Сұлтанмахмұттың махаббат лирикасына Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893-1920)

Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай, көбірек,
көбірек тұрсын, бәріне таныс жетілген жұрттардың қатарына қосу керек;
олармен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол
табу керек, іздесіп ат салысу керек.. Бізге керегі қайткенде соларлын
білімін тез үйреніп, қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын қылу керек.
(Сұлтанмахмұт.)

Өмірі. Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп,
ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров
болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Омбы уезінің Шарғай болысына қарасты
Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы) туған. Оның
әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.
Шоқпыт кедейліктің тақсіретін көп тартып, Қарауыл еліндегі бай жездесін
паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байкоңыр, Сұлтанмахмұт деген
балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп
өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері
Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Сұлтанмахмұттың балалық шағы
Баянауылда өтеді. Алғашқыда әкесінен арабша хат таныған Сұлтанмахмұт Әлі,
Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларынан оқиды. Мұқан молда Сұлтанмахмұттың
ақындық талантын байқап, қолдап қуаттайды. Оның жылы лебізіне ырза болған
жас талант иесі Сұлтанмахмұт өзінің ұстазы Мұқанға арнап:
Мұқаннан екі жылдай сабақ алам,
Ұйықтасам да көңілім оқуға алан.
Лепес қып өзі бастап ақын бол деп,
Дұғасын ықыласпен берді маған, -
деп өлең шығарады.
1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың
медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып-соғуына шыдай
алмай, Сұлтанмахмұт оқуды тастап кетеді. Молданың надандығын, қаталдығын
сықақ етіп өлең шығарады.
Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды.
Нұрғали жаңаша (жадидше) оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған.
Нұрғалидың кемегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби
кітаптарды, газет-журналдарды оқуға дағдыланады.
Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк
қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесіне оқуға
түседі. Бірак тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды.
Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз
шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала
оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады.
Ол бала оқытудан бос уақытында, өз бетімен оқумен шұғылданады,
өлеңдер жазады.
1913 жылы Сұлтанмахмұт Троицк қаласына қайта келіп, Айқап журналы
редакциясында қызмет етеді. Осы кезден бастап шығармашылық жолында
ағартушылық көзқарасы анық танылады. Онын Оқып жүрген жастарға,
Шәкірттерге, Оқудағы мақсат не?, Анау-мынау деген өлеңдері,
негізінен, осы тақырыпқа арналған. Сол кездегі жастардың оқуға деген ынта-
ықыласын, қайрат-жігерін, келешекке зор сенімінің молдығын:
Үмітпенен жоқ қуған,
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтіп қаламыз.
Тәуекелге бел бусақ
Көрлегіні аламыз,
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бәрін шаламыз, -
деп жырлады. Өлеңде оқуға ынталы жастардың іздесек, талаптансақ өмірден
керегімізді алмай қоймаймыз деген оптимизмі беріледі.
Сұлтанмахмұт оқудың мақаты халыққа адал қызмет ету деп түсіндіреді.
Шәкірттерге деген өлеңінде:
Милләттің кел де бірік, ал, жастары,
Қызмет қыл, өткір қылыш, алмастары.
Бәріміз қуат қосып, бірге тартсақ,
Анық қой надандықтың қалмастары, -
деп оқу-ағарту ісіне, халықты өнер-білімге үйретуге белсене араласайық
деген ұран тастайды.
Осы идеяны Оқуда мақсат не? деген өлеңінде тереңдете түсіп, оқудың
мақсаты - молда болу, әкім болып, шен тағу емес, өнер табу, халыққа пайдалы
іс істеу деп түсіндіреді.
Оқу жолындағы үзіліс, Айқаптан қызметтен кету, онан кейінгі
Баянауылға барып, балаларды оқыту үшін елден қаржы жинау мақсатында Шоң
серіктігін ұйымдастыру талабының іске аспауы ақынды өмір үшін өршелене
күресуге итермеледі. Шығамын тірі болсам адам болып деген өлеңінде:
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып.
Жатканым көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып?! -
деп өзіне-өзі ант береді, алдына үлкен азаматтық бағдарлама қояды. Осыдан
бастап ақын өлеңдерінің кейіпкерінде шарқ ұрып талмай іздену байқалады.
Ақынның лирикалык кейіпкері тағдырға мойын ұсынбай, от болып алға ұмтылып,
өжет, өр мінез көрсетеді.
Тағдырға ақын өз менін қарсы қояды. Оның философиясы - адамның өзін-
өзі билеуі, өз еркін өзінің бағындыруы, еркіме жүрер менің қай дүние,
көнбесе өз еркіме өз денем деген ой. Сондықтан ол:
Жақсылық көрсем өзімнен
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды деулерді,
Шығарамын сөзімнен,
Өзім қылдым деулерді
Таса қылман көзімнен, -
деген қорытындыға келеді.
Осы кезден бастап Сұлтанмахмұт шығармаларында заманын сынау айрықша бір
өткір түрге көшеді. Ол өзінің "Жарлау" деген өлеңінде қазақ аулындағы ескі
наным-сенімдерді, келеңсіз мінездерді кектене мінеп, шенейді. Ақын қазақ
халқының даму күйін басқа халықтар өмірімен салыстырып, жастардың көңілін
соған аударады.
Қарасақ басқалардын жастарына,
Өнер-ғылым толып тұр бастарында.
Өзіне от, жел, суды жалшы қылып,
Алланың сайрап етер аспанында, -
деп қазақ жастарына мәдениетті, білімді елдің жастарын үлгі етіп ұсынады.
Солардан неге үйренбейсіңдер деп өкпе-наз айтып, қайрат, жігер береді.
Алға басудың жолы таланта деп түсінген ақын, келешек - өр мінезді
күресшіл жастардікі, өмір үшін күресе біл деп оларға ой тастайды.
Бір балуанға қарап деген өлеңінде бұл ойын:
Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тек,
Тәуекел, күреске түс, бардағы жең.
Дүниеде барлығынды кім біледі
Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен! -
деп тұжырымдайды.
Бұлар кім? деген өлеңінде қазақты бұрынғы ер түріктің азып-тозып
күлкі болған жұрағаты деп қарайды да, қарнынан басқаны ойламайтын, малға
арын сатқан өзі жатып, құдайды жұмсайтын жалқау, біріне-бірі жау
болып күнде шапқан, пәле баққан, саналы азаматын қуғындап отқа жаққан
керітартпа қазақты өлтіре сынайды.
Сұлтанмахмұттың махаббат лирикасына Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын,
Ак сөуле, т.б. өлеңдері жатады. Онда ақын жас адамның ынтықтық сезімін
қыз көркі, қыз намысы жайлы байсалды ойға жендіреді.
Сұлтанмахмұттың заман туралы үлкен толғанысты эпикалық туындысы –
Қамар сұлу романы. Автор роман сюжетін қазақ әйелінің теңсіздік күйін
көрсетуге құрғанмен, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының тіршілік-
тынысын, ұғым-нанымын терең бейнелеп береді. Осыған жалғас "Кім жазықты?"
романында да қазақ қоғамының мән-жайы, белді адамдардың бейнесі, олардың
өмір жолы, теріс тәрбиесі, мінез-құлқы жан-жақты суреттеледі. Жасынан
тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де зорлық-зомбылыққа, қара
күшке негізделгені әйгіленіп, бұған Кім кінәлі? деген сұрақ қояды
да, заман кінәлі, ескі феодалдық заң, отбасының теріс тәрбиесі кінәлі деп
жауап береді.
Сұлтанмахмұт 1917 жылдың қазанында Семейге келген Әлихан
Бөкейхановты қарсы алып, желтоқсанда өткен Алашорда партиясы съезіне
қатысушылардың ішінде болады. Оның Әлиханның Семейге келуі атты Сарыарқа
газетінде мақаласы жарияланады. Онда халықтың Алашорда көсемін
қалай қарсы алғанын көрсету арқылы олар көтерген автономиялы мемлекет
болу идеясын қазақ қауымының жаппай қолдағанын көрсетеді.
Сұлтанмахмұттың өзі Алаш ұраны атты өлеңін жазып, патшаның тақтан
құлауына, елдің дербес автономия алуына тілектестік білдіріп, үн қосады.
Алаш туы астында,
Біз - Алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған,
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы, -
деп Алаш ісіне адалдығын білдіріп, оны қолдауды уағыздап, елді бірлікке,
ел тұтастығы үшін күреске шақырады. Сұлтанмахмұт 1918 жылдың қысында Абай
елінде болып, Таныстыру атты поэмасын жазады. Онда Әлихан Бөкейханов,
Міржақып Дулатов сынды Алаш партиясы қайраткерлерінің қазақ халқының
тәуелсіздігі жолындағы жалынды еңбегін зор бағалап:
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны он көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан
Толассыз жеке дара тұр ғой өзі, -
дей келіп, шен-шекпенге сатылмай, елі жұрты үшін түрмеде азап шегіп, халық
бостандығы үшін басын бәйгеге тіккен көсем екенін айтады.
Сұлтанмахмұт қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ
әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды.
Абайды дейік биік бұлтқа жетті.
Аз ілімі жетуіне жәрдем етті.
Алты алашқа атағы айқындалып,
Сүйікті, тағзым мінді, суретті...
Алса егер Толстойдың тәрбиесін
Абай да көрсетер ед сондай кепті, -
деп суреттейді. Өз замандастарының ойшыл ақындары ішінен Сұлтанмахмұт
Шәкерімге бөлекше баға береді. Оның ойшылдығы жайында,
Ол кісінің пікірімен болсаң таныс...
Надандар, оны өлшейтін өлшеуіш жоқ,
Аулақ жүр, біле алмайсын жай шамалап, -
деген кесек пікірді айтады.
Сұлтанмахмұт ана тілін қастерлеуге баса көңіл бөледі.
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Қулағыма сіңірген таныс үшін.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген,
Ана деген сүйгендік сөз әніменен, -
деген өлең жолдары дәл бүгін де өзектілігі кемімеген ой десе де болғандай.
Сұлтанмахмұт аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше
лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма беріп кеткен, қазақ
поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер,
реалист ақын болып табылады.
Қамар сұлу романы. Қамар сұлу - өзінің тақырыбы мен көтерген
әлеуметтік мәселелері жағынан аса маңызды шығарма. Жазушы өз кезіндегі
қазақ әйелдерінің теңсіздігін тақырып етіп алған. Сұлтанмахмұт қалың мал
мәселесін сөз ете отырып, онымен арпалысқан Қамар сияқты оқыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С.Торайғыровтың шығармалары
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров - алдымен мінез
Аққулар
Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы табиғат көрінісінің сұлу кестеленуі
Сұлтанмахмұт Tорайғыров өмірі туралы
Сұлулық
Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Пәндер