СЫН ЕСІМ МӘНДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР


СЫН ЕСІМ МӘНДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Н. Қошанова - ф. ғ. к., доцент
ХҚТУ, Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы
Қазақ тілінің тұрақты тіркестердің грамматикалық ерекшеліктері осы тілдің жалғамалы сипатымен астасып жатады. Қазақ фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде арнайы сөз болатын әрқайсысында тұрақты тіркестердің синтетикалық тәсілмен де, аналитикалық тәсілмен де жасалуы; тұрақты тіркестердің сөз тіркесі құрылымдас, сөйлем құрылымдас деген екі негізгі структуралық типтері; тұрақты тіркестердің контекст аясында форма жағынан өзгеріске түсу-түспеуіне байланысты: еш өзгеріске ұшырамай, өзінің дербес формасын сақтайтындар; өзге сөздермен қатынасқа түсіп, форма жағынан өзгеріп, қосымшаларды, сүйемел сөздерді бойына дарытатындар болып екі топқа жіктелетіні; жеке тұрғанда сөз тіркесімен, сөйлеммен орайлас болып келетін тұрақты тіркестердің сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалуы туралы қарастырылады.
Құрамына сөздер дараланбай, дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбей тұтасып келіп, бір ғана жиынтық фразеологиялық мағынаға біріктірілетін, құрылымдық тұрғыдан тіркестік тиянақтылық пен тұрақтылыққа ие болып келетін фразеологизмдердің бір бүтін бірлік ретінде лексикалық бірлік-сөзге ұқсайтын жағы да бар. Г. Смағұлова: «ФБ-тер мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бір сөздің орнына жүретіндіктен, әрі сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаратындықтан, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағыныңқы болады» [1, 246], -дейді. І. Кеңесбаев фразеологизмдерді сөз таптарына қарай классификациялау күрделі мәселелердің бірі екендігін айта келіп, тұрақты тіркестердің семантикасы мен тұлғасы жеке сөз табына барабар келмейтіндігін, белгілі бір сөз табының қызметіне жуықтайтын ғана фразеологизмдер болатындығын, ал фразалық түйдек болса, ол белгілі бір сөз табының қызметінен мүлдем алшақ жататындығын ескертеді [2, 617] .
Тіл білімінде фразеологизмдер біртұтас мағынасы мен компоненттерінің ара қатынасына, контекстегі басқа сөздермен байланысу жолына қарай лексико-грамматикалық топтарға, яғни сөз таптарына қарай бөлінеді.
Ә. Қайдаров пен Р. Жайсақовалардың қазақ тілінің фразеологизмдерін классификациялауы төмендегіше: есімді фразеологизмдер; етістікті фразеологизмдер; одағай түрі; адвербиалды түрі; сөйлеу штампы түріндегі фразеологизмдер [3, 46] .
Ә. Болғанбаев фразеологизмдерді таза сөз таптық тұрғысынан жіктейді: етістік мағыналы фразеологизмдер; сындық мағыналы фразеологизмдер; заттық мағыналы фразеологизмдер; үстеу мағыналы фразеологизмдер [4, 24] .
Г. Смағұлова қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің қайсысының қай сөз табына қатыстылығы тек шартты түрде семантикалық құрылымына қарай, ішкі мағына тұтастығына және сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарап, төмендегіше топтастырады: етістік мағыналы фразеологизмдер; есім мағыналы фразеологизмдер, үстеу мағыналы фразеологизмдер, одағай тұлғалы фразеологизмдер, әр тарапты (модаль) сөздерден жасалған фразеологизмдер, сөйлеу дағдысында (речевой штамп) қолданылатын фразеологизмдер [1, 55] .
Жалпы қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің қолданылу жолдары әр алуан.
Тұрақты тіркестердің формасы сөз тіркесінің формасына ұқсас, бірақ сөйлемде сол сөз тіркесінің бір ғана сыңары болып басқа сөздермен грамматикалық байланыста болады. Сөз тіркесі құрылымдас тұрақты тіркестердің сыртқы құрылымына қарап, еркін сөз тіркесі деуге толық болады, өйткені сөз тіркесіне тән белгілерге жауап береді. Осы тұрғыдан Г. Сағидолдақызы мұның себебін әрбір тұрақты тіркестің түптегі нақты бір еркін тіркеске барып саятындығымен, сол еркін тіркестің ауыспалы мағынада қолданылуынан өрбитін фразеологизмнің тұлғалық негізінде о бастағы еркін тіркеске тән тілде бұрыннан бар құрылымдық-синтаксистік модель жатқандығымен түсіндіреді [5, 67] де, сөз тіркесі құрылымдас тұрақты тіркестерді былайша мағыналық-грамматикалық топтарға жіктейді: етістік мағыналы образды фразеологизмдер; есім мағыналы образды фразеологизмдер; үстеу мағыналы образды фразеологизмдер; әр тарапты сөздердің қатысуымен жасалған образды фразеологизмдер.
Етістік мағыналы образды фразеологизмдер негізінен соңғы сыңары етістіктен болған тұрақты тіркестер жатады. Мағынасы - қимыл іс-әрекет. Оларды басқаша етістікті тұрақты тіркес деп те айтуға болады. Әйтсе де, барлық етістікті тұрақты тіркестер етістік мағыналы болып келе бермейді. Мысалы, ұр да жық, ас та төк деген етістікті тұрақты тіркестердің сөз табылық мағынасы - сындық мағына, қандай деген сұраққа жауап береді. Бұлардың мағынасы сындық мағына болғандықтан, сөйлемде мұндай түбір етістікті тұрақты тіркестер жалаң тұрып анықтауыштық қызмет атқарады. Кейде -лар, (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) көптік жалғауы жалғанып келіп, субстантивтенеді де, сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалады.
Етістікті тұрақты тіркестерді әуелі іштей құрамына қарай таза етістікті және есім+етістікті деп бөлеміз. Таза етістікті тұрақты тіркестердің басыңқы сыңары негізгі етістік те, көмекші етістік те бола беруі мүмкін. Таза етістікті тұрақты тіркестердің іштей тұлғалануы сан алуан. Көбінесе көсемшелі етістіктегі тіркесі кездеседі. Көсемшенің -ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы етістіктерден жасалған тұрақты тіркестер: өліп-өшіп, отырғызып кетті, ұрттап ішіп, шайқап төкті, пысқырып қарамады, өкшелеп қуды, сарыла күтті, сипай қамшылады, қаңғыртып жіберді, өзім өз, көйлегім бөз болғалы, көзін ала бере, қаймағы бұзылмай, кірпік қақпай, беті былш етпей, қара терге малшынып, тиіп қашты т. б.
Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай классификациялауда ең бірінші мәселелердің бірі. Бір ескертетін жай: бұл тізбектердің ішінде мызғымастай болып қалыптасқан сөз таптары бар деп, үзілді-кесілді тұжырым жасауға болмайды. …Олар зат есім, етістік, үсеу т. б. сөз таптарымен тең мағыналы емес. Себебі, фразеологизмдердің тұлғасы мен семантикасы жеке сөз табының қызметіне жуықтайтын ғана фразеологизмдер бар, ал фразалық түйдек (идиом) болса, ол белгілі бір сөз табының қызметінен мүлдем алшақ жатады. Бұған мынадай мысал келтіруге болады. Зат есімге жуықтайтындары: көк өрім, бау кеспе, без бүйрек т. б. Етістікке жуықтайтындары: аузын ұстап қалды, ала жіп аттамады, арқа сүйеді, аузымен орақ орды т. б. Үстеуге жуықтайтындары: көзге шыққан сүйелдей, қас пен көздің арасында т. б. Сын есімге жуықтайтындары: бармағынан бал тамған, екеуінің жұлдызы ыстық т. б. » [2, 617] .
Фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстылығын анықтау үшін, негізгі сөз бен жалпы тіркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстырып отыру қажет [6, 200] .
Ж. Қоңыратбаева ХХ ғасыр басындағы проза материалдары бойынша жүргізген зерттеуінде тұрақты тіркестерді ұйғыр тілінің маманы Ч. Г. Сайфуллиннің фразеологизмдерді сөз табына қарай топтастыруын пайдаланады:
І. Затық мағыналы фразеологизмдер:
- зат есім - зат есім:табан ақы, маңдай тер, жылдың құсы, алланың бұйрығы, құдайдың жазуы т. б.
- сын есім - зат есім:гауһар тас, шұбар төс, жуан тұқым, қу тірсек т. б.
- сан есім - зат есім:екі дүние, он сегіз мың ғалам, бес батпан т. б.
ІІ. Сындық мағыналы фразеологизмдер.
ІІІ. Үстеу мәнді фразеологизмдер.
- Мезгілдік ұғымды білдіретін фразеологизмдер:қылышынан қан тамып тұрған кезінде, бие ағытар уақытта т. б.
- Мекендік ұғымды білдіретін фразеологизмдер:әу дегендей жер, аяқ тастам жерден, тар жерде т. б.
- Сын-қимыл мәнді фразеологизмдер:бармақ тістеп, иіліп төсек, жайылып жастық болып, місе тұтпай, тіл тартпай т. б.
- -дай\-дей жұрнақты есімшелерден болған салыстырмалы конструкциялар:буына нан піскендей, иманы тітіркегендей, әзірейіл шеңгелі тигендей т. б.
ІҮ. Етістік мағыналы фразеологизмдер.
- Жалаң етістікті фразеологизмдер:күні туды, сағы сынды, отқа салды, қарасын таныды, екі сөйлемейді, бетін шиедей қылды т. б.
- Күрделі етістікті фразеологизмдер:еліріп кетті, таң асып тұр, іштері жарылып кете жаздады, басын ала қашты, жерге кіріп кете жаздады т. б.
Ү. Одағай мәнді фразеологизмдер.
- Жағымды эмоциялы фразеологизмдер:Өркенің өссін! Құрметің құдайдан қайтсын! Күдеріңді үзіп, тауың шағылмасын т. б.
- Жағымсыз эмоциялы фразеологизмдер:Жерді қап, жемтігіңді жегір! Басқан ізінен садаға, Ләйім көздерің ашылмасын! т. б. » [7, 12-17] .
Ғалым А. Ысқақов күрделі сын есімдердің жасалуына тоқтала келіп, бір жолы тұрақты тіркестер екені көрсетіліп, мынадай мысалдар келтіреді: ақ көңіл, ақ жүрек, ақ пейіл, ашық ауыз, ала аяқ, ала қол, сүмбіл шаш, бөкен қабақ, қаз мойын, қарға тұяқ, мысық құйрық, түлкі мұрт, көңіл көтерерлік, түс шайысарлық, қабырға қайысарлық, күн көрерлік т. б. тәрізді тұрақты тіркестер [8, 190] . Енді сын есім мәнді фразеологизмдер табиғатына көңіл бөлелік.
Қазақ тіліндегі фразеологиялық мағына тарапынан үйлесім тауып жататын образды фразеологизмдердің қайсыбіреулері ауыс мәнде келіп, заттық ұғым арқалап, заттың жай атауы емес, бейнелі атауы болып келетін болса, енді бірсыпырасы заттың сын-сипатын бейнелеп, суреттеп көрсетеді. Сондықтан да есім мәнді образды фразеологизмдерді іштей екі топқа бөлуге болады:
- заттық мағыналы (субстантивтенген) фразеологизмдер;
- сындық мағыналы (адъективтенген) фразеологизмдер.
Қазақ тіліндегі фразеологиялық мағына жағынан сәйкесім тауып жатқан сындық мағыналы тұрақты тіркестердің құрылымдық және семантикалық ерекшелігі деп мыналарды атауға болады:
а) зат есім мен негізгі сын есімнің тіркесуі: «мырза, береген» мағынасындағы қолы ашық , «кедей, жарлы» мағынасындағы қолы қысқа , «ойланбастан сөйлей салатын адам» мағынасындағы аузы жеңіл, «сөзге сараң адам» мағынасындағы аузы ауыр , «көңілшек адам» мағынасындағы иі жұмсақ т. б.
ә) зат есімдер мен туынды сын есімдердің үйірлесіп келуі: «жалғыз басты; бойдақ» мағынасындағы салт басты, сабау қамшылы; «бірінен бірі асып тұрғаны шамалы, бірдей» мағынасындағы апама жездем сай, т. б.
б) қазақ тіліндегі зат есім, -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімше, -дай/-дей жұрнақты сын есімдердің тізбектеле тіркесуінен тұратын тұрақты тіркестер: «тіл ауызсыз, өңкиген» мағынасындағы аузын буған өгіздей, «өз білері жоқ, ерме» мағынасындағы мұрнын тескен тайлақтай , «сүмірейген, ұсқыны қашқан» мағынасындағы сүтке тиген күшіктей , т. б.
в) есім компоненттердің -дай/-дей теңеулік сипаттағы жұрнақтармен түрленген есімшемен тіркесуі: «бір-бірімен қатты ұқсайтын» мағынасындағы бір анадан туғандай , «үнсіз» мағынасында жағы қарасып қалғандай , «ұсқынсыз, кейіп-кеспірі кеткен» мағынасындағы көрден шыққандай , мүлдем ұқсамайтын» мағынасында жер мен көктей, «күндес, өштес» мағынасындағы ит пен мысықтай т. б.
г) қазақ тілінің тәуелденген зат есім + негізгі сын есім моделімен келетін тұрақты тіркестер сындық мағынада жұмсалады: «өсекші» мағынасындағы тілі ұзын, «сәуегей» мағынасындағы аузы дуалы, «таяз ойлы әйел заты» мағынасындағы шашы ұзын, ақылы қысқа, «өте білімді», «бірнеше елдің тілін білетін адам» мағынасындағы төбесі тесік, т. б.
ғ) қазақ фразеологизмдерінің сыңарларының әр түрлі сөз таптарына қатысты болуы: «қатты суық» мағынасындағы ақ қар, көк мұз , «ынтымақ, бірлігі жоқ берекесіз» мағынасындағы алты бақан ала ауыз т. б.
Ж. Қоңыратбаева сындық мағыналы фразеологизмдердің құрылымдық табиғатын төмендегіше көрсетеді:
- сын есім - сын есім:жүйрік ат, игі жақсы т. б.
- зат есім - сын есім:еті тірі, қолы қысқа, ай мүйізді, аша тұяқты т. б.
- сын есім - зат есім:нашар адам, қызыл сирақ т. б.
- сан есім - туынды сын есім:бір ауызды, бір сөзді, бір сырлы т. б.
- Есімше оралымды сындық мағыналы фразеологизмдер:тіс қаққан, сөз салған, тізесі батқан, соры ашылмаған т. б.
- салыстырмалы фразеологиялық конструкция:мүйізі қарағайдай, аққудың көгілдірігіндей, кісі жұтып қоярдай т. б. [7, 12-17] .
Проф. Г. Қосымова қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табының мағынасын беруіне заттанған (субстантитивті) фразеологизмдер; сын есімге айналған (адъективті) фразеологизмдер; үстеуге айналған (адвербиалды) фразеологизмдер; етістік тұлғалы (вербальді) фразеологизмдер; одағай мәнді фразеологизмдер деп беске бөліп қарастырады [9] .
Фразеологизмдердің компоненттері бір-бірімен өзара тәуелді сыңарлардың негізінде белгілі, тұрақты болады да, сөйлеу процесінде жасалмайды, сондықтан екі сыңардың арасында грамматикалық байланыс көмескіленген де, қазіргі кезде тұрақты байланысқа өткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz