатты
талап етеді: оқушыларға судың еріткіш екенін түсіндіру тәжіриебе арқылы
суда ерийтін де, ерімейтін де заттардың бар екенін түсіндіру.
Судың маңызы – бұл тақырыптың мақсаты: жергілікті жердің су айдындары
мен таныстырып, олардың сол аймаққа пайдасын ұғындыру.
“Сулы жер – нулы жер” дейді. Ну дегеніміз – қалың тоғай. Су бар жерде
тіршілік бар. Бүкіл тірі табиғаттың денесінде су көп орын алады.
Судың адам өміріндегі пайдасы:
а) Су адамның еңбектегі көмекшісі (егін суару, фабрика, заводтарда);
ә) Су – қозғаушы күш (кемелер, қайық, паравоздар);
б) Су – жол қатынасы (кемелер, қайықтар жүзеді, ағаш ағызады);
в) Судың бұзушылық күші жайында (тасқын, тасқынның түрлері, теңіз
дауылы).
Әудуен жаңбыр жаумаса,
Даладан егін болмаса,
Кемелер жүзіп суларда,
Арықтар суға толмаса,
Үйімізде шай қайнап,
Тіршілік суға тоймаса,
Күніміз не болар еді?
Осы тақырыпты, яғни судың маңызы деген тақырыпты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім және оқу процессін экологияландыру
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушылардың экологияны оқуға қызығушылығын арттыру
Табиғат қорғауды оқыту жүйелері
ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Экологиялық білімін қалыптастыру және тәрбие беру теориялық негізі
Физикалық география-қоршаған ортадағы табиғаттың құрамдас бөліктерін зерттейді
География – экология – қоршаған орта
Биология сабағында танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім және тәрбие беру мазмұны
Пәндер