СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ -ҚОҒАМДЫ ІРІТЕТІН ДЕРТ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

УДК 343

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ -ҚОҒАМДЫ ІРІТЕТІН ДЕРТ

Е. С. Белгібеков

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Қазақстан Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде ел Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Біз әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық шектен тыс тексерулерді қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыратын боламыз», деп атап өткен болатын. Президент жақындағы құқық қорғау органдарын реформалау мәселелерінде де осы аталған жағдайға тағы да тоқталып өтті.

Ел басының бұл сөзі құқық қорғау органдарына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Себебі жоғарыда аталған кедергілердің барлығы дерлік сыбайлас жемқорлықтың негізгі көріністері болып табылады. Оның сыртында ұлттық қауіпсіздігімізге, мемлекетімізге, Конституциялық құрылымымызға қауіп төндірумен қатар, экономикалық реформалардың тежегіші, саяси беделінің төмендеуі, билік пен басқару органдарына басқа да мемлекеттік құрылымдарға сенімнің азаюы секілді зардаптарға алып келетіндігі дәлелденген деректер. Олай болса, сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлеке тұрақтылығын сақтаудағы алғы шарттардың бірі. Егемендігін иеленіп, тәуелсіздіктің туын жаңа көтерген мемлекет үшін бұл айтулы қатер екендігі түсінікті. Еліміздің құқық қоғау органдары қылмыстың осы түрін ауыздықтау жолында белсенділікпен күрес жүргізуде. Соның бірі - ұлттық қауіпсіздік органдары.

Сыбайлас жемқорлықтың өзегі болып табылатын пара алу, пара беру, жалпы парақорлық мәселесі біз өмір сүріп отырған қоғамның құрамдас бөлігіне айналғандығына көз жеткізесіз. әсіресе, оның мемлекеттік билік сот, құқық қорғау, банк - қаржы, бизнес, тіпті әлеуметтік салаларға еніп кеткендігін айтып өту керек. Көпшілігі пара арқылы заңды бұрмалап, өздеріне тиімді шешім қабылдауға тырысады.

Мемлекеттік қызмет саласындағы жемқорлық дерті түрлі саланы қамтиды. Соның бірі «алтын көрсе періште жолдан таядының» кері. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекетке берген сертінен тайып, ар мен намыс, шындық пен әділдік бар екендігін ұмытып, қолындағы қызметін теріс пайдаланып жіберетіндер, өкінішке орай баршылық.

Кейбір лауазымдық тұлғаның өз қызметін теріс пайдаланып, қылмыстық топ құруы - сыбайластықтың кеңінен тараған түлі. Лауазым - қылмыстық топта басқаруға, оны алдын ала мемлекет тарапынан болатын әр түрлі іс- шаралардан қорғаштап отыруға таптырмайтын орын тақ. Мемлеке сеніп тапсырған лауазымын теріс пайдаланып, сыбайласқан қылмыстық топ құрып, есірткі бизнесін «өркендетіп», героин тасмалдау арнасын ұйымдастырды. Героин дегеніміз есірткінің ең құнды «ауыр» түрі болып табылатындығын, оның айналымы мыңдаған, жүздеген мың долларды құрайтындығын айтсақ, мемлекет пен қоғаммымызға қаншама қатерлі екендігін ойлаудың өзі қорқынышты. КСРО кезіндегі адалдық пен әділеттілікті уағыздаған идеологияны қайта жандандырып, соған мемлекеттік сипат берерміз. Ол кезде ар- намыс, адалдық, үлкенге құрметпен, кішіге ізет бірінші орында тұрушы еді ғой. Ал қазіргі тәрбие сол- баланы бесіктен белі шықпай жатып кез келген тәсілмен ақша табуға машықтай бастайды. Қоғамдық сана, қоғамдық идеология солай демеске амал жоқ.

Кейбір материалдармен танысу барысында сыбайлас жемқорлық жолындағы жандардың құныққан ұстіне құныға түсетіндігіне, қашан құрыққа ілінбейінше, заңды тосқауылға тірелмейінше тоқтамайтындығына көз жеткізесіз. Келесі деректер еліміздің басты байлығы- жер саласындағы заңдылықтардың бұзылуына қатысты. Қоғамымыздағы өткір мәселелердің бірі- жер телімен бөлу, заңдастыру мен құжаттандыру екендігі анық. Ата- бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған жерді кейбір лайазым иелері өздерінің жекеменшік мұрасындай көретін жайыттар кездесуде. Ал бұл мәселені де ақшаның күшімен сатып алғысы келетін азаматтар баршылық. Сыбайлас жемқорлықпен дүние жүзіндегі елдердің көпшілігі күрес жүргізуде. Әрине сыбайлас жемқорлықты абсолютті мінсіз түрде түбегейлі шешім тастадық деген ешқасысы жоқ. Дегенімен оның деңгейін жоқ дегенде мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтіндей дәрежеге төмендету барлығының міндеті болып табылады.

ХХ ғасырдың аяғы сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемаға ерекше мән берумен бірге, осы тұрғыдағы күрес жүргізуге арналған сан қырлы ғылыми ізденістердің өсуімен де ерекшеленеді. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық ұғымы азаматтық қоғамда үйреншікті құбылысқа айналса, ол, екінші жағынан, кез келген елдің қауіпсіздігіне, экономикасының дамуына кері әсер ететін факторға айналуда. Мәселен статистикалық мәліметтерге көз салсақ, республикада сыбайлас жемқорлықтың салдарынан көленкелі бизнес дамып жылына мемлекеттік қазынаға түсетін 540 миллион доллар кіріске кірмейді, яғни ішкі табыс көзінің 27% желге ұшқандай болады екен.

Халықаралық кейбір деректерге жүгінсек Қазақстан әлемдегі мемлекеттер ішінен сыбайлас жемқорлық бойынша 2000 жылы 65 орында, 2001жылы 71 орында, 2003 жылы 100 орында болды. Бұл көрсеткіш сыбайластықты ауыздықтауда кейбір оң нәтижелерге жеткенімізді, алайда мемлекет тарапынан күрделі шаралар жасалып жатқанына қарамастан, бұл дертті емдеудің қиынға соғып отырғанын көрсетеді.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін қауіптілігі Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін- ақ біліне бастады. Өйткені, мемлекеттік аппарат шенеуніктерінің сыбайластыққа салынуы бірден көрініс тапты. Осыған байланысты елімізде бұл құбылысқа қарсы бағытталған заңдылық және ұйымдастырушылық шаралар қолға алына бастады. Мемлекет пен қоғам мүддесіне тікелей қатысты ең қауіпті әлеуметтік құбылыстың бірі - сыбайлас жемқорлық. Онымен күрес мәселесі әр түрлі деңгейде талқыланатын тақырыпқа айналды. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын бұзуға әкеліп соғады. Көптеген жылдар бойы жүргізілген әлеуметтік зерттеу азаматтардың басым бөлігін ойландыратын көкейкесті мәселелер арасында бірінші орынға сыбайлас жемқорлық жайы шығатындығын дәлелдеп отыр. Осы құбылыстың мемлекеттік билік құрылымдары арасында да сез тарау ерекшелігі бар.

Сыбайлас жемқорлықтың өріс алуы мемлекеттік аппараттың жұмысына нұқсан келтіріп, оның беделін түсіреді. Қоғамдық санада өкімет органдары қызметін тиімсіз етіп, олардың құзіретін әлсізғып көрсетеді. Халықтың өкіметтен алшақтауы орын алады. Осының бәрі мемлекет пен қоғамның саяси қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық қазіргі кезде аса кең көлемде етек алып барады. Өз өкілеттігін сатумен бірге оны сатып алушы адамдардың көбие түсуі билік тармақтарының барлығының да сыбайлас жемқорлық кеселіне душуа болғанын көрсетеді. Мұны соңғы жылдарда жүргізілген криминологиялық зерттеулер айқын көрсетіп отыр.

Оны жүзеге асырушы субьектілерді жоғары қоғамдық жәрежесі, олардың іс- әрекет қимылдарының интелектуалдық ерекшелігі, бұл топтағы адамдарға билік басындағылардың кешіріммен қарауы сыбайластық іс әрекетек «келісімділік» сипатын осы тұрғыдағы қылмыстардың өзіндік ерекшелігін бейнелейді. Сыбайлас жемқорлықтың кең таралуы және оның алуан түрлілігі, қоғамда әр түрлі деңгейдегі көрініс берудегі сыбайлас жемқорлық құбылыстары күрестің әр түрлі құқықтық құралдарының жүйесінің қалдану қажеттілігін талап етеді. Осыған орай қылмыстық- құқықтық сипаттағы шаралар оның өте қауіпті көріністері бойынша ғана қолданылады. Осылайша, біз сыбайлас жемқорлықтың қықмыстық- құқықтық көрініс нысандарына:

  1. Мемлекттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыс;
  2. Лауазым иелерінің басқа да кез келген қылмыстары, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің;
  3. Қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз.

Заң шығарушы әділ түрде көптеген қылмыстарды қызмет бабын пайдалану арқылы жасалынатынын көрсетеді. Осы жағдай бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігін арттырады, себебі мұндай қылмыстар субьектісінің қызмет өкілеттілігін пайдалану арқылы жасалады және сондықтан да бұл қылмысты жасау жеңіл болады. Сыбайлас жемкорлыктың жүгенсіз кетіп бара жатқанын айғактайтын көптеген мысалдар соңғы кезде жүртшьшыкты елен еткізді. Мемлекеттік бюджет каражатьша сальшған ипотекалык түрғын үйлерді бөлуде жіберіліп жаткан кемшіліктер анықтала бастағаны баршаға мәлім. Тексеру барысында прокуратура органдары жүздеген, мыңдаған пәтерді зан талаптарын арескел бүзу аркылы шенеуніктер мен олардың туған-туыстарына, басқа да қалтасы қалындарға үлестірілгенін анықтады. Проблема КР Қауіпсіздік кеңесінік мәжілісінде талқыланып, Елбасының қатаң сынына ұшырады. Бүл шараларға қоғамдык бақылау орнатуды облыс орталықтарындағы тұрғын үйлерді бөлумен айналысатын комиссиялардың барлығының құрамы жаңартылды. Бірақ бүл әлі де бұрын жіберілген кемшіліктер енді қайталанбайды деген сөз емес.

Ондаған пөтерді заңсыз бөлген шенеунік кызметінен босағанымен, баска бір лауазымға ауысып отырып жатқаны туралы деректер бар. Олардың жұмысына кұқықтық тұрғыдан баға беріліп, қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қозғалған жағдайлар өте сирек кездеседі, тіпті жоқ десе де болатындай. Кемшшіктердің жол берілуіне кейбір заң актілері мен нормативтік қүжаттардағы солқылықтар да себеп болып отырған болуы мүмкін. Бұл мәселе толық есептен өткізілген жок.

Сыбайлас жемкррлыкпен күрес тек қана арзан бағамен берілетін ипотекалық тұрғын үйлерді бөлумен шектелмейді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемкорлык, құқық корғау органдары кызметкерлерінің өзі занды бұзатындығы, білім беру, халыктың денсаулығын сақтау салаларындағы жең үшынан жалғасушылық, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылмауы, мақсатсыз жұмсалуы, мемлекеттік сатып алу арасында жіберілетін кемшіліктер аландаушьшық туғызады. Бұл бағыттарда жүмысты Мәжіліс сайлауында жеңіске жетіп, Парламенттен орын алған партиялардың барлығы алдағы кезде пәрмеңдірек жүргізуі керек деп есептеймін.

Мына мәселелер уакыт күттірмей шешілуі керек. Бір рет Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңның талаптарына кайшы кандай-да бір сыбайлас құқық бұзушылыққа жол берген шенеунік қызметімен қоштасып қана коймауы керек, ол өмір бойы мемлекетгік қызметке орналасу құқынан айрылуға тиісті. Казакстандағы барлық зандар мен нормативтік құжаттардың сыбайлас жемқорлыққа жол беруі мүмкін баптары мен тармақтары түгел езгертілуі керек. Заңнын алдында азаматтардың бәрі бірдей, тең жауап береді деген ұстаным шын мэнінде іске асуға тиісті. Казакстан Республикасының Сыбайлас жемкорлықпен күрес туралы заны мүлтіксіз орындалуы, кажет болған жағдайда бұл заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы аталған күрестің тиімділігін арттыру кажет.

Сыбайлас жемқорлық - лауазымды адамның өзінің билік өкілеттілігін және өзіне берілген құқықтарын белгілеген ережелерге қайшы жеке басының пайдасына қолдануы. Бұл термин көбіне бюрократиялық ақпаратқа және саяси элитаға қатысты деп айтуға әбден негіз бар.

Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен қоғам мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдап-арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады. Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры жақсы жағдайға ие болу үшін сыйлық жасау дағдысынан бастау алады. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық жауапкерлік туындайтын іс жатады. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға қандайда бір қызмет көрсетіп соның өтеуі ретінде пайда табумен сипатталады.

Бұл ретте лауазымды тұлғаның пара алу ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады. Бұл сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес ақша жүрген жердің бәрінде парақорлық жүреді, ал ақша қайда жүрмейді. Қазіргі қоғамның адамдары ақша құмар. Бір жапырақ қағаз адамға не жасатпайды. Адам ақша ұстаған кезде 30% адамгершілік қасиетін төмендетеді.

Президент барлық мемлекеттік органдардан сыбарлас жемқорлыққа қарсы күресті мейлінші күшейтуді және оның нәтижелі болуын қамтамасыз етуді қатаң түрде талап еткен. Шетелдік және отандық мамандардың беделді пікірлеріне сүйенсек, бейбіт заманда елдің даму үдерісін терең дағдарысқа тірейтін көптеген факторлардың ішінде сыбайлас жемқорлық бірінші орынды иеленеді екен осы тақырыпта Республика көлемінде жүргізілген әлеуметтік сауалнамаларды нәтижесі- Қазақстанда сыбайлас жемқорлық азаматтар санасында жай заң бұзушылық болып қана емес, тіпті мемлекеттің даму үдерістеріне төнген қауіп ретінде қалыптасып үлгергенін көрсетіп отыр. Қазақстан әлеуметтік зерттеулер институтының деректері бойынша, зерттемеге қамтылған еліміз респонденттерінің 72, 4% сыбайлас жемқорлықтан, билік астамдығы мен заңсыздықтан қауіптенетін абыржу мен қорқыныш күйіне душар болған.

Қазақстанның ТМД елдері арасында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды бірінші болып 1998 жылы қабылдағанын еске салады. Онымен күресті одан әрі күшейту мақсатында Ел басының жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде 2006- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Қабылданған құжаттарға сәйкес барлық мемлекеттік органдар өзіндік құзіреті шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті. Бұл, әрине, Мәдениет және ақпарат министірлігіне де қатысты. Президенттің арнайы тапсырмасын орындау барысында министірлікке қарасты органдар мен мекемелерде және орталық ақппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар мен қаржылық заңнаманың, «мемлекеттік сатып алу туралы» заңның орындалу барысы және 2004-2006 жылдардағы кадырлық тағайындаулар мен жұмыстан босату фактілері мұқият тексеріледі.

Жалпы, мәдениет пен сыбайлас жемқорлық деген ұғымдардың бір -бірімен еш үйлеспейтіндігі айдан анық. Ал лауазымды адамның қызымет бабында заң бұзушылыққа жол беруі ешқандай мәдениеттіліктің белгісінің жоқ екенін көрсетпей ме. Ал, кімде кім ымды түсінбесе онда оларға ортамызда орын жоқ болуы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің лауазымды адамдары кәсіпкерлікпен айналысатын өздерінің жақын туыстарына заңсыз жолмен жәрдем беру арқылы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қасақана бұзады. Әкімшілік шараларға мемлекеттік қызметшілер аз тартылған. Сонымен қатар бұрынғы басшылық қызметте болғандар яғни сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге жауап беретіндер аман- есен, жайбарақат жұмыстарын істеп жатыр. .

Бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтық қоғаммен өзара байланыс мәселесіне жетекшілік ететіндіктен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ту ұстаушы болуға тиісті. Сыбайлас жемқорлықтың сипаты, көріністері, алдын алудың жолдары, жазалау шаралары туралы жан жақты түсінік берілуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім саласындағы жемқорлық, құқық саласындағы жемқорлық тағысын - тағы
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік түрлері
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға қандай әсерлері бар екенін анықтау
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
ҚР ҚК 310 бабында қарастырылған қылмыс құрамын терең және жан-жақты зерттеу
Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы
Адалдық-адамгершілік бастауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz