Сынап — күміс түсті сұйық металл, белгілі барлық сұйықтықтардан ауыр


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

СЫНАП ТӨГІЛГЕН КЕЗДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР ЖӨНІНДЕ ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН

ЖАДНАМА

Сынап - күміс түсті сұйық металл, белгілі барльгқ сұйықтықтардан ауыр. Сынап - біз қалыпты деп атайтын жағдайда сұйық күйінде тұратын бірден-бір

металл. Міне, оның қасиеті дәлірек айтсақ, металл мен с ұ й ы қ т ы қ қасиеттерінің үйлесуі біздің өміріміздегі сынаптың ерекше орнын айқындады (және де ол ең ауыр сұйықтық, судан 13, 6 есе ауыр) . Тығыздығы - 13, 54 г/см 3 - 38, 9 °С балқиды, + 357° С қайнайды. Ауадағы сынап буының барынша болатын концентрациясы 15, 2 мг/м 3 (г° + 20° С тең кезде) . Сынап буы ауадан 7 есеге ауыр. Барлық оның қосындылар сияқты, сынап буы өте улы екенін естен шығармау қажет. Сұйық сынап ең алдымен өзінің ұшқыштығымен қауіпті: егер оның ашық үй ішінде сақтаса, ауада 0, 001мг/м 3 тең үлестік қысым пайда болады. Егер өнеркәсіп үйлері ішіндегі сынаптың барынша жіберілетін концентрациясы 0, 01мг/м 3 екенін ескерсек, онда бұл көп.

Сынаптың улы әрекет дәрежесі ең алдымен оның қаншалықты саны организмде жауап қата алуымен анықталады, яғни сынаптың өзі қауіпті емес, ол организмде айналдыратын қосындылар қауіпті. Судағы ерігіштігі өте аз және оның құрамындағы оттегінің көтерілуіне байланысты көбейеді.

Әдеттегі жағдайларда ауада тотықтанбайды, жоғары температурада оттегімен реакцияға қосылады.

Сынап прибор жасауда (термометр, барометр, монометр) және электроникада; хлорды және күйдіргіш натрийді электролиз арқылы (каустикалық сода) айырып алатын кезде; ацетиленнен сірке қышқылын өндіруде; органикалық сынап қосындыларының синтезі процесінде; химиялық-фармацевтикалық өндірісте, зертханалық іс-тәжірибесінде қолданылады.

Әсіресе сынаптың жақсы еритін тұздары улы. Сынап вакуум-насостар әзірлеуде пайдаланылады, оны тұзеткіштерде қолданьшады, беріктік қасиетін беру үшін басқа металдарға қосады. Сынап буымен люминесценттік және сынап лампаларын толтырады. Сынап дәнекерлеуде пайдаланылады. Мысалы, дәнекер 93% қорғасыннан, 3% қалайыдан, 4% сынаптан тұрады.

Сынаптың көбісі болаттан жасалған ыдыста бөлек сақталуы тиіс, азы - қалың әйнектен немесе темірден жасалған жақтары қалың, тығындары тығыз жабылатын ыдыста сақталуы тиіс.

Сынаптың төгілуінен болған авариялар өндірісте кездеседі, бірақ олардың саны түрмыста да азаймайды. Қауіпсіздік ережелері ескерілмегенінен, кей кезде әдеттегі сауатсыздықтың және бейқамдықтың нәтижесінде бөлменің температурасында да ерекше үшпалығы байқарлық аса улы заттың төгілуіне байланысты оқиғалардың саны кемімей отыр. Сынап буының таралу ауданы өскен сайын, оның ұсақ бөлшектерге бөліну кезінде еден саңлауларына немесе шұңқырларына бітеліп қалуы өте қауіпті.

БҰЛ ЗАТ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?

Уланудың клиникалық көрінісі 8-24 сағаттан кейін

дамып, жалпы әлсіздік, бас ауруы, асқа тәбеттің
болмауы, жүтынғанда тамақтың ауруы, температураның
жоғарылауы, біраздан кейін қызыл иектің аурулығы
(қанайды, сынап сульфидының қара жиегі пайда болады) байқалады,

іш ауруы, асқазанның

бүзылуы, шаншу мазалайды,

кейде зақымға үшыраған

адамда өкпенің қабынуы

дамиды. Асқазанның

бүзылуы әртүрлі болады -

асқа тәбеттің болмауы және

лоқсудан құсуға дейін (кейде

қан аралас) және шырышты

көбінесе қанды іш өту

байқалады.

Жүрек қызметінің әлсіреуі байқалады, естен тану мүмкін.

Мұндай жағдайда ең бірінші не істеу керегі, бұл ауруды құстыру. Содан кейін оған сүт және жұмыртқаның шикі ағын беру керек. Сынапты организмнен бүйрек арқылы шығарылатынын есте ұстаған жөн.

Сынаппен, оның қосындыларымен созылмалы уланған жағдайда ауызда металл дәмі пайда болады, қызыл иектің босандығы, күшті сілекей ағуы, есте ұстау қабілеті азаяды, тез қозушылық пайда болады. Бұл жағдайда қол, тіл, қабақ ауыр жағдайда аяқ пен бүкіл дене дірілдейді. Сынап жүйке жүйесін зақымдайды, ал ұзақ ықпал етсе - жынданады.

Салыстырмалы жеңіл жағдайдаларда 2-3 аптадан кейін бұзылған қызметтер қалпына келеді, ауыр жағдайларда - бүйректерде қатты өзгерістер дамып, 5-6 күннен кейін адам өледі.

Өндірістік жағдайларда сынап бу немесе тұздардьщ тозаңы түрінде тыныс алу жолдары арқылы түсуінің аса маңызы бар. Сынап буы оның ауадағы қоюлануы 0, 25 мг/м 3 дейін болғанда тыныс алу жолдарында тоқтап қалады.

Сынаптан уланудың алғашқы белгілері:

Тез шаршағыштық, әлсіреу, ұйқы басу, селқостық, сезімнің тұрақсыздығы, бас ауруы, бас айналу.

Егер бөлмеде сынап байқалған болса не істеу керек?

Біріншіден, қорғану құралдарынсыз сынап буы шыққан бөлмелерде болуға тыйым салынады (фильтрлі газқағарлар ГП- 5, ГП- 7, өндірістік маркалы фильтрлі - сіңіру қорабты газқағарлар) . Сынап буы анықтылығын сіңіретін кездегі (20°С) қораптың пайдалану мерзімі - 100 сағат, осы маркалы фильтрлі газқағарды қолдану кездегі пайдалану мерзімі - 60 сағат. РПГ-67Г, РУ-60М респираторлары қолданылады.

Теріні қорғау үшін - арнайы киімдер: қалталары жоқ ақшыл, түксіз мақта матасынан саңлаусыз пішілген комбинезон, халаттар. Жеке тазалық
шаралары сақталуы тиіс. Жүмыс күнінің аяғында душқа түсу, керек. Сынаппен тікелей жанасқан есіктермен қолғаптарды марганцовканың күшті ертіндісімен мұқият жуған жөн.

Осындай бөлмеде тағамдық азықтарды сақтау немесе тамақ ішу туралы сөз болуы мүмкін емес.

Екіншіден, осы металға балаларды жолатпау керек, бөлмеден барлық адамдарды шығарып, желдетіп алу үшін терезелер мен есіктерді ашу қажет.

Үшіншіден, болған оқиға туралы санитарлық-індетке қарсы стансасының бас дәрігеріне, төтенше

Жағдайлар

жөніндегі

басқармаларға

(бөлімдерге), полицияға дереу хабарлау керек.

Төртіншіден, зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету мыналардан түрады. Ауыз арқылы активтенген көмір қосылған 20-30 грамм сумен асқазанды көп шайып, сонан соң зардап шегушіге сүт, су қосып көпіршітілген жүмыртқаның ағын, содан кейін іш жүргізетін дәрі беру қажет. Қатты, әсіресе ингаляциялық улану кезінде зақымдану аймағынан шығарылғаннан кейін зардап шегушіге дамыл беру қажет. Сонан соң ауруханаға жатқызу керек.

Бүгіндері аздаған мөлшерде сынап әрбір үйде, әдетте медициналық термометрлерде бар. Ал термометрлер шыныдан жасалған және ол сынбай тұрмайды. Бұл жағдайда толтырылған капсуладан төгілген сынап ұсақ тарыдай еденге шашылады, қуыс-қуысқа кіріп кетеді. Егер үйде күкірт болса, қол жетпейтін жерлердегі сынапты және оның ұсақтарын зиянсыздандыруға болады. Оны күкірт үгіндісімен жауып тастауға болады. Сынаппен реакцияға түскен күкірт адамға қауіпсіз сульфидті құрайды.

ЛАСТАНҒАН АУМАҚТЫ, ӨНДІРІСТІК

БӨЛМЕНІ ТАЗАЛАУ

Жабық бөлмеде абайсызда төгілген сынапты ұқыпты жинап алу керек. Оның жайылуын және үсақ түйіршіктерге бөлініп бытырауын болдырмау керек. Саңлаулардағы сынаптың тамшыларын алу үшін мыс тақтайша, станиоль жапрықшалармен жинаңыз, оларға тамшылар қалай болғанда жабысып, анық айтқанда оның бетіне жайылады (сулайды) .

Оны зиянсыздандыру үшін әдеттегідей сабынды-сода

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ микрофлорасына әр түрлі ластаушылардың әсері
Заттың күйі
Көміртекті сорбенттерді активтеу
Алтын. Алынуы, физикалық,химиялық қасиеттері
Химиялық элементтер жөнінде қызықты оқиғалар
Сүт қышқылы туралы түсінік
Күмісті қолдану
Металдар. Металдардың сипаттамасы және жіктелуі
Элементтің табиғатта кездесуі
Химиялық заттар жөнінде қызықты деректер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz