Сүйінбай — айтыс өнерінің алтын діңгегі



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Сүйінбай Аронұлы
(1815—1898)

Сүйінбай — айтыс өнерінің алтын діңгегі. М. Әуезов

Сүйінбай — XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап, 80-жылдардың соңына
дейін алпыс жылдан астам үзіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса
көрнекті ақын-жырау. Оның өлеңдері мен айтыстарында XIX ғасырдағы қазақ
елінің өмір-тіршілігі, арманмұраты көрініс тапқан. Жасынан қолында билігі
мен байлығы барлардың кедей-кепшікке көрсеткен зорлық-зомбылығын,
әлеуметтік әділетсіздікті көріп-біліп өскен ол қара халықтың жоқшысы болды.
Атқамінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырларымен естен
кетпестей қып беттеріне басты. Ел бірлігін, оның тәуелсіздігін, сол жолдағы
ерлердің жанқиярлығын талмай жырлады. Ол бұл бірлік адамгершілік-этикалық
ұстанымын өзінің жолын қуған талантты шәкірттерінің көкірегіне құйып
отырған. Қаратай, Өтеген, Сұраншы, Саурық, Сыпатай сияқты жоңғар
қалмақтарына соққы берген, Жетісуды Қоқан басқыншыларынан азат еткен даңқты
батырлар жайында Жамбыл бастаған кейінгі ақындар Сүйінбайдан калған үлгімен
жырлаған. Қырғыз эпосы "Манас", көне түркілік "Көрұғлы", түбі шығыстық
"Шахнама", "Тотының тоқсан тарауы" тәрізді ұлы туындыларды жырлап, келесі
ұрпаққа жеткізген.

Жырдың тіккен туындай

Баяғыда Шыбыл шал Жамбылдың қытығына тиіп:
Екейде елу бақсы, сексен ақын,
Жаратып мінеді екен, ерттеп атын.
Қобызы, домбырасы үнін қосып,
Гулейді жын соққаңдай кешке
жакын,—
деп қағытқан ғой. Мұнда әзілге қоса үлкен шындық бар. Сүйінбай сол өнер
киесі қонған Екей деген елден шықкан. Алатау бөктеріндегі Алматыға жақын
Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туып, 1898 жылы 83
жасында дүние салған. Болашақ даңқты ақын жасында жоқшылық тауқыметін көп
тартқан. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған. Ол
туралы өлеңдерінде ақынның өзі де айтады. Ал акын Қожахмет Тұрлыбайұлы бір
өлеңінде:
Сүйінбай он жасында қалды жетім,
Жылаумен секпіл басқан екі бетін.
Жетімді жетілдіріп, жүйрік еткен,
Алланың көрмеймісің құдіретін, —
деп, жетім баланың ақындық өнердің шыңына шыққанына таңданады. Сүйінбайдың
13-14 жасында шығарған "Түс" деген өлеңінде осының жауабындай құбылыс
жайыңда сөз болады. Шүйбек деген байдың қойын бағып жүргенде, болашақ ақын
бір күні түс көріп, ұйқысынан өлеңдетіп оянғанын былайша баяндайды:
Атыңнан айналайын, Қызыр бабам,
Түсімде таңға жуық келді маған.
Білмеймін "өлең" деді,"көген" деді,
Сайрауың құстар келіп төнді маған.
Менің тұр қолды-аяққа тұрғым келмей,
Қойды ғой қойыңа да қырғын келмей!
Аузымнан түйдек-түйдек шыққан сөзді
Не дейін сөз кестесі — өлең демей?!
Сен маған ұлықсат бер, Шүйбек байым,
Әйтеуір, тегін емес Сүйінбайың.
Жын соқты ма, білмеймін таңертеңнен
Көңілім ұйқы-тұйқы құйындайын...
Түс көріп, ақын немесе сазгер, т.б. болып ояну секілді жағдайлар
болашақ өнер иелерінің өмірінде кездесе береді.
Сүйінбайдың рухына табынумен өткен ұлы шәкірті Жамбыл да:
Өлең кірген түсіне,
Жөргегіңде мен болам.
Қинама, әке, қинама,
Болмас енді зорлаған, —
демей ме?! Тұла бойын өлең кернеп тұрған соң осылай деген болатын!
Белгілі бір адамның бойындағы басқаларда жоқ ерекше қасиеттері, соның
ішінде ақындық өнері туралы да, халық: "тұқымында бар", "өлең (ақындық)
қонған" дейді. Мұның мәнісі: тегінде — аталары немесе нағашыларында бар
ақындық түптің-түбінде ұл-қыздарының біріне көшеді немесе адам
жаратылысынан бойына дарыған ерекше қасиет-қабілетпен дүниеге келеді
дегенді білдіреді. Бұл жағынан келгенде жыраудың арғы атасы Күсеп әрі ақын,
әрі қобызшы болса, нағашысы Қабан Жетісудағы ақындық, жыраулық өнердің ірі
өкілі болған. Сүйінбай бозбала кезінде жеті тәулік бойы нағашы атасының
көшінен қалмай, ілесіп жүріп, батасын алыпты.
Сүйінбай өлеңге жасөспірім шағынан үйір болып, 13—15 жасынан ақындық
жолын қуады. Баяғының неше алуан жырдастандарын, аңыз-хиссаларын жиын-
тойларда жатқа айтып, өз жанынан да өлең шығарды.
Сүйінбай дүние салғанда айтылған жоқтауда:
Алғаш ақын болғаның —
Ақынбектің асында,
Жиырма бес жасында, —
делінгеніне қарағанда, Сүйінбайдың ақын аты шығып, ел таныған шағы жиырма
бестер шамасындағы кезі болса керек. Өзінің айтқандары да осы шамаға
келеді.
Ақын боп жиырмада желдей болдым...
Отызда асқар биік белдей болдым, —
десе, қырықтағы кемеліне келіп, толысқан шагын:
Қаптаған жердің жүзін селдей болдым, —
деп сипаттайды.
Сүйінбайдың туындылары оның табан астында тауып айтатын ғажайып
тапқыр, сөздің мөрті келгенде "ешкімнің атағына бас ұрмайтын, басынан құс
асырмайтын" әділ де турашыл, арғы-бергіні сергек санамен саралаған даңғыл,
дана ақын болғанын көрсетеді. Сүйекеңді қырғыз елінің де аузымен құс
тістеген күліктері ақындықтың дарабозы ретінде бағалаған. XIX ғасырдың
екінші жартысындағы Жетісу жерінің Жамбыл бастаған саңлақтары Сүйекеңді
ұстазымыз деп пір тұтқан. Ұстаз бағасын анық барлаған Жамбылдың:
Бата берген Сүйінбай, -
Жырдың тіккен туындай...
Ақындардың ақыны,
Айдын көлдей ақылы, —
деп ардақтауы сондықтан.
Елдігіміздің аса маңызды нысаны — тұңғыш теңгемізде Сүйекең бейнесінің
болтаны халықтың қадірменді ақынына деген зор сүйіспеншілігін танытса
керек.

Өлеңдері

Сүйінбай—ірі ақын. Сондықтан оның қозғаған тақырып, көтерген
мәселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті
шығады.
Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, таипа емес, тұтас елдің
мүддесін алға тартып жырлайды, ел үшін туып, соның жолында оттан да, судан
да тайынбай, өмірін қиған ерлерді мадақтайды. Елдік, ерлік идеясы —
Сүйінбайдың өлеңдері мен жыр-дастандарының, айтыстарының ән бойына
тартылған өзекті идея.
Ақын шығармаларының бір парасы тікелей осы елдік пен ерлік тақырыбына
арналған. Солардың ішінде елдік пен ерліктің гимні іспетті "Бөрілі менің
байрағым" өлеңінің орны белек. Онда бір таипа ер жүрек елдің ғана емес,
бүкіл қазақтың, түпкі тегіміз — көк бөріге сыйынған, оның басын ту етіп,
тұлпар мініп, елін қорғаған сонау ғұн-түркі заманынан қанымызға сіңген рухы
есіп тұр.
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен, —
деп басталатын әр сөзі саф алтындай салмақты: өлең шумағынан дүркірей
жөнелген қалың қолдың дүбірі елдің намысы, бүтіндігі жолында бір ту астына
жиналғандардын бөлінбес бірлігі, бөгеліп, іркіліп көрмеген өршіп өжеттігі
атойлап тұр. Төрт жолдың басындағы сөздердің: "Бөрілі, Бөгеліп, Бөрідей,
Бөлінш "делінетін дыбыстық үндестігі де үлкен ақындык шабыт пен шеберлікті
паш етеді.

Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен.
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен.
Жау тисе жапан далада,
Бөрілі найза атамыз,
Қарасайлап шабамыз,
Қызыл қанға батамыз,
Бөрілі байрақ көтерсе,
Жоқты жонып табамыз.
Бөрі басы — ұраным,
Бөрілі менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым.
Мұндай жігерлі сөздерді ерлікті, бірлікті қастерлеуші ғана емес, өзі
ер, үлкен ақын ғана айта алса керек. Жазатайым бөрілі байрақ құласа,
намыстан талқан боп күйреп қалатын, бөрілі байрақ астында қабақ шытпай
қанға бататын, бөрілі байрақ көтерілсе, жоқты бар қылатын, барды зор
қылатын, бөрілі байрақты көргенде қаны қайнап, қайраты тасып, бойын намыс
кернейтін ерлік, елдік дәстүрі осылай-ақ жырланатын болар. Ақын аталар
даңқының символы — бөрілі байрақ арқылы халықтың намысы мен жігерін қайрап,
қанын қыздырып, бірлікке, ерлікке, елдікке шақырады.
Ақынның "Ту алып жауға шапсаң сен" деген өлеңінің рухы да, атынан да
қөрініп тұрғандай, осы өлеңмен үндес, сарындас. Онда атақты батырлар
Сұраншы мен Саурыққа ақын өзі ат сабылтып келіп, Сарыкемедегі елді
қоқандықтар шауып кеткенде: "Бұл жатыстарың не жатыс:

Қоқанның қолы мықты деп,
Жатырмысың жабығып", —
деп, қос батырдың намысына тие сөйлейді. Әрі қарай ақын:

Батыр елден шығады,
Ұрандап жауға шабатын.
Ақын елден шығады,
Айтыста шалып жығатын... —
деп, батырлық пен ақындықтың елге қызмет ететіні, сонда ғана аттарына сай
болатыны жайында мәнді ой сабақтайды. Қоқанның ханы Құдиярдың қағынып, елге
жасаған зұлымдығын айта келіп, кешегі өткен Қарасай батыр қайтпай жауға
шабушы еді:

Тобын бұзып дұшпанның,
Жауына жеке тиетін...
Ел шетіне жау келсе,
Беліне садақ ілетін.
Еңіреген ерлер қайда екен?! -
деп сұрақ тастайды.
Қазақ қазақ болғалы,
Қазақ атқа қонғалы,
Не көрмеді бұл елім?! —
деп, кемеңгер жырау бүкіл қазақ елі басынан өткерген ауыр қүндерді еске
түсіріп, қинала күрсінеді. Мұның бәрін ол тегін қозғап отырған жоқ,
алдындағы екі батырға ой салу, шамырқандыру мақсатымен айтып отыр. Соңында
өмір-бұйрықтай сөздермен:

Ақтұяқ атқа мінесің,
Бүгін маған ересің, —
дей келіп, Сұраншы, Сауырықтай ерлеріне ел де ереді деп, еліне де,
батырларына да сенім білдіреді. Бұдан ақынның арғы-бергіден жете
хабардарлығы, көңілі жүйрік, көрегендігі көрінеді.
Елдік пен ерлік тақырыбы ақынның "Сұраншы батыр" "Жабай батыр"
толғаулары мен айтыстарында, соның ішінде, қырғыздың атақты ақыны Қатаған,
Арыстанбектермен айтыстарында, басқа да өлең, термелерінде кеңінен
жырланады.
Сүйінбай шығармашылығында арнау өлеңдер қомақты орын алады. Соның
ішінде, өсіресе Сүйінбайдың кесек ақындық болмысы мен темпераментін
танытатын бір шоғыр туындылары — халқынан тілегі бөлек билеушілерге, "атқа-
мінерлер" деп аталатындарға, арнау түрінде шығарған өлеңдері. Және солардың
бәрі дерлік — аттары аталатын төре, болыс, манаптардың сыртынан емес, бетпе-
бет отырып, шаршы топтың алдында айтылған жырлар.
Есте болатын бір жайт, мұндай "атқамінерлердің" отаршылдардың
шеншекпеніне сатылып, ұлықтар алдында "қыздан да қылықты" (Дулат) болып
жағынып, елге келіп, "бергенім жоқ белімді" (Абай) деп күпінетін
екіжүзділігі мен намыссыздығын, т.б.толып жатқан міндерін сынау, шенеу,
жалпы алғанда, бүкіл XIX ғасыр әдебиетіне тән басты сипат. Ал Сүйінбай сол
ғасыр әдебиетінің реалистік, демократиялық, халықтық бағытын тудырған
сыншыл да шыншыл ақындар тобының алдыңғы сапында болды. Оның ащы сын-
сықағын шығыста Барақ, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты төрелердің міндерін бетіне
басқан Дулат Бабатайұлы, батыста өзін жарты патша санаған Баймағамбет
сұлтанды жерге қаратқан Шернияз сықылды от ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйінбай шығармашылығы
Айтыс – сөз барымтасы
Сүйінбай Аронұлы айтыстары
СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ САРЫН
Жүрегі жүз жыл жырлаған Менің пірім — Сүйінбай..
Ұлттық сөз өнерінің дамуы
Сүйінбай Аронұлы (1815-1898)
Жетісу ақындық, жыраулық дәстүрі
Сүйінбайдың айтыскерлігі
Құрмалас сөйлемнің қкалыптасу мен даму жолдары
Пәндер