СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТ–БАҒДАРЛАРЫ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСЫНЫҢ

БАҒЫТ-БАҒДАРЛАРЫ

Ш. Т. Ақбергенова

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Қазіргі республикамыздың нарықтық экономика кезеңінде, сыбайлас жемқорлық қылмысымен қарсы күрес жүргізу мәселесі ең басты құндылық болып есептеледі. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерімен бірге қабыспай келеді. Жалпы бұл термин латынның «corruptio» - «сатып алу» деген сөзінен шыққан. Яғни, лауазымды адамдардың қызметі өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін, нарықтық экономиканың құрылу үрдісін тежейді және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, еліміздің болашақ дамуына аса үлкен қауіп туғызады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері: жалпыға мәлім, жемқорлық қылмыс, ең алдымен қоғамға қауіптілігімен, құпиялылығымен, ерекше құрылымымен, экономикаға кері әсер етуімен, құқыққа қайшылығымен, күш көрсетуімен сипатталады.

2008 жылдың ақпанындағы Президенттің халыққа Жолдауындағы демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады. Өткен жылдар ішінде елдің құқық қорғау және сот жүйелерінің криминалдық көріністерге қарсы тұратан, азаматтарымыздың өмірі мен құқықтарын қорғайтын әлеуеті едәуір нығайды. Дегенмен, құқық қорғау қызметінде елеулі кемшіліктер бар. Бұл жөнінде барлық құқық қорғау органдарының қатысуымен Бас прокуратурада өткен алқа отырысында айтылды.

Ел Президенті қылмысқа қарсы күреске байланысты бірқатар жарлық шығарды. Президент Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының қылмыспен күресті күшейту мен құқық қорғауды нығайту мәселелері жөніндегі мәжілісінде, сыбайлас жемқорлықпен күрестің түбегейлі шараларына назар аударды. Құқық қорғау және сот жүйесі қазақстандықтардың құқықтарының әділ де тиімді қорғалуы, бизнеске заңсыз араласуды болдырмауды қамтамассыз етуге тиіс. Осы тұста Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын және жүйесін әзірлеуде алдыңғы қатардан орын алды. 1998 жылғы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» туралы № 1686 бұйрығы шығарылды. Бұйрыққа сәйкес 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарлама құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты: мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғамның қызметтерінің бағыттарының тиімділігін жоғарлату арқылы қоғамның өмір сүру әрекетінің барлық аймақтарында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер жүзеге асырылуы тиіс:

- сыбайлас жемқорлықтан азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтары және заңды қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

- сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтың алдын алу, анықтау және тоқтату бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру түрлері, әдіс және тәсілдерін оптимизациялау;

- азаматтық қоғамның құрылымдарымен бірлескен әрекет;

-Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес аймағындағы халықаралық байланысты кеңейтуі және белсендендіруі.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта әлемнің барлық елдерінде бар. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымы ретінде анықталады. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі және кешенді сипатқа ие болды. Аймақтарда сыбайлас жемқорлықпен күрес маслихатпен бекітілген бағдарлама аймағында жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтар облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімшілігінің отырыстарында облыстық прокурорлардың жанындағы құқық қорғау органдарының координациялық кеңестерінде талқыланады. Тәртіптік кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылық әрекеттер жасаған тұлғаларды жазалау туралы қабылданған шешімдерінің тиімділігін жоғарлату мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру сұрақтарында тәртіптік кеңестің координациялық әрекеттерін күшейту мемлекеттік қызмет істері бойынша ҚР Агенттігіне жүктелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлық түсінігі және оның мәні
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Кәсіпорындардың бәсекеге төтеп беруінің бірден-бір жолы- жемқорлықтың алдын алу
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Мемлекеттік басқару қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын нығайту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz