СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Арғынбаева М. М., Данеғұлов А. Т.

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз

Сыбайлас жемқорлық қылмысы әлемнің барлық елдерінде орын алып отырған әлеуметтік және экономикалық, саяси халықаралық проблемаға айналды. Қазақстан Респуликасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ел өсіп өмірді реформаға көшу жолында хылқымыздың әл - ауқаты артып, табысты саяси реформалар жүргізілді. Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтарымен бостандықтарын қорғауда, зорлық - зомбылық қылмыспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тиімілігін арттыруында бірнеше нормативтік заңдар қабылданды.

Көптеген мемлекеттік және жекелеген құрамдас жүйелерде сыбайлас жемқорлық төңірегінде қалыптасқан жағдай белең алып бара жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғаламдық және ұлттық деңгейлердегі маңызды қадамдарға қарамастан оның халықаралық қауымдастықтың алдына қойып отырған кедергілері әлі де бар. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық - құқықтық көрініс түрлері туралы да көптеген пікірлер бар. Көптеген профессорлар сыбайлас жемқорлыққа анықтама берген.

БҰҰ-ның Аңықтамалық құжатында «сыбайлас жемқорлық өз пайдасы үшін мемлекеттік билікті теріс пайдалану» делінген. [1]

Профессор Н. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды.

Қазіргі отандық криминология да сыбайлас жемқорлыққа «мемлекеттік немесе өзгедей қызметкерлердің сатқындығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс» деп анықтама берген. [2]

Г. А. Сатаров, М. И. Левин және М. Л. Цирик сыбайлас жемқорлыққа «қызмет бабын пайдақорлық мақсатында теріс пайдалану» деген сипаттама береді. [3]

Профессор А. И. Долгова осындай пікірді қолдай отырып, коррупцияны мемлекеттік немесе басқада қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді.

Осы мәселені түбегейлі зерттеп жүрген профессор В. В. Волженкин «сыбайлас жемқорлық дегеніміз - әлеуметтік құбылыс болып табылатын биліктің іріп - шіруі, мемлекттік функцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабын, қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы деп анықтама берді[3] .

М. О. Нәукенов: «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды.

Сыбайлас жемқорлық-лауазымды адамды сатып алумен және ресми қызметтік өкілеттікті онымен байланысты беделді, мүмкіндікті, байланысты бас пайда үшін пйдалануды сипаттайтын әлеуметтік құбылыс. Сыбайлас жемқорлық тек ақша алумен ғана шектелмейді. Ол қандай да бір қызмет көрсету, мәртебе көтеру саяси ықпал жасау және т. б. формаларда болуы мүмкін. . [17]

А. С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайдакүнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады». [7]

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес». [5]

Қазіргі отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен «соrruptio» - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады».

А. Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы. [13]

Бүгінде сыбайлас жемқорлық қылмысы мемлекетке кері әсерін тигізіп отырған бірнеше себептер бар. Олар:

Біріншіден, қолдағы билікті бас пайда үшін пайдалану, ондай қылмыстың әшкереленуі билік беделін түсіреді, демократияға нұқсан келтіреді, тіптен диктатураға алып келуі мүмкін.

Екіншіден, сыбайлас жемқорлық өзінің ресурстардың бөлінуіне тигізетін теріс әсерінің нәтижесінде жалпы экономиканың дамып, нығаюына кедергі жасайды.

Үшіншіден, сыбайлас жемқорлық, басқа да келеңсіз әлеуметтік құбылыстар сияқты, өзіне-өзі жағдай тудыра отырып, келешек әлеуметтік-экономикалық және саяси тәртіпті шайқалтады, ол неғұрлым тамырын жайған сайын онымен күресу қиындай береді.

Төртіншіден, елде етек алған сыбайлас жемқорлық шеттен келетін жәрдемнің, инвестициялардың жолына тосқауыл болады.

Сыбайлас жемқорлықтың орын алатын салалары жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік билік органдары болып табылады. Кейбір авторлар бұл салаға коммерциялық және басқа да ұйымдарды қосып, аясын кеңітеді. Ал бұған толық негіз жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол - мұндай қоғамға қауіпті іс-әрекет орын алған кезде мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының беделіне зор нұқсан келтіріліп, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеліп соғады.

Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. [29]

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптеген әдістері бар. Біріншіден, заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту. Екіншіден, лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу. Үшіншіден, нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданының көлемін азайту.

Қорта келе, елдегі бүгінгі таңда қалыптасқан жағдайға орай мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмысын қорытындылай келе сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол - мұндай қоғамды қауіпті іс - әрекет орын алған кезде мемлекеттің жергілікті өзін - өзі басқару органдарының беделіне зор нұқсан келтіру, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеп соғады.

Әдебиет

  1. Международная защита парв и свобод человека. -М., 1990. -с. 45.
  2. Криминология:Учебник. -М., 1997. -с. 501.
  3. Сатаров Г. А. Россия и коррупция: кто кого? Российская газета. 19. 02. 1998.
  4. КСРО Жоғары Сотының 1990 жылғы 30 наурызындағы Пленумының қаулысы.
  5. Ахметжанов А. «Заң журанлы» №9 2007 жыл 15 бет.
  6. ҚР - ның сыбайлас жемқорлыққа күресу туралы заңы 2003 жылғы 25 қыркүйек
  7. Ағыбаев А. Н., з. ғ. д. пр. «Заң газеті №6 11, 13, 16, 18, 20 қыркүйек 3 беттер.
  8. Тұрсынбаев Д. Заң газеті №7 2008 3бет.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігіН арттыру жолдары
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы туралы
Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері
Саяси сыбайлас жемқорлық
ҚР әділет органы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz