Қазақстан Республикасының 15 жылдығы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 15 жылдығы қарсаңында, 2006 жылғы қазан айында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына қол қойғаны белгілі. Бұл маңызды құжат бәрімізден Отанымызды бар жан-тәнімізбен сүю үшін тілімізді де, ділімізді де, дінімізді де, тарихымызды да жақсы білуді талап етеді.

Бұл жөнінен кемінде 2000 жылдық тарихын бүкіл әлем мойындаған ежелгі қаламыз -Тараздың алатын орны ерекше. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың “Тараз - тарихымыздың темірқазығы” деп бағалауы көп жайды аңғартады. Шындығында да тарих атасы Геродот өзінің атақты еңбегінде жауынгерлігімен белгілі болған көшпелі сақтар бірлестігіндегі хассақтар, яғни, қазіргі тілмен айтқанда, қазақтар елінің билеуші қағаны Мадай парсыша Афрасиаб әмір жүргізген, қалалар салғызған жерлер Қазақстанда болса, сол қағанның ұрпақтарының бірі Әулие ата - Қарахан мазары Тараздың қақ төрінде. Ислам дінінің Қазақстан жерінде салтанат құруы да Талас - Атлах шайқасынан бастау алатындығы белгілі. Қазақ хандығы да 1456 жылы қазіргі Жамбыл облысы жеріндегі Шу тарапында ту көтергенін ғұлама бабамыз Дулат Мұхаммед Хайдар мырза жазғанын әлем жұртшылығы жақсы біледі.

2008 жылы басқыншы жоңғарларға қарсы қазақ халқының 1723-1758 жылдардағы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 250 жыл толды. Бұл халқымыз үшін тарихи-тағылымды мәселе десек, біз көбінесе Отан соғысының қаһармандарының ел есінде сақталғандарын ғана атап, кейбіреулеріне ескерткіш тұрғызып, кітаптар, кинофильмдер шығарғанмен, елді мекендерде есімдерін көшелерге қойғанмен ата жауға қарсы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан” бұрынғы айқастарда шейіт болған батырларымыздың көбісін, тіпті даңқтыларында ескеруге үлгермей келе жатқан сияқтымыз. Солардың арасында “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан” басталатын Отан соғысына дейін бір ғасырдай бұрын қалмақтар қолынан қаза тапқан қолбасшылар Салқам Жәңгір ханмен есімі елге ұран болған Қарасай батырдың кіші ұлы Көшек батырдың тәуелсіздік жолындағы тарихымызда алатын орны ерекше.

Шамалған ауылына Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қарасай батыр атындағы облыстық мешіт салдырды. Сол мешіттің жанында Қарасай батырдың қара босағасы мен маңдайшасын сақтаған қара шаңырақта - Асқар Тоқтамысов ағамыз тұрады. Бүкіл бір елдің ұраны болған Қарасай батырдың қара босағасына - кие тұтып, қастерлеп, құран бағыштаған ел-жұрт әсте үзілмейді.
Бұл Қарасай батыр мешіті мен Қарасай баба қара шаңырағына Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев жиі келіп тұрады. Өйткені, ол кісі атақты қолбасшы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы. Ұрпақ шежіресіне көз жүгіртсек ол былай түзіледі:

1. Қарасай
2. Көшек
3. Айдар
4. Мырзатай
5. Кенбаба
6. Еділ
7. Сапақбай
8. Назарбай
9. Әбіш
10. Нұрсұлтан

Анасы Әлжан Нұрсұлтанды 35 жасында босанған екен. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Кемеңгер немесе Елбасы туралы тебіреніс» мақаласында Мырзатай Жолдасбеков былай деп жазады: « . . . Нұрсұлтан Назарбаев - түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары - еңсегей бойлы Есім ханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы.
«Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі!» - деп дана халық айтқандай тегіне тартып туған Елбасымыз еліміздің тәуелсіздігін алып беріп, ХХІ ғасырда Қазақстанды экономикасы мен мәдениеті гүлденген әлемнің алдыңғы қатарлы елу еліне жеткізу жолында керемет жоспар жасап, ғаламат ұлы істерді жүзеге асыруда. Н. Назарбаев бүгiнгi таңда ұлы істерді жүзеге асырып жатқан ұлы тұлға екенін әлем мойындады.

Көшек Қарасайұлы (1620 - шамамен 1652) - жоңғарлар шапқыншылығына қарсы күрес кезіндегі қазақ қолбасшысы, батыр Есім хан мен Жәңгір ханның (Салқам Жәңгір) сенімді серіктерінің бірі. Талас өзенінің төменгі бойында туып-өскен. Тектұрмастың түбіндегі биік шоқы Көшек батырдың жазғы жайлауы болған. Бұл шоқыны халық Көшек батырдың көзі тірісінде-ақ «Көшек шоқысы» деп атап кеткен. Аңыздарға қарағанда Көшек батыр «хан» атанған. Оған хан атағын Есім ханның өзі берген көрінеді. Көшек батырдың даңқы Батыр қонтайшының басқыншылығына қарсы соғыста барынша асқақтайды. Көшек батыр Тектұрмас қамалын нығайта отырып, көршілес қырғыздармен қол қосып, жау әскерлеріне тойтарыс береді. 1643 жылы Андасай бойындағы Кеңгір деген жерде Жәңгір ханның Батыр қонтайшысының елу мыңдық әскеріне ойсырата соққы берген шайқасында Көшек батыр ерлігімен көзге түсті. Оның сарбаздары Таластан Ілеге дейінгі аралықтағы барлық шайқастарға қатысып, шайқастардың жеңіспен аяқталуында маңызды рөл атқарды. Талас өзені маңында болған шайқаста Көшек батыр жоңғарлардың Қаражар деген батырымен жекпе-жекке шығып, оны жеңген. Тектұрмас түбінде болған шайқаста Қарадөң деген жоңғар батырымен жекпе-жекке шығып, оны жер жастандырады. Көшек батыр жоңғар қонтайшысы Оншанмен де жекпе-жекке шыққан. Жекпе-жекте жеңіліс тапқан Оншаннан қазақтармен соғыспау туралы ант алып, еліне қайтарған. Салқам Жәңгір дүниеден қайтқан соң болған сұрапыл шайқастың бірінде Көшек батыр ерлікпен қаза табады. Көшек батырдың денесі Көшек шоқысының биігіне қойылған. Көшек батыр атында Талас ауданында ауыл және Тараз қаласында көше бар. 2000 жылы Көшек батыр қорының және жұртшылықтың белсенділік танытуымен, ұрпақтарының демеушілік көрсетуімен Көшек батыр кесенесі тұрғызылды.

Кейінгісін, ғни қапияда жастай шейіт кеткен Көшек батырдың сүйегі Жамбыл облысы жерінде, Талас өзені жағасында жатқанына 350 жылдан асты. Әкесі Қарасай батырдың ерлік ісін жалғастырып, қол бастаған Көшек батырдың есімімен Талас ауданында мазарының іргесінде тұрған ауыл, Тараз қаласында бір көше аталғанмен, баспа сөзде жарияланған шағын аңыздар, телехабар болмаса, әдебиет пен көркем өнер саласында сүбелі шығарма әлі күнге дейін туындамапты. Сондықтан осы олқылықтың орнын толтыру үшін қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күресте ашық айқастарда алаалмаған дұшпан қалмақтардың аңдып жүріп абайсызда атып, қыршынынан қиған хас батырдың қатысқан соғыстарын тарихи, ғылыми даусыз деректер негізінде көпшілікке жеткізе отырып, оның ерекше ерліктерін ел есіне салатын лайықты ескерткішіне ежелден келе жатқан көне қаламыз Таразда көтеру біздің перзенттік борышымыз, елдігімізге сын деп білеміз.

Көшек батыр туралы ешқандай жазба деректер болмағанымен, оның есімі Шапырашты елінің жауынгерлік ұранына айналған әкесі Қарасай жайлы атақты ақын бабаларымыз Сүйінбайдың, Жамбылдың жырлары, халқымызды ХVІ ғасырда билеудің ескі жолын салып кеткен еңсегей бойлы Ер Есім ханның өз ерлігі, жомарттығы үшін Қарасай батырға сыйлаған ақордасының әлі күнге дейін сақталып, мұражайда тұрған есік босағасы өмір сүрген, қаза тапқан уақытын, қатысқан соғыстарын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Есімхан 1628 жылы қыркүйек немесе қазан айында өз ажалынан өлгені, ал оның ұлы Салқам Жәңгірханды 1652 жылы қыста жоңғар билеушісі Цэцэннің қазақ еліне шабуылы кезінде 17 жасар Галдан Бошокты (1670-1697 жылдары хонтайшы болған) қазақ тарханы Янгирді, яғни Салқам Жәңгірді өлтіргені ойраттардың ХVІ ғасырдағы ғалымы Зия Пандиттің деректерінде айтылған. Ал, Көшек батыр осы Салқам Жәңгірдің немесе оның ұлы Тәуке ханның таққа отырар алдындағы замандасы болғандықтан, көптен аңдыған қалмақ мергенінің тасадан атқан оғынан 31 жасында қапияда мерт болды деген аңыз сол кездегі жоңғар-қазақ жаугершілігінің екі нақты жағдайының біріне сәйкес келеді. Неге? Өйткені, билеген ханы қаза тауып, сағы сынған, бейберекет елде ғана Қарасайдай атақты қаһарманнан немесе оның ерлігіне мұрагер Көшек батырдан кек алуды мақсат тұтқан қалмақ мергені аңдып жүріп атып өлтіруі мүмкін. Салқам Жәңгір ханз аманында бір соғыста Қарасай батыр жараланып, оның орнына кіші ұлы Көшек жекпе-жекте жоңғар хонтайшысының сүйікті бас батырын найзамен атсауырынан жерге құлатып өлтіреді. Бұған қорланған хонтайшы жекпе-жекте ешкімнің әлі келмейтін Көшек батырды атып өлтірген ойрат мергеніне көп сый беруге уәде етеді. АқырыКөшекті аңдыған жоңғарлардың бір мергені тасада тығылып тұрып атып өлтіреді

Көшек батырдың соңғы сөзі

Жасымнан әке жолын қуған едім,

Ел үшін белді бекем буған едім.

Қас батыр Қарасайдай арыстаннан

Мен - дағы арыстан боп туған едім.

Жаралы жапан түзде қалып барам.

Қош болғын, туған халқым, туған елім.

Қош болғын, жаны бірге жайсаңдарым,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
Диплом алдындағы өндірістік практика бағдарламасының орындалуы туралы есеп
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
АҚ «Халық банк» тарихы
ТАРИХИ САНА МЕН КОММЕМОРАТИВТІК ШАРАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Банктік несие қызметтері
Мақтаарал ауданының топонимиясына тарихи — лингвистикалық және сөзжасамдық сипаттамасын, тілдік ерекшеліктері
Халықтың тұрмыс деңгейі
Халық банк акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz