ТАБУ ЖӘНЕ ЭВФЕМИЗМДЕР ЖАЙЫНДА



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ТАБУ ЖӘНЕ ЭВФЕМИЗМДЕР
Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен
бірге оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар. Ерте замандарда адамдар әр
түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктін салдарынан кейбір
заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын
болған. Бұл кұбылыс әдетте табу1 деп аталады. Кейбір заттарды өз атымен
атамау (табу) теріс ұғым, қате түсініктен, ерекше күшке сеніп,
сана-сезімнің дінге шырмалуынан туған. Мысалы, қазақта осы жайды
аңғартатын және оны бір жағынан, сықақ, келеке етіп баяндайтын мынадай бір
аңыз бар: Ауылдағы шалдар мен кайын ағаларының атын (ал олардың
аттары: Қамысбай, Өзенбай, Қойшыбай, Қаскырбай (немесе Бөрі-
бай), Бәкібай, Қайрақбай болса керек) атамайтын келін бір күні
қамыстың арғы шетіндегі өзенге суға барса, бір қойды қасқыр жеп
жатыптымыс. Келіншек қойды қасқырдан құтқарып алып, бауыздайды да, ауылға
келіп қайын енесіне: Сылдырманың ар жағында, сарқыраманың бер жағында
маңырамамы ұлыма жеп жатыр екем, жайыманы білемеге білеп-білеп жіберіп,
бауыздап келдім,— депті-міс. Бұл мысалдағы сылдырама— қамыс, сарқырама —
өзен, мақырама — қой, ұлыма — қасқыр, жаныма — бәкі (пышақ, білеме —
қайрақ.
Ғабит Мүсіреповтың Ояңған өлке романынан ауылдың ескі әдет-ғұрпын
көрсететін мынандай бір мысалды кездестіреміз: Манадан ешкімді кездестіре
алмай тұрған әйел, асығыс болса да, аз кідіріп қарап қалған Байшегірге
алыстан айғайлап:
— Үлкен кісі, жүзден жиырмасы кем аулының жігіттері қайда жатады екен?
Білсеніз, жөн-сілтеп жіберінізші?—деді.
Әйелдің сұрап тұрғаны Сексен аулының жігіттері екенін аңғармай қалған
Байшегір:
— Шырағым, ондай оспағына шорқак едім... Пайғамбардың аулы болса да
атын аташы!—деді.
Әйел біреу естіп қалмас па екен дегендей, айнала бір қаранып алды да:
— Тәңірі деген, жүзге жиырмасы жетпесе, сексен болмайтын ба еді!..
Сексен аулының жігіттерін сұраймын,— деді енді, турасынан тартып (Оянган
өлке, 296-бет).
Бұл келтірілген мысалдар ертеректе қазақтың ғұрпында кісі аттарын
тікелей атауға тыйым салу әдетінің болғандығын көрсетеді.
Сондай-ак, ерте кезде аңшыларда аң адам тілін ұғынады, өздерінін
аттарын естісе, қашып кетеді деген түсінік болған да, олар аңдарды тікелей
өз аттарымен атамай, баскаша сөзбен атайтын болған.

1 Табу — полинезей тілінің tа —белгілеу және ри —күллі, түтелімен
деген сѳздерімен жасалған термин,

Мысалы, алтайлық аңшылар аңда жүргенде тиімді шарбақ, чирбақ (саусақ),
абаш құрту (ағаш құрты) немесе абаш шишқанақ (ағаш тышқаны) деп, хақастар
сөк пас (сүйек бас) деп атайтын болған.
Алтайлық аңшылар бұғыны таш тұяқты (тас тұякты) деп, бұланды (лось)
ұзын азақ, ақ тізек (ұзын аяк, ак тізе (лі) деп атайды. Якут аңшылар
бұланды ұлу қыл (үлкен ан) деп атайды1.
Орыс тіліндегі медведь (аю) деген сез медоед —балды жеуші деген
сөзден шыққан. Бірсыпыра ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Лексико-семантикалық жүйесіндегі қазақ және ағылшын тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің геторогендік және гомегендік ерекшеліктері
«Қазақ және ағылшын тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің ерекшеліктері»
Табу мен эвфемизмдерді этнолингвистикалық жағынан ритуалдармен, әдет-ғүрыптармен салт-дәстүрлерімен бірнеше халықтардың тілдерінің сөздік корының байланысын зерттеу
ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
БАҚ материалдарындағы эвфемизмдер
Табу мен эвфемизмдердің сөздік қорды байытуға қосар үлесі
Табу және эвфемизм
Қазіргі қазақ тіліндегі эвфемизмдердің тыйымдары мен ерекшеліктері
Табу мен эвфемизмдердің әлемдік деңгейдегі зерттелу тарихына шолу
Пәндер