Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері жайлы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық
принциптері
2. Балабақшада сюжетті ойынды ұйымдастыру принциптері:
3. Сюжетті-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері
4. Балабақшада ойынды ұйымдастыру
5. Банк сюжетті-рөлдік ойыны
6. Банк сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы
Қорытынды
Әдебиеттер

Кіріспе

Ойын – бұл баланың рухани дүниесіне оны қоршаған ортасы туралы
ұғымдардың және түсініктердің жандандыратын ағыны енетін үлкен жарық терезе
сияқты, деп Сухомлинский В.А. жазған болатын.
Қазіргі заманда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда
және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт мектепке дейінгі білім беру
қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары анықтайтынын педагогтың іс-
әрекеті емес, бала - педагогикалық процестің субъекті ретінде болатынын
көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға
алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге
мүмкіндік береді. Ал ойын - сауық, демалыс ретінде бола тұрып, оқытуға,
шығармашылыққа, адам қарым-қатынастарының өмірдің әр-түрлі салаларында
көрінудің, оларды модельдеуіне айналуға мүмкін.
Еркін сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең
қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті
еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап
болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-
қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық
әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете
алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын — кез келген
әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды — ересектер тарапынан
қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-
әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау
керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық
сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба
білулері тиіс. Сондықтан тәрбиешінің бала ойынын ұйымдастыру технологиясын
меңгеру мәселесі айрықша өзекті болып отыр.
Осы әдістемелік нұсқауларда сюжетті ойынды ұйымдастырудың жаңа әдісі —
модельдеу арқылы ұсынылып отыр. Әзірленген модельге сүйене отырып, тәрбиеші
балаларға алдағы уақытта бақылаған оқиғалардың эпизодтарын, қатысушылардың
әрекеттерін, әр бір нақты қатысқан адамдарды, әр бір әрекет етушінің
міндеттерін, олардың қарым-қатынастарының мазмұнын еске түсіруге
көмектеседі. Модельдеу процесінде тәрбиешінің міндетіне баланың барлық
мүмкіндіктерін барынша өзектеуді қамтамасыз ететін ойынды басқаруды
ұйымдастыру кіреді. Осылайша ойынның нәтижелі де қарқынды жоспарлауы, ойнау
дағдыларының біртіндеп қиындатуы жүзеге асады.
Ұсынылып отырған модельдер қазіргі заманның барлық салаларын қамтып,
құрамына әр түрлі тақырыптар кіреді: тұрмыстық, өндірістік және қоғамдық.
Әрбір модельдің келесі кезеңдері бар:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Технологиялық карта.
Балабақшадағы ойынды жоспарлауға және басқаруға қолданатын бұл әдіс
мектеп жасына дейінгі балалардың еркін дербес ойын деңгейін бірталай
арттыруға мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқаулар педагогтар үшін пайдалы болады, әсіресе қазіргі
уақытта, мектепке дейінгі білім берудегі оқу типі бойынша балалардың
балабақшадағы өмірін ұйымдастыру дәстүрлі түрін кейін қалдырып, балалардың
белсенділігінің еркін шығармашылық түрлеріне, соның ішінде балалар дамуының
маңызды факторлары болып табылатын сюжетті ойынға көп көңіл бөлініп жатыр.
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері

Мектепке дейінгі балалық шақ — 3-тен 6-7-ге дейінгі жас — баланың
дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі
психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір
жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті
жүріс-тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста
танылады.
Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен
әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжетті-рөлді ойында
туындайды.
Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы
құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің
іс-әрекеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды
(немесе модельдейді).
Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл
ойында барлығы шартты, барлығы әзіл сияқты. Бала елестеткен шегені
ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды,
дәрігер болып, ауру қуыршақтарды емдей алады, ал шын мәнінде бұл
ересектердің мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған
толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған
жағдайларды қайтадан бастан кешіп жатады.
Сюжетті ойынның осындай мүмкіншіліктердің барлығы мектеп жасына
дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық
жайлылықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сюжетті ойын
- адамның кез келген іс-әрекеті сияқты — балада өз бетімен пайда болмайды,
оны меңгерген, ойнай алатын өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы
көрсетілген.
Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен
шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде —
спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде
— әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін.
Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп,
оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және
рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік
қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында
әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3
құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды
рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру
тиіс.

Балабақшада сюжетті ойынды ұйымдастыру принциптері:
Тәрбиеші балалармен бірге ойнау тиіс
1. Тәрбиеші балалармен бірге мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойнау
тиіс, бірақ ойынның әр бір кезеңінде балалар ойын құрудың жаңа, одан да
күрделі тәсілін танып және меңгере алатындай, ойынды ерекше әдіс арқылы
өрістету қажет.
2. Ерте жастан бастап және әрі қарай мектепке дейінгі балалық шақтың
әрбір кезеңінде ойын біліктері қалыптасқанда баланы ойын әрекетті жүзеге
асыруға, сонымен қатар, оның мағынасын серіктесіне — ересек адамға және
құрдасына — түсіндіруге бағыттау қажет. Осындай стратегия балалардың жеке
өзіндік ойынды, ерте жастағы шағын топтарда элементарлы жұптасқан ара-
қатынастан бастап балалардың үйлесімді біріккен ойынын қамтамасыз етеді.

Сюжетті-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері

Д.Б. Эльконин белгілеген балалалық шақ аралығындағы сюжетті-рөлді
ойынның төрт деңгейі тәрбиеші үшін ойынды дамытудың бағдары бола алады.
Бірінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны заттық әрекеттер болып
табылады. Іс жүзінде ойында рөлдер бар, бірақ олар әрекеттерді анықтамайды,
олар баланың орындаған әрекеттердің түрлерінен өздері туындайтын болады.
Әдетте ойынның алдын ала жоспары құрылмайды: балалар рөлдерді атамайды,
оларды ойын әрекетін орындап болғаннан кейін белгілейді. Әрекеттері
біркелкі және бірнеше рет қайталану тенденциясы бар және олардың логикасы
оңай бұзылады. Бала ойын барысында рөлдік жүріс-тұрысты құрайтын
әрекеттердің күрделі реттілігін орындамайды.
Екінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны заттық әрекеттер болып қала
береді. Ойында күрделі әрекеттердің тізбегі орындалады. Бұл ретте алдыңғы
қатарға ойын әрекеттің шынайы өмірдегі әрекетке сәйкестігі шығады.
Әрекеттер логикасын олардың шынайы өмірдегі реттілігі анықтайды. Ойын
әрекеттер түрлерінің диапазоны кеңейе түседі. Орын ауыстыру мүмкіндігі
шектеулі. Ойындағы заттардың атауларын ауыстыру тұрақсыз, орынбасар-
заттардың жаңа мағынасы тез жоғалады. Балалар рөлдерін атайды, алайда, ойын
әрекеттің өзі және ойындық заттың таңдауы баланың белгілі бір рөлді
қабылдауын анықтайды.
Үшінші деңгей. Баланың рөлді ойнауы және ойынға байланысты әрекеттерді
орындау - ойынның негізгі мазмұны болып табылады. Ойын іс-әрекетті алдын
ала жоспарлай бастайды, рөлдердің орындалуын қадағалап, түзетеді. Рөлдер
айқын, анық, балалар оларды ойын басталмай тұрып анықтайды, рөлдер
әрекеттердің логикасын және түрін анықтайды. Модельденген әлеуметтік қарым-
қатынастардың сипатын жеткізетін ойын әрекеттері пайда болады. Бұл
әрекеттер әркелкі, жалпыланған бола бастайды, жиі сөйлеу арқылы орындалады
(аталады). Кейіпкерлердің арсындағы қарым-қатынасты сипаттайдын өзіндік
рөлдік сөз сөйлеу пайда болады. Орын ауыстырудың мүмкіндіктері кеңейе
түседі: орынбасар заттың нақты белгіленген қызметі жоқ болса ғана заттық
ойындық жаңа мағынасы тұрақты болады. Ережелер ашық анық түрде
көрсетілмеген, бірақ іс жүзінде рөлдердің орындалуын реттейді және ойын
әрекеттердің логикасы бұзылған жағдайда өзекті болады.
Төртінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны — әлеуметтік және жеке тұлға
аралық қатынастарды көрсететін әрекеттерді орындау. Алдын ала жоспарлау
іске асырылады: ойынды ойластыру, рөлдер және ойнайтын заттар бөлу, кейде
ойын ережелері бөлінеді. Рөлдер анық және айқын, орындалуы ережелермен
реттеледі. Сөйлеген сөздері мәнерлі, өрістетілген және рөлдік сипаты бар.
Әрекеттердің логикасы бар және әр түрлі, нақты жүйе дамыған. Сөз сөйлеу
әрекеттерінің үлесі арта түседі. Бала шынайы өмірдің ережелерін алып,
оларға ойын барысында бағынатынын көрсетеді. Орын алмастыру кеңінен
қолданады. Егер нақты белгіленген қызметі бар зат орынбасар ретінде
қолданса да, балалар ойынның жаңа мағынасын, сақтау қабілеттерін танытады.
Мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойынның бірінші деңгейінен (мектепке
дейінгі кіші жастағы) төртінші деңгейіне дейін даму динамикасы байқалады
(мектепке дейінгі ересек жастағы).
Алайда, көпшілік тәжірибелік мәліметтер көрсеткендей, мектепке дейінгі
балалық шақтың аяқталу кезінде ойын дамуының төртінші деңгейіне дейін
жететін балалардың саны көп емес. Әрине, осындай жағдай мектепке дейінгі
балалардың жалпы психикалық дамуында және жеке тұлғасының дамуына әсер
етеді.
Шығармашылық ойынның ерекшеліктерін талдау кезінде негізгі талданатын
ерекшелік - ойынның мазмұны. Ойынның мазмұны ересектер орындайтын
әрекеттерді бейнелейтін ойындардан, одан әрі адамдардың қарым-қатынастарын
бейнелейтін ойындарға қарай дамып, соңында — қоғамдық жүріс-тұрыстың және
қатынастардың ережелеріне бағыну негізгі мазмұны болатын ойындарға дейін
мазмұны өрістейді.
Ойынның мазмұны - жақсы ойынның дамуын анықтайтын маңызды фактор
болып табылады.
Осындай ойынның келесі критерийлерін атауға болады:
- ақыл-ойды және адамгершілікті дамытатын мазмұнының болуы;
- қиялды және шығармашылықты дамытатын;
- қарым-қатынаста ықыластықты дамыту;
- өз күшін сезінуден қуаныш алу.
Алайда, зерттеулердің мәліметтері бойынша (Артемова Л.В., Гаспарова
Е.М., Зворыгина Е.В., Новоселова С.Л. және т.б.) балабақшаның
тәрбиеленушілерінде шығармашылық ойыны стереотипті сипатында болады. Ол жиі
қатаң тәртіпті іс-әрекет түрінде болады, біркелкі, тәрбиеші алдын ала
барлығын ұйымдастырып, балалардың шығармашылық еркіндіктеріне орын
болмайтын фронтальды сабақтар тәрізді.
Ойынның осындай жағдайдың келесі себептерін атауға болады:
- ересектердің — ата-аналардың және тәрбиешілердің - саналарында бала
ойынының құндылығын түсінбеушілігі;
– тәрбиешінің пассивті бақылаушы немесе баланың жүріс-тұрысын және
әрекеттерін айтып істеткізуші позициясы;
– балабақшаның барлық топтарында бірдей тәптіштенген және балаларды
олармен әрекеттесудің бірдей тәсілге итермелейтін ойыншықтардың болуы:
- бала қиялының дамуына себеп болатын жабдықтылмаған ойын материалының
жеткіліксіз саны.
Тәрбиешіге тәрбие процесін модельдеуі ғана емес, ойынды өткізудегі
шығармашылық позициясы байланысты болады, себебі, тек тәрбиеші ғана балаға
әсер ету тәсілдерін анықтайды. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекетте ересек
пен бала арасындағы қарым-қатынастың сипатын өзгеру басты болып табылады.
Ересек пассивті бақылаушы позициясын ұстанбай, ойынның белсенді серіктесі
ретінде болу тиіс.
Біздің ойымызша, осындай жағдайды қамтамасыз ету үшін:
– бала ойынына үн қатып, әрбір қатысушының эмоционалды күйін сезіне
алу;
– ойын сюжетінің дамуына сәйкес балалармен қарым-қатынастың сипатын
және мінезін өзгертуге қабілетті болу қажет. Ол үшін затты-ойындық
ортаны өзгерту арқылы және ересектің баламен ынталандырушы қарым-
қатынастары арқылы құрылатын мәселелі ойын жағдайлар қолданылады;
– бала ойынының мазмұнының көзі ретінде болатын ақиқаттағы оқиғаларды
тәрбиешінің білуі, оның балалар түсінетіндей мәліметтерді белгілі бір
тәсілмен, әдіспен жеткізе білуі, балалардың шығармашылық қабілеттерін
танытуларын және балалардың іс-әрекетін ынталандыру;
– балада ересектің бейнесін және оған еліктеуді тырысуын (ойын
сюжетінің даму деңгейіне байланысты) қалыптастыратын лайықты
педагогикалық ықпал құралдарын іріктей алу;
– ойынның мүмкін болатын нәтижелерін модельдеу.
Ойынға байланысты педагогикалық ықпалдың мақсаты білімді ұжымдық
өңдеу емес, балалардың өзіндік ойынды қамтамасыз ететін, шағын ойын
бірлестіктерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Ойындар үйретудің балалар өміріндегі рөлі
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Әр топ ерекшеліктеріне арналған ойын-сауықтар репертуарларының сипаттамасы
Балалардың мектепке дайындығын жан - жақты ұйымдастырудың психологиялық - педагогикалық негiздерi туралы
ОЙЫНШЫҚТАР ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Пәндер