Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы
Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы. Буындар
Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сүйектің
сырты – тығыз ұлпа, ішкі бөлімі – борпылдақ ұлпадан құралады. Сүйектің
сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады. Сүйек қабының
астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы
арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта
қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында
қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар
жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың
бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20–25 жасқа дейін
жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі
бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. Органикалық
заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық заттар мықтылық қасиет
береді.
Сүйектің құрылысы:
1 – сүйек ұлпасының жасушалары; 2 – жілік майы жасушалары; 3 – сүйектің
кемікті бөлігі; 4 – жілік майы; 5, 6 – қантамырлары; 7 – сүйектің тығыз
бөлігі; 8 – сүйек қабы
Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәруыз тектес
органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат) 21,8% минералды
заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді,
иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың
мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындықтан спортқа, циркке, балетке
жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық
заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп
сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сынғыш келеді.
Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер
бекінетін әр түрлі сайшалар (борозда), төмпешіктер, қантамырлары мен
жүйкелер өтетін тесіктер болады. Қанқаны құрайтын сүйектер әр түрлі
байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын,
жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді (46-сурет).
Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар
бір-бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып байланысқан.
Жартылай қозғалмалы – шеміршектер арқылы омыртқалар бір-бірімен
байланысқан.
Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы
жатады.
Буындар. Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын деп сүйектердің
қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Әрбір буынның сырты тығыз дәнекер
ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы (46-сурет) дейді.
Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады. Сұйықтық
үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік
береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын
қапшығы болады.
. Сүйектің байланысы:
1 – жамбас сүйегі; 2 – буын қапшығы; 3 – буын қуысы; 4 – ортан жілік; 5 –
буын сіңірі; 6 – ортан жіліктің ұршық басы; 7 – буын беті; 8 – буын
созылғанда көрсетілетін жәрдем
Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен
қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны
(толчок) әлсіретеді.
Бассүйек және иық, жамбас белдеулері мен қол-аяқ сүйектері
Бассүйек қаңқасы – ми сауыты мен бет бөлімдерінен құралған. Ми сауыты
бөлімі бір-бірімен берік (қозғалмай) байланысқан маңдай, төбе (2), самай
(2), шүйде және т. б. сүйектерден құралған (41-сурет). Жаңа туған
нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері – еңбегі
(родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар. Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу
қозғалысының әсерінен бүлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден
қатаймай бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң
шеміршекті, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты,
мұндай жерлер самайдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz