Бухгалтерлік есептен тәжірибелік есебі



Мазмұны:

І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционкерлік қоғамының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

3.1. Ақша қаражаттарының қозғалысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3.2. Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3.3 Ағымдағы активтердің алғашқы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3.4. Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

4. Қаржылық және салықтық есептілік, салықтық бақылау ... ... ..20

4.1. Жергілікті салықтар бойынша есептілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
4.2. Корпоротивті табыс және қосылған құн салығы бойынша есептіліктің тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру ... ... ... ... 24

5.1. SAP (халықаралық американдық бағдарлама) ... ... ... ... ... ... ... ... 24
5.2. Фаворит ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
5.3. СЕӨЖ (СОНО) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
І КІРІСПЕ

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 30 наурыз – 7 маусым аралығында 18 жұмыс күніне бухгалтерлік есеп пәнінен «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалының бухгалтерия бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
 филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
 әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;
 филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;
 филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.
Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз тиіс:
 бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын үйрену;
 ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы активтердің, еңбек және еңбекақының алғашқы есебімен танысу;
 меншікті капиталды құру тәртібі жөнінде түсініктің болуы;
 кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі;
 ұйымның қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қарастыру.
Келесі тәжірибе есебі негізгі 3 бөлімнен тұрады, 3 тақырыпты қарастырады. Бірінші тақырып «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалы туралы сипаттадым. Келесі бөлімде бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртібін қарастырдым. Үшінші бөлімді екінші бөлімнен жекелеп алған себебім қаржылық есеп кәсіпорынның жағдайын көрсететін бірден-бір әдіс. Сол себепті ол тақырыпты толығымен ашу үшін жекелеп зерттеуге кірістім.
Бұл мекемеде тәжірибе жетекшісі болып бухгалтерия бөлімінің бастығы Ашуова Гүлнар Айнабековна тағайындалды. Барлық құжаттарды бекіткен бас бухгалтер Көшкімбаева Бақыт Құлжақызы болды.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ақмола қаржы-экономикалық колледжі АҚ

Бекітемін
Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы
акционерлік қоғамы
Шаруашылық бақармасы филиалының бас
бухгалтері

_______________Б.Қ. Көшкімбаева
(қолы)

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕНІҢ ЕСЕБІ

Ақмола қаржы-экономикалық колледжінің

3СІ-206 тобының оқушысы

_______________ ОРАЗХАНҰЛЫ РАУАННЫҢ________ ____
(аты-жөні)

Мамандығы 0714002 Салық ісі (салалар бойынша)

Мамандандыру Салық қызметінің маманы

Тәжірибе басшысының аты-жөні: Ашуова Гүлнар Айнабековна_

Тәжірибе басшысының қызмет орны: Қазақстан Темір жолы Ұлттық
компаниясы АҚ Шаруашылық басқармасы филиалының бухгалтериясының бөлңм
бастығы____________________________ ______

Тәжірибе мерзімі 2009 жылдың 30 наурызынан 7 маусымға дейін
Мазмұны:

І
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4

1. Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы Акционкерлік қоғамының
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .4

2. Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық басқарма
филиалы туралы жалпы
мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2.1.Филиалдың жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...8
2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп
саясаты) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

3. Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық басқарма
филиалы бухгалтериясының есебінің
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .13

3.1. Ақша қаражаттарының
қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 13
3.2. Еңбек және еңбек ақының алғашқы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .14
3.3 Ағымдағы активтердің алғашқы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 15
3.4. Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .17

4. Қаржылық және салықтық есептілік, салықтық бақылау ... ... ..20

4.1. Жергілікті салықтар бойынша
есептілік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...20
4.2. Корпоротивті табыс және қосылған құн салығы бойынша
есептіліктің
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...22

5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру ... ... ... ... 24

5.1. SAP (халықаралық американдық
бағдарлама) ... ... ... ... ... ... ... ... 24
5.2.
Фаворит ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..25
5.3. СЕӨЖ
(СОНО) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .25

ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .26

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..27
І КІРІСПЕ

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе
жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты
бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 30 наурыз – 7
маусым аралығында 18 жұмыс күніне бухгалтерлік есеп пәнінен Қазақстан
Темір жол Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының Шаруашылық басқармаы
филиалының бухгалтерия бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты
мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша
қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен
есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-
ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік
біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық
нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге
қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді
орындауға тырыстым:
– филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
– әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды
толығымен әрі уақтылы орындау;
– филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты
кйіну;
– филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.
Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз
тиіс:
– бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын үйрену;
– ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы активтердің, еңбек және
еңбекақының алғашқы есебімен танысу;
– меншікті капиталды құру тәртібі жөнінде түсініктің болуы;
– кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі;
– ұйымның қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қарастыру.
Келесі тәжірибе есебі негізгі 3 бөлімнен тұрады, 3 тақырыпты
қарастырады. Бірінші тақырып Қазақстан Темір жол Ұлттық компаниясы
Акционерлік қоғамының Шаруашылық басқармаы филиалы туралы сипаттадым.
Келесі бөлімде бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртібін қарастырдым. Үшінші
бөлімді екінші бөлімнен жекелеп алған себебім қаржылық есеп кәсіпорынның
жағдайын көрсететін бірден-бір әдіс. Сол себепті ол тақырыпты толығымен ашу
үшін жекелеп зерттеуге кірістім.
Бұл мекемеде тәжірибе жетекшісі болып бухгалтерия бөлімінің бастығы
Ашуова Гүлнар Айнабековна тағайындалды. Барлық құжаттарды бекіткен бас
бухгалтер Көшкімбаева Бақыт Құлжақызы болды.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы Акционкерлік қоғамының
тарихы

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25
қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) -
Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды.
Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл
өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да
77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған
Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның қазақстандық 190
шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының
экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған,
Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы
салынды.1914-1917 жылдарыболашақ Түрксібтің бір бөлігіЖетісу жолының Арыс-
Пішпек телімі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.)
магистралі салынды.
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей)122
шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117
шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918
жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың
шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған
Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту
және астықты шығару қажеттілігіне байланысты1926-1931 жылдары Бурабай-
Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700
шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі
құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына1926 жылдан басталған Гурьев-
Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір
(Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды
Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді
жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынғанАқмола-
Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол
телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930
жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге
дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.
1936-1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстырған,
Саратовқа шығатын жол телімі - Орал-Елексалынды.
1936-1944 жылдары соғылған, Ембінің мұнай кәсіпшілігін Оралмен
байланыстырған, Ресейдің бірқатар аймақтарының арасындағы қатынасты
жақсартқан Гурьев (Атырау)-Қандағаш-Орскі магистралі өзінің стратегиялық
маңыздылығын Ұлы Отан соғысы кезінде дәлелдеді.
1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қарағандының көмірін
Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады.
Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске
қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді.
Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы
құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды.
1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан
кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі
Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-
Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды
желісін құрайды.
Ал 1953 жылы Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буынының бірі Ақмола
(Астана)-Павлодар (546 км) жолы салынды. Оның іске қосылуы Екібастұз көмір
бассейнінің және осы жерге жақын аймақтардың тез дамуына жағдайлар жасады.
(Тек 1953-1956 жылдардың өзінде Солтүстік Қазақстандағы тасымалдың көлемі 4
есеге артты).
1950 жылдары тың жерлердің игерілуіне байланысты Қазақстанның
солтүстік және орталық өңірлерінде темір жол құрылысы екпінді қарқынмен
жүргізіліп жатты. 1955-1961 жылдары Есіл-Арқалық (224 км), 1959 жылға қарай
Қостанай-Тобыл, 1960 жылы Тобыл-Жетіқара желілері салынды. 1950 жылдары
Қазақстан теміржол жүйесінің тығыздығы екі есеге артты.
1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды.
Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және
Қазақстанды Сібір, Орал, Волга жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен
қосып, барлық кеңістікті және меридионалды магистральдарды біріктірді.
1960 жылы шөлді өлкенің дамуына себепші болған Мақат-Маңғышлақ және
Маңғышлақ- Өзен (жалпы ұзындығы 900 км) телімдері салынды. Қазақстан мен
Ресей байланысының жандануына осы кезеңде салынған Гурьев-Астрахан желісін
пайдалану зор ықпал етті.
1964 жылы Қазақстанда бірінші болып жолдың Целиноград (Астана)-
Қарағанды бөлігі электрлендірілді. Осы кезден бастап темір жолды
электрлендіру жұмысы алға басты. Олар негізінен, республиканың солтүстік
және орталық облыстарында жүргізілді. 1969-1970 жылдары Қарағанды-
Магнитогорскі (1180 км) телімі электр тартымына ауыстырылды. 1980 жылдан
бастап оңтүстіктегі Мойынты-Шу, Шенгелді-Арыс, Арыс-Түлкібас жолдарында
электрлендіру өріс алды. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымға
жетті.
1977 жылы Қазақ темір жолының негізінде үш жол құрылды:
Тың, Алматы және Батыс-Қазақстан.
Осы жылдары ондаған жаңа вокзалдар қайта тұрғызылды.Байланыс және
белгі беру жүйелерінің, жол техникасының, электровоздар мен тепловоздардың
жаңа түрлері іске қосылды. 1980 жылдан бастап автоматика және ақпараттық
есептеу жүйелеріөндіріске белсенді енгізілді.
Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986
жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және
ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың
темір жолы арқылы өткізілді.
1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын
теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды. 1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі
салынды. 1956-1960 жылдары қазақстан әрі қытай жақтан екі елдің темір жолын
қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы кеңес-
қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы болған темір жолдардың
түйісуі қазақстандық Достық стансасы мен қытайлық Алашанькоу стансасын
қосатын шекара өткелін жасады. Осы жылдан кейін онда жүк құрамдарының
қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі
іске қосылды. Сол кезеңде Достық стансасының қайта тиеу және тасымалдау
қуаты артты.
Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі
Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге
болады.
Бірінші кезең (1992-1996 жж.) - саланың КСРО-ның таралу салдарына және
мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі.
Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды
өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына
негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны Қазақстан темір
жолы РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.
Үшінші кезеңде(2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта
құрылымдау басталды. Атап айтқанда, Қазақстан темір жолы ұлттық компания
ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар
еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға
айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге
отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың
талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.
2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне - 100 жылдығы
мерейтойына жетті.
Бұл жылы Қазақстан темір жолының мерейтойы 100 жылдығы кең көлемде
аталып өтті.Шойын жол тарихының маңызды кезеңдері аталып өтілді.Темір жолды
жаңғырту, әлеуметтік саланы, теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсарту
шаралары мен ірі құрылыстар аяқталды.
2004 жылы ақпанда мерейтойлық оқиғалардың басы басталды. Ел Премьер
министрі Даниал Ахметов темір жол көлігі саласының ардагерлері тобымен
кездесу өткізді. Кездесу барысында Премьер министр Даниал Ахметов сала
жетекшілері мен теміржолға еңбегі сіңген ардагерлер құрамына кіретін "ҚТЖ"
ҰК" АҚ жанынан құрылған Консультативтік кеңесінің мерейтойды өткізу
жөніндегі шешімімен таныстырылды.
ҚТЖ ҰҚ АҚ Консультативтік кеңесі темір жол тарихын санауды ұзындығы
1668 км Орынбор-Ташкент магистралі құрылысының аяқталу уақытынан бастау
туралы шешім қабылдады. Премьер министр темір жол көлігінің 100 жылдығы
мерекесін атап өту туралы шешіміне наурыздың 12-сінде қол қойды. Мұны
респубулика ҚР Президенті де қолдады. Сәуірдің 30-ында Нұрсұлтан Назарбаев
мерекелік датаны атап өтуге арналған медал шығару туралы Бұйрыққа қол
қойды. Бұл мерекелік медаль төрт мыңнан астам теміржолшыларға бұйырды.
Бұл жыл біздің елде өткізілген Еуропа мен Азияның 25 елінің теміржол
басшыларының қатысуымен болған Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы Бас
директорлары конференциясының 19-шы отырысымен тұспа-тұс келді.
Жоғары мәртебелі қонақтардың көзінше Қазақстан темір жолының 100-
жылдығына арналған марка салтанатты түрде пошта айналымына енгізілді.
Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен
атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде Мудис инвесторс сервис халықаралық
рейтингтік агенттігі жүргізген Қазақстан темір жолы компаниясының ұзақ
мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне
темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, коммерциялық
көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарылауы себеп болды.

2. Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық
басқармасы филиалы туралы жалпы мағлұмат

2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы
Толық атауы: Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ –
Шаруашылық басқармасы филиалы.
Қысқартылған атауы: ҚТЖҰКАҚ-ШБ филиалы
СТТН: 620300217668, сериясы 62 № 0139167
Әділет басқармасында тіркелгені туралы ақпарат: 26.07.2002 күні 2256-
1901-Ф-Л нөмірімен мемлекеттік реестірде тіркелген.
Статистикалық идентификациялық код (ОКПО): 39741820859
Мекен-жайы: 473000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астана
қаласы, Жеңіс даңғылы 100 үй.
Телефон: (7172) 93-80-88
Факс: (7172) 32-82-27
Электронды кілтті қолдануға келісім: 04.04.2008 күні №620312563984.
Обьектіні жасаған тұлға: Қазақстан Темір жол Ұлттық компаниясыАҚ,
СТТН 620100210058.
Басшысы: Марков Владимир Юрьевич, СТТН 031411460409
Бюджетпен есеп айырысудағы жауапты тұлға: Көшкімбаева Бақыт Құлжақызы,
СТТН 240210097103
Банктік реквизиттері:
1. Наурыз банк АҚ-ның Қарағанды облысындағы филиалы
БИК 191801427, СТТН 301700005167, ЖИК 000421251
2. Қазақстанның халық банкі АҚ-ның Астанадағы филиалы.
БИК 195301603, СТТН 031400075489, ЖИК 000421251
ОКЭД: 70320 – Жылжымайтын мүлікпен басқару.
Көлемі: Ірі (жұмыскерлерінің саны 250 адамнан асады)
Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық
басқармасы филиалы Қазақстан Темір жолы ұлттық компаниясы акционершлік
қоғамының орналасқан жерінен тыс орналасқан, Қоғамның оқшауланған
құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Филиал Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес құрылған және Директорлар кеңесінің шешімі негізінде
(2004 жылғы 18 мамырдағы №11 хаттама) қайта тіркелген. Филиал өз қызметін
ҚР заңнамасына, Қоғамның бұйрықтарына, өкімдеріне және өзге де актілеріне,
сондай-ақ Шаруашылық басқарма туралы ережеге сай жүұмыс істейді. Филиал
заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдың дербес балансы, атауы, тауарлық
белгісі, және Қоғамның атауы көрсетілген мөрі, мөртаңбасы мен бланкілері
бар. Қызмет ету мерзімі шектелмеген.
Қоғам қызметінің мәні:
– Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген бағдарлама бойынша
магистральдық темір жол желісін сал, күтіп ұстау және жетілдіру;
– тасымалдау процесін басқару;
– магистраль темір жол желісіне қызмет көрсету;
– темір жол көлігімен жүктерді, соның ішінде қауіптілерін тасымалдауды
жүзеге асыру;
– темір жол жылжымалы құрамын, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау
үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;
– маркетингтік қызмет;
– көліктердің әр түрін қатыстырып, тура және аралас қатынастар жүйесін
ұйымдастыру;
– Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрлігімен
келісу арқылы теміржолдық транзиттік көліктік коридорларды
қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысы;
– Сыртқы экономикалық қызмет пен шетелдік ұйымдармен экономикалық
ынтымақтастықты дамыту;
– өнімнің, көрсететін қызметтердің экспорты (импорты)
– ақпаратты қорғаудың техникалық құралдардын, ақпаратты өндеудің
қорғалған техникалық құралдарын әзірлеу, жасау;
– ақпараттық қызметтер көрсету;
– Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де
қызмет болып табылады.
Филиал Қоғам қызметкерлерінің ұтымды, өнімді қызмет етуі үшін қолайлы
еңбек жағдайларын жасау мақсатында құрылған. Филиал қызметінің мәні:
– филиалдың теңгерімінде есептелетін және оларға жанасатын
аумақтағы ғимараттарда инженерлік коммуникациялардың, жабдықтардың
авариясыз жұмыс імтеуінқамтамасыз ету;
– Қоғамның атынан Астана қаласының коммуналдық қызметтерімен
Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттарды электр
энергиясымен, жылумен, сумен, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету
жөнінде шарттар жасасу;
– Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттардағы жөндеу-құрылыс
жұмыстарының, ғимараттарға жанасатын аумақтарды абаттандыру бойынша
жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау;
– Қоғам атынан әкімшілік пен өндірістік ғимараттарда жалпы жөндеу,
өрлеу жұмыстарын және эанасатын аумақтарды абаттандыру жұмыстарын
орындауға шарттар жасасу;
– Жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау және тексеру;
– Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттарда жөндеу-құрылыс
жұмыстарын орындау;
– Негізгі құралдарды есепке алу;
– Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерін тауарлық-
материалдық қорлармен қамтамасыз ету;
– Қоғамның орталық аппаратының қызмет етуі үшін қажетті ТМҚ қоймалық
есепке алынуын жүргізу;
– Құрылымдық бөлімшелердің Қоғамның әкімшілік шығыстар лимиттерін
сақтауына, оның ішінде коммуналдық қызметтерді төленуіне бақылауды
жүзеге асыру;
– Филиалдың негізгі құралдарын, тауарлы материалдық қорларын күзету
болып табылады.
Филиалды жалпы басқаруды Қоғам жүзеге асырады. Ал филиалдың ішінде
басқару қөұрылымы келесі сызбада көрсетілген:
(1-сызба)

Филиал оған Қоғам бекітіп берген құралдардан тұратын мүлікке,
сондай ақ Қоғамның теңгеріміне кіретін ақшалай, материалдық құралдарға,
құнды қағаздарға және жалпы шаруашылық қызметтің барысында сатып алынған
материалдық емес активтерге ие болады. Филиалдың теңгерімінде есептелетін
мүлік Қоғамның меншігі болып табылады.

2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)

Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық
басқармасы филиалының есеп саясаты Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28
ақпанынан Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңының №234-ІІІ
заңына, Халықаралық қаржылық есеп стандартына (МСФО-IFRS), Халықаралық
бухгалтерлік есеп стандартына (МСБУ-IAS) сәйкес құрастырылған. Жалпы баптар
саны 966. Есеп саясатының принциптері барлық құрылымдық бөлімшелерге де
қолданылады.
Есеп саясатының келесідей мақсаттары белгілі:
– Есептіліктің барлық түрін кірістіру;
– Қаржылық мәліметтердің түсініктілігін, анықтылығын,
сенімділігін қамтамасыз ету;
– Қоғамда бухгалтерлік есепті жүргізудің бірыңғайлығын қадағалау;
– Бухгалтерлік есептің жұмыс жасау аясының, қоғамға байланысыт
нормативтік актілердің өгеруі, ауысуына тез бейімделуін
қамтамасыз ету.
Есеп саясаты бойынша Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ
Шаруашылық басқармасы филиалының негізгі валютасы болып Қазақстан
Республикасының Ұлттық валютасы – теңге болып табылады. Есептілік кезеңі -
ағымдағы жыл.
Есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру барысында келесі
сұрақтарды қарастырған:
1. Қазақстан ремір жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық
басқармасы филиалының жалпы жағдайы мен статусы:
2. Негізгі құралдар есебін жргізу;
3. Жал есебі;
4. Материалдық емес активтер;
5. Инвестициялық жылжымалы мүлік;
6. Қаржылық құралдар;
7. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі;
8. Сатуға арналған немес жойылуға жіберілген ұзақ мерзімді
активтер;
9. Активтер құнсыздануы;
10. Ақша қаражаттарының есебі;
11. Меншікті капитал;
12. Жұмыскерлерге еңбекақы есебін ұйымдастыру;
13. Кірістер;
14. Мемлекеттік субсидия;
15. Шығыстар;
16. Займдар бойынша шығыстар;
17. Әлеуметтік сфера;
18. Корпоротивті табыс салығының есебі;
19. Шетел валютасындағы операциялар есебі;
20. Бағалау міндеттемелері;
21. Есептілік күнінен кейін жағдай;
22. Сегменттелген есеп;
23. Ағымда қаржылық есептілік;
24. Кәсіпкерліктің қосылуы;
25. Дисконтталуды қолдану.
Есеп саясаты бойынша жалпы ережелерді қарастыратын болсақ ол өз
ішінде қоғамның:
– негізгі валютасын;
– есеп саясатының қолданушыларын;
– Есептілік кезеңін;
– Қаржылық есептіліктің элементтерін;
– Қаржылық есептіліктің компоненттерін;
– Қаржылық есептің құрамын;
– Мүлік пен міндеттемелердің түгенделуін;
– Бақылау мен аудит;
– Бухгалтерлік ақпараттың құпиялылығын анықтайды.
Есеп саясат 2008 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Темір
жолы Ұлттық компаниясы АҚ директорлар кеңесінің №13 хаттамадағы
шешімімен бекітілген.

3. Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық
басқармасы филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы

3.1. Ақша қаражаттарының қозғалысы

Жалпы ақша қаражатының қозғалысы екі жолмен жүргізіледі:
4 Қолма қол ақшамен
4 Нақты ақшамен немесе аударылып отыратын ақшамен
Қолма-қол ақшамен есеп айрысу кассадғы ақша қаражаттарымен жүзеге
асырылады. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір
шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.Касса орналасқан ұй жайлары
кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен сақтау сигнализация
құралдары мен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай жабдықталады. Кәсіпорын
басшылары ақшаның кассада, сондай ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке
өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Тиесілі емес қолда бар ақша
мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады. Өзінің
кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз
мөлшерде пайдалануы керек. Кассалық операцияларды жүргізуші адамды кассир
құжатнамаға да, ақша ға да жауапты болады. Касса операцияларын жүргізу үшін
әр түрлі құжаттар қолданылады, оған жататындар:
• кассалық кіріс ордері ( ко-1)
• кассалық шығыс ордері (ко-2)
• кіріс және шығыс кассалық ордерін тіркеу журналы (ко-3)
• касса кітабы (ко-4)
Кассалық операциялар күн сайын бас бухгалтермен бақыланып күн
басындағы қалдық пен күн аяғындағы қалдықтарды есептеп отырады. Егер
кассадағы ақша қаражжаттары кәсіпорын жарғысында көрсетілген лимиттен асып
кетсе , онда қолма-қол ақша қаражаттары туралы хабарландыру құжаты
негізінде ақшаны банктегі есеп айырысу шотына аударады.
Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі кәсіпорынға банктен
келген Выписка банка деген құжатнамада толық көрсетіледі. Ондғы ақша
қаражаттарымен келесі құжаттар арқылы ғана қолданысқа енгізуге болады.
1. Төлем тапсырмасы
2. Чек кітапшасы
3. Банк клиент бағдарламасы.
Төлем тапсырмасы есеп айрйысу шотынан басқа да тұлғалармен есеп
айырысу үшін қолданылады. Онда бенефициардың барлық реквизиттері және не
үшін төлеп жатқаны көрсетіледі. Оның қорытындысы Выписка банка
хабарландыру құжатында көрініс табады. Жалпы банк белгілі бір уақыт мерзімі
сайын есеп айырысу шотындағы қозғалыстарды тұтынушыға есеп беріп отырады.
Сол есепте есеп айырысу шотына келген және кеткен ақша қаражаттарының толық
сипаттамасы баяндалады
Чек кітапшасы кәсіпорынның жауапты тұлғаларының қолында болатын, есеп
айырысу шотынан қолма-қол ақша қаражатын алу үшін негіз болатын бірден бір
құжат. Оны алу үшін субьект банкке басша мен жауапты тұлғаның жеке
басынкуәландыратын құжаттардың көшірмесін, фирма жарғысының көшіомесін, СТН
көшірмелерін, өтінішті тапсырғаннан кейін ғана беріледі. Ол құжат ақша
қаражаттарын қозғалысын реттейтін құжат болғандықтан қателердің болмауын
қадағалап отыру керек. Егер қате кететін жағдайда банк қызметкері қате
жіберілген бетті жарамсыз деп танып, мөр қояды.
Банк клиент интернет желісі арқылы есеп айырысу шотындағы ақша
қаражаттарын реттейтін бағдарлама болып табылады. Интернет желісінен ақша
қаражаттарын ұрламас үшін банктен арнай электронды түрде кңлт береді және
жеке пароль орнатады. Ол бағдарламамен тек бір ғана комьпютерде жұмыс жасау
қажет.

3.2. Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі

Қазақстан Темір Жолы Ұлттық компаниясы АҚ Шаруашылық басқармасы
филиалы кәсіпорны шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді
жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары
өзгереді, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс- түйістер болып түрады.
Қызметкерлердің құрамдылық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі
жүргізеді, ол бүкіл субьектідегі және оның құрамдылық бөлімшелеріндегі
қызметрерлердің санын және оның өзгеру себептерін, мамандықтарын,
біліктілігін жұмыс стажын, білім жәнге басқа белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей
жеке еңбек келісім- шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келісімшарарты- жұмыс мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша
түріндегі келісім , онда жұмыс орны , келісім шарттың мерзімі, еңбек
тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да
мәселері туралы сұрақтар қарастырылады.
Жеке еңбек келісім- шартында мыналар қарастырылады :
- белгісіз мерзімге ;
- белгілі мерзімге ;
- белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
- еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақыттттша атқаруға.
Егер де жеке енбек келісім- шартында мерзімі айтылмаса, онда ол
белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады.Жеке еңбек келісім-шарты екі
данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақта кол кояды. Құрымдылық
бөлімше бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды:
бұйрық жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны
көрсетіледі.
Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда Еңбек шартының тоқтатылуы туралы
бұйрық қолданылады. Ұйрықтың негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы
қызметкермен есеп айырысады.
Жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін
сақтап жүруін бақылау, жұмысістеген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі
бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін
Жұмыс уақыты есебінің табелінде жұмыс істеп жұргендердің барлық
категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельде
жұмысқа келмеу себептері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру
Ақша қаражаттарына бақылау
Материалдық емес активтердің есебі туралы
Мекеменің өндірістік және ұйымдастырушылық құрылы
Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар
Материалды емес активтер есебі
Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті
Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі, істен шығару себептері және құжаттарын дайындау
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Кәсіпорынның корпоративтік табыс салығын есептеу
Пәндер