Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің ымыралығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің ымыралығы

Б. А. Сериев

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп қарастырылған. Конституция және оған негізделген заңдармен қорғалатын адам мен азаматтардың құқықтары, заңды мүдделері мен бостандықтарының ішінде әлеуметтік-эконмикалық құқықтары бар екендігі сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда құқықтық мемлекеттің алғашқы белгісі болып адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттік және өзге де мүдделердің алдындағы басымдылығы танылатындығын ескергеніміз жөн.

Сондықтан еліміз өркениетті қоғамға тән белгі ретінде бірінші кезекте адам мен азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп таныды. Оның мәні - мемлекеттік саясат адам мен азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ендігі жерде мемлекет мүддесінен жоғары қоюды және әрбір жеке адамның лайықты өмірі мен еркін жетілуін қамтамасыз етуді мақсат етеді. Бұл бағыттағы конституциялық нормаларға сәйкес жалпы адам мақсатын тану философиялық негізделген адамның табиғи құқықтары жатқызылған деп тұжырымдауға болады.

Еліміз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет ретінде орнығып, оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқық актілері қайта қаралып, жаңалап құру қажеттілігі туындады. Осы жолда қыруар ғылыми еңбектер жазылуда. Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылданып, іске асуда. Заңдарды тиянақты және қолайлы жасауға заңгер-ғалымдар мен заңгер-практиктер қатысып, бұл заң актілері халықаралық ұйымдар мен шетел мамандарының белсенді сараптауларынан өткен болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы - Ата заңы бұған дәлел.

Қазақстан Республикасында атқарылып жатқан нарықтық реформа бағдарламасы экономиканы одан әрі жетілдіру міндеті тұрғаны бәрімізге белгілі, осы мақсатта нарықтық экономикаға көшу барысында еліміздің мемлекеттік органдары қызметкерлері арасында сыбайластық орын алып, жемқорлар кеңінен етек жая бастады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тізімі мен тұлғаларын белгілеу мақсатында Қазақ елі, ТДМ елдерінің арасында алғашқы болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын қабылдады.

Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп қадап айтты.

«Жасырғанды - жазалап, ашықтықты бағалауымыз» керек. Оны не үшін айтып отырмыз егер жемқорлық қылмыстары жөнінде біле тұра жасырған адамдарды - жазалауымыз қажет, ал сыбайлас жемқорлық жөнінде ашық (жариялы) сипатта айтқандарды бағалауымыз керек. Егер сыбайлас жемқорлық жөніндегі фактіні айтып келген тұлғаларды көтермелеу және оған сыйақы беру жолдарын қарастыруымыз керек. Оларға ашық ауыз ретінде қарамауымыз қажет. Балалардың психологиясын бала бақшадан және мектептен дұрыстап тәрбиелеуіміз қажет, оларға ертең үлкен азамат болғанда жұмысқа тұрасын, жұмысқа тұру үшін пара алу ғана емес, пара берудің өзі қылмыс деген сияқты сөз тіркестерін пайдаланып, оның мыйына қойғанымыз жөн.

6 желтоқсан 2008 жылы Астанада Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі форум өткіендігін барлығыңыз білесіз. Елбасымыз, «Нұр-Отан» ХДП төрағасы Н. Ә. Назарбаев «Қоғамдық сауалнамалардың нәтижесіне қарағанда, еліміздің мыңдаған тұрғындары өздерінің мәселелерін пара арқылы шешілетіндігін айтқан. Соның ішінде әсіресе, құқық қорғау, әкімдік, әділет денсаулық сақтау жүйелерін ерекше көрсетеді» деп атап өтті.

Деген мен біз «сыбайлас жемқорлық», «парақорлық» және «заңсыз сыйақы алушылық» терминдерін ажыратуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлық ол мемлекеттік органдар қызметкерлерінің екі немесе одан да көп лауазымды тұлғаларының арасында пайда болады. Парақорлық субъектісі міндетті түрде лауазымды тұлға және ол жеке өзі жасайды. Ал, заңсыз сыйақы алушылық - мемлекеттік бюджетпен қаржыландыратын мекеме қызметкеріне қолданылады және ол лауазымды тұлға болып табылмауы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықты тек мемлекеттік органдардан ғана іздемеуіміз керек, сондай-ақ жеке секторлардан да қарастыруымыз қажет. Мәселен жеке бала бақша, жеке мектеп, жеке фирма, жеке күзет агенттігі және с. с. жұмыс орындарына кіру үшін де таныс немесе білгілі бір мөлшерде сыйақы талап ететін жағдайларда бар екендігі сөзсіз.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының 2 шілдедегі 1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының «сыбайлас жемқорлық» қатысты нақты анықтама жоқ. Мәселен, заңның бірінші бабы, сыбайлас жемқорлық ұғымдарын түсіндіруден емес, осы Заңның мақсатын көрсетуден басталады. Ал, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының мақсаты болып азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою, және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілеу» деп көрсеткенімен.

Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазалау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының нормасында көрініс таппаған. Сыбайлас жемқорлық қылмысын әшкерлегенде құқық қорғау органдары ҚРҚК-нің 177-бабы алаяқтық, 224-бабы заңсыз сыйақы алу, 307-бабы өз өкілеттігін асыра пайдалану, 311-бабы пара алу, 312-бабы пара беру, 313-бабы пара беруге делдал болу сияқта баптарға сілтеме жасап, саралайды. Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық және парақорлықпен қай қоғамда, қай мемлекетте күресіп келеді. Еліміздің президенті өзінің кезекті жолдауында басты мәселенің негізгісі сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуді міндеттеді. Осы міндетті орындау аясында «Нұр-Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрылуы соның белгісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары жайлы
Сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Сот билігі органдарының бақылау өкілеттіктері
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептердің негіздері
Парақорлықтың обьектісі мен заты
Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күресу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz