Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жүргiзу әдiстемелерi



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жүргiзу әдiстемелерi.
Мектеп тәрбиесi.
Мектептегi тәрбие оқушыларды жалпы мәдени және ұлттық мағыналы
мұндылығықтарға қатыстыруға, оларды қоғамның жоғарғы мұратты мақсаттарына
сай келетiн жеке тұлға болуына қажеттi қасиеттердi қалыптастыруға
бейiмдiлген оқу пәндерi, тәрбие мақсатын көздеген арнайы пәндер және
баланың жеке шығармашылық қабiлетiн, жалпы азаматтардың қасиеттерiн
қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар жүйесi арқылы жүзеге
асырылады. Бұл- мазмұнын сабақтастыра отырып бiрiн-бiрi толықтыратын
құрделi де үздiксiз процесс: ұлт мектептерi мен мектепке дейiнгi балалар
мекемелерiнiң оқу-тәрбие жүйенiнiң iшкi мазмұнына сыртқы бейнесi сай болуын
үнемi ескерту; әсiресе жаңа салынатын мектептер мен балабақшаларды ұлттық
сәулет өнерiнiң үлгi- нақыштарына сәйкес етiп салу; қазақ мектептерiнде
ұлттық киiм үлгiсiн ендiру, ұлттық өнер негiзiнде безендiру.

Тәрбиенiң мақсаттары мен мiндеттерi.
Тәрбие халықтық ғасырлар бойы жинақтап , iрiктеп алған озық
тәжiрибесi мен iзгi қасиеттерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру, баланың
қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүние- танымын, өмiрге деген көзқарасын
және соған сай мiнез- құлпын қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиенiң негiзгi мақсаты денi сау; ұлттық сана-сезiм оянған,
рухани ойлау дәрежесi биiк , мәдениеттi, парасатты, ар-ожданы мол,
еңбекқор, iскер , бойында басқа да игi қасиеттер қалыптасқан адамды
тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесi нәтижелi болу үшiн тәрбиеiң барлық сатыларында – отбасы,
балабақша, оқу орындары мен басқа , тәрбие мекемелерiнде талаптың бiрлiгiн,
iс-әрекеттiң сабақтастығын ескеру қажет.

Тәрбиенiң негiзгi қағидалары.
Бүгiнгi күннiң талабына сай ұрпақ тәрбиесiнiң мазмұнын , әдiс-
тәсiлдерiн және ұйымдастыру жүйесiнiң iргетасын қалайтын негiзгi қағидалар
мыналар:

1. Тәрбиенiң мазмұны, оны жүзеге асыратын әдiс-тәсiлдердiң негiзi-
адамгершiлiк, имандылық, iзгiлiк, елжандылық.
2. Үздiксiз тәрбиенiң негiзi-ұлттық тәлiм-тәрбиелiк мұрасы-мәдениеттiң
құнды бөлiгi. қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пiкiрлерiн бүкiл
оқу – тәрбие жүйесiнiң тiрегiне айналдыру өнегелi тәрбие жұмысын
дүниежүзiлiк ғылыми және рухани қазынаны ұлттық мұрамен үштастыру
арқылы жүзеге асыру.
3. Жас ұрпақты iс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу. Балалар мен
жастарды ақыл – ой әрекетiмен қатар iскерлiк пен пысықтыққа
машықтандыру, өнiмдi еңбек етуге бейiмдеу.
4. Тәрбие жүйесiнiң барлық буынында ана тiлiн пайдалану. Қоғам
мүшелерiнiң тәрбие алудағы теңдiгi, шығу тегiне, ұлттық белгiлерiне,
жынысына , тiлiне, сенiмiне, кәсiби түрлерiне тәуелсiздiгi Тәрбие
беруде тiлдi таңдау еркiндiгi
5. Тәрбие жүйесiнiң сатылары мен салаларында тәрбиенiң сабақтастығы мен
үздiксiздiгiн қамтамасыз ету.

Сынып жетекшiсiнiң мiндеттерi

1. Оз сыныбындағы пән мұғалiмдерiмен тығыз байланыста болу.
2. Сыныпты өзiн-өзi басқаруға баулу, қоғамға пайдалы еңбекке баулу.
3. Мектеп пен әрбiр отбасының байланысын нығайту.
4. Оқушылардың күнделiктi мектепке келуiн қадағалау.
5. Оқушылардың оқу, тәрбие процесiндегi кемшiлiктерiн дер кезiнде
ескертiп,шара қолданып отыру.
6. Оқушылардың үзiндiк, шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуына жағдай жасау.
7. Көшеде жүру тәртiбiн, техника қауiпсiздiгiн оқушы есiне салып,үнемi
қадағалап отыру.
8. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын жоғары кәсiптiк деңгейде жүргiзу.
9. Тәртiптi, саналы, жан-жақты бiлiмдi азамат етiп тәрбиелеу.
10. Педагогикалық этика нормаларын сақтай отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын
жүргiзу.
11. Мектеп психологы және әлеуметтiк педагогымен бiрлесе
отырып,оқушылармен тәрбие жұмыстарын жүргiзу.
12. Сыныптағы оқушылардың өзiн-өзi басқару жүйесiнiң жұмысын үйлестiру,
бағыт-жанар берiп отыру.

Сынып жетекшiсi ненi бiлуi тиiс ?

Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы Заңын
Балалар құқылы туралы Конвенцияны 1993
Қазақстан Республикасы бiлiм беру ұйымдарында тәрбие берудiң кешендi
бағдарламасын
Кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру саласында әрекет ететiн
нормативтiк –құқықтық актiлердi
Педагогиканы, этнопедагогиканы, этнопсихологияны, мектеп гигиенасын
Қызмет этикасын ; Педагогикалық әдептi
Тәрбие жұмысының әдiстемесi мен теориясын
Еңбек заңының негiздерiн
өз сыныбының тәрбие жұмысы жоспарын жасауды
Тәрбиелiк iс-шараны ұйымдастыра алуды : „Әңгiме, пiкiрталас, экскурсия ,
жорық, сынып кешi,сынып сағаты т.б.
Ата-аналар жиналысын ұйымдастыруды және өткiзудi
Психологиялық-педагогикалық тестердi ,анкеталарды, сауалнамаларды өз
жұмысында сапалы пайдалануды

Сынып жетекшiсiнiң iс-қағаздары

Сынып журналы
Тәрбие жұмысының жоспары
Сынып жетекшiсiнiң дәптерi
Оқушылардың күнделiктерi
Оқушылардың жеке құжаттары
Оқушыларды зерттеуге арналған карталар
Тәрбиелiк шаралар жинақталған папкалар
Ата-аналармен байланыс дәптерi

Сынып жетекшiсiнiң не iстеуге құқы жоқ ?

Оқушының намысын қорлауға,қосалқы ат қойып кемiтуге т.б.
Оқу бағасын оқушыны жазалау үшiн пайдалануға:
Оқушының сенгiштiгiн пайдаланып,уәдесiнде тұрмай әдейi қате бағдар
беруге;
Отбасын оқушыны жазалау үшiн әдейi пайдалануға
Әрiптестерiн сыртынан жамандауға, беделiн түсiруге
Мектептен тыс уақытта оқушыларды жеке басының жұмысына пайдалануға.

Сынып жетекшiсiнiң циклограммасы

Күнделiктi атқарылатын қызметi:
1. Сабаққа кешiгiп келген оқушылармен жұмыс және кейбiр оқушылардың
сабаққа қатыспай қалған себептерiн анықтау.
2. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.
3. Сынып кабинетiнде кезекшiлiк ұйымдастыру
4. Оқушылармен жеке-дара жұмыс

Апта сайын өткiзiлетiн жұмыс

1. Оқушылардың күнделiктерiн тексеру
2. Жоспар бойынша сыныппен iс-шара өткiзу.
3. Ата-аналармен жұмыс нақты жағдайда байланыс
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жүйесіндегі өзіндік ұстанымдары
Сынып жетекшісінің қызметтері
Сыныптағы тәрбие жүйесі
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері»
Мектеп окушыларының көзқарасын қалыптастыру
Пәндер