Сыныптағы тәрбие жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері

Педагогика

Курстық жұмыс

36

Сыныптағы тәрбие жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері

мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 5
1. 1 Сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысының мәні мен мағынасы 5
1. 2 Тәрбие мақсаты төңірегінде қалыптасқан өй - пікірлер 7
2 СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 13
2. 1 Сынып сағаты - сыныппен тәрбиелік жұмысының негізгі формасы 13
2. 2 Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі 21
2. 3 Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар 27
2. 4 Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы 31
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 36

КІРІСПЕ
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, тәсілдерін ажырата алуы қажет.
Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс- әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, сонын арқасында жеке тұлғанын қалыптасуы жүзеге асады.
Материалістік диалектика адам табиғатын биологиялық пен әлеуметтіктің бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.

Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді. Бұл ретте әртүрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет.

Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған орта мен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық процеске жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс- әрекеттің түрлері жатады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - сынып-сағатының, тәрбиенің мәні мен мағынасын аша отырып, оның сыныппен тәрбиелік жұмысының негізгі формасы ретіндегі маңызын анықтау болып табылады. Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін оның алдына келесі міндеттер қойылады:
- Тәрбие үрдісінің мәні мен мағынасын ашу оның теориялық негіздерін қарастыру;
- Сыныпта тәрбие жүйесін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау;
- Сынып жетекшінің сыныппен тәрбиелік жұмысын жоспарлауын жан-жақты қарастыру.
Әр түрлі мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғадық- пайдалы және өндірістік еңбек жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі формаларын енгізу, ұлттық салт дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасатын. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Басқаша айтқанда, кез келген тәрбие жүйесі негізінде бүтіндей ұжымның тәрбие мақсаттарын белгілеуі, танымдық іс-әрекет, Ұзара қатынастар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ұлттық салт-дәстүрлерге сүйену, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық істің әдісін пайдалану.

Педагогикалық процеске қатысушылардың іс- әрекеті мен қарым- қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалар мен әдіс тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс. Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым- қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады.

1 МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысының мәні мен мағынасы
Мектептегі оқу-тәрбие процесін демократияландыру мен гуманитарландыру, қоғамымыздағы негізгі міндеттердің бірі. Бұл міндетті шешу, оқушы жастарға эстехикалық білім және тәрбие берумен, бұл педагогикалық процеске мұғалімдердің даярлық дәрежесін қамтамасыз ету мәселесімен тікелей байланысты. Себебі, ол адам баласының жақсы еңбегінде, әдемі бастамаларында, атқарған тамаша істерінде, дене бітімінің жақсы үйлесімділігінде, жан дүниесінің кіршіксіз тазалығы секілді ұғымдарда өзіндік бейнесімен орын алады.
Сондықтан да біздің қоғамда адамдардың жан-жақты үйлесімділігінде дамуы, оған әрбір тұлғаның өз өмірін "әдемдік заңы" бойынша құруға материалдық және рухани негіз жасалған, бұлар қоғаммен бірге үнемі дамып отырады. Сол үшін де қоғамның әрбір азаматы осы мүмкіншіліктерді барынша, әрі орынды пайдалана білуге дайын және тәрбиелі болуы тиіс.
Бүгінгі қоғамды қайта жүру жағдайында әрбір адамның, соның ішінде оқушы жастардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасы айрықша маңызға ие. Соған орай мектеп оқушылары мен жастардың өнер саласының әр түрімен айналысуы, нәтижесінде көркемөнерпаздар ұжымының оқтын-оқтын байқауының, сурет көрмелері мен балалар фестивалдарының ұйымдастырылуы біздің қоғамымыздың өскелең жас ұрпағына эстетикалық тәрбие беріп, эстетикалық мәдениетін дамытуға ерекше маңыз беруі деп бағалаймыз.
Эстетикалық тәрбие, ол тәрбиенің баска салаларымен де (ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене, экология т. с. ) тығыз байланысты. Сондықтан да адамның эстетика саласындағы тәрбиелік деңгейі, оның барлық іс-әрекетінде көрініс береді.
Кезінде, эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе А. В. Луначарский, эстетика саласынан білім беру, балаларға арналған кайсыбір өнерді қарапайым түрде окыту деп түсінуге болмайды, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Енбек пен ғылым саласынан берілген білімде эстетика қамтылммаса, онда сол білімнің жансыздығын- деп оған айрықша мән берген.
Сондай-ақ, жапон елінде "эстетика саласынан білім алмаған адам, экономикалық тұрғыдан да тиімсіз" - деген көзқарас қалыптасқан екен. Бұл бізгс де қатысты мәселе. Бұл бүгінгі өркениет талабы.
Дегенмен де эстетикалық тәрбиенің кейбір міндеттері әр кезде, не болмаса барлық жағдайда біздің қалауымызға атқарылып отырған жоқ. Оның себебі, бүгінгі күнге дейін мұғалімнің эстетикалық даярлық сапасының деңгейі, немесе оның шегі барынша нақтылы анықталмаған, оқущылардың эстетикалық тәрбиесінің дамуына қандай мұғалім нәтижелі әрі оң ықпал тигізеді, ол үшін оқушылардың эстетакалық тәрбиесіне кажетті даярлыктың негізгі компоненттері қандай болып белгіленген, т. с. с. мәселелер өз шешімін таппауда. Кейбір мұғалімдердің қайсібір музыкалық аспапта ойнай білуі, билей немесе сурет салу біліктілігі, мұндай маңызды педагогикалық процесті шешуде педагогикалық қабілеттері жеткіліксіз. Ол үшін педагогикалық оқу орындарында арнайы даярлық жүйесін меңгеру қажет.
Ауыл мектептері жағдайында жүргізілетін бүкіл тәрбие жүйесінің, соның ішінде эстетикалық тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерін де ескеру қажет. Ондағы мұғалім эстетакалық тәрбиеге қатысты міндеттерді оқушылармен ғана емес сондай-ақ олардың ата-аналарымен, жалпы ауыл тұрғындарынан де жүргізуі шарт. Сол үшін де ауыл мектептерінің мұғалімдерінің эстетикалық мәдени даярлық, сапасына аса мән берілуі тиіс.
Мектептегі қабырға газетінің сапасы төмен болуы, көркемөнершздар ұжымының орындау шеберлігі мен жүріс-тұрысындағы кемшіліктер, оқушылардың және оқушылар мен ұстаздардың өзара қарым-қатынасындағы олқылықтар, сыныптан тыс шаралардың педагогикалық талапқа сай атқарылмауы т. с. с. кейбір келеңсіз жағдайлар оның эстетикалық тартымдылығын төмендетеді. Соған орай, оқушылардың этетикалық талғамы мен жағымды да әсерлі мінез-құлқы және көтеріңкі көніл-күйнің әсерленуіне кері ықпалын тигізеді.
Мектеп көлемінде өткізілген кейбір тәрбиелік шараларға (тақырыптық тәрбие сағаттары, таңертеңгіліктер, мектеп кештері, дәстүрлі мейрамдар, "Ал, қане қыздар!", "Ал, қане ұлдар!" байқаулары т. б. ) қатысып, нәтижелеріне талдау жасағанда байқағанымыз, көптеген орындаулардың сапасының төмен дәрежеде болуына куә боддық.
Кейбір мектептерде өткен мәдени шаралардың 43-іне қатыса отыра, солардың ішінде 19-ы 12-ден 30 минөт мөлшерінде өз уақытынан тым көп кешігіп басталғанына, оларды ұйымдастыру және өткізу барысында да кемпішіліктердің болғанын назар аудардық. Мысалы, оқушылардың сахнада өздерін дұрыс ұстай алмауы, сахнадағы орны мен жүріс-тұрысындағы ретсіздік, үйлесімсіздік, көрермендер арасында айкай-шудың немесе әбігердің тууына себепкер болды.

1. 2 Тәрбие мақсаты төңірегінде қалыптасқан өй - пікірлер
Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, “рахым” туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты - заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыруы керек, үстемдік етуші топтар - филосовтармен жауынгерлердің талап тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рахымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.

Я. А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзінді және қоршаған ортаны тану (ақыл- ой тәрбиесі) және құдайға сыйыну (діни тәрбие) . Дж. Локтың айтуы бойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру. Жж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт- ұстанымынан айныған емес.
Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күшқуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал И. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А. Дистерверг «ақиқат, сұлулық және мейірмділікке өз ынтасымен қызмет» ету деп анықтаған.
Ерте заманнан бері тәрбие мақсаты жайлы пікір жалғасып келеді. К. Д, Ушинский жазғандай: «Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады де, онда сіздің дауласуға әбден қақыныз бар, ал тәрбиеші «бақыт» дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ; біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық» - деп те түсінеді.
Осыған орай сұрақ туады, балаға әрқашан бақытты болу пайдалы ма, бұл әлеуметтік мәселелерді шешуде дәрменсіздікке, қайратсыздыққа әкелмей ме? Сөз тек осы күнгі тірбие мәселесі жөнінде емес: педагогтар жастардың бүгінгі мен болашағын ескере отырып, өмірдің күрделі де қиын мәселесін шешуге дайындауға ынталану деп ұққан жөн.
Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді. Әріне, бұл позиция- тәрбиеннің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.
Бүгінгі тәрбиеннің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше мән берген орынды.
Тәрбие мақсаты - ол педагогикалық процеспен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындайды.
Тәрбие мақсаты - бұд қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қолжеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты - педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат- тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде арақатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда тәрбиенің мақсаты нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі. (И. П Подласый) .
Тәрбие мақсаты жалпы және жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиеннің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа обьективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Мәдениет деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды.
Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның обьективті даму заңдылығына сүйену қажет.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясысияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие мақсатының қоғамдық-экономикалық қатынас түріне байланысты екенін атап өтеміз.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезенінде бірте- бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым- қатынасын реттейді.
Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім, және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оғаг жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру - тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т. б. көрінеді. «Адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субьектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан»(Наторп П. ) .
«Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғанын әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек».
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.
Әлеуметтендірудің көптеген тұжырымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде марғаулық позициясын ұстанады, ал әлеуметтендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект- объект деп қарауға болады. Бұл ұғым- пікірдің басында Э. Дюргейм және Т. Парсонс тұрды.
Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өз өзіне, өмірдегі жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты субъект- субъект деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч. Кули және Д. Г Мид ұстанды.
Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э. С. Маркарянның ойынша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі қажет - материалдық, рухани және социо-нормативті немесе адамгершілік мәдениеті. «Мәдениет» латын тілінен аударғанда өндеу, баптаудеген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы-рухты дәріптеп көтеру.
Жалпы адамдық мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, мәдениеттің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, мәдениет мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалістік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз сапасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрекет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді. Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін йлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э. С. Макарянның ойынша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамдардың меңгеруі қажет - материалдық, рухани, социо-нормотивті немесе адамгершілік мәдениеті. «Мәдениет» латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы - рухты дәріптеп көтеру. Рим ораторы М. Р. Цицерон өзінің «Тускуланские диспуты» еңбегінде ең алғаш рет «мәдениет» сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған.
Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен қарым-қатынасын көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында, құндылықтармен және басқа адамдармен пікірлесу. Жалпы адамдық мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады.

2 Сыныптағы тәрбие жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері
2. 1 Сынып сағаты - сыныппен тәрбиелік жұмысының негізгі формасы
Әр түрлі мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғадық - пайдалы және өндірістік еңбек жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі формаларын енгізу, ұлттық салт дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасатын. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Басқаша айтқанда, кез-келген тәрбие жүйесі негізінде бүтіндей ұжымның тәрбие мақсаттарын белгілеуі, танымдық іс-әрекет, өзара қатынастар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ұлттық салт-дәстүрлерге сүйену, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық істің әдісін пайдалану. Зерттеулер мен озат тәжірибелердің арасында педагогикалық ғылымда оқушылар арасында тәрбие жүйесі орын алғанда ғана тәрбие нәтижесі маңызды.
Тәрбие жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:

- жүйенің қалыптасуы;
- ұжым іс- әрекетінің жүйесі мен мазмұнын жасау;
- жүйені лайықты тәртіп бойынша қалыптастыру, дәстүрлерді сақтау мен жаңалықтарды енгізу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz