Сын тұрғысынан ойлау және оны дамыту туралы психологиялық-педагогикалық көзқарастар


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының педагогикалық негізі

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ

1. 1 Білім беру жүйесінде қалыптасқан оқытудың дәстүрлі және жаңа

бағыттары

  1. Бастауыш мектепте оқытудың әдістері мен технологияларын таңдау
  1. ТАРАУ. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІСын тұрғысынан ойлау және оны дамыту туралы психологиялық-педагогикалық көзқарастар

2. 2 «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясын мектеп практикасына ендіру тәжірибесінің тиімділігі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мектепте оқытудың негізгі бағыттары оның екі сипаттамаларының айналасында қалыптаса бастады: оқушылардың білімді өз бетінше алу қабілеттерін қалыптастыру және оларды басқаруға болатындығы туралы(3, 18б. ) . Жаңа педагогикалық технологиялардың аса үлкен жылдамдықпен дамуына қарамастан олардың ешқайсысының таза түрде емес, түрлі технологиялардың элементтері ретінде берілетіні анықталды. Алайда барлық технологиялардың ортақ талаптарына оқытудағы тәрбиелеушілік, дамытушылық сипат жататыны белгілі.

Білім беру мен оқыту бағыттарын кейбір жалпы негізделген позиция-дан қарастыруға болады. Орыс психологы И. А. Зимняяның классификациясы бойынша қазіргі оқыту формаларының төмендегідей түрлері айқындалған(8, 12) .

Оқушы мен оқытушының тікелей өзара байланысы негізіне сәйкес -контактілі және дистанциялы оқыту. Контактілі оқыту формасына дәстүрлі оқытудың барлық бағыттары жатады, ал дистанциялы оқытуға - арнайы жабдықталған оқу құралдары арқылы арақашықтықтан басқару мен оқыту жатады. Оқытудың саналалығы(интуитивті) принципі негізінде тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасатын оқыту сипатын айтамыз. Бұл, мысалы, Л. С. Выготскийдің анықтамасы бойынша баланың ана тілін интуитивті негізде қабылдауы немесе меңгеруі, яғни «төменнен-жоғарыға» ауысуы саналы түрде жүргізілуі деп түсіндіріледі(10, 31) .

Саналылық принципіне негізделген оқыту теориясын қарастырғанда «Оқыту процесінде таным обьектісі болып не табылады ? » деген сұраққа жауап беру өте маңызды. Егер оқушылар тек қана ережелер мен құралдарды ғана қабылдаса, онда бұл форма дәстүрлі, хабарлаушы, догматикалық оқыту деп аталады. Егер бұл нақты ережелерге бағынған әрекеттерді қабылдау болса, ол ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыратын теорияға сәйкес келеді. Егер бұл әрекеттер алгоритмін, бағдарламаны қабылдау болса, онда оны бағдарлап оқыту немесе алгоритмдеу теориясын меңгеру деп атаймыз. Егер бұл шешілуіне қажетті құралдар, тәсілдер, әдістерді меңгеру қажет болатын проблеманы, міндеттерді қабылдау болса, оны проблемалық оқыту деп айтамыз. Білім беру процесін басқару мүмкіндіктері негізі бойынша : а) басқаруға негізделмеген оқыту(дәстүрлі) ; б) басқаруды меңгерудің басты механизмі ретінде қарастыратын оқыту ( ақыл-ой әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру теориясы, бағдарлар оқыту, оқытуды алгоритмдеу) ;

1. Білім беру мен мәдениеттің өзара байланысы негізінде: а) оқушылардың мәдениеттік дүниетанымы бойынша жобалау қызметін қалыптастыру; б) пәндік негізде оқыту(дәстүрлі оқыту) .

2. Оқытуды болашақтық қызметімен байланыстыру негізі бойынша: таңбалы- контексті, немесе контексті, контекстен тыс дәстүрлі оқыту ;

  1. Оқытуды ұйымдастыру әдістері бойынша: оқытудың белсенді әдістері мен формалары және дәстүрлі оқыту байланыстырушы әрекеттер жүйесі(ақпараттық, хабарлау сабақтары) .

Дәстүрлі оқыту жоғарыда айтылған оқыту негіздеріне сәйкес контактілі(немесе дистанциялы), хабарлаушы болып сипатталуы мүмкін(саналылық принципіне негізделген) .

Н. Ф. Талызинаның анықтамасы бойынша дәстүрлі оқыту ақпараттық- хабарлаушы, догматикалық, енжар ұйымдастыру формалары ретінде жоғарыда айтылған сипаттамаларға сәйкес келеді. Сонымен бірге дәстүрлі оқыту білімдерді меңгерудің шарттары мен талаптарына толық жауап береді, оның ішінде оқушылардың даралық- психологиялық ерекшеліктеріне қатысты. Білім беру жүйесінде дәстүрлі оқытумен қатар басқа да оқыту бағыттары : дамытушылық, проблемалық, бағдарлап оқыту, ақыл-ой әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру, алгоритмдеу, дамыта оқытуды таңбалы-контексті типте ұйымдастыру, т. б. болып табылады(8, 21) . Орыс дидактарының бірі В. Оконьнің зерттеуі бойынша, оқыту - әртүрлі бағыттардың элементтерін қамтитын көпжақты процесс. Бұл көпжақтылық оқытудың нақты бір кезеңдерінде қандай да бір бағыттың мүмкіндігінің жоғары екендігін, қажетті жағдайларда оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес таңдау мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді(8, 24 б. ) .

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына және «Білім» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамыту үшін қолайлы жағдайды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда (1, 4 б. ) .

Аталған құжаттарда оқытудың жалпы міндетті мемлекеттік стандартын әзірлеуді одан әрі жалғастырып және оқытудың құнды концепциялары мен озық технологияларын белсенділікпен енгізу керек екендігі, сонымен бірге жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбиесі үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау қажеттігі ескерілген. Атап айтқанда, бүгінгі күні елімізде білім беру мазмұнын жетілдіру мен оның сапасын көтеру мақсатында және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін оқытудың белсенді концепцияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу мәселесі көтерілуде. Сын тұрғысынан ойлаудың оқушының оқу әрекетін белсендіруге қажетті әрекеттер жүйесі екендігі А. Дьюидің, Ж. Пиаженің және Л. Выготскийдің концепциясыларында ғылыми негізделген, әрі оны оқу үрдісіне енгізу тиімді нәтиже беру мүмкіндігі көрсетілген. Қазақстанда дамыта оқыту идеясы қолға алынғанмен, қазіргі мектепте білім беру мен оқыту мәселелерінің нақты бір жүйеге, яғни теориялық негізге сүйенбеуінен және мектепте оқытудың ғылыми психологиялық-педагогикалық негіздемелерін пайдаланбаудан оқыту процесінің сапалылығы мен мұғалім қызметін күшейту мәселелері арасында қайшылық тууда. Аталған қайшылықты болдырмаудың мүмкін болатын жолдарын анықтау мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының педагогикалық негіздері» тақырыбын диплом жұмысының тақырыбы етіп таңдадық.

Зерттеудің мақсаты: сын тұрғысынан ойлау идеясы негізінде деңгейлеп оқыту арқылы мұғалім қызметін күшейту және оқушының оқу белсенділігін арттыру мүмкіндігіне психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізе отырып, оның тиімділігін көрсету

Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектептертің оқу-тәрбиесі үрдісі.

Зерттеу пәні : Бастауыш мектептердің оқу-тәрбиесі үрдісіндегі Л. Выготскийдің концепциясын қолдану әдістемесі

Зерттеу болжамы: бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану тиімді болады, егер де: мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың деңгейлеп дамыта оқыту жүйесі таңдалынып алынса және деңгейлеп оқытудың мұғалім және оқушы қызметін белсендірудегі ролі психологиялық-педагогикалық теория тұрғысынан негізделсе ; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының жеке және дербес ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, оқытудың саралап оқыту әдісін қолданса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асырса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы және өз күшіне, біліміне деген сенімін арттыру үшін мұғалім қызметінің әрекеттік белсенділігі күшейер еді, яғни білім беру мен оқыту сапасы артар еді деп есептейміз.

Зерттеу міндеттері:

1. Қазіргі кездегі мектептерде қолданылатын оқыту жүйесінің негізгі бағыттарын анықтау;

  1. Оқыту жүйесіндегі сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі идеясын көрсету;
  2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы мұғалім және оқушылардың танымдық қызметін күшейту ерекшеліктерін белгілеу;
  3. сын тұрғысынан ойлау жүйесін дамыту проблемалары мен перспективалары туралы тұжырым жасау.

Зерттеу жұмысың әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде кіргізетін барлық пәндер мен сабақтан тыс жұмыстардың бағдарламасына әдістемелік құралдарына талдау жасау; бастауыш мектептерде өткізілетін дәстүрлі емес сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесіне педагогикалық талдау жасау; жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу, талдап қорыту; оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланатын алдыңғы қатарды мектептердің іс-тәжірибелерін қатарлы мектептердің іс-тәжірибелерін зерттеу, талдау жасау.

Зерттеу кезеңдері:

1-ші кезеңде (2003-2004 жж. ) тақырыптың өзектілігі дәлеледеніп, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды; оқытудың педагогикалық технологиялары педагогикалық тұрғыдан негізделді;

2-ші кезең (2004-2005 жж. ) жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесі негізінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану барысы зерттелінді, талдап қорытылды; сын тұрғысынан ойлау жүйесін пайдаланудың тиімділігі тұжырымдалды.

Қорғауға ұсынылады:

  1. Оқыту жүйесіндегі сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі идеясы;
  2. Сын тұрғысынан ойлау жүйесінде оқушының танымдық қызметін күшейту ерекшеліктері;
  3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының даму перспективалары туралы тұжырымдар.

1 ТАРАУ. ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯ-ЛАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

  1. Білім беру жүйесінде қалыптасқан оқытудың дәстүрлі және жаңа бағыттары

ХХІ ғасырдың білім беру мен оқыту проблемаларының жаңа парадигмаларына сәйкес қазіргі мектепте оқытудың негізгі бағыттары оның екі сипаттамаларының айналасында қалыптаса бастады: оқушылардың білімді өз бетінше алу қабілеттерін қалыптастыру және оларды басқаруға болатындығы туралы(3, 54 б. ) . Жаңа педагогикалық технологиялардың аса үлкен жылдамдықпен дамуына қарамастан олардың ешқайсысының таза түрде емес, түрлі технологиялардың элементтері ретінде берілетіні анықталды. Алайда барлық технологиялардың ортақ талаптарына оқытудағы тәрбиелеушілік, дамытушылық сипат жататыны белгілі.

Қазіргі ұсынылып жүрген оқыту формалары мен моделдерінің арақатынасын зерттеу арқылы педагогиканың өзекті мәселерін шешу ХХ ғасыр дидактикасының зерттеу міндеттерін айқындап береді. Түрлі тарихи кезеңдерде оқыту міндеттері өзгеріп, дидактикалық талаптар ауысып отырды, яғни жеке адамды жанжақты дамыту мен оқыту процесінің кезеңдік мәселелері түрлі трактовкалармен беріліп келді.

Ж. Пиаженің тұжырымдамасы бойынша оқыту мен жеке адамды дамытудың байланысы - білім берудің негізгі ұғымдарының бірі. Бұл мәселені қарастыруда: а) дамудың күрделі эволюциялық-инволюциялық ілгерілемелі қозғалыс екендігін, соның негізінде прогрессивті және регрессивті интеллектуалдық, даралық, мінез-құлықтық, әрекеттік ьөзгерістердің жүретінін; б) жеке-даралық қасиеттердің дамуы адамның соңғы сәттеріне дейін жалғасатыны, оның тек бағыттары мен қуаттылықтарының, сапаларының, сипаттарның өзгеретінін атап өту керек.

А. Дьюи оқытудың дәстүрлі және жаңа әдіс-тәсілдері арасындағы тәуелділіктің мынадай жалпы сипаттамасын атап көрсетеді: қайтымсыздық, прогресс/регресс, бірқалыпсыздық, өткен тәжірибені жаңа әрекетте қолдану, өзгеріс заңдылығын сақтау .

Кезкелген білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы туралы айта отырып, қазіргі психологияның негізгі қағидаларына сәйкес тұжырым жасауға болады: Оқыту жеке адамның психикалық және жалпы тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін шарт қана емес, сонымен бірге негізгі құрал да болып табылады.

Оқытудың адамның табиғи мүмкіндіктерін дамытудағы басты ролін мойындау педагогика ғылымының негізін салушы Я. А. Коменскийдің еңбектерінде қарастырылған. Бұл идея тура осы мағынада немесе басқа түрде көптеген ғалымдардың еңбектерінде тұжырымдалған. Орыс педагогтары К. Д. Ушинский, П. Ф. Каптерев, К. Н. Вентцель, П. П. Блонский, Л. С. Выготский жеке адамның дамуында оқыту процесіне ерекше орын беру қажеттігін дәлелдеген (12, 262 б. ) .

Осы мәселені шешуге қатысты түрлі көзқарастар қалыптасты. Генетикалық даму концепциясының авторы Ж. Пиаже «Даму мүмкіндік тудырады, ал оқыту оларды жүзеге асырады» - дейді, немесе «оқыту дамудың соңынан келеді, яғни дамудың құйрығы» деп санайды. Немесе «ойлау белгілі даму фазаларынан өтеді, ол баланың оқығанына немесе оқымағанына байланысты емес» - деген тұжырым жасайды.

Л. С:Выготский Ж. Пиаже тұжырымымен келіспейтінін, яғни жеке тұлғаның тәрбиесі мен дамуында оқытудың шешуші ролі басым екендігін айтады. Оның мәдени-тарихи даму концепциясы бойынша «оқыту дамуда оқшауланған сипат беруі мүмкін, бірақ оқыту дамудың артында ғана жүрмей алдында да бола алады» - дейді.

АҚШ психологы Дж. Брунер «оқыту, тіпті элементарлық деңгейде болса да баланың табиғи дамуына, танымдық дамуына көзсіз ере бермеуі тиіс. Оқыту даму процесінде жетекші фоктор бола алады, оқушыны қызықтырып, оның дамуының өзіндік мүмкіндіктерін ашады » - деп оқытудың жетекші факторға жататынын атап кетеді(12, 264 б. ) .

. Л. С. . Выготский бойынша баланың психикалық дамуы әрекет етудің тарихи қалыптасқан формалары мен тәсілдерін игеру жолымен жүзеге асады. Психикалық дамудың қозғаушы күші болып оқыту жатады. Бірақ осы жерде оқыту мен білім берудің ара салмағын нақты ажыратқан дұрыс. Даму процесі ішкі қозғалыс заңына бағынады, ал оқыту баланың даму процесінде қажетті компонент ретінде түсіндіріледі, яғни оқыту дамудың жақын зонасын жасайды, балада дамудың ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Дамудың жақын зонасы» - жоғары психикалық процестердің қалыптасу заңының логикалық салдары болып табылады.

Психикалық процесс бірлескен әрекеттерге сәйкес қалыптасу кезінде ол дамудың жақын зонасында болады, қалыптасып біткен соң олсубьектінің актуальды даму формасына айналады. Дамудың жақын зонасы балалардың ақыл-ойын диагностикалаудың критерийі болып саналады. Әлі пісіп жетілмеген, бірақ жетілі процесіндегі аумақты қамти отырып, ДЖЗ баланың ішкі резервтері мен потенциалы, жағдайы туралы түсініктеме береді және сорның негізінде ғылыми негізделген болжам мен практикалық ұсыныстарды жасайды. Дамыта оқыту идеясының негізгі авторы ретінде Л. С. Выготский «дамыта оқыту кешегі нәтижеге емес, баланың дамуының ертеңгі көрсеткіштеріне бағдарлануы тиіс» - дейді(13, 251 б. ) .

Оқушының танымдық қызметіне әсерін зерттеу туралы жұмыстарда А. Дьюидің, Ж. Пиаженің, Л. С. Выготскийдің, сол сияқты Д. Б. Элькониннің, В. В. Давыдовтың, А. Леонтьевтің зерттеулері психологиялық-педагогикалық негіз ретінде алады, соның нәтижесінде баланың дүниеге белсенді қарым-қатынасын көрсететін төрт ұстанымын анықтады: табиғат әлеміне ену; жалпы адамзаттық мәдениет әлеміне ену; басқа да маңызды әлемдерді тану; баланың өзіндік санасының дамуы.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіснамалық (методологиялық) жобаларына негіз болып Л. С. Выготскийдің ұсынған ұстанымдар алынған болатын:

  • Психикалық дамудың қозғаушы күші туралы ұғымдар;
  • «дамудың жақын зоналары» және «жас кезеңдік қалыптасу»

категориялары;

  • даму периодтарының бірқалыпсыздығы және дағдарысы;
  • интериоризация механизмі ұғымы;
  • дамудың әлеуметтік жағдайы туралы ұстаным;
  • оқытудың деңгейлік-әрекеттік сипаты туралы түсінік;
  • сананың жүйелі-мағыналы құрылысы мен дамуы туралы

ұстанымдары.

Оқытудың деңгейлік-әрекеттік сипатына байланысты оқыту процесі ерекше қызмет түрі ретінде оқушының тұлғалық қалыптасуының шарты болып есептеледі. Бұл түсінік Б. Занковтың және оның идеясын дамытушы Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың оқу қызметі туралы концепциясына алғы шарт болды. Қазіргі уақытта дамыта оқытудың деңгейлеп оқыту механизміне сүйенетіні туралы В. В. Давыдов және Л. В. Занков ұсынған екі негізгі бағыттары дайындалды. Оның біріншісі Л. С. Выготскийдің, Д. Б. Элькониннің, А. Н. Леонтьевтің ұстанымдарына негізделсе, екіншісі Л. В. Занковтың және соңғы педагогикалық, психологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ, жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындықтар тудырады. Өйткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта.

Балама мектеп идеяларын дәстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза әлеуметтік бағытталған мақсаттан (жас өспірімге мәдени тарихи-тәжірибені жеткізіп, оны қоғамдағы еңбекке дайындау) тұлғалық бағытталған мақсатқа оқушы тұлғасының дамуына жәрдемдесу ауысуында.

Баланың жасырып, тіпті тым теренде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін оны оқытып, жан- жақты дамыту керек және оны тек оқыту үрдісі кезінде ересектердің басшылық етумен жүзеге асыруға болады.

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Енді осы бірінші сыныптан бастап балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін қандай жұмыс түрлерін, әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады деген мәселе. Бұнда ең алдымен, біздіңше, оқушыға түрлі тақырыпта мазмұнды шығарма жаздырту жұмысы орын алады. Бұнда ескеретін бір мәселе - бұл оқушыға алдымен шығарманың үлгісін көрсету немесе тірек схема беру . Себебі, кез-келген оқушы бір рет шығарма жазуға сөзсіз. Екіншіден, ересектердің ықпалынан құтқару мақсатына оқушыға алдын-ала осы бағытта ізденуіне жағдай жасай отырып, шығарманы іште, яғни сыныпта жаздырту.

Үшіншіден, ерекше бір ескеретін мәселе - бұл оқушы еңбегін бағалау. Бұнда мұғалім ең алдымен, оқушының ізденісін, айтайын деген ойын бағалай білуі тиіс. Себебі, бұл жастағы балалар көптеген грамматикалық қателерді жіберетіні белгілі. Сол себепті де уақытты үндемей отырып, оқушылармен жеке дара жұмыс ұйымдастыру өте тиімді және бұл арада мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, тіл табысуы да ерекше роль атқарады. Өйткені, оқушының ар-намысына сын келтірмей, оған керісінше кеңесші бола отырып жіберген қателіктерін сыпайы да саналы түрде жеткізе білу кез-келген мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Дамыта оқыту немесе басқа да оқыту технологияларының басты механизмі болып табылатын сын тұрғысынан ойдау технологиясының негізгі ұстанымдарының бірі оқушыларды оқу әрекетіне үйрету. Дәстүрлі оқыту үрдісінде теориялық білім оқушыға мұғалім әдісі арқылы дайын күйінде ұсынылады, ал сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, белгілі кезеңдік тапсырмаларды орындау арқылы теориялық білімдерге икемделіп, білімді өзі меңгеруі керек. Мұғалім әдісі оқушыға берілу керек. Міне, осы тұста туындайтын «Мұғалім - әдісі оқушыға қалай беріледі, оқу әрекеті қалай ұйымдастырылады» деген сұрақтардың шешімін беру деңгейлеп оқыту мақсаты болды.

Оқу әрекетінің мазмұны мен құрылымын бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын үшін бөлектеніп тұрады: оқу-танымдылық қажеттілік, матив оқу міндеті, соған сәйкес әрекеттер және операциялар . Оқу-танымдылық қажеттілік дәстүрлі оқытудағыдай сыртқы түрі (мадақтау, баға, т. б. ) арқылы емес, оқушының өзінің іштей талпынуы арқылы білімге қажеттілік тууына жағдай жасалу қажет. Оқу материалы балада «бұл не?» деген рефлексия тудырып, әрі қарай оны танып-білуге түрткі болуы қажет. Осыны танып-білуге құштарлық мотив оқу міндетін шешуді мақсат етеді. Оқу міндеті мативті шешуге бағытталатын әрекет тәсілдерді меңгеруден тұрады, яғни оқушы біртұтас нысан пайда болуын ашады, оны ойша елестетеді.

Оқу міндетін шешу соған сәйкес әрекеттер мен операцияларды орындауды қажет етеді. Оқу әрекетінің бұл үшінші бөлігін орындау мынадай операциялардан тұрады: міндет шарттарын қайта жасау; моделдеу; бөлініп алынған қатынастардың моделін қайта жасау; жеке міндет жүйесін шешуді құру; алдыңғы әрекеттің орындалғанын бақылау; жалпы тәсілді меңгергенін бағалау.

Міне, осындай құрамдас үш бөліктен тұратын оқу әрекет жүйесімен шұғылдана алған бала білімді өзі меңгеруге бірте-бірте үйрене алады, өзі саналы меңгеру үрдесі білімді қажеттілікке айналдырады. Авторлық оқулықтардағы осы негіздегі оқу әрекетіне үйрету жолдары бірінші сыныптан бастап бастауыш буын аяқталғанға дейін (4 сыныпқа дейін) оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жүйелі бірте-бірте күрделендіру жолымен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында оқытудың жаңа технологиялары бойынша көптеген дидакт-ғалымдар жұмыстар атқаруда. Оның ішінде, деңгейлеп оқыту технологиялары бойынша Ж. Қараев, М. Жампейісова, М, Жадрина, Н. Нұрахметов, Г. Жаманқұлова, Ш. Таубаева, С. Лактионова, С. Мирсеитова, т. б. секілді зерттеушілер бар. Олардың еңбектерінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы, оқушы білімін, іскерлігі мен дағдысын бағалаудың білімдік, әрекеттік критерийлері туралы маңызды ойлар бар(14, 23) . Яғни Қазақстанда дамыта оқыту концепциясы бойынша берілетін білім мазмұнын жеткілікті қалыптастыру үшін көпдеңгейлі оқыту мезанизмдерін пайдалану қажеттігі зерттелінуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттыру
Биология сабағында сыни ойлау арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаттарын дүниетану және жаратылыстану пәндерінде қолдану
Бастауыш мектепте дамыта оқыту концепциясын оқу үрдісінде пайдаланудың тиімділік дәрежесі
Бағалау әдістеріне қысқаша шолу
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
Сыни тұрғыдан ойлану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz