Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігіН арттыру жолдары


Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігіН арттыру жолдары
Е. Ж. Беисов
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алуда. Сондықтан елімізде жылдан-жылға алға өркендеу, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты. Мемлекетімізде екі мәрте 1993 жылы және 1995 жылы Конституция қабылданды [1] . Мемлекетіміздің құқықтық негізі ерік алды. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген заңнамалар қабылданды.
Мемлекеттік саясатты, экономиканы, елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда, құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығаюына мемлекеттік қызметшілердің, лауазымды тұлғалардың атқаратын міндеті өте зор. Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында мемлекеттік қызметшілердің қызметіне ерекше мән беріп, оларды патриоттық, әділетті, өз ісін кәсіби жетік білетіндігінің, мемлекеттік қызметші деген жоғарғы мәртебелі атаққа кір келтірмей, әділетті әрі патриоттық сезімге толы жігерлілікпен қызмет атқаруын одан әрі өрістету мемлекетіміздің стратегиялық міндеті деп атап көрсетті [2] . Елімізде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарында мемлекеттік аппарат қызметінің бір қалыпты, дұрыс, заңды қызметіне кедергі келтіретін құбылыстарға қарсы құқықтық шаралардың түрі саралап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауының алтыншы басымдылық: Осы заманғы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асырудың 6. 3. тармағында Ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпы ұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде іске асыру ұсынылды [3] .
Сондықтан сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында бұл қылмыстарды тергеу үшін, жедел - тергеу топтарын қазіргі заманғы ғылыми-техникалық құралдармен жабдықтау аса қажет. Бұл қылмыспен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында тергеудің жеке әдістемелерін қалыптастыру маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты өзекті мәселесі - жеке азаматтарға және мемлекетке материалдық үлкен шығын алып келуі. Қазіргі республикамыздың нарықтық экономика кезеңінде, сыбайлас жемқорлық қылмысымен қарсы күрес жүргізу мәселесі ең басты құндылық болып есептеледі. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерімен бірге қабыспай келеді. Жалпы бұл термин латынның «corruptio»- «сатып алу» деген сөзінен шыққан. Яғни, лауазымды адамдардың қызметі өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық туралы осы жерде Цицеронның «егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды, ал егерде, басқалармен бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда оларда аса қорқыныш жоқ», деген белгілі сөзін еске алуға болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу айтарлықтай моральдық шығынға ұшырататыны сөзсіз. Тәжірибеде осы қылмыс процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арызқойлық әрекеттері жиі байқалуда. Сыбайлас жемқорлық пен пара алу салықтан бұлтару сияқты көрініс табуда. Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес проблемаларының өзектілігі әдеттегідей әлеуметтік шиеленістіктен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен сабақтасып, реформаларды жүзеге асыру кезеңінде айрықша көрініс табады.
Ел Президенті қылмысқа қарсы күреске байланысты бірқатар жарлық шығарды. Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының қылмыспен күресті күшейту мен құқық қорғауды нығайту мәселелері жөніндегі мәжілісінде, парақорлықпен күрестің түбегейлі шараларын назарға ала отырып: «Парақорлық әлеуметтік қауіпті көлем алып барады, - деп атап көрсетіп, - параны көп нәрсе үшін- жер бөліп бергені үшін, әскерден қалдырғаны үшін, табысын салықтан жасыру үшін, жекешелендіруге жәрдемдескені үшін, ең соңында бастықтың алдынан тамыр- таныстықпен өткізгені үшін алады».
Алғаш рет республика заңдарында сыбайлас жемқорлыққа және соған байланысты құқық бұзушылыққа заңгерлік түсінік беріліп, сыбайласқан құқық бұзушылықтың субьектілері анықталып отыр. Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындау өкілеттігі бар және соларға теңестірілген адамдардың құқығы мен бостандықтарын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі жолдары берілген.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен сыбайласқан құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке арнайы бөлім арнаған. Ал заңның негізгі мақсатына тоқталсақ, 1-бабында, осы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Осы Заң сол сияқты демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенім нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған.
Қазіргі көптеген әлеуметтік - экономикалық және саяси - құқықтық проблемалар қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасының маңыздылығын көтеріп отырған бірнеше себептері бар атап айтсақ:
- біріншіден, қолдағы билікті бос пайда үшін пайдалану, ондай қылмастың әшкереленуі билік беделін түсіреді, тіптен демократияға нұқсан келтіруі мүмкін.
- екіншіден, сыбайлас жемқорлық өзінің ресурстардың бөлінуіне тигізетін теріс әсерінің нәтижесінде жалпы экономиканың дамып, нығаюына кедергі жасайды.
- үшіншіден, сыбайлас жемқорлық, басқа да келеңсіз әлеуметтік құбылыстар сияқты, өзіне өзі жағдай тудыра отырып келешек әлеуметтік - экономикалық және саяси тәртіпті шайқалдатады, ол неғұрлым тамырын жайған сайын онымен күресу қиындай береді.
- төртіншіден, елде етек алған сыбайлас жемқорлық шеттен келетін жәрдемнің, инвестицияларды жолына тосқауыл болады.
Сыбайлас жемқорлықты елде орын алып отырған жалпы саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың салдары деуге болады. Ол, әдетте, қоғамның жаңару кезеңінде бой көтереді. Ал ондай кезеңді бастан кешіріп отырғанымыз рас болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің батыл шараларын қабылдамасақ оның криминалдық, экономикалық және әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайының жақсаруы» деп аталатын Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күрестін басты мақсаттары қатарына қойған, оны құқықтық мемлекет орнатудың шарты деп санаған.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында сыбайлас жемқорлықпен әлеуметтік - экономикалық даму, нарықтық экономикаға көшу, инвестицияларды тарту процестерін тежейді, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс ықпалын тигізеді, мемлекеттің келешек дамуына елеулі қауіп төндіреді деп атап көрсетілген.
Бұл сыбайлас жемқорлық ұғымымен, оның көрініс табуы түрлерімен және формаларымен байланысты мәселелерді зерттейді, сыбайлас жемқорлық жайындағы отандық және шетелдік заңнамаларға, билік органдарындағы жемқорлықтың себептері мен жағдайларына талдама жасайды, бұл қылмысты шектеудің нақты шараларын ұсынады. Сонымен қатар, мемлекеттік билікке, мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыстарды саралау мәселелерін зертейді.
Барған сайын өріс алып бара жатқан сыбайлас жемқорлық қазіргі кезде тек заңгерлердің ғана емес, философия, саясаттану, әлеуметтану, экономика, психология және басқа салалардың мамандарының да назарын аударып отыр. Бұл қылмыста өзінше ерекшелік бар. Ол ұйымдасқан қылмыстың бас пайданы көздейтін, экономикалық және кәсіби қылмыстардың жиынтығын береді. Екінші жағынан онда қылмыстық жауапкершілік көзделген нақты қылмыстың сипаты бар. Кеңестік заңнамада сыбайлас жемқорлық ұғымы болмағанымен лауазымдық қылмыстар қарастырылған болатын, ал олардың көбісі қазір жемқорлық қылмыс деп саналады.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі көптеген ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz