Табиғат ұғымы. Қоғам табиғаттың бір бөлігі



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Табиғат ұғымы. Қоғам табиғаттың бір бөлігі.
Қоғамның толассыз өзгерістері мен дамуы философияның зерттеу
объектілерінің бір түріне жатады. Олар философияда мына мәселелер түрінде
зерттеледі: табиғат пен қоғамның ұқсастықтары мен айырмашылықтары неден
түзіледі; олардың өзара байланыстары қалай сипатталады; осындай өзара
байланыстардың негізгі бағыттары мен болашағы қандай.
Бізге жеткен қоғам, табиғат ұғымдары туралы сақталған деректердің ең
көне түрі сонау Антикалықтан басталады. Сол уақыттары Әлемдегі жердің
орыны, оның құрылымы, адам және қоғамның ролі оның ғарышпен байланысы
туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Жерді шар тәріздес екендігі туралы
түсінік сонау Пифагорадан бастау алады. Аристотель жерді жұлдыздар
орналасқан хрустальданған күмбезбен жапты. Табиғат бұл тұрғыда адамға
қарама-қарсы қойылмады және оны: логостың орталығы, ұйымдастырудың эталоны,
ақылдың өлшемі ретінде түсіндірді.
Христиандықтың бекуімен табиғатқа деген қатынас түбегейлі өзгерді, оған
төменгі, материалдықтың алғашқы басталымының іске асырылуы ретінде қарап,
рухани абсолютке яғни Құдайға қарсы тұрғызды. Схоластикалық философия жерді
әлемнің қозғалмайтын орталығы деп есептеді.
Қайта туу заманында философияның негізгі жетістіктерінің бірі
натурфилософияның дамуы болды. Николай Коперник (1473-1543) жердің
қатардағы планеталардың бірі екендігін және ол өз осы және оның күннің
айналасында айналатындығын дәлелдеді. Сонымен әлемнің геоцентристік туралы
теорияға шүбә келтіріле бастап гелиоцентристік жүйе дамыды. Итальян
философы Джордано Бруно (1548-1600) табиғаттың шексіздігі және әлемдердің
сансыз көптігі туралы идеяны көтерді.
Жаңа уақытта табиғт алғашқы рет мұқият ғылыми талдаудың объектісіне
айналды. Ғылым объектісі болып табиғат есептелді, ал оның мақсаты табиғатты
адам патшалығына айналдыру болды. Табиғатты объект ретінде және адам
өлшеусіз, шексіз ала беретін қойма сияқгы түсіне бастады.
ХХ-шы жүзжылдықтың екінші жартысында ғылыми - техникалық революцияның
ықпалының арқасында табиғат және адамның өзара байланыстарының сипаты
өзгерді. Бұл олардың арасында қалыптасқан салыстырмалы тепе-теңдікті бұзды
және табиғатқа да, адамға да қауіп-қатер тудыратын жағдайға әкелді.
Қазіргі заман философиясы табиғатты қалай түсіндіруге тырысады.
Табиғат термині ғылыми әдебиеттерде екі - кең және тар мағынада
қолданылады. Кең мағынасында табиғат дегеніміз - болмыс, шексіз әр
алуандықтағы оның барлық түрлеріндегі объективті шетсіз Әлем. Осы мағынада
қоғам табиғаттың бөлігі болып саналады. Тар түсінігінде табиғат - бұл
қоғаммен өзара қатынасқа түсетін объективті әлемнің бөлігі. Оны философияда
көпшілік жағдайда табиғи (георгафиялық орта деп атайды. Табиғи ортаның
көлемі тұрақты түрде қалмайды. Ол танымның тереңдеуіне және адамның өзгерту
қарекетінің көлеміне байланысты кеңейеді.
Тікелей адамды қоршаған табиғи орта туралы түсініктердің қалыптасуы,
биоөріс туралы ілімнің жасалуына әкелді. Биоөріс (грек. Віо - өмір және
sphaira - шар) терминінің өзін ең алғашқы рет австриялық геолог Эдуард Зюсс
(1831-1914), оны жер бөлігінің өмірмен толтырылған қыртыстары деп атады.
Биоөріс туралы ілімді өңдеуде Владимир Вернадский (1863-1945) үлкен үлес
қосты. Ол 1926 ж. Биосфера деп аталатын кітабын жазды. Вернадский бұл
еңбегінде биоөріс - жер шарының қыртыстарындағы болған немесе болып жатқан
өмір екендігін көрсетті.
Жер полюстеріндегі биосфералар, қалындығы - 10 км шамасында, экваторда -
28 км. Биосфераның жалпы салмағы жердің шамамен 0,05 салмағын құрайды. XX
ғ. 70 - ші жылдарынан бастап философияда биоөрісті көру өлшемінің жүйесі
болды. Бірінші өлшемі - геологиялық, екіншісі - геохимиялық, үшіншісі-
экологиялық, төртіншісі - биотикалық.
Биоөрістің геологиялық өлшемі үш қыртысты қамтиды: лито-өрісті (жер
шарының жоғарғы қабығының құрлықтағы 3-11 км және қалыңдығы мұхит түбі
астында 0,5-10 км); гидроөрісті (совокуп планета суларының көлемі -1,бмлрд.
текше. км); ауалық өрісті (жердің газ тәріздес қабығы).
Геохимиялық өлшем мына құрамалардан құралады: биосүекті зат (топырақ,
су); биогенді зат (көмір, мұнай, торф және тп.б.); тірі заттар.
Экологиялық өлшемдер экологиялық жүйелерді қамтиды, немесе
биогеоценоздар (балшықтар, суаттар, шабындықтар, орманды алқаптар).
Биоөрістік құрылымның биотикалық өлшемдері мына бөліктерден құрылады:
хайуанаттар дүниесінде (1,5 млн. түрлері), өсімдік әлемінде (500 мың
түрлері).
Әрине, биоөріс ешуақытта қозғалмайтын күй-жағдайда болған емес:
өсімдіктер, жануарлар, биогеоценоздар эволюциондандырды, бірте-бірте өз
құрылымдарын алмастырды. Ауа райының және өмір жағдайларының өзгерістері
көптеген жаңа түрлердің пайда болуына әкелді. Адамның пайда болуына
байланысты биоөріс тарихында жаңа дәуір басталды.
Сонымен, табиғат дегеніміз - материяның әлеуметтікке дейінгі даму
сатылары, ал қоғам оның ең жоғары сатысы. Қоғам - адамдардың тарихи
дамуындағы өмір қарекеттерінің түрі болып есептелінетін материалдық әлемнің
табиғаттан бөлінген бір бөлігі. Бірақ, материя қозғалыстарының ерекше түрі
бола отырып, қоғам табиғи ортадан қол үзбейді. Олар органикалық байланыста
және бірлікте болып тұрады. Бұл мына жағдайлардан көрінеді, біріншіден,
қоғам өзінің ұзақ эволюциясының нәтижесінде табиғаттың өнімі сияқты пайда
болды,. Табиғат пен қоғамның бірлігі қоғамның генезисінде жатыр. Екіншіден,
қоғам табиғаттан бөлек және дербес бар бола алмайды. Үшіншіден, табиғат пен
қоғамның бірлігі олардың материалдығында. Табиғат және қоғам объективті
түрде бар. Төртіншіден, қоғам және табиғаттың арасындағы бірлік қоғамда да,
табиғатта да бірыңғай жалпы даму зандарының қарекеті арқылы көрінуінде.
Сонымен, табиғат және қоғам арасында диалектикалық бірлік бар. Бірақ
олардың арасында түбегейлі сапалық айырмашылық та бар. Осыған байланысты
табиғат зандары және қоғам зандары, бір-бірінен ерекше айырмашылықта
болады:
а) егер табиғат зандары соқыр қажеттіліктер арқылы іске асса, онда
қоғамның даму зандары адамдардың саналы, мақсаттандырылған қарекеттері
арқылы іске асады;
ә) егер табиғаттың заңдары мәңгі болса, онда қоғамдық зандар адамдық
қоғамның бар болу уақытымен шектеледі, ал кейбіреулері бір немесе бірнеше
қоғамдық - экономикалық формациялардың деңгейінде;
б) егер табиғатта динамикалық және статикалық зандылықтар
жүріп жатса онда қоғамдық заңдар тек қана тарихи қажеттіліктермен өзіне
кездейсоқтықтар арқылы жол ашатын статикалық (қозғалмайтын) заңдылық -
тенденция сипатында болады;
в) табиғат зандарын қарағанда қоғамдық заңдарды түсіну күрделірек,
себебі олар көп жағдайда жасырын, адамдар арқылы, сырттай, кездейсоқ түрде
көрінеді,
Қоғам мен табиғат өте маңызды ерекшеліктерін адамдық еңбектің жануарлар
қарекетінен принципиалды айырмашылығынан табады. Бұл жерде ең бірінші және
негізгісі ретінде, адамның жануарлар сияқты табиғатқа тек бейімделіп ғана
қоймай белсенді түрде әсер етеуі жатады. Адам еңбегінің жануарлардан
айырмашылығының келесі ерекшелігіне оның мақсаттылы бағытталуы жатады.
Жануарлар табиғаттың генетикалық түрткісіне байланысты қарекет жасайды.
Адам ең алдымен санасында үлгіде шығармашылық келешек нәтижесін жасайды, ал
содан соң еңбектің арқасында нақтылыққа айналдырады. Қоғам мен табиғаттың
өзара әрекетінің бүткіл тарихы төрт кезеңнен тұрады: 1) иелену; 2)
аграрлық; 3) индустриалды; 4) ноосфералық.
Бірінші кезең - иелену - бар болу үшін жасалатын құралдардың тәсілімен
анықталады. Екінші және үшінші өндірістің — ауылшаруашылық немесе
индустриалды басым түрлерімен анықталады. Төртінші ноосфераның пайда
болуымен байланысты. Ал сонда ноосфера дегеніміз не?
Адам және қоғамдардың пайда болуымен қатар эволюциялық үдірістердің
өзіне тән тездетілуі көрінеді. Адамның ойлы, ақылы жер эволюциясының
сипатына сапалы өзгерістер енгізеді, Адам жаңа технологияларды жасайды,
тіршілік әрекетінде планетаның жаңа қорларын тартады және бір уақытта
табиғаттағы химиялық әлементтердің айналымынан көптеген заттарды алып
тастайды. Сол себептен, планетаның онан арғы дамуының құдіретті факторы
ретінде, адам геологиялы - өңдіргіш күш сияқты көрінеді. Адамның пайда
болуына және рационалды-технологиялық қарекетіне байланысты биосфера жаңа
сапаға - тіршілік үрдістері рационалды түрде өтетін, моральдық тұрғыда
тексерілген ноосфераға ие болады.
Демек, ноосфера - бұл, ойлы ақыл өрісі (грек. noos - ойлыақыл), табиғат
пен қоғамның өзара әрекеттестік өрістері, белгілі бір шектерде дамудың
айқындаушы факторы ретінде көрінетін адам қарекетінің ақыл-парасаты.
Ноосфера ұғымын ғылымға XX ғ. 20-шы ж. ең алғашқы рет енгізген Эдуард
Лерус және Пьер Тейяр де Шарден болды. Ноосфера идеясын материалистік
негізде теориялық дәлелдерін жасауда академик Владимир Вернадский үлкен
роль атқарды. Ол, ноосфераның құрылуына екі дербес салыстырмалы және бір
уақытта өзара байланысқан үрдіс: биосфера эволюциясы және социум эволюциясы
жатады деп есептеді. Тәжірибелік өлшемде - бұл табиғат болмысы және адам
болмысының өрістері.
Ноосфераның өте маңызды әлементтеріне мыналар жатады: а) адамдар және
олардың қарекеттері, барлық көріну түрлеріндегі адамның ойлыақылы; э)
техника, транспорттық байланыс, әр түрлі электростанциялар және басқалар;
б) мәдени - экономикалық кешендер; в) адам қарекетінің араласуының
объектісіне айналған тірі және жансыз табиғат. Мысалы, өсімдіктердің,
жануарлардың және адамның өзінің геноқорына қол сұғу, ауа райының өзгеруіне
ықпал жасауы, өзендердің ағымын өзгерту, дүниежүзілік мұхиттардағы су
деңгейінің өзгеруі, ауа өрісінің сулардың және топырақтың канцерогендік,
радиоактивтілік сәулеленумен және т.б. заттармен ластануы.
Бұдан, ноосфера құрылымы өте күрделі екендігін көріп отырмыз. Бірақ оның
негізгі бөлігі - көп жүзді табиғи ортамен бірлесіп өзара қарекетке түсетін
және оны өзгеретін, адам. Байқайсыз онда не ноосфера бастапқы дамуды
георгафиялық ортадан алса да, ол біздің планетамыздың межелерімен
шектелмейді. Ноосфера ғарыш құрылымның бөлігіне айнала отырып тұрақты түрде
кеңейу тенденциясына ие.
§2. Табиғат және қоғамның қарым-қатынасы.
Қоғамның табиғатпен байланысы, тек қана олардың жалпы бар болуында, бір
бірімен өзара қарым-қатынасынан түзелмейді. Табиғат пен қоғамның өзара
қарым-қатынастарындағы өзгерістердің негізгі себебін ең алдымен
өнеркәсіптен, жалпы қоғамдық өмірдің әлеуметтік-саяси және рухани
өрістерінен іздеу керек. Бұл дегеніңіз, табиғат және қоғам қарым-қатынасы
мәселелерін ең алдымен әлеуметтік мәселе ретінде қарау керек деген сөз.
Ең алдымен табиғаттың қоғамға жасайтын ықпалының негізгі бағыттарын
қарастырамыз:
1) табиғат бар болудың құрал-жабдықтарын, адамдардың тіршілік әрекетіне
қажетті материалдар мен энергияны береді;
2) табиғат өндіргіш күштердің орналастыруына және экономиканың
мамандандыруына әсер етеді;
3) табиғат өндіргіш күштердің дамуын тездетеді немесе бәсеңдетеді. Әрине
бұл фактордың ықпалы қоғамның әсіресе ежелгі сатыларында маңызды болды, осы
күнге дейін бұл маңыздылық толығынан жойылған жоқ. Келе-келе, өндіргіш
күштердің дамуының табиғатқа байланыстылығы бірте-бірте бәсеңсиді;
4) табиғаттағы құрғақшылық, су тасқыны, жер сілкіністері, жанартаулардың
атқылаулары сияқты табиғи құбылыстар адам қарекеттерінің нәтижелерін жоя да
алады;
Демек, табиғи орта қоғам дамуына әр түрлі ықпалын жасайды. Бірақ оны
әсірелеп бағалаудың да қажеті шамалы. Табиғи ортаның ролін немесе оның
қоғам өміріндегі әлементтерін абсолюттендіретін ғалымдар да бар. Бұл қоғам
дамуының натуралистік концепцияларының өкілдері және георгафиялың
детерменизм аталатын концепцияның ізбасарлары. Бұл концепциялар XIX ғ. өте
көп таралған болатын.
Нақтылап айтсақ, мәселе географияда емес, бірақ оны есептен шығаруға
болмайды, негізінде экономикада, өндіріс жүйесінде, қарекетті
ұйымдастыруда, басқаруда, саяси жүйеде және мәдениетте.
Енді біз қоғамның табиғатқа деген ықпалын қарастыралық.
1) қоғам табиғи ортаның көлемін және қолдану шектері кеңейтеді;
2) қоғам табиғи қорлардың қолдану өнімділігін күшейте түседі;
3) қоғам қоршаған табиғи ортаның құрылымына әсер етеді. Табиғат көрінісі
түбегейлі өзгереді, сонымен қатар ортаның жылулық және энергетикалық
теңдігі өзгереді, геологиялық әсіресе биологаялық айналымдағы заттардың
құрамы алмастырлады, сонымен қатар осы айналымдардың өзінің сипаттары
өзгереді;
4) қоғам табиғатты қайта қалпына келтіруге өз күш-жігерін бағыттайды.
Өнеркәсіптің қарқынды дамуы XIX жүзжылдықтың басында адамзатты жылдам
және көп мөлшерде табиғатты трансформациялаушы қарекетке тартты. Техникалық
озықтылықтың тек қана позитивтік емес, сонымен қатар негатавтік зардаптары
да көріне бастады. Сол уақыттары, 60 - шы жылдарында, немістің табиғатты
зерттеушісі Эрнст Генкель (1834-1919) зерттеу объектілеріне биосфераны
құрайтын дене, көбею және табиғи ортамен тығыз бірліктегі экожүйеге жататын
экология ұғымын енгізді.
Экологиялық саясаттың негізгі бағыттары мыналардан тұрады;
а) суларды, ауаны, жерді, жер қойнауын, өсімдіктерді күзетуді
күшейту;
э) табиғатты күзетудегі басқаруды толық жетілдіру;
б) ысырапсыз және аз ысыраптылы технологияларды енгізу;
в) экологиялық білімді және тәрбиелеуді жақсарту.
Қоғам дамуының және табиғи бар болуының маңызды жағдайларының біріне
тұрғын халықтың көптігі не аздығы жатады. Бұл, белгілі бір шектелген
аумақтағы, елдің немесе барлық жер шарындағы өмір сүретін адамдардың
жиынтығы. Ол динамикалық бір қатар сапалықтарымен сипатталады: жалпы
санымен, көптігі немесе аздығымен және елдің тығыздығының жиілігімен, өсу
қарқынымен, жанұясымен, жыныстығымен, жасымен, тілімен. ұлттық құрамымен,
мәдениеттілік деңгейімен және т. б. барлық бұл сапалар қоғам өмірінде өз
ролін атқарады. Өйткені олардың дамуына адамдар минимумы қажет; онсыз ешбір
материалдық, әлеуметтік, рухани қарекет мүмкін емес.
Жер қойнауындағы қорлардың шексіз емес екендігін ескерсек, ал көптеген
аймақтарда халықтың шамадан тыс көптігі белгілі, осыдан келіп мынадай
мәселе туындайды: Халықтың өсу шегіне қалай қарау керек?. Бұл XVIII ғ.
өзінде-ақ ғалымдарды ойландырған. Тұрғын халықтың көбейуіне байланысты
олардың көзқарастарын осы теорияның авторы Томас Мальтустың (1760-1833)
атымен мальтусшілдік деп атады. Ол өзінің Опыт о законе народонаселения
(1798) еңбегінде халықтың саны геометриялық прогрессия бойынша өседі, ал
өмір сүру қажеттілігі арифметикалық бойынша деп дәлелдеді. Тұрғын халықтың
өсудегі беталысы демографиялық жарылуға соқтырмас үшін Мальтус жанұялардағы
балаларды туудың санын азайту туралы ұсыныс жасады. Мальтустың бұл ойын
неомальтузияндықтардың өкілдері қағып алып, өз кезегінде, әрбір отбасында
ең көбінде бір - екі баладан болу керек деген ұсыныс жасады.
Демографиялық мәселені шешуге өсудің шектері, жаңа адамгершілік,
органикалық өсу шегі және т.б. теориялар шешуге тырысуда. Олардың ойынша
демографиялық проблема шешімі тек қана өлгендерді ауыстыратындай - жаңа
адам ұстанымымен, адамзаттың екі - үш балалы жанұяға көшуінен түзеледі
және планетаның барлық аймақтарында осы деңгей біркелкі сақталуы тиісті.
Бұл теориялар көшпілік жағдайда демографиялық проблемаларды биологиялық
әдістер арқылы шешуге тырысады. Алайда бұларды шешуде әлеуметтік -
экономикалық, саяси, ұлтық және басқа да қажетті жағдайлар еске алынғаны
дұрыс. Сонымен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ
Экологиялық құқықтық қатынастар
Болмыстың субстанциялық концепциясын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
Экология құқығының ұғымы
Ортағасыр христиан философиясы
Жаратылыстану негіздері
Экологияның өзекті мәселелері
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
Философиялық антропологияның негіздері: адамның табиғаты және мәні
Әлеуметтану ғылымының негізгі категориялары мен ұғымдары
Пәндер