Сыныптан тыс жұмыс арқылы студенттерді математиканы оқытуға даярлау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сыныптан тыс жұмыс арқылы студенттерді математиканы оқытуға даярлау
Аудиториядан тыс жұмыс - жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбиепроцесінің
ажырамас бөлігі. Аудиториялық сабақтардың жалғасы, толықтырушысы бола
отырып, ол мазмұны, ұйымдастыру формасы мен алдына қойған міндеттерді
жүзеге асыру әдістері тұрғысынан өзіндік ерекшелікке ие болады.
Жоғары оқу орындарындағы оқу және оқудан тыс процестің бірлігі гінде
аудиториядан тыс жүмыстың жоғары білікті мұғалімді даярлау, оның кәсіптік
біліктіліктерін, кәсіптік бағыттылығын қалыптастыруды көздейтінін атап
өтуге болады. Ал олардың өзіне тән ерекшеліктері:
оку процесі оқу жоспарларымен, бағдарламалармен, міндетті түрде орындалатын
тапсырмалармен анықталады. Студенттердің аудиториядан тыс жұмысы еріктілік,
оқу процесінен тыс уақытта белгілі бір білім, біліктілік, дағдыны меңгеруге
қызығушылық пен ынталылық принципінің негізінде ұйымдастырылады.
Жоғары оқу орындарының іс-тәжірибесінде студенттермен жүргізілетін
аудиториядан тыс жұмыстардың мынадай формалары қалыптасқан: үйірмелер,
конференциялар, диспуттар, ғылыми-зерттеу жұмыстары, апталықтар, т.с.с.
Олардың әрқайсысы пәнді оқыту не тәрбиелік сияқты белгілі бір принципті
ұстануы керек. Мәселен, математиканы оқыту әдістемесінен ұйымдастырылатын
аудиториядан тыс жұмыстар жүйесі осы пәннен жүргізілетін аудиториялық
сабақтар жүйесімен сәйкес келеді, өйткені соның негізінде студенттердің
педагогикалық біліктіліктері мен дағдылары дамытылады, білім мазмүны
кеңейтіледі.
Аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мынадай принцип-терге
негізделеді:
• үздіксіздік пен бірізділік;
• жүйелілік пен сабақтастық;
• үжымдық жұмыс формаларының үйлесімділігі;
• оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларының үйлесімділігі.
Б астауыш мектепте математиканы оқыту процесінде қазақ этно- педагогикасы
материалдарын пайдалануға студенттердің даярлығын қалыптастыруда
аудиториядан тыс жұмыстардың мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Ол мынадай
бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
• казақ этнопедагогикасы материалдарын пайдаланудың негізінде студенттерде
кәсіптік мәні бар сапаларды қалыптастыру;
• бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда қазақ этнопедагогикасын
пайдаланудың маңызын түсіндіру;
• мектепте математиканы оқыту процесінде қазақ этнопедагогикасы
материалдарын пайдалануға біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
• бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда қазақ этнопедагогикасы
материалдарын пайдалану проблемасына арналған ізденіс, ғылыми-зерттеу
жұмыстарына қызығушылығын дамыту, оку-әдістемелік жұмыстарды орындауға
қажетті әдістермен, тәсілдерімен қаруландыру;
• қазақ халық шығармашылығына сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу, т.б.
Студенттердің зерттеліп отырған әрекетке әдістемелік даярлығын
қалыптастыру олардың бастауыш сыныптарда математиканы оқыту-дың теориясы
мен әдістемесі және қазақ этнопедагогикасы бойынша теориялық біліміне
байланысты болғандықтан, аталған проблема бойынша аудиториядан тыс іс-
әрекеттің орталығы ретінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағандының мемлекеттік
университетінің педагогикалық факультетінде "Математик", "Атамүра" атты
ғылыми-әдістемелік үйірмелер ұйымдастырылып, олардың жұмысына барлық курс
студент-терінің ат салысуы көзделді. "Математика" үйірмесінің отырыстарында
бүгінгі таңдағы бастауыш мектепте математиканы оқытудың психологиялық-
педагогикалық, тәрбиелік бағыттылығы, ғылыми-әдістемелік зерттеулердің
теориялық және практикалық кұндылығы мәселелері қарастырылып, ғылыми-
педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге проблемалық талдау,
педагогикалық басылымдарға ("Қазақстан мектебі", "Бастауыш мектеп",
"Начальная школа" журналдары) шолу, студенттердің ғылыми хабарламаларын
тыңдау және талқылау жүзеге асырылып отырады.
Үйірме жұмысының құндылығы студенттердің көрнекті маман-дардың,
ғалымдардың еңбектерімен жұмыс істеуі болып табылады. Еңбектерді оқып-
үйреніп, талқылау барысында студенттер матема-тиканы оқытудың мәнділігі,
тарихи материалдардың маңыздылығы жөніндегі мәселелерге талдау жасайды.
"Атамүра" ғылыми-әдістемелік үйірмесі математиканы оқыту әдістемесі мен
қазақ этнопедагогикасы ғылымының өзара байланысын ашып көрсетуге қызмет
етеді. Үйірмеде ауызекі поэтикалық шығармашылық бойынша "Мұрагер",
музыкалық шығармашылық бойынша "Домбыра-дастан", сәндік-қолданбалы өнер
бойынша "Өрнек" секциясы жұмыс істейді.
Үйірмелер жұмысының нәтижелеріне талдау студенттердің матема-тиканы оқыту
теориясы мен әдістемесі және қазақ этнопедагогикасы бойынша мол мағлұмат
алып, оларды өзара байланыстыруға, бастауыш мектепте математиканы оқыту
процесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану әдістемесін
меңгеруге қол жеткізгендерін аңғартты. Мұның өзі "Математик", "Атамұра"
сияқты үйірме жұмыс-тарын дұрыс ұйымдастыру болашақ мұғалімдердің мектепте
математиканы оқыту процесінде казақ этнопедагогикасы материал-дарын
пайдалануға даярлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді деген қорытындыға
әкелді.
Болашақ мұғалімдердің үйірмелерде жұмыс істеу барысында алған теориялык
білімдерін әрі жетілдіру, зерттеушілік және практикалық біліктіліктерін
қалыптастыру мақсатында аудиториядан тыс жұмыстардың әртүрлі нысандары
ұйымдастырылды:
• "Қазақ халқының математикасы" сайысы;
• "Асыл мұраның нәрлі қайнары" ғылыми-практикалық конференция;
• "Асыл мұраның нәрлі қайнары - математикалық білім беру құралы" атты
апталық;
• "Математиканы оқыту тәжірибесі" әдістемелік кеңес.
Осы аталған жұмыс нысандарын ұйымдастыру төрт кезеңді қамтиды: 1) шешім
қабылдау; 2) дайындалу; 3) өткізу; 4) қорытын-дылау, яғни нәтижелерін
талдау.
Жұмыс нысандарын өткізу туралы шешім "Атамұра" үйірмесінің отырысында
қабылданып отырады. Оларды еткізудің мерзімі анык-талып, ұйымдастыру алқасы
тағайындалады, факультеттің аудитория-дан тыс уақытта өткізілетін
жұмыстарының жоспарына енгізіледі.
Дайындық кезеңінде әрбір жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалады,
соған сәйкес материалдар жинақталады, жоспар жасалады, өткізу әдістемесі,
формалары мен құралдары, қатынасу-шылар құрамы анықталады, әркімге өз
қалауы мен мүмкіндігіне қарай тапсырмалар беріледі. Бұл кезең толық
бағдарламаны құрумен аяқталып отырады.
Болашақ мұғалімдерді бастауыш мектепте математиканы оқыту процесінде
қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлауға байланысты
шараларды өткізу барысында төмендегідей педагогикалық талаптарды басшылыққа
алу керек:
• қатынасушылардың әдістемелік жағынан математиканы оқытуға тиімді
материалдарды пайдалануы;
• математиканы оқыту барысында қазақ этнопедагогикасы материалдарын
пайдалану әдістемесін меңгеруі, өзінің жеке шығармашылығын көрсетуі;
• бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда қазақ этнопедагогикасы
материалдарын шеберлікпен пайдалануға ұмтылуы.
Енді осы жұмыс нысандарының мазмұнына тоқталайық.
"Қазақ халқының математикасы" атты сайыстың мақсаты -студенттердің қазақ
халқының математикасы бойынша білімдерін кеңейту, оның материалдарын
бастауыш мектепте математиканы оқыту процесінде ұтымды пайдалануға баулу.
Сайыс төмендегі бағдарлама бойынша өткізіледі:
1."Математикалық ой-маржандар" сайысында ғұламалардың математикаға қосқан
үлесі (Әл-Фараби, Омар Хайям, Әл-Беруни, т.б.)туралы білімдері сарапқа
салынады.
2."Сан киесі" атты сайыста қазақ халқының қасиетті сандары мен олардың
мағыналарын айту талап етіледі.
3."Атадан қалган асыл сөз" сайысында студенттердің математикалық үғымдарға
байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Бірінші сыныпта қарапайым түсініктерді оқыту әдістемесі
Оқшауланған математика
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Қарапайым түсініктер. Сандар номенклатурасы
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Пәндер