Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2.1 Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау
2.2 Экономикалық бағалаудың мәні мен қағидалары
2.3 Минералды шикізатқа баға беру
3 Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның
белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату боып табылады. Осыған сәйкес
өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық
мәні бар, өндіріс қатынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін
табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.
Осы тұрғыдан кем дегенде екі негізгі қорытынды жасауға болады. Бірінші-
табиғат байлығы өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ.
Бұл жалпы кең мағынада. Негізінде табиғат ресурсының өндіріске
қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатысын ғана аламыз, яғни
табиғат байлығын өз ортасынан бөліп алу немесе сол ортада жұмыс істеу,
табиғи заттарға еңбекпен тікелей әсер ету немесе табиғи күштерді еңбекке
пайдалану. Алғашқы өңдеуден өткен, соның арқасында тауарға айналған
заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда жұмсалатын затты
табиғат байлығы (ресурсы) деп қарастырмаймыз. Мысалы, саз балшықтан кірпіш
жасасақ, табиғат байлығын пайдаландық деп есептейміз, ал сол кірпіштен үй
салсақ, олай деп айтпаймыз.
Екінші қорытынды- табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан
бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде ме, ғылыми
тұрғыдан ба немесе іс қажеттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.
Табиғат байлығын пайдалану керек пе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге
жаратамыз?- деген сияқты бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың
нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің пайдалануға болатынын, оның
тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз. Яғни, табиғи
заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады. Олар
өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін зерттеледі.

Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше
артып отыр және біздің экокнмикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе.
Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік
етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеті де жоқ еді. Дегенмен
белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б.)
экономикалық бағалаудың теориялық негіздері, әдістемелері зерттеліп келді.
Бірақ экономикалық бағалау іс - тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан
қолданысқа жеткізілмеді.
Қазір табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін керек, қайда
қолданылады, десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:
1) ұлттық байлықты есептеу;
2) табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықау, қай түрін,
қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау;

3) ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау;
4) өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік құнын, бағасын дұрыс
есптеу;
5) табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп
мүмкіндіктерін есептеу;
6) жеке экономикалық аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу
және болжау;
7) табиғат байлығын пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау;
8) жеке кәсіпорындарды жобалау және экономикалық тұрғыдан жобаны
дәлелдеу;
9) арендалық, концессиялық тағы басқа төлемдерді есептеу;
10) табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық
зиянды есептеу және табиғат қорғау шараларының эконоикалық тиімділігін
бағалау.
Осы келтірілген табиғат байлығын экономикалық бағалау негізінде
шешілетін мәселелер оның қаншалықты маңызды екеніне және тез арада шешімін
табу керек екеніне көзімізді толық жеткізеді. Нарық қатынасына толығымен
өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсіресе өндіруші
салаларында табиғатты пайдалануды экономикалық бағалаусыз шешуге болмайды.
Өйткені барлық кәсіпорын табиғат байлығын пайдаланады, табиғи ортада жұмыс
істейді және оған ықпал етеді. Біреулері табиғат байлығын өсіретін болса,
екіншілері оны зерттейді, барлау жұмыстарын жүргізеді, санын, сапасын
зерделейді; үшіншілері- табиғат байлығын өндіріп, пайдаланады немесе
пайдалануға әзірлейді; төртіншілері – табиғатқа ластаушы заттар шығарып
ауаға, суға, жерге әсер етеді; бесіншілері – табиғаттың ассимиляциялық,
рекреациялық потенциалын пайдаланады.
Егер бұрын эконмикалық бағалау оптималдық есептеулерде, жоспарларда,
болжамдарда ғана қолданылып келсе, енді ол тікелей шаруашылық қатынастарда
қолданылады, меншік иесі мен табиғат байлығын пайдаланушылар арасындағы
экономикалық қатынастарды реттеуде, арендалық қатынастарда, мемлекттік және
жергілікті салық, қаржы несие жүйелерінде толық қолданылады. Табиғат қорғау
және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкешілікті
арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын
анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау
(кең мағынада). Ал таза экономикалық мағынада – табиғат ресурсын нақты
пайдаланудан түсетін экономикалық тиімнің ақшалай өлшемін анықтау.
Экономикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға
әсерін, соған сәйкес қойылатын талаптарды, шектерді ескеру керек.
Табиғат байлығының экономикалық бағасы – оның халық шаруашылық
құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпын келтіру,
игеру және ұқсту тиімі арқылы анықталған шамасы.
Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізі екі қызмет атқарады:
есептеу және ынталандыру. Табиғат байлығы – ұлттық байлық , қоғамдық
еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі. Құндылығын
анықтау арқылы табиғат байлығын тиімді, үнемдеп пайдалануға ынталандыру,
табиғатты қорғау жауапкершілігі арттырылады. Сапасы, орналасу тиімділігі
әр түрлі табиғат байлығын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай
туғызылады.
Экономикалық бағалаудың қызметтері бір- бірімен тығыз байланысты
шаруашылық басқару экономикалық механизмі мен тетіктері арқылы табиғатты
тиімді пайдалануға, оның қалыпты жағдайын қорғауға жұмылдырылады.
Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі: шығындық және
ренталық қағидасы және олардың бірнеше түрлері бар. Шығындық қағида бойынша
табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне оны игеруге, пайдалануға
жұмсалған шығындар (еңбек) алынады, ал ренталық қағида дифференциалдық
рента түріндегі табиғат ресурстарының халық шаруашылық тиімдерін есептеуге
құралған.
Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар
арқылы анықталады. Табиғат байлығының сапасы оның құндылығын анықтаудың тек
қосымша факторы ретінде қызмет атқарады. Құн заңына сәйкес, тауардың құны
оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталатынын ескеріп,
академик С.Г.Струмилин табиғат ресурстарының құнын да оларды игеруге,
ұқсатуға, пайдалануға жұмсалған еңбек шығындарымен анықтауды ұсынған. Бірақ
табиғат ресурстарын бұлай бағалау олардың тұтыну құндылығының шамасына
сәйкес келмейді. Мысалы, пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатса оны
өндіруге аз шығын жұмсалады. Яғни, оларды тереңнен өндірілетін кендерге
қарағанда, сапасы бірдей болғанның өзінде арзан бағалауымыз керек. Тағы бір
мысал: өндіру шығындары бірдей кендер сапасының- тұтыну құндылығының әр
түрлілігіне қарамай, теңдей бағаланар еді. Тұтыну құндылығы артық кен,
әрине, жоғары бағалануы тиіс. Әдетте сапасы төмен жерге сапалы жерге
қарағанда көп шығын жұмсалады (тыңайту, тегістеу, т.б. жұмыстар). Оның
тұтыну құныда жақсы жерден төмен. Сондықтан бағалануы да төмен болуы тиіс.
Ал шығындық қағида бойынша ол жер жақсы жерге қарағанда жоғары бағаланар
еді.
Шығындық қағиданың осы басты кемшілігін табиғат ресурстарының
сапасын, өнімділігін есептейтін коэффициенттер де жоя алмайды. Табиғат
ресурстарының сапасы әр түрлі болғанда бірдей еңбек жұмсай отырып әр түрлі
нәтиже аламыз. Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін)
арттырады, ал ол қосымща дифференциалдық табыс (рента) әкеледі. Сондықтан
табиғат ресурстарын оның құндылығын көрсететін осы дифференциалды рента
негізінде бағалау қолданылады. Дифференциалдық рента шамасын есептеудің
бірнеше әдістері белгілі: жақсы және нашар жерлердің бір өлшемінен алынған
өнімдер құнының айырмасы; өнімнің бағасы мен нормалы мөлшердегі пайдасы мен
өзіндік құнының айырмасы; әр түрлі жерден алынған өнімдердің өзіндік
құндарының айырмасы, т.б.
Қазіргі қолданып жүрген әдістемелер бойынша дифференциалдық рента
шамасы табиғат ресурстарынан алынған өнімнің құнынан өнімге жұмсалатын жеке
нормалы шығындарды және нормалы пайда шамасын шегеру арқылы анықталады.
Өнімнің құны арнайы есептелетін шеткі (жоғары) шығын негізінде, кадастрлық
бағамен анықталады. Шеткі шығын өнімге жұмсалатын қоғамдық қажетті шығынның
шеті болып табылады.
Табиғат байлығын экономикалық бағалау мен оның өндірістегі тауар
айналысындағы бағасының шамасы, мәні бірдей емес. Құн заңы бойынша кез-
келген тауардың құны оған жұмсалған еңбекпен өлшенеді және ол жеке тауар
өндірушілердің жұмсаған еңбегімен емес, қоғамдық қажетті еңбекпен өлшенеді.
Қоғамдық қажетті еңбек шамасы нарық қатынасымен, сұраныс арқылы
қалыптасады.
Осы күнгі баға анықтау тәсілі бойынша табиғаттан алынатын шикізаттың
бағасы сала бойынша өнімділігі орташа еңбек шамасының, орташа қажетті
шығындар негізінде анықталады. Табиғи қалпында тұрған, игеруге ешқандай
еңбек жұмсалмаған табиғи заттардың бағасы теориялық тұрғыдан жоқ, ол
практикалық тұрғыдан алмастыратын ресурстардың бағасымен анықталады.
Шикізаттың бағасы оны игеруге мөлшерлі пайдасымен қоса қанша шығын
жұмсалғанын көрсетеді. Экономикалық бағалау табиғат байлығының нақты түрін
пайдаланғанда оның тұтыну құндылығын көрсетеді.
Көптеген экономисттердің пікіріне қарағанда қазіргі кезде табиғат
байлықтарынан өндірілетін шикізаттың бағасы кәсіпорындардың өзін- өзі
қаржыландыру талабына сәйкес келмейді. Мұның мәні тек қана баға есебінен
өндірістің шығыны қайтарылмауында емес, жалпы бағаның деңгейі қоғамға
қажетті өндірістік шығынның мөлшерінен алшақтау кеткенінде болып отыр деп
түсіндіреді.
Көтерме сауда бағасын өсірудің негізгі мақсаты кәсіпорындардың жұмыс
тиімділігін арттырып, олардың өзін-өзі қаржыландыруына жағдай туғызу.
Бірақ, бұл саладарда өндірістік шығынның тез өсуіне және ғылыми –
техникалық жетістіктердің өндіріске баяу енгізілуіне байланысты баға
өзгерген уақыттан көп ұзамай қайтадан тиімділік кеміді, тіпті шығынмен
жұмыс істейтін кәсіпорындар пайда болды.
Осыған орай көтерме сауда бағасын жақсартудың ең басты мәселесі -
өндіруші салалар мен өңдеуші салалар өнімдерінің біркелкі тиімділігін
қамтамасыз ету керек. Оның ішінде шикізат қорларының бағасын көтеруге көңіл
бөлген жөн. Олардың бағаларын қоғамдық қажетті шығынның мөлшеріне сәйкес,
минерал байлықтарының қоры өздігінен қалпына келмейтінін ескере отырып,
әлемдік бағаның деңгейімен теңестіру керек. Бұл шараның сыртқы сауда
қатынасын дұрыс ұйымдастыруға септігін тигізетіні сөзсіз. Қазіргі кезде
әлемдік баға мен ішкі сауда бағасының айырмашылығы аса үлкен болып отыр.
Мысалы, Жезқазған түсті металл ғылыми-өндірістік бірлестігінің сыртқы сауда
жөніндегі директоры В. Лайкиннің айтуы бойынша бірлестіктің жоғарғы сапалы
мысын капиталистік елдер әр тоннасын 2 мың доллардан алса, Ташкенткабель
зауыты небары 1115 сом төлеп келген. Бұл зауыт сол мысты көп шығын жасамай-
ақ сым шығарып, оның әр тоннасын алған шикізатынан 11 есе артық бағамен
сатады.
Біздің бұл айтқанымыз өндіруші мен өңдеуші салалардағы баға мөлшерінің
қайшылықтарын көрсетіп қана қоймайды - оны реттеуге болатынына да нақты
мысал. Кейбір экономисттер шикізат бағасы өссе, міндетті түрде халық
тұтынатын тауардың бағасы да өседі деп есептейді. Шын мәнінде олай емес.
Халық тұтынатын тауардың және өңдеуші салалар өнімінің бағасын өзгертпей
ақ, қосымша құнның есебінен шикізаттың бағасын қоғамдық қажетті шығын
мөлшерімен сәйкестендіруге болады.
Мәселе түсінікті болу үшін мысал келтірейік. Бірінші мысал. Баға
қатынасы өзгермейді, яғни табиғат байлықтары оны тұтынушы өндірістерге
өңдеуші өндірістегі құнынан кем бағамен өткізіледі. Шикізаттың бағасынан
оған жұмсалған шығын көп болғанда осы жағдайға сәйкес деп есептейміз.
Екінші мысал. Табиғат байлақтары осы өңдеуші өндірістерге құнына сәйкес
бағамен сатылады, яғни бағаның есебінен өндіруші кәсіпорындар барлық
шығынын қайтарады және қажетті мөлшерде ұлғаймалы өндірісті дамыту үшін
пайда түсіреді. Нәтижесінде шикізат өндірушілердің пайдасы көбейеді, өзін-
өзі қаржыландыруға мүмкіндік алады. Ал бірінші жағдайда ондай мүмкіндік
жоқ. Ұлғаймалы өндіріс мемлекеттік дотация есебінен жүзеге асырылады. Бұған
қажетті қаражатты мемлекеттік бюджет өз кезегінде өңдеуші салалардан алады
олардың пайдасының бір бөлігінен). Соңғы дайын өнімнің бағасы өзгермейді
деп есептесек,(негізінен солай болуы керек), шикізат өндіруші салалардың
(кәсіпорындардың) пайдасы көбейеді, ал керісінше шикізатты тұтынатын
салалардың (кәсіпорындардың) пайдасы кемиді.
Жалпы халық шаруашылығы бойынша соңғы өңдеуден өткен өнім бағасында да
ешқандай өзгеріс болмайды. Шикізат өндірущі өндірістер мемлекеттен дотация
алмайды, ал оны тұтынатын кәсіпорындар өздерінің пайдасы есебінен бюджетке
төлейтін төлемдерін азайтады. Мемлекеттік қаржының да жалпы мөлшері
өзгермейді, түсімі мен шығыны бірдей азаяды. Түбірлі өзгеріске ұшырайтын
тек кәсіпорындардың қаржы жағдайы. Шикізат өндіруші кәсіпорындар өзін-өзі
қаржыландыруға мүмкіндік алады, ал шикізат тұтынушылар экономикалық жағынан
негізделмеген төлемдерден құтылады. Екі жағы да (шикізат өндірушілер де,
тұтынушылар да) шикізатты үнемді пайдалануға ынталы болады. Бұдан шығатын
қорытынды, өндірістің қай саласында да өнімнің бағасы оның құнына сәйкес
болуы керек.
Тау-кен өнімдерінің бағасы кәсіпорындарды кенді ысырапсыз қазып алуға,
өңдеуге, кендегі барлық металды кешенді пайдалануға ынталандыру керек. Ал
бағаның арзан болуы ысырапқа жол берілуіне әкеледі. Мысалы, кен қазғанда
және байытқанда қара, сондай – ақ кейбір түсті металдардың 25% - ға жуығы
жер қойнауында қалады немесе қалдыққа кетеді.
Минералды шикізат бағаларын белгілеудегі негізгі кемшіліктер мыналар:
• бағаның аймақ бойынша дифференциалды белгіленуі. Мәселен, сапасы
бірдей шикізатқа орналасқан аймағына байланысты әртүрлі баға
белгіленеді.
• бағаның жоспардағы орташа сала шығыны негізінде белгіленуі;
• бағаның мөлшерінде кенді тиімді пайдалану шығынының және
айналадағы ортаны қорғау шығынының есепке алынбауы;
• бағаның көтермелеу және кеміту тәсілдерінің тұтынушыға келетін
үнем мен шығын мөлшеріне сәйкес келмеуі.
Минералды шикізат өндірісінде де көтерме сауда бағасы сала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау түрлері
Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Қоршаған ортаны қорғау экономикасы және табиғи ресурстарды тиімді қолдану
Орман шаруашылығы жайлы
Минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау
Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану
Табиғат ресурстарын пайдалану принциптері
Экология мен табиғат ресурстарын басқаруды талдауды реттеу
Пәндер