Қазіргі информатика курсы дүние жүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс



Кіріспе

Қазіргі информатика курсы дүние жүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ
құбылыс болып табылады. Өткен 1985 жылдан бастап информатика пән ретінде
өзгеріске түсті. Ақпаратты қорғау мен ақпарат қауіпсіздігі, деректер мен
мағлұматтардың тұрпаттала өрнектелуі, әлеуметтік информатика және тағы
басқа осы сияқты бағыттар пайда болды. Жоғарғы оқу орнындағы информатика
курсының зерттеу тақырыбын белгілеп, сонымен қатар оның пән саясын
айқындауға әрекет жасайды.
Бірінші электрондық есептеуіш машиналар біздің елімізде XX 5ғасырдың
50 жылдарының басында пайда болды. Бұған қоса адамзат қызметінің жаңа
саласы – электронды есептеу машиналарына бағдарлама жасау қарқынды дами
түсті. Өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде де тіл құралы мпен
әдістерінің жетілмегендігіне қарамастан, ЭЕм-ге бағдарлама жасау,
оқушылардың оны қабылдауына және түсіну мүмкіншілігіне шек қоятын қандай да
бір принцптік қиыншылықтарды тудырмайтынын айта кету керек. Бұған қарапйым
түсініктеме бар: ЭЕМ-ге қиын емес оқу бағдарламаларын құрастыру жеткіншек
жастағы оқушының шамасы келетін, қарапайым және жалпы маңызды ұғымдардың
шектелген ауқымына сүйенеді. Алғашқы ЭЕМ-дердің ғылыми-зерттеу
мекемелеріндежәне жоғары оқу орындарының ірі орталықтарында пайда болуынан
кейін, бұған, яғни ЭЕМ-ге кіру және машина уақытына иелік ету мамандардың
ынта-ықпалымен және олардың оқушылармен ізденушілік жұмыстарына деген
қызығушылықтарына сәйкес келіп жатты, осыдан кейін ЭЕМ-де бағдарлама
жасауды оқып үйренетін оқушылар топтары пайда бола бастады.
Қысқа мерзім ішінде осындай бағыттағы жұмыстарға еліміздің ғылыми-
зерттеу институттарынан жеке университеттерінен жаңашыл – оқымысты
ғалымдары қосылды. Бұл алғашқы қадамдар оқушыларға жүйелі бағдарламалау
оқу курсының жасалуына тікелей қатысы болмады, бірақ оқушыларды
бағдарламалауға оқыту идеясының орындалатынын дәлелдеді.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы
Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
Мақсаты: елді әлеуметтік – экономикалық дамытуды талаптарына сәйкес
басқару және қызмет көрсету еңбегінің орта буын білікті мамандарына деген
қоғам және экономика қажеттіліктеріне қанағаттандыру.
Міндеттері: орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беретін оқу
орындарының қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық және оқу
әдістемелік база құру;
Орта білім беру базасында қоғамның экономиканың және азаматтардың
қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіптік білім берудің әртүрлі деңгейлердің
қол жетімділігі мен таңдау шарттарын қамтамасыз ету;
Оқытудың кредиттік жүйесін енгізу негізінде орта білімнен кейінгі
кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын әзірлеу;
Жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес басқару және қызмет көрсету
еңбегінің біліктілік деңгейі жоғары орта буын мамандарын даярлаудың
сапасын қамтамасыз ету;
Басқару және қызмет көрсету еңбегінің орта буын мамандарын даярлауға
мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және бөу тетігін енгізу.

1.2 Тақырыптың күрделілігі және оның сипатамасы
Менің курстық жобамның тақырыбы 9-сынып бағдарламасы, "Алгоритм және
программалау" тақырыбының "Сызықты алгоритмді программалау". Бұл
тақырыпқа жалпы 2 сағат бөлінген. Соның ішінде менің тақырыбыма 1 сағат
бөлінген.
Бұл тақырыптың маңыздылығына тоқталатын болсақ, алгоритмдеу ролі адам
өмірінде тек оны пайдаланудың ғылыми-техникалық аспектілерімен ғана
шектелмей адамның күнделікті тұрмысында, олардың әдеттегі жұмысында
қолданылады.
Кез келген адам күнделікті жұмысқа кезігеді, ал оларды атқарудың
жолдарын көрсететін белгілі ережелер(нұсқаулар, ұйғарымдар) болады
Алгоритмді кескіндеудің бірнеше әдістері бар. Олар: табиғи тіл,
графикалық тіл, алгоритмдік тіл және бағдарламалау тілі. Бейнелеудің әр
түрі алгоритмдерді кескіндеудің өз орындаушысына бағытталған өзіндік
құралдары бар:
- табиғи тіл(орындаушы – адам)-орыс, қазақ, ағылшын, т.б тілдердің
сөздері;
- графикалық тіл (орындаушы – адам) - әрекеттер сипаттамасы бар
графикалық сызбалар( блок – сызбалар және ағаш тәріздес бейнелеу);
- алгоритмдік тіл ( орындаушы – адам ) - әрекет немесе орындаушыға
арналған командалар мағыналары берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері;
- бағдарламалау тілдері ( орындаушы- компьютер ) – бағдарламалау
тілінің командалары.

ІІ. Шебердің сабаққа дайындығы
2.1 Тақырыпқа дайындығы
Мен тақырыпқа дайындалу үшін мұғалім ретінде тақырыпты зерттегенде,
оқу материалдарын оқып білемін және де осы тақырып бойынша өткен оқу
жылында жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескеремін.
Жеке сабақтардың жоспары - ол әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты
болып табылады. Менің өз тақырыбым жөнінде алдын-ала қандай жұмыс
жүргізетіндігім анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар –тиімді өткен
сабақ болып табылады.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімдерінің жеке
жоспарының үлгісі төмендегідей:
1. Оқу бағдарламасының берілген тарау бойынша сабақтың күні мен реттік
саны анықталады.
2. Тақырыбы.
3. Тақырыптың мақсаты.
4. Тақырыптың құрылымы және дидактикалық кезеңдері.
5. Тақырыптың мазмұны
6. Оқыту әдіс-тәсілдері
7. Үй тапсырмасы
8. Қорытынды

2.2 Сабаққа дайындығы
Сабаққа мұқият дайындау оның мазмұны мен ұйымдастыру әдісімен
ойластыру жұмысын әрбі мұғалім өзінің ең басты міндеті деп сезінуі тиіс.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын
пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты
жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ
оқытуында ірі кемшіліктері болмақ. Бұл-педагогтік стажы бар көп
мұғалімдерге де қатысты.
Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық
процестің күрделігінен туады. Соған сәйкес мұғалімінің сабаққа әзірленуі
барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек.
1. Сабақтың мақсаты қандай?
2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде
нені үйренеді?
3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қандай?
4. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?
5. Сабақта қандай әдістер және көрнекі құралдар пайдаланбақ?
6. Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын қою
керек?
7. Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында
қандай жаттығулар беру керек?
8. Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек?
Әрбір сабақтың мазмұнына байланысты оны үш бөлікке бөледі:
кіріспе бөлім, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Төмендегі кестеде осы
кезеңдер көрсетілген:

Сабақ бөлімдері Оқытушының қызметі Оқушының қызметі
Кіріспе бөлім Ұйымдастыру бөлімі. Жаңа Оқытушыны тыңдау, ескі
(Кіріспе нұсқау) сабақтың мақсатымен, сабақты қайталау, еске
жоспарымен таныстыру, топтытүсіру және жаңа
бригадаға бөлу, сабаққа дайындалу
т.б.
Негізгі бөлім Жаттығуларды орындап Берілген тапсырманы өз
(Ағымдық нұсқау) көрсету, тапсырма беру, бетінше орындау,
берілген тапсырмаларды іздену, оқытушының
жинап алу, тексеру, талдау,бағасымен бірге
бағалау. өзіндік баға беру,
кемшіліктерін түсіну,
қайта орындап көру
Қорытынды бөлім Жаңа тақырыпты бекіту. Түсінбеген сұрақтарына
(Қорытынды нұсқау) Үйге тапсырма беру талдау жасау. Үйге
берілген тапсырманы
жұмыс дәптерлеріне
белгілеу.

Өтілу түрі бойынша сабақтар теориялық, практикалық және лабораториялық
болады.
Теориялық сабақта (лекция) оқытушы негізгі заңдылықтарды,
принципртерді түсіндіреді, яғни, баяндама жасайды. Мұнда оқушылар тек
тыңдайды, қажеттісін жазады. Теориялық сабақтар әдетте жаңа тарауды,
тақырыпты бастауда жүргізіледі. Теориялық сабақта оқытушының терең білімі,
эрудициясы жан жақты көрінеді (оқытушының жұмысы – 85 % ден астам,
оқушылардың жұмысы – 10-15 %).
Практикалық сабақта (семинар) оқушылар негізінен тапсырма орындайды,
яғни, мұнда жұмыс істеу пайызы керісінше (оқушылардың жұмысы – 85 % ден
астам, оқытушының жұмысы – 10-15 %). Бұл сабақтарда оқушылардың
жауапкершілігі, іскерлігі, біліктілігі жан жақты көрінеді.
Лабораториялық сабақ (зерттеу сабағы) - өтілген проблема, мәселе
бойынша ғылыми - зерттеу (эксперимент) жасап, әр түрлі шешімдерін алу
сабағы. Бұл сабақтың ерекшелігі – арнайы кабинеттің (шеберхана,
лаборатория) қажеттілігі және студенттердің сәйкес білімінің қажеттілігі.

2.3 Сабаққа және тақырыпқа материалды-техникалық базаны дайындау және
оқушылардың жұмыс орнын жабдықтау

Көрнекі құралдардың келесі түрі – экрандық (аудио, бейне)
материалдарды пайдалану тәсілдері. өкінішке орай, алдыңғы айтқан көрнекі
құралдар түріне қарағанда мұны пайдалану сирек. Өйткені, оқу филмьдері,
диафилмьдер, шығарылған филмьдер мен диафилмьдер қолданылады (олар
слайдтар, т.б. экрандық көрнекі құралдар орталықтандырылып шығарылып, пәнді
теориялық оқытуда көбірек қолданылады. Өндірістік оқытуда негізінен
ертеректе көбінесе слесарлық жұмыстарды атқаруға, олардың операцияларының
бейнефилмьдер мен ақпараттық технология қызметін пайдалану мүмкіндіктері
мол. Өндірістік оқыту материалдарын игертуге пайдаланылатын орындалу
бірізділігін көрсететін филмьдер). Бұл салада кейінгі кезде кең өріс алған
әдістің бірі – оқушылардың өзіндік бақылауы. Бұл әдіске жататындар -
өндірістік экскурсия, практика өткізілетін цех, учаске мен ондағы
құрылғылармен және жабдықтармен таныстыру.
Көрнекілік – оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс
бітімін, сыр – сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап,
құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
Көрнекілік түрлері: Нақтылы, табиғи көрнекілік, суретті көрнекілік, көлемді
көрнекілік, дыбыстық көрнекілік, символикалық, графикалық көрнекілік,
салыстырмалы көрнекілік.

Көрнекті қүралдар жасап қолдануда мұғалімдер төмендегідей талаптарды
ескерген жөн:
1. Көрнекті құралдар оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.
2. Әр көрнекті құрал өткізілетін тақырыптың мазмұнын ашып,
толықтыратындай дәрежеде болуы тиіс.
3. Көрнекті құралдар эстетикалық тәрбие беру мақсатын көздеп, балалардың
талғамын өсіретіндей әсем, ұқыпты, тартымды орындалғаны жөн.
4. Көрнекті құралдар жүйеленіп жинақталған күйінде пайдалануға дайын
тұруы тиіс.

2.4 Тақырып бойынша сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сызықты алгоритмді программалау
Сабақтың түрі: Зертханалық сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жалпы алгоритм жайлы түсінік
беру және олардың түрлерімен таныстыру, оларға
сипаттама бере отырып түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,
дамыта оқыту негізінде олардың іс-әрекеттерін
белсендіру.
Тәрбиелілік: Оқушылардың бойында информатика пәніне
деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Сабққа қажетті техникалық құрал-жабдықтар: Компьютер, интерактивті

тақта, мультимедиалық проектор.

Сабаққа қажетті көрнекі құрал-жабдықтар: плакат, үлестірмелі
карточкалар, дидактикалық
материалдар, геометриялық
кескіндер.

Сабақты өтудің әдістері: ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап, бақылау, талдау,
бағалау.
Сабақта пайдаланылатын әдебиеттер: Информатика. 9-сынып. Н.Ермеков,
В.Криворучко, Л.Кафтункина

Сабақтың өту барысы:

1. Кіріспе нұсқау. (Оқушылары ұйымдастыру, үй тапсырмасын
тексеру, жаңа сабақты түсіндіру)

2. Ағымдық нұсқау. (практикалық тапсырмаларды тарату, орындау,
талдау)

"Ханзада мен Ханшайым ертегісі" ойыны.

3. Қорытынды нұсқау. (Жаңа сабақты қорытындылау, оқушыларды
бағалау, үйге тапсырма беру)

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу
2. Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау.
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қайталау сұрақтары:
1. Алгоритм сөзінің шығу тегі?
2. Алгоритм дегеніміз не?
3. Алгоритм жасалуының неше түрі бар және оларды ата?
4. Алгоритмдердің құрылымын, құру әдістерін үйрену үш көрсетімде бірден
жүреді соларды атап өтіңіз?
5. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
6. Алгоитм қандай қасиеттерге ие?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Қазіргі заманда адам көп істі көмпьютерді пайдалану арқылы тқарады.
Кез келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға
жеткізетін әрекеттердің алдын-ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің
негізінде программа түзіледі. Яғни есепшешушінің алгоритмі оны компьютеде
орындауға жарамды түрде жазылады.Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті
шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені
көрінеді. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу
деп аталады. Қазіргі қоғам өміріндегі алгоритмдеудің ролі оны пайдаланудың
техникалық аспектілерімен ғана айқындалмайды. Алгоритмдік қатынас
адамдардың кнделікті өмірінен, олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз. Басым
көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның өз әрекеттерінің алгоритмдік
мәнін қаншалықты дәл білетіндігіне тәуелді: ір мезетте, қандай ретте не
істеу керек, әрекеттер қорытындысы қандай болу керек. Бұл белгілі дәрежеде
алгоритмдерді құрастыру мен пайдалана білуге қатысты.
Алгоритм құрастырылғанда мынадай талаптарды ескеруіміз керек:
1. Алгоритм айқын, аяқталған әрекеттер болып табылатын жеке қадамдарға
бөлінуі керек. Орындаушының келесі қадамға өтуіалдыңғысын аяқтағаннан
кейін ғана мүмкін. Алгоритмнің жеке қадамдардан құрыла алатын қасиеті
дискреттігі деп аталады.
2. Алгоритмнің әр ұйғарымы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуға
тиіс, яғни олар бір мағынада түсініліп, қайталанатын алғашқы деректер
бойынша біріңғай нәтижелерге әкелуге тиіс. Алгоритмнің бұл қасиеті
анықтығы деп аталады.
3. Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл біртипті мәселелерді
шеше алатын мүмкіндігі бар. Мыслы квадрат теңдеуін шешетін алгоритм
оның түбірін кез келген коэффицент мәндерінде табуға мүмкіндік
береді, ал жол жүру ережелері баршаға ортақ. Алгоритмнің бұл қасиеті
көпшілікке бірдейлігі деп аталады.
4. Нәтижелігі:Айқын белгіленген әрекеттер тізімінің әрқайсысы нәтижеге
жеткізе бермейді. Мысалы, шахматты 10 жүрістен тұратын ұтылыссыз
ойын стратегиясы бр, бірақ оны түгел орындауға адам баласының ғұмыры
жетпейді. Орындаушы үшін ол орындап отырған әрекеттер тізімі, егер
олар мәселені қолайлы мерзімде шешуге жеткізсе, алгоритм болып
есептеледі. Осылайша алгоритм мынадай қасиеттерге ие: дискреттік,
анықтық, көпшілікке бірдейлік. Егер алгоритмдердің жасалу құрылымын
қарасақ, олардың жасалуының үш негізгі түрін атап көрсетуге болады:
сызықты, тармақталғн, циклдік.
Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен
орындайтын болса, алгоритм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауқымды желі
Информатиканың программалық құралдары. Мектептік ДЭЕМ үшін негізгі программалау тілдері
Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері жайлы
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі
Информатика пәнінен үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі
Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесінде алатын орны мен ролі
Информатиканы оқыту әдістемесі
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Пәндер