Талпынам, асыққандай жігіттікке



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920)

Талпынам, асыққандай жігіттікке

Бала өмірінің ұмтылу, талпыну, есеюге құмарлық қасиеттерін суреттей
келіп, Сұлтанмахмұт Адасқан өмір поэмасында осылай деп жазған еді.
Ақынның өмірі де ұмтылыс пен ізденіске толы болды. Әлеуметтік оқиғалардың
шиеленісті дәірінде өмір сүрген ол өз заманының сыры мен қайшылықты
шындығын тануға тырысып бақты. Сол жолда не қилы өмір өткелдерінен өтті.
Жігіттікке асығу қасиеті оның өміріне бала кезден тән болуы да осыны
аңғартады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің, Шағырай
болысында, Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Кокшетау облысының Қызылту
ауданы) туған. Әкесі Шоқпыт атанған (шын аты Әбубәкір) кедей, момын,
ақкөңіл адам болған. Шаруасы күйсіз Шоқпыт қарауыл еліндегі бай жездесін
паналап, соның малын баққан. Сонда үйленген.Сұлтанмахмұт пен Байқоңыр
(Бәшен) деген балалары осында туған.
Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, болашақ ақын жетімдік пен
жоқшылықтың тақсіретін бірдей көріп өседі. Әйелі өлгеннен кейін балаларын
алып, Шоқпыт өзінің туған жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданына
көшеді.
1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянаулдағы Әбдірахман молданың медресесіне
түсіп, онда екі-үш жылдай оқиды. Өз үйінде жатып оқыған баланы молда малай
орнына жұмсайды, оның үсіне қатал ұстап, әр түрлі сылтаулармен ұрып-соғатын
болады. Осындай қаталдыққа шыдамаған Сұлтанмахмұт оқуды тастап кетеді.
Жасынан әр түрлі молда алдын күріп, олардан жарытымды білім ала алмаған
Сұлтанмахмұттың дін мен молда жайлы көзқарасы осы кезден қалыптаса
бастағанға ұқсайды. Ол молдалардың надандығын, ескі діни мектептің балаға
ешнәрсе үйрете алмайтын схоластикасы мен қатал тәртібін алғашқы өлеңдерінің
өзінде-ақ қатты сынғы алады.

Молда көп молда деген атын сатқан,
Бас алмай өтірік соққан шариғаттан,
Өзі хат білмесе де оқуы көп,
Бас айналған, мылжыңнан діңкең қатқан,
дейді ол.
1911 жылы Сұлтанмахмұт бір қыс бойы Нұрғали деген мұғалімнен
оқиды. Ол жаңаша оқыған адам екен, оқушыларын пән негіздерімен таныстырып,
олардың білімге деген ынтасын ұштайды. Нұрғалидың көмегімен Сұлтанмахмұт
қазақ, татар тілдерінде шыққан көркем әдебиет кітаптары мен газет,
журналдарды оқуға дағдыланады. Болашақ ақын одан әрі оқуды армандайды.
Осы мақсатпен Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барады. Онда
Ахун Рахманқұли деген татардың медресесіне түседі. Бірақ Сұлтанмахмұт мұнда
ұзақ оқи алмайды. Тұрарға үй таппай, әрі қаражаты болмай көп қиыншылық
көрген Сқлтанмахмұт ауруға шалдығады. Қатты жүдеп-жадайды.
Сұлтанмахмұттың бұл кезде жазған өлеңдерінен оқу-білімге деген
құмарлық айқын байқалады. Жас ақын өз талабын бүкіл ел қажеті, халық
мүддесі тұрғысынан түсіндіреді. Халықтың қараңғылықтағы күйден шығуы үшін
өнер-білімнің қажет екенін айтар ағартушылық идеяға көтеріледі.
Өзінің бұл тақырыптағы алғашқы өлеңдерін Сұлтанмахмұт қазақ
жастарына арнайды. Оқып жүрген жастарға өлеңінде ол лирикалық кейіпкер
атынан сөйлеп, оның оқуға деген ынтасы мен келешекке сенімін бейнелейді.

Үмітпенен жоқ қуған,
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтып қаламыз.
Тәуеклге бел бусақ,
Көрдегіні аламыз.
Жеткізбей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақан сері өнерінің қоғамда алатын орны атты сахналық көрініс
Тәуелсіздік таңына шүкір дейік
Иса Байзақов өмір өрнектері
Төлен Әбдіковтің «Әке» повесіндегі азалау дәстүрінің көркем шығарма өзегіндегі орны
Ілияс Жансүгіров еңбектері
Концептуалды талдау жұмысы (Софы Сматаев шығармашылығы бойынша)
Бастауыш мектеп оқушыларының табиғат қорғаудағы іс-әрекетін қалыптастыру
Ана тілі пәнін оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздері
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
Физика сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану арқылы коммуникативті құзыреттіліктерді дамыту
Пәндер