Жұмыстың жалпы сипаттамасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс жоғары мектепте студенттерді психологиялық дайындау процесін қазіргі білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес жетілдіру мәселесіне арналған. Психологиялық дайындау және субъект психологиясы аумағындағы тұрғыларды талдау арқылы студенттерді субъекг-бағдарлы психологиялық дайындау жүйесінің теориялық-әдіснамалық негізі, тұжырымдамасы мен технологиялық жобасы дәйектелді. Студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындау нәтижесі ретіндегі психологиялық даярлық пен субъектілік деңгейлерінің өзара шарттастықта танылу, даму мақсатына арналған эксперименттік зерттеу жүйесі құрастырылды. Дипломдық жұмыста теориялық және экспериментгік зерттеу тұрғысынан жоғары мектепте субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың тиімділігі мен негізділігі дәлелденіп, сипатталады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қоғам өмірінің бар саласындағы қарқынды динамика мен ғаламды бетбұрыстар сипаты жастардың іс-әрекетіне, қарым-қатынасына жаңаша талаптар қоя бастады.

Қазақстан Республикасының болашағының іргетасын қалайтын жастар болғандықтан, барлық жағдайлар, талаптар осы жастарға яғни студенттерге қойылған. Бұл талаптар студенттердің өмірге көзқарасының, материалдық, рухани құндылықтарының дүниетанымның өзгеруіне әкеліп соқтырады. Себебі студенттер тәуелсіз, өз іс-әрекетіне өзі жауап беретін дәрежеге жеткендіктен, "мен" қасиетінің жоғары дамығандығымен, қабілетін жоғары биіктіктерге шарықтата алуымен ерекшелінеді. Сол себептен қазіргі таңдағы студенттердің талаптары, қажеттіліктері қандай сатыда екендігі актуалды мәселелерге айналып отыр.

Себебі біздің қоғам күннен күнге жаңа талаптарға жол бастауда. Соған байланысты біздің ел білімді маман, талантты студенттерді болашаққа дайындап жатыр. Оларға осы заман ағымына лайық тұлға жөне маман болу үшін бейімделу емес, алдымен өзін өзгерту және дамыту, сол арқылы жасампаздық, түрлендірушілік әрекеттерді жүзеге асыру өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан жастардың зор мүмкіндіктері мен шектерінің, тағдырын өз ырқымен билеуге және қоғамға ықпал етуге қабілеттерінің психологиялық механизмдерін, алғышарттарын анықтау, дамыту қажеттігі шығады. Бұл контексте жоғары мектепте кәсіби білім берудің маңызды бір құраушысы болып табылатын психологиялық дайындаудың және адам бойындағы әлеуеттерді, қабілеттерді ықпалдастықпен танытуға, дамытуға деген белсенді әрекетті түсіндіретін субъект психологиясының маңызы мен мәнділігі артады.

Арнайы ұйымдастырылатын психологиялық дайындау іс-әрекеттің, қарым-қатынастың және өзіндік дамудың нәтижелі болуын, олардың игілікті, ізгілікгі сипатын қамтамасыз етеді әрі тұлғаның кез келген психологиялық проблеманы дәлме-дәл шешуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндай әлеуеттің өзекті болуын бәрінен бұрын тұлғаның өзіндік әрекеті - ішкі ахуалдың өзін-өзі өзгертуге, өзін-өзі жетілдіруге бағытталуы анықтайды. Осыған орай жоғары мектепте студенттерді психологиялық дайындаудың мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, құралдары мен формаларын жаңаша құру қажеттігі шығады. Сондықтан психологиялық дайындауды студенттердің субъект ретінде танылуымен, дамуымен үйлестіру қазіргі кәсіби білім беру жүйесінде аса көкейтесті мәселе болып табылады.

Мәселенің зерттелу дәрежесі. Ғылымда психологиялық дайындау тұлғаның маңызды мәселелерді мақсат-бағдарлы іздестіруге; «шұғыл» жағдайды алдын-ала аңғаруға; мәселелік жағдайдан тиімді, әлеуметтік ортада құнды тәсілмен шыға алуға; жаңа мәселелерді және олардың салдарын болжауға мүмкіндік беретін түрлі моральдік-еріктік сипаттар, бағыттылық, қабылдау, зейінділік, еске сақтаудың жоғарылығы, ақыл-ой тереңдігі, зерделік, зиятшылық, эмоциялық тұрақтылық, стреске шыдамдылық, бейімделуге икемдік, қарым-қатынастағы құзыреттілік, креативтілік және т. с. с көптеген тұлғалық қасиеттер мен қабілеттердің, танымдық процестердің, психикалық жай-күй сипаттарының жекелей жоталанып немесе тұтас құрылыммен дамыту, жетілдіру процесі ретінде қарастырылады. Білім және ғылым салаларында психологиялық дайындау іс-әрекеті студенттердің тұлға және маман ретінде жетілуінің факторы ретінде анықталады.

Дегенмен, жоғары мектепте психологиялық дайындау процесіне қатысты бірталай мәселелердің, көптеген қиыншылықтардың ғылыми негізделген шешімдері әлі де табылмаған. Жоғары мектепте кәсіби білім берудің басты бір құраушысы болатын студенттерді психологиялық дайындаудың теориялық және практикалық жақтарына арналған зерттеулердің жеткіліксіздігі қазіргі кезде ерекше сезілуде. Ұдайы өзгеріп отырған осы заманда болашақ мамандардың субъект ретінде оқу-кәсіби іс-әрекетті, қарым-қатынасты жетілдіруі үшін психологиялық даярлықгы таныту мен дамытуы аса көкейтесті мәселеге айналып отыр. Студенттердің психологиялық даярлыған дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздері де толық ашылмаған.

Сонымен қатар, жоғары мектеп теориясы мен тәжірибесінде психологиялық дайындау арқылы студенттердің өзіне және басқаларға құнды қатынасы ретіндегі ықпалдасқан күрделі құрылым - субъектілік дамуын қамтамасыз ету бүгінгі күн талабынан шығады. Бірақ көптеген зерттеулерде студенттерді психологиялық дайындау ғана емес, жалпы оқу-кәсіби іс-әрекет субъектісі ретінде қарастыру, олардың субъектілігін дамыту қажеттігі құр декларация түрінде қалған.

Болашақ мамандардың психологиялық даярлығы мен субъектілігінің құрылымы, танылу және даму алғышарттары, механизмдері, заңдылықтары, ахуалы және деңгейлері педагогикалық психология ғылымы мен тәжірибесі үшін жеткілікті дәрежеде анықталып, тұжырымдалмаған. Осы кезге дейін студенттердің психологиялық даярлық пен субъектілік қасиеттерінің біртұтас құрылым ретінде дамуын, субъектіліктің ұлттық ерекшеліктерін жүйелі зерттеу психология ғылымдарының аумағында жүргізілмеген екен.

Сондықтан жоғары мектептегі психологиялық дайындау мәселесін зерттеу, оның теориялық негіздерін терең ашып, жаңаша құру бағыттарын айқындау қажеттігі шығады. Бұл бағыттар, біріншіден, психологиялық дайындау студенттердің даму және өзіндік даму кеңістігі ретінде болуы; екіншіден, психологиялық дайындаудың мазмұндық және технологиялық жағынан ұдайы жетілдірілуі; үшіншіден, психологиялық дайындаудың қоғам дамуының жетекші факторына айналуы арқылы анықталады. Тек сонда ғана психологиялық дайындау студенттердің өз тіршілік әрекетінің және өзіндік дамуының толымды субъектісі ретінде дамуын, өзіндік оңды өзгерістермен іс-әрекетті, қарым-қатынасты жетілдіруін, сыртқы ортаға құнды қатынасын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады.

Басқа жағынан, субъектіліктің жалпы заңдылықтарын талдау арқылы ғана оның жоғары деңгейінде тұлға кез-келген әлеуметтік-психологиялық проблеманы тиімді шешуге, сөйтіп, тіршілікті қамтамасыз етуге өзінің психологиялық мүмкіндіктерін қолдана алатынын анықтауға болады. Осыған орай студенттердің психологиялық даярлық пен субъектілік дамуын біртұтас жүйе ретінде психологиялық дайындау аясында теориялық-эксперименттік тұрғыдан қарастырудың маңызы артады.

Зерттеу тақырыбының баяндалған өзектілігіне орай жоғары мектепте студенттерді дәстүрлі психологиялық дайындау процесінің тиімділігін арттыру бағыттарын анықтау; субъект-бағдарлы тұрғыдағы психологиялық дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қорыту; субъект-бағдарлы психологиялық дайындау тұжырымдамасын дәйектеу; субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың технологиялық жобасын құру және осы орайда психологиялық даярлық пен субъектілік деңгейлерінің өзара байланыста, тәуелділікте, шарттастықта даму ерекшеліктерін теориялық-эксперименттік жолмен зерттеп, бекіту көкейтесті әрі мәнді болмақ.

Көтерілген мәселеге байланысты зерттеу тақырыбы « Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу» деп алынды.

Зерттеу мақсаты - студенттердің түлғалық қасиеттерін жоғарғы оқу орнындағы түрлі факторлардың әсерінен өзгеретіндігін анықтау және студенттердің қызығушылықтарын, сонымен қоса қажеттіліктерін анықтау, студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындау жүйесінің теориялық және ғылыми-практикалық тұжырымдамасын жасау.

Зерттеу нысаны - жоғарғы оқу орнындағы студенттердің жеке басы, жоғары мектепте студенттерге психологиялық білім беру процесі.

Зерттеу пәні - жоғарғы оқу орнындағы студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерінің өзгеру сипаты, студенттердің психологиялық даярлығы мен субъектілік дамуының психологиялық-педагогикалық жағдайы.

Зерттеудің негізгі болжамы. Егер студенттердің қызығушылығына шебер мұғалімдер, сыртқы орта жиі әсер етіп отырса, онда олардың жекелік қасиеттері өзгеруі мүмкін, жоғары мектепте студенттерді психологиялық дайындау жүйесінің теориялық және практикалық мәселелерін тиімді шешуге негіз болады.

Жеке болжамдар:

- Студенттер өзі таңдаған мамандығына сүйіп түссе, онда сыртқы орта әсерінен олардың жекелік қасиеттері жақсы бағытқа өзгеруі мүмкін.

- Қазіргі психологиялық дайындау тұрғысын және жоғары мектептегі дәстүрлі психологиялық білім беру жағдайын зерттеу студенттердің іс-әрекетгі, қарым-қатынасты жетілдіруге және өзіндік дамуды өзекті етуге қажетті психологиялық даярлығын толымды қамтамасыз етудің бағытын айқындайды.

  • Субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздері ретінде жалпы психологиялық сипаттағы қағидалар, тұлғаны психологиялық дайындау тұрғылары, субъект теориясы ықпалдастырылса, онда студенттердің психологиялық даярлық пен субъектілікті таньпу, дамыту процесін, олардың мәндік сипаттамасын дәлме-дәл анықтауға, зерттеуге мүмкіндік болады.
  • Субъект-бағдарлы психологиялық дайындау өзара байланысты екі бағьпта тиімді процесс болып табылады: біріншіден, студенттердің психологиялық даярлық деңгейлері ретіндегі психологиялық сауатты меңгеруі, психологиялық құзыретінің жетілуі және психологиялық мәдениетті игеруі жүзеге асырылады; екіншіден, студенттер өзіне және басқаларға деген қатанастарының оңтайлы өзгеруіне байланысты субъектілік даму сатыларын - білім-бағдарлы субъектілікті, өзіне-бағдарлы субъектілікті және әлеумет-бағдарлы субъектілікті өзекті ету мен дамытуға әлеуеті артады.
  • Арнайы психологиялық-педагогикалық ықпалдасқан технологияны жобалап, жүзеге асыру студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындау тиімділігін артгырудың маңызды шарты болып табылады.
  • Арнайы ұйымдастырылған психологиялық дайындау барысында студенттердің психологиялық даярлық пен субъектілігінің танылу, даму заңдылықтары болады.
  • Жоғары оқу орнында әртүрлі әлеуметтік ортадан келген студенттердің наным-сенімдері және ырымдары бір-біріне ықпал етеді.

Зерттеу міндеттері:

1. Студенттердің жеке басының өзгеруін әлеуметтену барысы арқылы анықтау.

2. Әр түрлі курстағы студенттердің ерекшеліктерін теория жүзінде анықтау.

  1. Жоғары мектепте психологиялық дайындаудың теориялық

және практикалық мәселелерін зерттеу.

4. Студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындауды жасауға, зерттеуге бағыт болатын қағидаларды жүйелеу.

5. Субъектілік жөне психологиялық даярлық ұғымдарын, олардың өзара байланыста деңгейлі даму ерекшеліктерін, көрсеткіштері мен өлшемдерін анықтап, студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың концепциялық тұжырымдарын негіздеу.

6. Студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындауды тиімді жүзеге асырудың амалдары мен жолдарын айқындап, осыған орай психологиялық-педагогикалық жағдайды үлгілеу және дәлме-дәл қолдану.

7. Субъект-бағдарлы психологиялық дайындау нәтижесін талдап, студенттердің психологиялық даярлық пен субъектілік деңгейлерінің танылу мен даму ерекшеліктерін ашу.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу және оны тексеруде түрлі әдістемелер қолданылды. Студенттердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін «Автопортрет» методикасының екі нұсқасы, К. Г. Юнгтың жеке адамның жалпы психологиялық типологиясы қолданылды. «Автопортрет» әдістемесінің негізін салушы АҚШ азаматы Р. Бернс болған.

Ол адамға өзін-өзі салғызу арқылы салған суретіне байланысты талдау жасап, мінез-құлқын анықтаған. Ал К. Г. Юнгтің әдістемесі жеке тұлғаның ерекшеліктерін анықтауға лайықталған. Бұл әдістеме арқылы жеке адамның, яғни студенттердің қоршаған ортаға қатынасын, мінезінің ашық немесе тұйық екенін үш деңгей арқылы сипаттап көрсеткен. Олар: интроверсия, амбоверсия және экстроверсия арқылы анықталған. Ал психогеометриялық типологиялық әдістемесін АҚШ азаматы Сьюзен Деллингер негізін қалаған. Бұл әдістемеде адамдарға бес фигураны көрсетеді. Адам өзіне ұнаған фигураның бірін таңдайды. Таңдалынған фигураға арнайы интерпретация жүргізіледі. Ол арқылы адамның өзіндік ерекшеліктерін анықтауға болады.

Дипломдық жұмыста субъект-әрекеттік тұрғы (К. А. Абульханова, А. В. Брушлинский, С. Л. Рубинштейн және т. б. ) ; антропологиялық (Б. Г. Ананьев, В. П. Зинченко, В. И. Слободчиков және т. б. ) ; тұлға теориясы (А. А. Бодалев, А. В. Петровский және т. б. ) ; қатынас теориясы (В. Н. Мясищев, Н. Н. Обозов және т. б. ) ; жүйелілік, кешендік теориялар тұрғысы (В. А. Ганзен, Б. Ф. Ломов және т. б. ) ; қазіргі оқьпу, дамыту, білім беру тұжырымдамалары (Б. А. Әлмұхамбетов, С. М. Жакыпов, Е. А. Климов, В. Д. Шадриков, Х. Т. Шерьязданова және т. б. ) ; психологиялық дайындау тұжырымдамалары (Л. Н. Захарова, Л. А. Кандыбович, Е. А. Климов, Л. С. Колмогорова, К. К. Платонов, Х. Т. Шерьязданова және т. б. ) ; субъектілік даму тұжырымдамалары (Л. И. Анцыферова, Е. Л. Волкова; В. В. Знаков, Ф. Л. Мухаметзянова, В. А. Петровский және т. б. ) ; педагогикалық, психологиялық іс-әрекетті технологияландыру идеясы (Л. А. Петровская, Д. В. Чернилевкий және т. б. ) ; тұлға дамуының гуманистік тұрғысы (А. Б. Орлов; А. Маслоу, К. Роджерс, Э. Фромм, Э. Шостром және т. б. ) ; қазақ жастарының этнопсихологиялық ерекшеліктері жайлы философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар (Б. Ә. Әмірова, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, Н. А. Ладзина, А. Н. Нысанбаев және т. б. ) және басқа да зерттеу мәселесін шешуге мүмкіндік беретін іргелі тұжырымдар басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

-Мәселеге қатысты теориялардың жүйеленіп, талдануы арқылы арнайы мақсат-бағдарлы психологиялық дайындау нәтижесінде түзілетін психологиялық даярлық іс-әрекетті, қарым-қатынасты жетілдіруде және өзіндік даму процесін өзекті етуде мәнді тұлғалық күрделі құрылым ретінде жана мазмұнмен жалпыланып, анықталды. Алғаш рет Қазақстандағы жоғары мектепте студенттерге психологиялық білім беру генезисі, құрылымы, функциялары, беталысы мен мәселелері теориялық-эксперименттік жолмен зерттеліп, студенттерді психологиялық дайындау тиімділігін арттыруда субъектілік бағыттың рөлін нақгылау мүмкін болды.

- Алғаш рет жоғары мектепте студенттердің психологиялық даярлығы мен субъектілігін дамытуға қатысты тұрғылар, қағидалар кешенді түрде талданып, субъекг-бағдарлы психологиялық дайындау жүйесін теориялық-әдіснамалық негізде құру, жетілдіру мүмкіндіктері зерттеліп, жүзеге асырылды.

-Алғаш рет психологиялық даярлықтың жетілу және субъектіліктің даму логикасына тіректелу; іс-әрекет, қарым-қатынас және өзіндік даму процесіндегі психологиялық даярлық пен субъектіліктің мәнін анықтау; студенттерде психологиялық даярлық пен субъектіліктің деңгейлі даму ерекшеліктерін негіздеу арқылы жоғары мектепке студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындау тұжырымдамасы жасалды. Студенттердің субъектілік ұстанымды өзекті ету дәрежесіне байланысты психологиялық даярлықты танытуы психологиялық сауат, психологиялық құзірет, психологиялық мәдениет деңгейлерінде жүзеге асырылатыны, бұл деңгейлердің дамуында өзара тәуелділік болатыны талданды; проблемалық жағдаяттарды психологиялық жолмен шешуі психологиялық даярлықтың басты көрсеткіші ретінде негізделді.

Психологиялық дайындау іс-әрекетіне студенттердің субъектілік таныту және дамыту деңгейлері анықталып сипатталды. Студенттердің психологиялық дайындауға қатынасы, психологиялық проблемаларды шешуде өзіне және басқаларға құнды қатынасының бейнеленуі бойынша субъектілік көрсеткіштері талданып тағайындалды. Субъектіліктің деңгейлері ретінде білім-бағдарлы субъектілік, өзіне-бағдарлы субъектілік, әлеумет-бағдарлы субъектілік анықталып, олардың ішінара байланысы, психологиялық дайындау барысында сатылы дамуы әдіснамалық қағидаларды басшылыққа ала отырып, теориялық-эксперименттік жолмен зерттелді. Студенттердің субъектілік ұстанымы психологиялық даярлықтың танылу мен жетілу алғышарты, ішкі механизмі, анықтауышы, негізі ретінде, ал, психологиялық даярлық субъектіліктің оңтайлы танылу, даму әлеуеті болатыны дәлелденді және біртұтас күрделі құрылымдық қасиеттер ретіндегі психологиялық даярлық пен субъектілік деңгейлерінін өзара байланысы талданып, психологиялық ғылымдар жүйесіне үлес қосылды.

-Алғаш рет студенттер субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың ықпалдасқан технологиясы теориялық-практикалық тұрғыдан жобаланып, қолданылды; оның құраушылары біртұтас жүйе негізінде анықталып сипатталды.

-Алғаш рет педагогикалық психологияда психологиялық даярлық пен субъектілікті эксперименттік зерттеу тұжырымдамасы, бағдарламасы нақтыланды; қазақ топтарына бейімделген, авторлық нұсқада жасалынған психодиагностикалық әдістер мен эксперименттік материалдар кешенді қолданылып, студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың тиімділігі анықталды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы.

«Студент» ғылыми ұғымының мәнін аша отырып, оның қандай факторларда дамитынын және студенттердің өзгеруіне ол факторлардың қалай әсер ететіндігіне түсініктеме берілген. Зерттеу барысында социодинамикалық, интеракционистік, әлеуметтік үйрену теорияларымен толықтырылған. Сонымен қатар студенттердің жас ерекшелігіне байланысты адаптациялануы, қызығуы, түрткісі, дүниетанымы туралы мағлұматтар алуға болады. Жұмыс барысында Ю. В. Саенконың "Қазіргі студенттердің ырымдары" мақаласы, Лисовскийдің өңделген студенттер типологиясы, Н. Темірқұлов, А. Кенжебаевтің "Төменгі курс студенттерін оқытудағы психологиялық-педагогикалық мәселелері " мақаласы, Л. С. Столяренконың әртүрлі курс студенттерінің дамуына байланысты жұмыстары көрсетілген.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы.

Зерттеуден алынған нәтижелерді Жоғары оқу орнындағы студенттердің қажеттілігін, ортаға қатынасын, мінез-құлқын, тұлғалық қасиеттері мен наным-сенімдерін анықтау үшін қолдануға болады. Гипотезада берілген мәселе бойынша мұғалімдер мен студенттердің бір- біріне деген қатынасының қандай болуы керектігіне жол ашады. Сонымен қоса түйық мінездегі студенттердің іште жатқан қабілетін, шығармашылығын аша білуде зерттеу жүмысының маңызы зор.

Субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың автор жасаған теориялық және ғылыми-практикалық тұжырымдамасы жоғары мектепте психологиялық білім беру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді; студенттердің психологиялық даярлығы мен субъектілігін біртұтас жүйе ретінде дамытуды қамтамасыз етеді; кәсіби дайындаудың маңызды мәселесінің шешілуіне - студенттердің тұлға және маман ретінде оңтайлы жетілуіне жағдай жасайды.

Зерттеу нәтижелеріне байланысты әр саладағы психологиялық қызмет көрсету, ғылыми жұмыстар жүргізу; әр саладағы мамандарды психологиялық дайындау; өндірістік және оқу практикаларын ұйымдастыру; білім жетілдіру курстары мен институттарында ғылыми-әдістемелік нұсқау жасау жобалары құрылып іске асырылды. Субъект-бағдарлы психологиялық дайындау тұжырымдамасы негізінде маман психологтарға кәсіби білім беруді жетілдіру жүйесі жасалды.

Авторлық нұсқадағы субъект-бағдарлы психологиялық дайындау жүйесінде іске асырылатын психологиялық серіктестік, демеу, қолдау құраушыларын: субъектілікті дамыту тренингін, коррекцня мен дамыту психотехникаларын - метафоралар, ойын түрлері, проблемалық жағдаяттарды талдау, пікірталас, субъект-бағдарлы психологиялық консультация технологиясын, психодиагностикалық мониторинг әдістерін психологиялық-педагогикалық теориялық және әдістемелік көмек ретінде мақсатқа сай дәлме-дәл қолдануға болады.

Зерттеу әдістері. Субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың теориялық және эмпирикалық міндеттерін шешу үшін психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдарды, зертгеу аумағындағы тірек ұғымдарды жүйелеп, талдау; қазіргі ғылымда белгілі психологиялық дайындау, психологиялық даярлық және субъектілік жайлы білімдерге сәйкес теориялық үлгі құру; анықтаушы және дамытушы эксперимент; психологиялық-тарихи реконструкциялау әдісі; психодиагностикалық тестер; тренинг барысындағы ағымдық бақылау; сұхбат; сауалнама; әңгімелесу; сараптамалық бағалау; праксиметриялық әдістер; статистикалық өңдеу әдістері кешенді түрде жүзеге асырылды.

Ғылыми нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі зерттеудің теориялық-әдіснамалық бағыттарының біртұтастығы мен жүйелігі; зерттеу нысанына, пәніне, мақсатына, міндеттеріне және логикасына сәйкес әдістемелер кешенін қолдану; зерттеу материалдарының кең ауқымдылығы; зерттеу барысы мен нәтижелеріне сандық және сапалық жағынан талдау жасауға мүмкіндік берген эксперименттік жұмыстың кешенді, ұзақ мерзімді және жоспарлы болуы; зерттеу тиімділігінің ресми түрде бекітілуі («психология», «педагогика және психология» мамандықтарында оқитын магистранттар мен студенттердің оқу жоспарларына зерттеу мәселелеріне қатысты арнайы курстардың енгізілуі) ; психологиялық даярлық пен субъектілік деңгейлерінің маңызды көрсеткіштері бойынша экспериментке қатысқан студенттердің оңды өзгерістерінің жалпылық сипаты; статистикалық әдістерді қолдану, экспериментке қамтылу ауқымы арқылы қамтамасыз етілді. ы және жеке болжамдары тексерідді.

Зерттеу нәтижелері жоғары мектептегі студенттерді психологиялық дайындау жүйесінде, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда, Оңтүстік Қазақстан облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты ұйымдастырған курстарда ұдайы қолданылады.

Психологиялық даярлық пен субъектілік деңгейлерін дамыту мақсатында студенттерге, магистранттарға, психологтар мен оқытушыларға арнайы хрестоматиялық материалдар, студент-практиканттарға арналған психологиялық тапсырмалар топтамасы, субъектілікті дамыту тренингі, субъект-бағдарлы психологиялық консультация сынды оқу-әдістемелік құралдар жасалып, психологиялық дайындау процесінде пайдаланылды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • Жоғары мектептегі студенттерге кәсіби білім берудің құраушысы болатын психологиялық дайындауды зерттеу оның мазмұнын, генезисін, функциясын қарастыруды, оның әрбір элементінің рөлін бағалауды, беталысы мен жетілдірудің мүмкін болатын бағыттарын ашуды қажет етеді. Субъект- бағдарлы тұрғы жоғары мектепте психологиялық дайындау тиімділігін арттырудың маңызды шарты болып табылады.

- Субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың теориялық- әдіснамалық негізі студенттердің психологиялық даярлық пен субъектілікті таныту мен дамыту процесін, олардың мендік сипаттамасын дәлме-дәл анықтауға, зерттеуге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Топырақтағы саздың мөлшерін анықтау
Артпедагогика
Айналмалы су өткізуші желілерде тұрақсыз үрдістердің пайда болуы
Жұмысты жетекшіге қол қоюға ұсыну
Мектеп курсында генетиканы зерттеудің ерекшеліктері
Дипломдық жұмыстың құрылысы
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
Фото жұмыстарын орындау бойынша фирманың бизнес - жоспары
Сұйық әйнек өндірісі бойынша фирманың бизнес - жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz