Дастарқан жаю әдебі



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дастарқан жаю әдебі

Егер, үйде қонақ болса, үлкендер дастархан төңірегіне отырып қалса, онда жасы кішілер қонақтардан бастап қолға су әкеп құйып, сүлгі ұсынуы немесе қонақ кісіні қол жуғышқа бастап барып, ол қолын жуып болған соң, таза сүлгі беруі тиіс. Мүмкін болса, әр адамға жеке-жеке шағын сүлгі ұсынса, тіптен жақсы. Сондай-ақ жасы үлкендердің жасы кішілерге, ата-аналардың балаларының қолына су құйып, орамал әкеп беріп жатуы жарамайды.
Дастархан басында жиналғандар да қалай болса, солай отыра қалыспайды. Жасына, сый-құрметіне қарай әркімнің отыратын жері болады. Кішкентай нәрестелер, бүлдіршін бала ата-аналарының қасында отырады, өйткені, олар дербес, өз беттерімен тамақты ішіп-жеп, ас құйылған ыдыстарға иелік жасай алмайды. Ал, ер жеткен балалар ата-аналарынан, басқа да үлкендерден төмен орын алуға тиіс. Бірақ, бойжеткен қыз есік жаққа отырмайды. Ал, қонақ болса, үй иесінен жасының үлкен не кішілігіне қарамай төрде отырады. Мейман атаңнан да үлкен деген сөз содан шықса керек.
Дастархан жайылып, тамақ қойылғаннан кейін, алдымен жасы үлкен кісі дастарханға бата жасап, бісмілла деп табаққа қол созып, астан ауыз тиеді де, ет болса сүйектерін кесек етінен ажыратып, отырғандарға өзі үлестіріп береді немесе ондай қызметті атқарып, етті турауды ыңғайы бар жасы кіші ер адамға, әдетте, жігіттерге тапсырады. Бүгінде ондай дәстүр қалып бара жатқанымен, әр жігіттің әсіресе той-томалақта, басқа да бас қосуларда табақтағы етті саспай, сасқалақтамай, жөнін біліп турай алуы қажетті саналады. Ал мұндай қызмет тапсырылмаған жасы кішілер мен балалардың алдымен табаққа қол салуы әдепсіздікке саналады. Олардың үлкендер тамақ алып отырғанда, олардан бұрын жеп болдым деп қолдарын сүртіп, дастарханнан шегінуі де жөнсіз, тұрып кету, тіпті, сөкет іс болып табылады. Өйткені, мұндай қылықтары арқылы әсіресе сырт кісілерді ыңғайсыз жағдайға қалдыруы және үлкендерді сыйламағандық, елемегендік, көзге ілмегендік болып қабылдануы мүмкін. Сондықтан, жастар, дастархан басында қонақ, сырт отырған үйдің иесі табақтастарының жағдайын ойлап, қас-қабағын байқап қимылдағаны, ізет сақтағаны жөн. Сөйтіп, олар табаққа бата сұрап, содан кейін орындарынан тұрулары керек.
Дастархан жиналып, қол жуылған соң, қонақтар қайтуға ыңғай білдіргенде, үй иесі олардан бұйымтай сұрап, онан кейін хош айтысып, шығарып салғаны дұрыс.
Осы күні кейбір үй иелері дастархан жайылар-жайылмастан арағын ала жүгіретіні бар. Бұл - қонақты сыйлаудан гөрі, сыйлағандық емес, қайта сыйламағандық болады. Өйткені, сонысы арқылы қонаққа ас-тағамнан, дәм тұздан, үй иелерінің пейіл-ықыласынан, дастархан үстіндегі жағымды әңгімеден арақ мәнді дегендей болып қалуы ықтимал. Шынында да, арақ астан жоғары бағаланып, бірінші орынға шығарылған дастарқанда үй иелерінің бар пейілін салып, көп еңбектеніп әрі сыйлы қонақ жесін деп, өз ауыздарынан жырып берген дәмді-жұмсақ тамағының қадірі кетіп, жөнімен ішіп-желінбей қалады, әңгімелерінің де берекесі қашып, ықылас-құрмет далаға кеткендей болады.
Оның үстіне ішімдік қанша жөнімен ішілгенімен, бала-шағаның ондай дастарқан басында үлкендермен, қонақтармен бірге отыруы орынсыз. Сөйтіп, балалар ауыл ақсақалдарына, алыстан келген сыйлы мейманға қызмет көрсетіп, үлкенді сыйлау әдебіне үйренетін, әрі олардың өздерін танып-біліп, неше алуан қызықты да тағылымды әңгімелерін тыңдап, сабақ алатын аса бағалы ежелгі дәстүр де көмескі тартып бара жатқандай.
Қойылған тағамды ішіп-жеудің өзі әдеп-тәрбие талаптарының тұтас бір жүйесін құрайды. Мысалы, ет алдыға қойылысымен, оны тураушы үлестіріп берген сүйектерге бірден ауызды салып, тістеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үстел жаю әдістері
Сауда бөлмелерінің түрлері және сауда бөлмелерін қызмет көрсетуге дайындау
Ясауи ілімінің тарихи рөлі
Тұтынушылар нарығының жағдайы
Ыдыстарды таңдау, танертеңгі, түскі және кешкі асқа үстелді алдын-ала сервировкалау әдістерін үйрену, майлықтарды орау
Ясауи ілімінің негіздері
Оқушыны медициналық- гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу туралы ақпарат
Бастауыш сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау негiздерi
Кірме сөздер
Дәстүр тарихы
Пәндер