Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы



Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
І. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы 4

II. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік - ғылыми 9
техникалық құжаттама мұрағаты
2.1. Мемлекеттік сақтауға тапсырылуы тиіс ғылыми – техникалық 10
құжаттамалардың тізбелерін
жасау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 11

2.2. Мұрағат
қоры ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...

ІІІ. Қорытынды 25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер 26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Қазақстан Республикасының  Президенті   Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына  Жолдауында  және  Қазақстан  Республикасының Ұлттық мұрағат қоры
және мұрағаттар туралы және  Ұлттық   мұрағат  қоры және   мұрағаттар 
туралы   Заңына  өзгерістер мен толықтырулар   енгізу туралы
 Заңдарында,  Қазақстан   Республикасындағы мұрағат  ісін  дамыту
тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы
мәдениет және ақпарат Министірлігінің  нормативтік- құқықтық  актілерін
сонымен қатар мұрағат ісін дамытудың   2011-2015 жылдарға  арналған 
стратегиялық  даму жоспарында  және өзіміздің ұйымдастырушылық  және
нормативтік-әдістемелік  құжаттар, Мемлекеттік  тілдің мемлекеттік
органдарда  қолдану аясын кеңейту туралы орта  мерзімді  салалық
бағдарламалар  мен  жоспарларында, Электрондық  әкімдік және 
Электрондық мұрағат бағдарламасында  ары қарай  жалғастыру, сонымен 
қатар Ақпарат және мұрағат Комитетінің, Жамбыл облысы Әкімінің шешімдері
мен өкімдерін,  мұрағаттар және құжаттама басқармасының өз бұйрықтарын 
орындауға, сонымен қатар дәстүрлі жұмыстарды орындау және іс-шараларды
өткізумен бірге, мекемелер жүйесінің өзара қарым–қатнасын нығайтуға,
үкіметтің өкілетті және атқарушы органдарымен, ғылым, мәдениет, білім
мекемелерімен, қоғамдық  және басқа да ұйымдармен іскерлік байланыс
орнатуға,  мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін 
жұмыс тәжірибесіне енгізуге мұрағат ісінде аса көңіл бөлінеді, мұрағаттар
және құжаттама басқармасының құқықтық нормативті актілерін және тағы басқа
да салалық бағдарламаларды іске асыруға  бағытталады.  Мемлекет  мұрағат 
мекемелеріндегі  жоспарда  жетекші  орынды шетел   мұрағаттары мен ғылыми 
мекемелердегі   Қазақстан Республикасы  үшін  тарихи  және  мәдени
құндылығы бар құжаттарды Қазақстан  тарихы  бойынша іздестіру   және  
олардың көшірмелерін  алу  жөніндегі  бағдарламаны  орындау, еліміздің
тарихи-мәдени құжаттық мұрасын  сақтау  және жан-жақты пайдалануы кәзіргі
заманның аса маңызды мәселесі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму
тарихын талдау.

Курстық жұмыстың міндеті: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық
мұрағаттары мен орталық мемлекеттік ғылыми - техникалық құжаттама мұрағаты
жұмысын қарастыру.

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат ұғымы

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын
қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат
iсiн мемлекеттiк басқару саласындағы қоғамдық  қатынастарды реттейтің
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Ұлттық
мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заңы қабылданды. Осы Заң бойынша
Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны
бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл
құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары
болып табылады.

Мұрағат дегеніміз құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ мұрағат мекемесi
немесе мекеменiң, ұйымның немесе кәсiпорынның пайдаланушылар мүдделерi үшiн
мұрағат құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық
бөлiмшесi.
Мұрағат қорлары ол, бiр-бiрiмен тарихи немесе қисынды байланысты
құжаттардың жиынтығы. Ал ұлттық мұрағат қоры дегеніміз – ҚР Ұлттық мұрағат
қоры және мұрағаттар туралы занында, белгiленген тәртiппен ұлттық құндылық
деп танылған барлық мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының,
деректi ескерткiштердiң, тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси
немесе мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы.

Мемлекеттiк мұрағат деп, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауға
(сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық
берiлген мемлекеттiк мекемені айтады.

Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтандыру қоры - Ұлттық мұрағат
қорының мемлекет үшiн бiрден-бiр маңызы бар және жойылған жағдайда орны
толмайтын құжаттарының сақтандыру көшiрмелерiнiң жиынтығын білдіреді.

Мұрағат ісі - басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына
бақылау жасайды, заңнамалық және нормативтік актілердің іске асуын
ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан
халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылады және оны
Қазақстан Республикасының ұлттық игiлiгi ретiнде мемлекет қорғайды. Ұлттық
мұрағат қорына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сақтаулы және
халықаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстанға қайтарылуға тиiстi мұрағат
құжаттары да жатады. Ұлттық мұрағат қоры қоғам мен мемлекеттiң қажеттерiн
қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға
қызмет етедi. Мұрағат iсiн дамыту мен жетiлдiруге қамқорлық жасауды
мемлекет өз мойнына алады. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау барлық
жеке және заңды тұлғалардың мiндетi болып табылады. Ұлттық мұрағат қоры
құжаттарының басылымын, сондай-ақ оның мемлекет, қоғам және азаматтар   
сұранымдарын    қанағаттандыруға    пайдалануын    ұйымдастырады.

Ұлттық мұрағат жұмысының басым бағыттарын қарастырсақ ол Қазақстанның
қазiргi заман тарихы бойынша Ұлттық мұрағат қорының басы бүтiндiгiн
қамтамасыз ету, мемлекеттiк органдарға, жеке және заңды тұлғаларға
ретроспективалық құжаттық ақпарат табыс ету, ақпараттық қызмет көрсету
болып табылады.

Ұлттық мұрағатта сақталатын құжаттарды тұрақты мемлекеттiк сақтау,
олардың басы бүтiндiгi мен мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;
жинақтау көздерi - мекемелердегi уақытша ведомостволық сақтаудағы мұрағат
құжаттарына мемлекеттiк бақылау жасау, басқа да мемлекеттiк мекемелердiң
қызметi барысында түзiлетiн құжаттармен жасақтау; ғылыми-анықтамалық
аппаратты әзiрлеп, дамыту, Ұлттық мұрағат құжаттарын жан-жақты пайдалану
мен ғылыми жариялауды ұйымдастыру, құжаттаманы басқаруды ұйымдастыруға
қатысу және оның жай-күйiн бақылау; мемлекеттiк және ведомостволық
мұрағаттарға - мекемелердiң құжаттамалық қызметтерiне ғылыми-әдiстемелiк
және практикалық көмек көрсету. Мұрағаттану, құжаттану, археография,
қосалқы тарихи пәндер саласында ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыс
жүргiзу, Қазақстанның қазiргi заман тарихының проблемалары жөнiндегi
зерттеулерге, талдауға қатысып жұмыс жасау.

Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары — Қазақстан Республикасының
және қазақ халқының тарихи, мәдени, саяси құжаттары (мәтіндер, суреттер,
келісімдер және т.б. құжаттар) мен деректерінің жиынтығы сақталатын
мұрағаттар қоймасы.

Қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік-құқықтық қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мәдени құжаттық
мұраларын сақтайтын мұрағаттар — Қазақстанның мемлекеттік нысандарының
бірі.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты өз қызметін Орынбор
қаласында 1921 жылы 1 қыркүйекте бастаған. ҚР ОММ - еліміздегі ең алғаш
Қазақстанның даму тарихы құжаттарын жүйелеп, бір қалыпқа келтіріп
жинақтаған мұрағат. Мұрағат XVIII-ші ғасырдың орта кезеңінен бастау алған
революцияға дейінгі құжаттардан бастап осы кезеңге дейінгі құжаттарды
сақтауда. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты Қазақстан
тарихының үш кезеңінің: кеңестік дәуірге дейінгі, кеңестік дәуір мен
еліміздің тәуелсіздігі кезеңіндегі құжаттарды сақтап отырған бірден бір
мұрағат.
Мұрағат аса құнды және бірегей құжаттардың түпнұсқаларын ұрпақтан
ұрпаққа сақтап жеткізу үшін және Қазақстан тарихына байланысты шет жақтан
алынған құжаттар көшірмелері микрофильм түрінде жасалатындықтан, оны
зерттеушілердің күнделікті оқып, пайдалануы үшін қажетті техникалық құрал-
жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Жинақталған көшірме құжаттарында Қазақ тарихының Ақтаңдақ тұстарын
дәлелдейтін  деректер де баршылық, әсіресе қазақ тарихын бейнелейтін XVI-
XVII ғаырдағы құжаттар, Уақытша өкіметі тұсындағы саяси жағдай, Алаш Орда
партиясының мүшелері туралы және т.б. құжаттарды атауға болады.
Мұрағат қорына шетелдердің мұрағаттарынан келіп түскен құжаттарға
тоқталсақ:  Ресей мемлекеттік әскери-тарих мұрағатынан 1753-1917 жылдар
аралығын қамтыған Қазақ жерінде әлеуметтік-аумақтық басқару жүйесін
қалыптастыру, қазақ халқымен шекаралас жатқан ұлттармен байланыс, сауда
мәселесі, қазақ халқының мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, шаруаларды қазақ
жеріне қоныстандыру, қазба байлықтарын игеру үшін қазақ даласында барлау
жұмыстарын жүргізу саясаты т. б. туралы құнды құжаттар келіп түсті.
Ресей мемлекеттік ерте актілер мұрағатының 1585-1876 жылдар аралығын
қамтыған Сенат және оның мекемелері,  Сібірді басқару және Сібір
приказдығы, Қырғыз-қайсақ істері, Монғол істері атты қорларынан қазақ-
қалмақ, Қытаймен сауда қатынасы, Ресей бодандығына өту үшін жіберілген
қазақ елшілері туралы  аса құнды деректер алынды.
Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағатынан алынған 19 ғасырдың 1-ші
жартысынан 1917 жылға дейінгі 1872 жылдан Министрлер кеңесінің
председателі, шетел істер министрлігінің Азия департаментінің директоры,
граф Игнатьевтің қорында Хиуа мен Бұхар мәселесі, Түркістан өлкесін
басқарудағы өзгерістер туралы мәліметтер болса, ал 1917-1924 жылдар
аралығын қамтыған осы мұрағаттың құжаттарында Уақытша өкімет, Алаш Орда
партиясына байланысты, сайлау мәселелері туралы, өнеркәсіптегі жағдайлар
туралы, Түркістан республикасының саяси, экономикасына байланысты
құжаттарды Ұлттық халық комиссариаты жанындағы Қазақ Автономиялы кеңестік
социалистік республикасының өкілдігі қорынан да табуға болады.
Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы мұрағатынан келіп түскен 1917-
1936 жылдар аралығын қамтыған құжаттарда коммунистік партия мүшелерін
облыстар мен губернияларға бөлу, коммунистерді есепке алу т.б. туралы
айтылған.
Ресей мемлекеттік әскери мұрағатының 1917-1920, 1917-1926, 1917-1920,
1918-1926 жылдар аралығын қамтыған құжаттарынан Қазақ жерінде Кеңес
өкіметін орнату, ақтардың іс-әрекеттері, азамат соғысына байланысты т.б. 
көшірмелер алынған.
 Туркияда шыққан Мұстафа Шоқайдың да ықпалы бар Яш Туркестан
журналының 1929-1936 жылдардағы нөмірлер коллекциясы және Йени Туркестан
журналының 1927-1931 жылдар аралығын қамтыған құжаттары мұрағат қорын
толықтыра түсті.
Ал 2001 жылы Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан
Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығын атап өту күндері Жаңа Сорбона-
Париж университеті жанындағы шығыс тілдері университет аралық
кітапханасында сақтаулы қазақтың бірегей азаматы Мұстафа Шоқайдың құжаттар
мұрасының көшірмесін мұрағат қорына табыс етуі мұрағат тарихындағы үлкен
оқиға және жетістік болды.
 Қазіргі таңда мұрағат 1 миллион 300 шамасындай құжаттар сақтап отыр.
Қазақстанның тәуелсіздік алған даму сатысында мәдениет саласында да
өзгерістер болды. Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тарапынан,
Үкімет тарапынан да мұрағат ісіне қолдау көрсетіліп отырды.   2001-2005
жылдары Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамыту бағдарламасы
аясында мұрағат қызметкерлері  мұрағат қорын шет елдердің мұрағаттырында
сақтаулы құжаттармен толықтыру саласында көп еңбек сіңірді. Мұрағат
қызметкерлері көршілес елдерде, оның ішінде Ресей мемлекетінің бірнеше
мұрағаттарында Қазақстан тарихына байланысты құжаттарды іздестіру
жұмыстарын жүргізді.
Осы бастамалардың арқасында мұрағат қоры Қазақстан тарихына байланысты
құжаттар көшірмелерімен толықтырыла бастады.
Қолжазбаларды сақтап қалатын мұрағат мекемелерінің құрылу тарихы
Қазақстанда ХVII ғасырдан басталады. Бұл туралы ресми құжаттар да
сақталған. Соның бірінде: Бөкей губерниясының мұрағаты Бөкей ордасы
кезінен, яғни 1794 жылдан бастап ұйымдастырылды, деп жазылған.[1]
Кеңес кезеңінде республикада мұрағат құру ісі, дәлірек айтқанда, 1918
жылғы “РКФСР-де мұрағат ісін қайта ұйымдастыру және орталықтандыру туралы”
декретіне сәйкес жүзеге асырылды.
Аталған декрет бойынша барлық мекемелердің істері мен құжаттарын сақтау
мақсатында Бірыңғай мемлекеттік мұрағат қоры ұйымдастырылды. Оны және
мұрағаттарды басқару үшін мұрағат ісінің Бас басқармасы құрылады.
1921 жылы 5 сәуірде Қазақ Өлкелік Бас архиві ұйымдастырылды. 1998 жылы
22 желтоқсанда Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан
Республикасының заңы бекітіліп бұл заң Қазақстан Ұлттық мұрағаттары мен
мұрағат қорының тарихының жаңа кезеңі басталғанын дәлелдеді. Осы тарихи
кезеңнен бастап біз АРХИВ деген сөзді МҰРАҒАТ деген сөзбен ауыстырып
қолдана бастадық. Кеңестік дәуірде жүйелі қалыптасқан мемлекеттік
мұрағаттарда құнды құжаттардың орналасуының принциптері белгіленіп, нақты
жүйеге келді. Әсіресе 50-ші жылдары КСРО Бас мұрағат басқармасының өкімімен
қорларды шоғырландырудың ортақтыландыру принципіне сәйкес орталық және
бірқатар облыстық мұрағаттардан құнды тарихи қорлар Одақтық орталық
мемлекеттік мұрағаттарға алынды. Қазақстан мұрағаттары тарихы кезеңдердің
қиындықтарына қарамастан Қазақстанның мұрағат қорларында қазіргі таңда 15
миллионнан астам істі құрайтын құжаттар сақталуда.

II. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық
құжаттама мұрағаты

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты - өз
қызметін 1974 жылдың 1 наурызынан бастады. Қазақстан мұрағаттары өзінің
қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса
бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан
тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық
құжаттама мұрағаты ХІХ ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның
ғылымы мен техникасының қалыптасуы және дамуы тарихы бойынша құжаттарды
сақтайтын аса ірі мекеме.

Іс шаралары

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында Алматы
қаласының аумағына орналасқан республикалық және бұрынғы одақтық
бағыныштылықтағы ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық технологиялық
ұйымдар мен мекемелердің қызметі нәтижесінде құрылған ғылыми-технгикалық
және басшылық құжаттамалар мемлекеттік сақтауға алынған.
Мұрағатта бүгінгі күні мемлекеттік сақтауда 184621 сақтау бірлігі бар. Оның
ішінде:

• ғылыми-техникалық құжаттама көлемі 105925 сақтау бірлігін құрайды,
олардың 18654 сақтау бірлігі ғылыми-техникалық,
• 2265 сақтау бірлігі – конструкторлық, 83005 сақтау бірлігі – жобалау,
• 2001 сақтау бірлігі – патенттік құжаттар болып табылады.
• басшылық құжаттамалар көлемі 59036,
• жеке тектік құжаттар 3608, жеке құрам бойынша құжаттар 16052 сақтау
бірліктерінен тұрады. Барлығы мұрағатта 156 қор сақталады.

Олардың хронологиялық шегі 1775 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықты құрайды.
Мұрағат қорларының құрамы мамандандырылған мұрағаттың ерекшеліктерін
көрсететін төмендегі жинақтаушы ғылыми-техникалық құжаттар тобынан тұрады:

1. ғылыми-зерттеу құжаттамасы;
2. конструкторлық құжаттама;
3. технологиялық құжаттама;
4. жобалау-сметалық құжаттама;
5. патенттік құжаттама;
6. басшылық құжаттама.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты құжаттарының
маңызды бөлігін Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Сібір электр энергетикасы
нысанадарының, азаматтық-тұрғын үй, өнеркәсіп және машина жасау,
мелиорация, су және орман шаруашылығы саласы құрылыстарының жобалау
құжаттамалары құрайды. Көптеген қорлар сейсмикалық аса қауіпті аймақтарда
қала құрылысы бойынша құжаттардан тұрады. Алматы қаласының тұрғын үй және
азаматтық құрылыстарының жобалары бойынша, соғыстан кейінгі кезеңнен
бүгінге дейінгі қазақстандық архитектура мектебінің  барлық даму тарихын
көруге болады.
Құрылыс материалдарын, металл құрылымдарын, ауыл шаруашылық машиналары мен
механизмдерін, жеңіл және тамақ өнеркәсібі бұйымдарын өндіру, аспап жасау
өндірісін дамыту жолын көрсететін конструкторлық және технологиялық
құжаттамалар ерекше көкейкесті материалдар болып саналады.
Экономиканың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, медицина мен білім берудің
түрлі салаларындағы ғылыми зертеулерін көрсететін республикалық жетекші
институттар мен ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу құжаттамалары бүгінгі
зерттеушілер тарапынан үлкен қызығушылық танытады.
Машина және оның механизмдері, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың
инженерлік имараттары, сондай-ақ, ауыл және су шаруашылығы, тұрмыыстық
қызмет көрсету, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларындағы өнертапқыштық
куәліктері, патенттік құжаттамалары өзіндік маңызға ие және әр алуан.

2.1 Мемлекеттік сақтауға тапсырылуы тиіс ғылыми – техникалық
құжаттамалардың тізбелерін жасау.
Ғылыми – зерттеу және патенттік құжаттамаларды қоспағанда, ғылыми
– техникалық құжаттамалардың құндылығын сараптауды, ұйымның сараптау
комиссиясы екі кезеңмен жүзеге асырады.
Бірінші кезеңде өнеркәсіп өндірісі бұйымдарының және технологиялық
процестердің жобаларын, жоспарлау және күрделі құрылыс нысандарын таңдау
жүргізіледі, осылар бойынша ғылыми – техникалық құжаттамалар тұрақты
мемлекеттік сақтауға тапсырылуы тиіс. Тұрақты мемлекеттік сақтауға
жатқызылатын ғылыми – техникалық құжаттамалардың тізбесін жасау –
жұмыстардың түпкілікті нәтижесі болып саналады.
Тұрақты мемлекеттік сақтауға тапсырылуы тиіс ғылыми – техникалық
құжаттамалардың тізбесін, әзірлеуші – ұйымның сараптау комиссиясы, ұйымның
қызметі басталған кезеңнен бастап белгілі бір уақыт кезеңіне жасайды.
Тұрақты мемлекеттік сақтауға тапсырылуы тиіс ғылыми – техникалық
құжаттамалардың тізбесін, сондай-ақ осы ұйымда сақталған, негізін қалаушы-
ұйымның құжаттамалары да қосылады.
Ғылыми – техникалық құжаттамалардың тізбесі бес жылда бір рет
жасалады.
Тұрақты мемлекеттік сақтауға тапсырылуы тиіс ғылыми – техникалық
құжаттамалар тізбесіне қосылған бұйымдарды, жобаларды жүйелеу –
хронологиялық, тақырыптық, тақырыптық –

хронологиялық белгілері бойынша жүзеге асырылады

Ғылыми – техникалық құжаттамалардың тізбесіне ұйымның сараптау
комиссиясының мүшелері қол қойып , ұйым басшысы бекітеді және тиісті
жергілікті атқару органына, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік
мұрағатына бекітуге ұсынылады. Оған ұйымның сараптау комиссиясы
мәжілісінің хаттамасы немесе сараптау комиссиясының мәжіліс хаттамасынан
көшірме қосылады.

Жергілікті атқару органының, Қазақстан Республикасының орталық
мемлекеттік мұрағатының СТК бекіткен соң, тізбенің бір данасы ұйымға
қайтарылады, ал басқасы тиісті мемлекеттік мұрағатта қалады.

2.2 Мұрағат қоры

Басшылық құжаттамалар ғылыми-техникалық құжаттамаларды
толықтыратын ақпараттар көзі болып табылады, және ол бұйрықтар мен есептік-
жоспарлау құжаттамалардан, негізгі қызмет жөніндегі жабдықтар, жаңа
технологиялық процестерді енгізу, ғылыми зерттеулердің тақырыптары, ғылыми-
техникалық ынтымақтастық т.б. туралы хат алмасулардан тұрады.
Құжаттардың ақпарат сақтау тәсілдері әртүрлі: машинада терілген мәтіндер,
калька, сәулелі көшірмелер, ватман, фотоқұжаттар, ХVIII-XIX
ғасырлардың ерте жобаларында – батист.
Мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі нәтижесінде құрылған құжаттармен
қатар, мұрағатқа Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы көрнекті
қызметкерлерінің өмірі мен қызметі тарихынан хабар беретін жеке құрам
құжаттары да мемлекеттік сақтауға алынған. Олардың қатарында Ә.Ш.
Тәтіғұлов,П.И. Мариковский, Ғ.Ә. Қалиев, М.И. Усанович, М.Ш. Мәжитов, Т.С.
Жасыбаева, С.Г. Космериди, П.Т. Гуляевский т.б. белгілі қайраткерлер бар.
Бүгінгі таңда 3302 сақтау бірлігінен тұратын 28 жеке құрам қоры мемлекеттік
сақтауда. мұрағат қызметкерлері аса құнды құжаттар мен қорларды ақықтау
және есепке алу жұмыстарын жүргізеді, оларға жеке тізімдемелер мен есеп
карточкалары құрылады, сақтандыру қоры мен аса құнды құжаттардың
көшірмелерін пайдалану қорын құру үшін құжаттарды микрофильмдерге көшіреді.
бүгінге күнге дейін 1532089 микрофотокөшірме дайындалды.

Түрлі ұйымдастыру-құқықтық формалары мен меншік формаларындағы, өзінің
қызметі барысында ғылыми-техникалық құжаттар құраушы республиканың
жетекшіұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелері ОМҒТҚМ қор құраушылары болып
табылады. Олардың ішінде: КАZGOR Жобалау академиясы, Ауыл шаруашылығын
механизациялау және электрификациялау ҒӨБ РМК, Водоканалпроект Қазақ
мемлекеттік ғылыми зерттеу жобалау институты, Казинвестстрой ЖШС,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы ҒЗИ, Қазақстан
Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық туберкулез
проблемалары.

Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын пайдалану және жариялау бойынша мұрағат
белсенді жұмыстар атқарып келеді: Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсібі
бойынша ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдардың тарихы (ОМҒТҚМ құжаттары
бойынша), Академик Ә.Ш. Тәтіғұлов, Қазақстанның медициналық ғылыми-
зерттеу мекемелері мен ұйымдарының тарихынан және басқа да анықтамалықтар
мен құжаттар жинағы жарық көрді.

Бүгінгі уақытта ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері:

• Алматы қаласының жобалау тарихы. 1950-1980 жылдар,
• Қазақстанның су ресурстары,
• Жеке тек қорлары бойынша анықтамалық құжаттар жинақтарын дайындады.

Мұрағат қорларының тізімі
• Бүкілодақтық орталық кәсіподақ кеңесі Орталық кәсіподақ курорттарын
басқару кеңесі Союзкурорт курорттарды жобалау институтының ортаазиялық
бөлімшесі
• Курорттарды жобалау жөніндегі ортаазиялық одақтық Союзкурорт жобалау
институт бөлімшесі, ВЦСПС кәсіподақтық курорттарды басқару туралы
Орталық кеңесі
• КСРО мемлекеттік құрлысы Бүкілодақтық мемлекеттік санитарлық- техникалық
құрылғыларды және қондырғыларды жобалау жөніндегі Сантехпроект
институты, Алма-Ата бөлімшесі
• КСРО түсті металлургия министрлігі Жобалау және ғылыми-зерттеу
ұйымдарының бас басқармасы
• Казмеханобр түрлі-түсті металдарды кен байыту жөніндегі мемлекеттік
ғылыми-зерттеу және жобалау институты
• Қазақ КСР мемлекеттік құрылыс Казграждансельпроект Қазақ КСР аймағында
ауылдық тұрғылықты жерлер құру және жобалау жоспарларын жетілдіру және
азаматтық тұрғын – үй құрылыс аймағын жобалау жөніндегі мемлекеттік бас
жобалау институты
• КСРО энергетика және электрлендіру министрлігі Өнеркәсіптік куат және
өнеркәсіптік отын энергиясын, қайта пайдаланған қуат қорларын тиімді
пайдалану жөніндегі ВНИПИэнергопром бүкілодақтық мемлекеттік ғылыми-
зерттеу және конструкторлық жобалау институтының ортаазиялық бөлімшесі
• Бүкілодақтық мемлекеттік ауылшаруашылығы өнімдерін алғашқы өңдеу бойынша
бірыңғай және тәжірибелік жылыжай шаруашылығы мен кәсіпорындарын жобалау
және ғылыми-зерттеу институтының Гипронисельпром Алма-Ата бөлімшесі
• КСРО Министрлер кеңесі Дайын өнімдер мемлекеттік комитеті
Промзернопроект нанқабылдау, ұнжармасы, жемқоспасы қәсіпорындарын
жобалау институтының қазақ бөлімшесі
• Мемлекеттік - акционерлік Астық компаниясы КазНИИпромзернопроект
жарма және жем қоспалары кәсіпорындары мен қамба - элеватор шаруашылығын
жобалау жөніндегі мемлекеттік ғылыми - зерттеу және жобалау институты
• КСРО мемлекеттік орман шаруашылығы комитеті Бүкілодақтық орман құрлысы
бірлестігінің Қазақ орман құрлысы кәсіпорны.
• Қазақ КСР құрлыс материалдары өнеркәсіп министрлігі Казоргтехстром
өндірістік технологиялық процестерді жөндеу және кәсіпорындарға
техникалық көмек көрсету жөніндегі мамандандырылған конструкторлық-
жобалау басқармасы
• Қазақ КСР құрлыс министрлігі Казстройтехпроект технологиялық-
конструкторлық және жобалау институты
• Қазақ КСР ауыр индустрия кәсiпорындарының құрылыс министрлiгi ЦБТИ
орталық техникалық ақпарат бюросы
• Қазақ КССР құрлыс министрлігі ЦНИЛ орталық ғылыми-зерттеу зертханасы
• Главжелдорпроект темiр жол көлiгi нысандарын жобалау жөніндегі бас
басқарманың Қазахжелдорпроект Қазақстан теміржолдары iздену- жобалау
институты
• Қазақ КСР ауылшаруашылығы министрлігі Машина жасауда ионды-электрондық
технологияны қолдану жөніндегі аймақтық конструкторлық бюросы
• КСРО орталық Центрсоюз тұтынушылар қоғамдық кеңесі Центросоюзпроект
жобалау институтының Алма-Ата бөлімшесі
• Құрлыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар
Ведомствалық мұрағат
Ведомставалық мұрағат қызметінің ұйымдастыруы
Деректануда құжат - арнайы ақпарат жеткізуге арналған объект
Құжаттардың деректемелерін ресімдеу
Мұрағат істерін басқару және орындары
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Іс қағаздарын жүргізумен таныстыру
Жалпы мұрағат қорындағы құжаттардың дұрыс сақталуы мен тізімге алынуы жағдайларын анықтау, қазіргі заман технологиясы бойынша пайдалануды қамтамасыз ету
Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Құжат ұғымы және функциясы
Пәндер