Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері

А. А. Қатаева

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Қызмет бабын пайдаланып, мемлекет мүлкін талан-таражға салу, ақ, адал жандардың обал, сауабын аттап, имандылық қасиеттерден жұрдай болу секілді бастапқы нышандары сонау мүлік теңсіздігі пайда болған тұста-ақ қылаң берген жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түп-тамырын қуалап келсеңіз алаған қолым береген деген ұстанымға саятын мұндай бақай есепшілік ертеден-ақ көптеген мемлекеттерде орнығып қалған.

Қазіргі көптеген әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық проблемалар қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасының маңыздылығын көтеріп отырған бірнеше себептер бар.

Біріншіден, қолдағы билікті бас пайда үшін пайдалану, ондай қылмыстың әшкереленуі билік беделін түсіреді, демократияға нұқсан келтіреді, тіптен диктатураға алып келуі мүмкін.

Екіншіден, сыбайлас жемқорлық өзінің ресурстардың бөлінуіне тигізетін теріс әсерінің нәтижесінде жалпы экономиканың дамып, нығаюына кедергі жасайды.

Үшіншіден, сыбайлас жемқорлық, басқа да келеңсіз әлеуметтік құбылыстар сияқты, өзіне өзі жағдай тудыра отырып келешек әлеуметтік-экономикалық және саяси тәртіпті шайқалтады, ол неғұрлым тамырын жайған сайын онымен күресу қиындай береді.

Төртіншіден, елде етек алған сыбайлас жемқорлық шеттен келетін жәрдемнің, инвестициялардың жолына тосқауыл болады.

Сыбайлас жемқорлықты елде орын алып отырған жалпы саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың салдары деуге болады. Ол, әдетте, қоғамның жаңару кезеңінде бой көтереді. Ал ондай кезеңді бастан кешіріп отырғанымыз рас.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің батыл шаралары қабылданбаса оның криминалдық, экономикалық және әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайының жақсаруы» деп аталатын Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресті басты мақсаттар қатарына қойған, оны құқықтық мемлекет орнатудың шарты деп санаған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикаға көшу, инвестициялар тарту процестерін тежейді, демократиялық мемлекеттің келешек дамуына елеулі қауіп төндіреді деп атап көрсетілген.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде және Бас прокуратурада өткен жиында тиісті құрылымдарға пәрмен берді. ҚР Мәжілісінің депутаты, генерал С. Тоқпақбаевтың мәлімдемелерінің кейбір сөздеріне тоқтала кетті: «Жемқорлықпен күресетін құзырлы орындар: прокуратура мен қаржы полициясы көп жағдайда «жең ұшынан жалғасқан» жемқорлыққа өздері жол ашуда». «Қылмыстық істің жабылуына және санкция беру құқына монополия жасап отырған прокуратура іс жүзінде сыйақы талап ететін орынға айналды. Құқық қорғау орындары адамдарды үрейлендіріп, зәре-құтын алатын лаңкестік ұйымдардың кебін киді».

Құқық қорғау, прокуратура қызметкерлері заңда «тайға таңба басқандай» белгіленген қатаң шараларды кейбір кінәлі адамдардың мойнына ілмейді. Неге? Құқық қорғау орындары қарапайым азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты ісін «майшаммен» қарайды да, нән шенеуніктердің жемқорлығын көрсе де, көрмеген болады.

Президент бұл отырыста С. Тоқпақбаев мәлімдемесінің үтір-нүктесіне дейін ашық талдау жасады. Бұл - жемқорлықтың құқық қорғау саласын шырмап алғанын, жемқорлық бүгінгі жүйенің «төл шығармасы» екенін сөз етті.

Президент бұл мәжілісте «сыбайлас жемқорлықпен күресті ешкімнің бет шырайына, лауазымына, шен-шекпеніне, байланыстарына қарамай жүргізу керек» деді. Мәселе тек оны кімнен бастап жүргізуге тірелетінінде.

Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламасын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламасын дәйекті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды.

Сонымен, Елбасы бұл мәселеге қатты көңіл бөліп отыр. Бірақ Қазақстан сыбайлас жемқорлықты тудырып отырған себептердің жан-жақты зерттелмеуінің салдарынан ойдағыдай нәтижеге жете алмай отыр. Мысалы, «Transparency Internatіоna» халықаралық мемлекеттік емес ұйымының мәліметтері бойынша Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі жағынан Гватемала, Лаос, Замбия, Никарагуа және Парагвай сияқты елдер қатарында екен. 10 балдық бағалауда Қазақстан 2, 6 балл алған. Ал, мамандардың пікірінше, 3 баллдан төменгі баға мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің шарықтағандығын көрсетеді екен.

Сыбайлас жемқорлық ұғымымен қарағанда, оның көрініс табу түрлерімен және формаларымен байланысты мәселелерді зерттейді, сыбайлас жемқорлық жайындағы отандық және шетелдік заңнамаларға, билік органдарындағы жемқорлықтың себептері мен жағдайларына талдама жасайды, бұл қылмысты шектеудің нақты шараларын ұсынады. Сонымен қатар, мемлекеттік билікке, мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыстарды саралау мәселелерін зерттейді, ҚК нормаларындағы даулы тұстарға талдама жасайды, қылмыстардың жаңа құрамдарын айқындау әдістемесін, сондай-ақ ҚК-нің Ерекше бөліміне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар ұсынады. Бұл ғылыми тұрғыдан да, практикалық жағынан да қызығушылық тудыратын мәселелер.

Жалпы, билік өкілдерінің арасында ұйымдасқан сыбайлас жемқорлықтың дендеуі мемлекетке айтарлықтай қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық демократиялық механизмдерді бұзады, мемлекеттік институттардың жұмыстарына кері әсерін тигізіп, халықтың мемлекеттік құрылымдарға деген сенімін жоғалтуға әкеліп соқтырады. Түптің түбінде бұның барлығы мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізіп, халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайының төмендеуіне әкеліп соғады.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын ала іс-қимыл жасаудың мемлекеттік саясаты билік құрылымдарының ашықтығы мен қоғамның бақылауында болуын; мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуды және мемлекеттік бақылау органдары жүйесін оңтайландыруды; сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін фактор ретінде мемлекеттік қызметшілер жағдайының тұрақсыздығын болдырмайтын кадр саясатын жүргізуді; азаматтардың тәуелсіз, сырттан және әсіресе сот жүйесінің өзінен сыбайлас жемқорлық әсер етуден тәуелсіз сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз етуді көздейді. Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр.

Барған сайын өріс алып бара жатқан сыбайлас жемқорлық қазіргі кезде тек заңгерлердің ғана емес, философия, саясаттану, әлеуметтану, экономика психология және басқа салалардың мамандарының да назарын аударып отыр. Бұл қылмыста өзінше ерекшелік бар. Ол ұйымдасқан қылмыстың бас пайданы көздейтін, экономикалық және кәсіби қылмыстардың жиынтығын береді. Екінші жағынан онда қылмыстық жауапкершілік көзделген нақты қылмыстың сипаты бар. Кеңестік заңнамада сыбайлас жемқорлық ұғымы болмағанмен лауазымдық қылмыстар қарастырылған болатын, ал олардың көбісі қазір жемқорлық қылмыс деп саналады.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі көптеген ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Жемқорлық қылмыскерлігінің бұрындары қаншалықты қарастырылғандығына жасалған талдау мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді:

- жарияланымдар көп болғанмен, мемлекеттік функциялар атқаратын адамдардың жемқорлығымен күресуге арналған кешенді жұмыстардың тапшылығы бар;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарға енгізілген бірқатар өзгерістер әлі де болса жетілдіруді керек етеді.

Зерттеудің мақсатына мыналар жатады:

1) салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заң нормаларын қолданумен байланысты едәуір маңызды теориялық және практикалық проблемаларды шешу;

2) мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің кейбір түрлерінің криминалдану мәселелерін кешенді зерттеу;

3) осы проблемаға қатысты қылмыстық заңдарды және мемлекеттік қызмет туралы заңдарды ары қарай жетілдірудің жолдары мен әдістерін іздестіру;

4) билік органдарындағы сыбайлас жемқорлықты шектеу жөнінде нақты шаралар мен ұсыныстар даярлау.

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер жүзеге асырылуы тиіс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
Өндіріс орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
Саяси сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептердің негіздері
Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Педагогикалық тәжірибе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz