Сүтті ірі қара шаруашылығында қашарлар мен буаз қашарларды өсіру технологиясы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті

«» пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Сүтті ірі қара шаруашылығында қашарлар мен буаз қашарларды өсіру технологиясы»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны


І. Кіріспе бөлім

Мал шаруашылығында жаңа экономикалық өзгерістер мал тұқымдарына ерекше талаптар қоюда. Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығының дамыған саласының бірі сүт бағытындағы ірі қара мал өсіру болып табылады. Қазіргі уақытта осы өңірде 840 мыңға жуық ірі қара мал шоғырландырылған. Соның ішінде сүт бағатындағы қара-ала сиырдың асыл тұқымды саны 3940 басты, яғни 0, 6% құрайды. Сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығын дамытудың негізгі резерві өсіріліп жатқан мал тұқымдарының өнімділік және нәсілдік қасиеттерін жетілдірумен қатар олардың жаңа өнімді мал тұқымдарын, желілерін шығару және топтарын құру. ТМД елдерінің әртүрлі аймақтарында жергілікті сиырлардың генотипі негізінде импорттық бұқаларды үрделі қолдану арқасында малдың жаңа типтерін шығару жұмыстары жүргізілуде.

Жүргізілген ғылыми-практиканың нәтижесінде сүт бағытындағы сиырлар-дың өнімділігі жоғарлатылып, жаңа жоғарғы өнімді мал типтері апробация жасалынды.

Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында аулиеата тұқымының гендік қоры жоғарғы өнімді шетелдік бұқалармен будандастыру (голандық, голштиндік, қара-ала) негізінде өзгеріске ұшырады. Жүргізілген селекциялық-асылдандыру жұмысының нәтижесінде кең көлемде қара-ала малдың әр түрлі қанды жақсарған мал тұқымының тобы құрылды.

Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара - сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африкаға кең тараған. Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады.

Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а. ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т. б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады. Сүт құрамында төл тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік, минералды және биологиялық әсерлі заттар жеңіл қорытылып, жылдам сіңірілетін түрде жиналады. Желінде түзілген сүттің құрамы желінген азықтың да тамырдағы қанның да құрамынан ерекшеленеді. Сүттегі қант мөлшері қандікінен - 90 есе, май мөлшері - 18-20 есе асып, кальций мен фосфор элементтері де қандағы деңгейінен анағүрлым жоғары шоғырланады. Сүт құрамында азық пен қанда кездеспейтін казеин, сүт альбумині, сүт қанты және сүт майы түзіледі. Лактоза деп аталатын сүт қанты қан плазмасындағы глюкозадан, сүт майы, ондағы липидтер, фосфотидтер мен басым бөлігі сірке қышқылы болып келетін ұшпалы май қышқылдарынан, ал сүт белогы - сіңірілген аминқышқылдарынан түзіледі. Сонымен қатар сүт майының түзілуіне месқарындағы микробиологиялық метабализмде пайда болып, тікелей қанға енетін ұшпалы май қышқылдары да тікелей қатысады. Сиыр етін ендіру үшін етті бағыттағы мүйізді ірі қара мал тұқымдарынан елімізде қазақтың ақ бас, қалмақ, галловей, санта-гертруда, т. б. тұқымдарын өсіреді. Бұлардың төлін жеделдетіп өсіріп, бордақылап, етке сояды. Сондықтан төлден сүтті сиыр өсіргенде, оларды аумақты жемшөпті мейлінше мол жеп, ас қорыту жолының сыйымдылығын ұлғайту көзделетін болса, етті бағыттағы малды құнарлы азықтандыру арқылы қысқа мерзімде тірілей салмағы мен қоңдылығын жоғарылату көзделеді.

Қазіргі мүйізді ірі қара малдың арғы тегі - жабайы түр. Ол осыдан 8-10 мың жыл бүрын қолға үйретілген. Мыңдаған жылдар ішінде олар әр түрлі табиғи-экономикалық жағдайларға бейімделіп, сүт және ет өнімділігін жетілдірді. Тіпті, жылдың кез келген маусымында қашып, бұзаулайтын болды. Сөйтіп, қазіргі кезде ең маңызды мал түлігіне айналды.

Азықтық базаны табиғи-климаттық зона бойынша табиғи және мәдени өсімдік қауымын рационалды пайдаланып нығайту, дайындаудың прогрессивті әдістерін пайдалану, консервілеудің әдістеріннің қалыптасуын, азықтандыру алдындағы дайындық пен азықты сақтаудың-негізгі маңызды міндеттер болып табылады, оларды біздің елдің мал шаруашылығының дамуында шешу керек.

1. 1. Әдебиетке шолу

Байжұманов А. Б. (1987) зерттеулерінде cиыр сүттілігінің негізгі белгісінің бірі - желінінің дамуы. Сүтті сиырдың желіні астау немесе төңкерілген тегене (ванна) тәріздес дамыған. Сүтті, көп жемшөп жей алатын ас қорыту жолдары көлемді сиыр ірі, салмақты келеді. Сондықтан да, жасымен қоса сиыр салмағын да білген жөн, өйткені сиыр сүттілігі тірідей салмағына тәуелді өзгереді. Сиыр салмағын дәл білу үшін, сиырды таңертеңгілік, ашқарынға азықтандырып, суғарғанға дейін таразыға тартады. Сиырдың салмағын тартатын таразы болмаған жағдайда, оның тірідей салмағын арнайы тұрқының өлшемдерімен есептеуге болады.

Баканов В. Н., Менькин В. К (1989) деректеріне қарағанда cүтейту кезеңінде сиырдың желінін массаждап, күніне 3-5 рет саууын, азықтандыру деңгейі мен сапасын жетілдірумен үштастырады. Сиыр "денеден сауылатындықтан" (сдаивание с тела) сауым басында сүт түзілуіне жұмсаған дене шығынын желінген азық қоректік заттарымен толықтыра алмайды (қажетті азық құрғақ затын жеп, ас қорыту жолына сыйғыза алмайтындықтан) . Азыңтандыруды күшейту үшін және де сүтейткіш қызылша, сәбіз сияқты азықтармен қоса құнарлы жем қосындысын береді.

Бегімбеков Қ. Н., Төреханов А. А., Байжұманов А. Б. (2006) мағлұматтары бойынша cуалған буаз сиыр басына тәулігіне 1-2кг жем беру жеткілікті. Сонда орта сауымды сүтті сиыр басына жылына 4, 5-5ц жем жеткілікті. Берер алдында дәнді жарып, ұнтақтап, мыжып берсе қорытылуы жақсарады. Оның үстіне, бірнеше жем түрін араластыру арқылы, бірінің-бірі аминқышқылдың, минералдық, витаминдік құрамын байытуының арқасында, жем қосындысының құнарлылығын арттыруға болады. Бұл, әсіресе, тұқымдық бұқаны азықтандыруда қолданылатын ұтымды әдіс. Мүйізді ірі қара малды азықтандыру рационы шаруашылықтағы жемшөп түрі мен қорына сәйкес құрастырылады. Жазда да оларды жайылым отына өрістетіп, ертелі-кеш сауымына сәйкес жемдеп, қажетті мөлшердегі ас тұзы және минералды қосындылармен қамтамасыз етсе болғаны. Қыста сиыр сүттілігін сақтау үшін құнарлы рацион құрастырады. Рацион азыңтары сиырдың тірідей салмағына, жасына, сауымына қарай анықталған азықтандыру нормасының көрсеткіштерін толық та жан-жақты қамтамасыз етулері керек.

Дмитриченко А. П., Пшеничный Г. Д. (1975) деректерінде Ірі қара малын асылдандыруда мемлекеттік мал асылдандыру станциясының маңызы өте зор. Өзіне қарасты аймақтарда асыл тұқымды бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау, ірі қараны бонитировкалау, әр асыл тұқымды мал зауыттарында, асыл тұқымды мал шаруашылықтарында және асыл тұқымды мал фермаларында бұқаларды қолдану жоспарларын жасау сияқты шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар сауын сиырларының сүтін анықтау, зоотехникалық және асылдандыру жұмысының есебін, асыл тұқымды ірі қараны мемлекетік кітапқа кіргізу мәселелерімен айналысады.

Мырзабеков Ж. Б., Сағындыков Қ. А. және т. б. (1992) деректеріне қаранда Асыл тұқымды етті сиырларды бағалап және сұыптағанда ең бірінші дене тұлғасының сырт пішініне, дене бітіміне қарайды. Етті ірі қараның өзінше биологиялық ерекшеліктері бар, соған байланысты дене тұлғасы кең, сүйегі мықты, жетілген болып келеді. Шоқтығы етті әрә кең, кеуде сүйегі де кең, әрі терең, арқасы, белі және құймышағы біркелкі түзу бөксесі терісі босаң, жүні жұқа болып келеді. Етті сиырлардың тірідей салмағына ерекше қоңіл бөлінеді, бұл көрсеткіштері жасына және тұқымына көп байланысты. Етті тұқымды сиырлар ұсақ болса, дене тұлғасының орта бөлімінің арқа және бел еттері нашар дамыса, ол үлкен кемістік болып саналады. Етті ірі қараның оның ішінде, аналық малдардың тез өсіп дамуына көп көңіл бөлінген абзал. Етті ірі қараға жататын сиырлар тез өскіш, тез жетіліп, қашыру мезгіліне ерте жетеді. Етті тұқымға жататын сиырлардың сүттілігін 7-8 айлық бұзауларының тірідей салмағы арқылы анықтауға болады, ал олардың ұрпақ туу қасиетін зоотехникалық немесе ветеринарлық анықтаулар арқылы білеміз.

Мырзабеков Ж. Б. Сагындықов Қ. А. және т. б. (2005) зерттеулерінде rөп сиыр шоғырланған, механикаландырылған ірі фермалар мен өнеркәсіптік негіздегі кешендерде әр сиырды жекелеп азықтандырып күтіп-бағу мүмкіндігі жоқ. Мұндай фермаларда малды топтап күту әдісі қолданылады. Онда қора-жайларды бірнеше секцияға бөлу керек. Секциялардың 25-50 сиырға лайық болғаны жөн. Секция араларын тақтай қабырғалармен бөлу керек. Қашарлар желіндерінің анатомиялық-морфологиялық құрылысына, июінің, сауылу мерзімінің ұзақтығы мен физиологиялық күйіне, жүйке жүйелерінің жұмысына қарай топтап орналастырылады.

Сиыр қора, негізінен, төрт цехқа, ал цехтар тиісінше секцияларға бөлінеді. Бірінші цехта суалған сиырлар бағылып-күтіледі. Бұл цехқа сиыр бұзаулауға 60 күн қалғанда енгізіледі. Мұнда сиыр байланбай, бөлек күтіледі. Бұл цехта сиыр 45 күн тұрады. Азық серуендеу, азықтандыру алаңында беріледі. Сиырлардың суалу мерзімі аяқталғаннан кейінгі кезеңде жақсылап күтіп, кезектегі сүт өнімділігін арттырып, уақытында күйлеуіне жағдай жасалады.

Петухова Г. А., Емелина Н. Т., Крылова В. С., Мартянов И. М (1990) зерттеулерінде nиімді типтегі сиырлардың желінінің функционалды қасиеттерін зерттеу, олардың бастапқы әулиеата тұқымды сиырлардың желінімен салыстырғанда желін орамының 6, 9 см (57, 4%), ұзындығы 2, 0 см, алдыңғы ширегінің тереңдігі 1, 6 см, жерден биіктігінің 3, 7 см артық екенін анықталды. Желіннің функцио-налды қасиетін зерттеу нәтижесінде тәуліктік сауымның айырмасы 6, 1 кг, сүт беру жылдамдығы 2, 45 болды. Желінің функционалдық қасиеттерін зерттеудің деректері қажетті типтегі сиырларда ванна және тостақ тәрізді пішіндерінің жоғары сүттілігін көрсетті, сүт беру жылдамдығы 1, 61 кг/мин болды. Сүттің майлылығы мен ақуыз үлесі сиырлардың тиімді типінде табынның орташа көрсеткішіне қарағанада жоғары болып, бірінші сауымда тиісінше 18, 3 және 14, 9 кг, екінші сауымда 20, 7 және 16, 0 кг, үшінші сауыммен одан жоғары сауымдарда 24, 7 және 17, 9 кг құрады. Сиырлардың тиімді типінің сүті, құрамы жағынан құрғақ заттардың жоғарғы дәрежесімен сипатталды.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Қазақстанның оңтүстігінде өсірілетін сүт бағытындағы мүйізді ірі қараны жақсарту әдістерінің тиімділігі

Қазақстанның оңтүстігіндегі аулиеата тұқымын жетілдірудің негізгі әдістерінің бірі оны шетелден әкелінген туыстас тұқымдармен шағылыстыру болып табылады. Қазіргі кезде жақсартылған мал басының үлес салмағы 90%-дан жоғары болып есептеледі. Біз жақсартылған мал басының өнімділік және экстерьерлік ерекшеліктерін зерттедік. Бір мезгілде осы малдардың басын көбейту жұмыстары қоса жүргізілді. Аулиеата тұқымына сырттан әкелінген гендік қорды пайдаланудың зерттеу нәтижелері төмендегіні көрсетті:

а) голланд тұқымының бұқалары қашарлардың алғашқы сауылымдағы сүттілігін арттырды (6-10%), бірақ олардың майлылығына әсер еткен жоқ, дегенмен желін пішінін жақсартты.

б) голштин тұқымының бұқаларын пайдалану бірінші буын қашарларының сүттілігін 9-14%, екінші буынның сүттілігін 11-18% және үшінші, одан да жоғары буындарынікі 16-24%-ға, сүтінен майлылығы бұрынғы деңгейінде қалды, солайда болса желінінің пішіні және морфофункциялық қасиеттері жақсарды.

в) қара-ала тұқымының бұқалары сүттілігіне аз мөлшерде ғана әсер етті (6-9%), сонымен қатар сүттің майлылығын 14, 0%-ға арттырды.

Қазіргі кезеңде будан малдардың едәуір мал басы жинақталды және олар жоғары гендік әлеуетке ие болды.

Табынның сүт өнімділігін арттыру, сүттің майлылығы мен ақуызының құра-мы, желінің морфофункциялық қасиеттерін жақсартуда голштин тұқымының гендік қорын пайдаланудың тиімді екені біздің зерттеулер нәтижесінде белгілі болды.

Алайда, голштин тұқымын пайдаланудың нәтижесі барлық жағдайда да оң нәтижелерін берді деп айтуға болмайды. Жемшөп қоры төмен және жемшөппен аз қамтамасыз етілген шаруашылықтарда (сауым маусымында 3000 кг-нан төмен сүт берген сиырлар) голштиндендірілген сиырлар жоғары сүттілікке жете алмады. Бұл нәтижелер, шаруашылықтағы жемшөп қорының малдың сүттілігіне әсері, жаңа қара-ала типін шығарудың бағдарламасын жасауда есепке алынды.

Қара-ала тұқымының жаңа типін шығаруда будандастырудың сызбасына баға берілді, негізгі шаруашылықтар анықталды, бағытталған стандарттар, сырттан әкелінген селекциялық бұқаларынан алынған ұрпақтың өсуі мен жетілуі бағаланды, көптеген ғылыми-шаруашылық тәжірибелер жүзеге асырыл-ды, осының нәтижесінде сиырлардың қажетті типтері іріктелініп, олардың туыстық топтарынан жоғары өнімді генотиптер алуға пайдалануға негіз жасалынды.

Голштин тұқымының жоғары дәрежелі қаны бар сиырларды іріктеу аулиеата тұқымын жетілдіру процессін жеделдете түседі. Соңғы кездері голштин тұқымды бұқалардың ұрпақтарының саны едәуір көбейді.

1-кесте - Шаруашылықтардағы қара-ала тұқымының туыстық топтарының ара қатынасы

пайыз есебімен

Жылдар
Аналық бастың саны
әулиеата
голландық
голштиндік
қара-ала (эстондық)

қара-ала

(ресейлік)

қажетті тип
Жылдар: 2004
Аналық бастың саны: 12, 1
17, 3
55, 8
8, 4
6, 4
-
Жылдар: 2005
Аналық бастың саны: 10, 4
16, 0
61, 5
7, 1
5, 0
-
Жылдар: 2006
Аналық бастың саны: 8, 3
14, 1
68, 2
5, 2
4, 1
-
Жылдар: 2007
Аналық бастың саны: 6, 3
13, 6
72, 8
4, 1
3, 2
-
Жылдар: 2008
Аналық бастың саны: 5, 2
8, 3
74, 4
2, 1
2, 0
8, 0
Жылдар: 2009
Аналық бастың саны: 4, 7
4, 0
78, 3
1, 6
1, 4
10, 0
Жылдар: 2010
Аналық бастың саны: 3, 7
2, 6
78, 5
1, 3
0, 9
13, 0

Жоғары өнімді табын жасақтау процессін жеделдетуге бұқаларды іріктеу (олардың гендік топтарға қатынасын есепке ала отырып) ең негізгі бағыт болып есептеледі.

2 кестеден белгілі болғанындай, соңғы 7 жылда сырттан әкелінген аулиеата, голланд және қара-ала тұқымды бұқалардың саны күрт азайғанымен, голштин тұқымының бұқаларын пайдалану 2004 жылғы 58, 7%-дан 2010 жылы 83, 8%-ға өсті.


2. 2 Селекцияға тиімді типтегі малдардың ерекшеліктері,

сүт өнімділігі

Тиімді типтегі сиырлар экстерьері мен конституциялары бойынша кейбір ерекшеліктерге ие болады. Сыртқы тұрқына қарай олар сүт бағытындағы малға тән үшбұрыш пішінге ұқсас болады және экстерьерлік белгілері анық көрінеді. Сүйектері жеңіл, ұзын жіңішке мойынды, терілерінің қатпарлары айқын көрінеді. Тиімді типтің шоқтығы тура бағытталған, ұзындығы, биіктігі және ені бірқалыпты. Олардың кеудесі терең, ұзын және енсіздеу болып келеді. Белі қысқа, тегіс, енді, сонымен бірге жеткілікті түрде еттілігі бар. Бұл олардың конституциясының қатаң екендігін білдіреді.

Тиімді типтегі сиырлардың орта өлшемдерінің шамаларын табынның орта көрсеткішімен және аулиеата тұқымымен салыстыру 4-кестеде көрсетілген

Келтірілген деректер селекцияға тиімді типтегі сиырлардың негізгі өлшем-дерінің аулиеата тұқымда сиырлар мен табынның орта көрсеткішінен арттық екендігін көрсетеді: тұмса қашарларда шоқтығының биіктігі 105, 4 және 104, 6%; кеуде тереңдігі 104, 8-101, 5%, кеуде кеңдігі 110, 8 және 102, 5%, денесінің қиғаш ұзындығы 102, 4 және 101, 2% болса, ал жасамыс сиырларда шоқтық биіктігі тиісінше 106, 2 және 105, 3%, кеуде тереңдігі 109, 6 және 104, 6%, кеуде кеңдігі 115, 7 және 110, 0%, денесінің қиғаш ұзындығы 102, 3 және 101, 1% құрады.

Сонымен қатар зерттеліп отырған малдың тірілей салмағы, дене өлшем-дерінің шамалары мен олардың өнімділігі арасындағы байланыстары зерттелін-ді. Бұл ретте қашарлардың тірілей салмағы өсуіне байланысты олардың сүт өнімділігі 3220 кг-нан 3640 кг-да дейін артты (майлылығы 3, 8% және ақуызды 3, 12%) . Зерттеудің нәтижелері малдың салмағы артқан сайын олардың дене өлшемдерінің де артатынын көрсетті. Мысалы, шоқтығының биіктігі 5 см, кеуде тереңдігі 3, 5 см, кеуде кеңдігі 3, 5 см, денесінің қиғаш өлшемі 3 см, кеуде орамы 7, 5 см-ге жоғарылады.

Іріктеудің ең тиімді өлшемдері сақа малдар үшін: тірілей салмағы 470-500 кг және одан жоғары, шоқтығының биіктігі 130-133 см, кеуде тереңдігі 70, 0 см және одан жоғары, кеуде кеңдігі 43, 0 см және одан жоғары, денесінің қиғаш ұзындығы 160, 0 см және одан жоғары болу керек екендігі белгіленді.

Әрине, тек өсуі (тірілей салмағы) мен дамуына (дене өлшемдері) қарай аудандардың алдағы сүт өнімділігін алдын-ала айту өте қиын мәселе. Солай да болса будандардың дене тұрқымының қалыптасуына оларды жақсартушы тұқымдардың экстерьерлері мен конституцияларының кейбір белгілері әсер етеді және олардың тұқым қуалаушылық қасиеттерінің өте жоғары екендігін дәлелдейді.

Желіннің морфофункционалдық қасиеті және оны селекциялық-генетикалық бағалау. Селекцияға тиімді типтегі сиырлардың желіндерінің пішіндері төмендегідей болды: 256 бас, немесе 39, 7% ванна тәріздес, 174 басы, яғни 27, 0% тостақ тәріздес және 214 басы, немесе 33, 3% домалақ болып келді. Тұмса қашарлардың желіндерінің орта көрсеткіштері: желін орамы 91, 2 см, ұзындығы 29, 4 см, ені 26, 1 см, алдыңғы ширегінің тереңдігі 21, 7 см, артқы бөлігінің тереңдігі 23, 6 см болды.

Тиімді типтегі сиырлардың желінінің функционалды қасиеттерін зерттеу, олардың бастапқы әулиеата тұқымды сиырлардың желінімен салыстырғанда желін орамының 6, 9 см (57, 4%), ұзындығы 2, 0 см, алдыңғы ширегінің тереңдігі 1, 6 см, жерден биіктігінің 3, 7 см артық екенін анықталды. Желіннің функцио-налды қасиетін зерттеу нәтижесінде тәуліктік сауымның айырмасы 6, 1 кг, сүт беру жылдамдығы 2, 45 болды. Желінің функционалдық қасиеттерін зерттеудің деректері қажетті типтегі сиырларда ванна және тостақ тәрізді пішіндерінің жоғары сүттілігін көрсетті, сүт беру жылдамдығы 1, 61 кг/мин болды.

Сүттің майлылығы мен ақуыз үлесі сиырлардың тиімді типінде табынның орташа көрсеткішіне қарағанада жоғары болып, бірінші сауымда тиісінше 18, 3 және 14, 9 кг, екінші сауымда 20, 7 және 16, 0 кг, үшінші сауыммен одан жоғары сауымдарда 24, 7 және 17, 9 кг құрады.

Сиырлардың тиімді типінің сүті, құрамы жағынан құрғақ заттардың жоғар-ғы дәрежесімен сипатталды.


2. 3. Малдардардың көбею қабілеттілігі

Сүт бағытындағы ірі-қара шаруашылығын дамытудың бірден-бір маңыздысы факторларының бірі табынның үрдемелі көбеюі. Ол мал өнімін арттыруға және малдың генетикалық потенциалын ұрпақтан-ұрпаққа беру мүмкіндігін арттырып, ортырып, мал басын көбейтеді.

Малдың көбею қабілеттілігін көрсететін негізгі туу аралық кезеңдер қашықтығы (МОП), сервис-кезең, ұрпақтану индексі және көбею қабілеттілігі коэфициенті (КВС) . Селекцияға тиімді сиырлардың көбею қабілеттілігін зерттегенде белгілі болғаны, олардың сервис-кезеңінің ұзақтығының қысқа болуы.

Үшінші және жоғарғы сауымдық сиырлардың сервис-кезең ұзақтығы 74, 4 күнді құрап, табындағы сиырлардың орта көрсеткішінен 3, 5 күн, ал түпкілікті аулиеата тұқымына қарағанда 12, 0 күнге аз болды. Өзгергіштік коэффициентін есептей отырып, онда сервис-кезеңінің ұзақтығыеың ауытқуы 60-70% құрап, яғни оның нәсілдік қасиеттілігінің төмен деңгейде екенін көрсетеді.

Селекцияға ұнамды сиырлардың өсірудің экономикалық тиімділігін зерттедік

2-кесте - Селекцияға тиімді типті сиырлардың зоотехникалық және экономи-калық тиімділігі

Көрсеткішер
Тиімді тип
Салыстыру базасы
Салыстыру базасына % есебімен
Көрсеткішер:

Жыл бойындағы сиырлардың

сүт сауымы, кг

Тиімді тип: 4450, 0
Салыстыру базасы: 3280, 0
Салыстыру базасына % есебімен: 135, 7
Көрсеткішер: Сүттің майлылығы, %
Тиімді тип: 3, 86
Салыстыру базасы: 3, 91
Салыстыру базасына % есебімен: -98, 7
Көрсеткішер: Сүт майы, кг
Тиімді тип: 171, 7
Салыстыру базасы: 128, 2
Салыстыру базасына % есебімен: 133, 9
Көрсеткішер: 100 сиырға алынған бұзау
Тиімді тип: 87, 6
Салыстыру базасы: 85, 3
Салыстыру базасына % есебімен: 102, 6
Көрсеткішер: 1 ц сүт өндіруіне кеткен шығым, адам/сағ
Тиімді тип: 3, 94
Салыстыру базасы: 4, 26
Салыстыру базасына % есебімен: 92, 4
Көрсеткішер: 1 кг сүтке кеткен азық шығымы, теңге
Тиімді тип: 0, 94
Салыстыру базасы: 1, 24
Салыстыру базасына % есебімен: 75, 8
Көрсеткішер: Сүт өндірудің өзіндік құны, тенге
Тиімді тип: 17, 7
Салыстыру базасы: 19, 4
Салыстыру базасына % есебімен: 91, 2
Көрсеткішер: Сату бағасы, тенге/кг
Тиімді тип: 25, 0
Салыстыру базасы: 25, 0
Салыстыру базасына % есебімен: -
Көрсеткішер: Сүт өнімінің рентабельділігі, %
Тиімді тип: 20, 7
Салыстыру базасы: 18, 4
Салыстыру базасына % есебімен: 112, 5

Селекцияға ұнамды сиырлардан табын топтағы сиырларға қарағанда 1 бастан 135, 7% сүт өндіріліп, 1 кг сүтке 0, 9 азықтық бірлігі кем жұмсалды және оның өзіндік құны 37, 7 тенге болып сүт өндірудің рентабельділігі 22, 5% жоғары екендігі дәлелденді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бек+» ЖШС шарттарындағы әр түрлі ізге жататын сиырлардың сүт өнімділігі
ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара–ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері
Сиырларға қолдан ұрықтандыру пункттерін ұйымдастыру
Сүтті ірі қараны асылдандыру жұмысы
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Герефорд сиырының жыныстық циклдары
Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын таналарды азықтандыру
Ірі қара малының гигиенасы туралы ақпарат
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Ветеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz