Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің құқықтық реттелуі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 328.185
Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің құқықтық реттелуі.

Сахов Б.М., “Сырдария” університеті, Жетісай қ.

Сыбайлас жемқорлық ежелден қоғамдық өмірдің ажырамас атрибуты
болып келе жатқаны барлығымызға мәлім. Ол- қандай мемлекет болмасын,оның
саяси сипатын төмендетіп, қоғамның халық алдындағы беделін түсіретін
қауіпті құбылыс.Тек өзін барынша әділ, демократиялық мемлекет деп
санаған кешегі кеңес өкіметі коррупцияны капиталистік елдерге ғана
тән деді де, ресми әдебиеттерде солай жазылып,насихат құралдарында
солай жазылып, насихат құралдарында солай уағыздалды. Ол туралы шындық
жазылмады, халықтан жасырын ұсталды.
Еліміз егемен болып, нарықтық экономика жолына түстік. Қайта құру
кезінен басталған көптеген қиыншылықтар артта қалды. Қоғамдағы құбылыстың
қайсысының болмасын күнгейі және көлеңкелі жағы болатынындай нарық
қоғамымызға жаңарулармен та етене ендірді.
Міне бұл жайлар елімізде бұрын да болған,алайда нарықтық
экономикамен күшейе түскен қылмысқа қарсы күресті күн тәртібіне қойды.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заң қабылданды. Оған өмір
ұсынған бірнеше өзгерістер де енгізілді. Арнайы мемлекеттік құрылымдар
ұйымдастырылды.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
барысын тұрақты назарда ұстап отыр. Осыдан бір жыл бұрын “Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі
шаралар туралы” Жарлық жарияланды.Биылғы наурыз айындағы “Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы” атты Жолдауда бұл мәселеге тағы да ерекше көңіл
бөлінді.Алайда сыбайлас жемқорлықпен күрес Елбасы ойлағандай тиісті
нәтиже бермей отыр. Қылмыс азаюдың орнына көбеюде. Мұны тиісті
органдардың белгілі бір жұмысының нәтижесі деуге де болады. Дегенмен
қылмыстың елеулі өсіп отырғанын байқау қиын емес. Қылмыс жасағандар
құрамында нағыз заңдылық үшін күресетін,заңның орындалуын
қадағалайтын сот, ішкі істер, әділет органдары қызметкерлерінің
,аудандық және ауылдық әкімдердің болғаны өкінішті – ақ.
Сыбайлас жемқорлықтың көрініс түрлері жайлы көптеген пікірлер бар.
Бірақ олардың құқықтық дәлдігімен толық түсінігі жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа
анықтама бере отырыпғ біз, бұл құбылыстың тек парақорлықпен ғана
шектелмейтінін аттап өтіп, оның белгілі іс - әреет түрлерінің жиынтығы
екенін айттық. Бірақ, осы жиынтықты құрайтын нақты іс- әрекет турасында
әдебиеттегі пікірлер әр түрлі.
В.С.Комиссаров сыбайлас жемқорлықтың нақты қылмыстық – құқықтық
көрініс нысандары ретінде қызмет өкілеттігін теріс пайдалану мен пара алуды
айтады. Оның пікірі бойынша кез келген лауазымдық қылмыс сыбайлас жемқорлық
болып табылмайды, бірақ кез келген сыбайлас жемқорлық қылмыс лауазымдық
қылмысқа жатады (1.28б).
Г.Н.Борзенков қылмыстың: талан – тараж, парақорлық және қызмет
өкілеттігін пайдакүнемдік мақсатта теріс пайдалану сияқты үш тобын сыбайлас
жемқорлыққа жататын қылмыс деп көрсетеді (2.30б).
П.Н.Панченко сыбайлас жемқорлықтың: қызмет өкілеттілігін теріс
пайдаланып құқық бұзу, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып талан – таржға
салу, қызмет бабын пайдаланып пара алу сияқты нысандарын анықтады (3.13б).
Сыбайлас жемқорлық көрініс нысандары жайлы біріңғай келісілген
пікірдің болмауы бұл терминді өз бетінше және қарама – қарсы мағынада
мемлекеттік билік және басқару органдарының нормативтік – құқықтық
актілеріне қолдануға әкеліп соқты.
Сыбайлас жемқорлық көрініс нысандық анықтамасы көптеген нақты қылмыс
құрамының түрлері көрсетілген халықаралық құжаттарда аталып кеткен (4).
Біздің пікіріміз бойынша, сыбайлас жемқорлық көрінісінің қылмыстық –
құқықтық нысандарын тек қана парақорлыққа әкеліп тіреу дұрыс емес. Бұл
коррупция сияқты күрделі де әр қилы құбылысқа жеңіл – желпі қарау болып
есептеледі. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық бұзу субъектісінің ауқымы
парақорлық субъектісі ауқымынан кең екенін де есте сақтау қажет.
Осылайша, біз сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық – құқықтық көрініс
нысандарына:
А) мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін - өзі
басқару органдары қызмет және жергілікті өзін - өзі басқару органдары
қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыс;
Б)лауазым иелерінің басқа да кез келген қылмыстары, сонымен қатар лауазым
иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметерлердің;
В)қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып
жасаған қылмыстарды жатқызамыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қылмыстық заңдылықты дамытудың
маңызы ерекше. Бұрын айтқанымыздай, сыбайлас жемқорлықпен күресте қылмыстық
жаза маңызды рөл атқарады.
Бұл шаралар панацея емес – олар белгілі бір жағдайда ең бір тиімді
мүмкіндік беретін күрестің қажетті бір бөлігінің бөлінбейтін факторы.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі сыбайлас жемқорлықпен
күреске қарсы қазіргі заман талаптарына толығырақ жауап береді,
бірақ сонда да болса қылмыстық кодексте бұл тұрғыдан алғанда кейбір
кемшіліктер бар. Сыбайлас жемқорлық көрінісі құбылмалы,міндетті түрде
және тез жаңа түрде өзгеріп тұрады. Жеткілікті қылмыстық құқықтық
нормасын онымен күресу мүмкін емес .Сондықтан да үнемі қылмыстық
заңдылықты жетілдірудің белгілі қажеттілігі туындайды.
Бірақ бұл процесс мақсат болып табылмайды,оның нақты теориялық
базаға негізделуі,ішкі және халықаралық тәжірибелердің тарихи
дәстүрлер ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Сондықтан да іс жүргізудегі
пайда болған қажеттіліктерді объектівті жағдайларда абайлап және
орынды түрде өзгерту керек.
Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып осы тұрғыдағы заңдылықты
жетілдірудің негізгі ұсыныстары мынадай:
Мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған
теңестірілген адамның және лауазым адамның өз қызмет бабы бойынша
берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған кез келген қылмысы
оны жасауды жеңілдетеді және оның қоғамдық қауіптілігін арттыратынын
есепке ала отырып “лауазым иесінің, сонымен қатар лауазым иесі болып
табылмайтын мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ОРЫН АЛУЫ МЕН ҚҰҚЫТЫҚ РЕТТЕЛУІ
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың саяси тетігін әзірлеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері туралы қазақша реферат
Сыбайлас жемқорлық жою жолдары
Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығының мәселелері
Әкімшілік құқықтың әдісі
Бизнес түрлерін жіктеу
Саяси сыбайлас жемқорлық
Пәндер