Қарғанды облысында туризмді одан әрі дамытудың негізгі бағыттары


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қарғанды облысында туризмді одан әрі дамытудың негізгі бағыттары

Сонау тәуелсіздік алғаннан бері экономикамыз алға жылжыған сияқты. Ал туризм саласын әлі дами қойған жоқ. Ең алдымен ішкі туризмді дамытуымыз керек. Ішкі туризмді дамыту үшін алдымен ішкі инфрақұрылымдарды жетілдіріп, өркениетті елдердегідей сервистік қызмет ұсынуға жеткізу керектігі баяғыдан айтылып келеді. Қалай дегенде де, туризм экономиканың табыс табатын қайнар көзіне айналары сөзсіз. ҚР Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысы Евгений Никитинскийдің мәліметтеріне сүйенсек, “халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, туризм саласындағы мемлекеттік бағдарламаны оңтайлы жолға қою мен еліміздегі туризмді дамыту арқылы 2011 жылдың соңына таман халықаралық сыртқы туризм мен ішкі туризм көлемін екі есеге арттыруға болады. 2011 жылы туризм ішкі жалпы өнімнің 5 пайызын құрайтын болады”.

Осы межеге жету үшін алдымен соған апарар жолдар мен қызмет көрсету мәдениетін игергеніміздің жөн екендігін ешкім жоққа шығара алмас. Қазір бізде туризмді дамытудың жолдары көп. Біріншіден, Қазақстанның табиғи таза жерлері бар. Сол өңірлерден біз экология туризмін дамытуымызға, яғни табиғаттың түпкі формасын, байырғы сақталып қалған көрінісін көрсету арқылы көп жетістікке жетуге болады. Екіншіден, ауыл тұрғындарының табыс көзін көтерудің негізгі жолы - ауыл шаруашылығы саласына қатысты емес жұмыс орнын ашу. Соның бірі - ауыл туризмі саласын қалыптастыру. Бүгінгі күні туризм жөніндегі әңгіме көп болғанымен, атқарылған нақты іс-шаралар аздау. Ауылдық жерлердің туризмін дамыту үшін қазақтың тарихи ауылының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін көрсетуге болар еді. Әрбір келген турист орташа есеппен кем дегенде 500 АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны сол ауылға қалдырады. Мысалы, бүгінгі таңда біздің елдің көптеген азаматтары шет елде демалып жатыр. Түркия, Испания елдеріне барады. Ең берісі Қырғызстанның Ыстықкөліне барып демалады. Ал Қазақстан табиғатының әсем көріністері олардан асып түспесе, кем емес. Сонда біз өзіміздің ақшамызбен басқа мемлекеттің күшеюіне, өзге елдің азаматтарының баюына, солардың қомақты табыс табуына көмек беріп отырмыз.

Мен Қарағанда облысының, соның ішінде Қарқаралы ауданының туристік әлеуетін зерттедім. Аудан бойынша барлық туристік нысандар Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркінде орналасуына байланысты болғандықтан, негізгі талап- осы нысандардың жұмыстарының келеңсіз әсерінен қоршаған ортаны сақтап, табиғатты қорғау. Ұлттық табиғат паркі жеке фирмалар мен кәсіпкерлерге бергізіліп, қызмет көрсеткізу үшін 6 экологиялық маршрут істелініп қойылған. Оның ішінде 1-і ат үстінде, 1-і шаңғымен және 4-і жаяу маршруттар. Демалушыларға шатырлар жалға беру қызметі, табиғатта лагерлер қою, «Табиғат» мұражайын мен жабайы жануарлар бар қорықа бару, демалушыларға арналған гид-экскурсоводтардың тану экскурсия өткізу қызметтері: мысалы «Шайтанкөл», «Бассейн көлі», алғашқы адамның үнгірі сияқты жерлерге.

Сонымен қатар, Табиғат паркі өз аумағында жалпы көлемі 90 га жерден артық учаскелерді жалға беруге мүмкіндігі бар. Бұл учаскелер табиғаттың көркем жерлерінде орналасып, бизнес жүргізуге үлкен мүмкіндіктер береді.

Мұнда, экологиялық баланс бұзылмайтындай кіші демалыс үйлерінің, кемпингтердің, аңшылар үйлерінің, қонақ үйлерінің, спорттық базаларының, шатыр лагерлерінің, сауда нүктелерінің, тамақтану орындарының, жазғы кафелерінің және қайық аялдамаларының құрылыстары бойынша жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Аудан әкімдігімен туризм саласын дамыту мен Табиғат паркінің жерлерінен кем емес қала жанындағы аумақтарда демалуға жағдай жасауға үлкен ұйымдастыру жұмыстары жасалуда.

Бұның алдында 2007 жылы ауданда барлық көлемі 240 га жерді туризм саласы мен демалуды дамытуға негізгі учаскелері белгіленіп, толықтай аумақтарды функционалдық аймақтандыруы өткізілген.

Бұл жерлерге «Үлкен көл» жанындағы учаскелер, орман жанындағы учаскелер, республикалық жол жанындағы учаскелер, қала маңындағы учскелер сияқты инвестициялық тартымды жерлер жатады.

Бұл жерлерге тек туризм саласының нысандары, қонақ үйлері, шағын және орта бизнес нысандары ғана салынбай, барлық қажетті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы орналасады. Одан басқа «Мемлекеттік ұлттық табиғат базасында туризмді дамытудың Бас жоспары» бағдарламасының істелуі басталды, сонымен қатар, «Қарқаралы - ашық аспан астындағы мұражай-қала» атты Қарқаралы қаласын дамытуға арналған бағдарлама жүзеге асырылуда, оның бастысы қала басында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары болып табылды.

Қарқаралыда спортты дамытуға барлық мүмкіндіктер бар, мысалы, қысқы спорт түрі. Осылай «Бұғылы» тауларында қонақ үйі, көтергіші, шаңғы трассасы бар тау шаңғы базасын құрылысына табиғат қолайлы жағдай жасап отыр.

Қарқаралы қаласындағы негізгі назар аударарлық орындары болып тарихи жерлер мен ескерткіштер болып табылады: Абай үйі, Құнанбай қажы мешіті, Рязанцев және Бекметов көпестерінің ескі үйлері, Мәди Бәпиұлының зираты, Қазақстандағы жалғын «78-коммунар Бауырластар зираты» мемориалдық кешені, барлығы 5 мың экспонаттары бар тарихи-өлкетану мұражайы т. б.

Ауданда, әсіресе Қарқаралы қаласында көптеген қазіргі кездің тарихи және мәдени ескерткіштері де көп: Батырлар Аллеясы, «Байтерек» Даңқы Галереясы, Мәди ақынның ескерткіші, МИГ соғыс ұшағы орнатылған «Сары-Арқа ұшқыштарына» арналған Даңқы мемориалдық кешені, т. б.

Келген қонақтарға Қарқаралы қаласында екі қонақ үйінің қызметтері көрсетіледі, қала орталығында 450 орынды Мәдениет үйі, 25 орынға арналған жазғы кафесі бар орталық қалалық саябағы бар.

Қонақтарға қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орындары қызметін көрсетеді: қаладан 40 шақырым жерде, республикалық жол бойында барлығы 10 орынға 3 кафе орналасқан, қаланың өз басында 350 орынға 6 кафе және 50 сауда нүктелері орналасқан.

Бұл облыста туризнің дамуын тежеп тұрған мәселелерге тоқталып, атап кеттім. Бұл мәселелерді шешіп, туризмнің дамуына үлес қосу үшін жоба жасадым.

Жалпы Қазақстан жерін алып қарасақ, кең байтақ. Еліміздің бір туристік нүктесінен екінші нүктесіне жету үшін қаншама сағат, күн кетеді. Мүмкін туризмді тежеп тұрған осы мәселе де болар. Ал шет елді алып қарасақ, тізбектеп салынған үйлер, мекемелер. Қарасаң көз тоймайды. Ал бізде кең жазира дала. Көптеген жерлеріміз тіпті игерілмеген. Қарағанды мен Қарқаралының жолын алып қарасақ, ең бірінші мен темір жол салар едім. Жол бойында

Жоба идеясы балаларға, жасөспірім мен жастарға арналған көңіл - көтеру және ойын орталықтарын ашу (Сурет 1) . Ұсынылып отырған орталық тек қана баларлардың көңіл - көтеруіне ғана емес, сонымен бірге, олардың ата-аналарының демалуына да жағдай жасайды. Осыған байланысты, балаларға арналған көңіл-көтеру орталығы барлық жанұяның демалуына жағдай жасап, ондағы әр жанұя мүшелері бірнеше сағат бойы уақыттарын жақсы өткізе алады.

Менің жобамдағы көңіл-көтеру мен ойын орталығының объектілері мыналар:

  • демалыс паркі мен көңіл-көтеру орталықтары (Сурет 2) ;
  • мейрамхана;
  • кафе;
  • балалар алаңы (Сурет 3) ;
  • боулинг;
  • бильярд;
  • түнгі клуб;
  • аттракциондар

Бұл орталық жанұялардың балаларымен бірге бос уақытын көңілді өткізуге мүмкіндік береді. Балалар ересек адамдармен бірге әр түрлі ойын автоматтарында, аттракциондарда ойнай алады, кафеде демалады, сонымен қатар, объект демалушылардың тұтынушылығын белсенді түрде қанағаттандырады.

Сурет 1. Көңіл - көтеру мен ойын орталығы

Сурет 2. Орталық алаңы

Қарағанды мен Қарқаралының жол торабында орналасуы да көптеген артықшылықтар әкеледі. Қарқаралыда демалу мүмкіншілігін арттырады. Бәсекелестікті туғызады, кәсіпкерлерге бұл орталықтың қасына басқа оъектілерді ашуға мүмкіндік береді. Мысалы: қонақ үйлер, сауда орталықтары, бассейн, аквапарк, жануарлар паркі және т. б. Жалпы көңіл-көтеру орталықтарының, қызмет көрсету парктері мен кешендердің белсенді дамып келе жатқан аттракциондар нарығы: жылға өсім нарығы 30%-ды құрайды. Менің болжамым бойынша 2-3 жыл көлемінде сұраныс одан да артуы тиіс. Аттракциондар нарығының жалпы көлемі 1 000 000 млн. теңгеге бағаланады.

Тәжірибе бойынша көңіл-көтеру функциясы көп жағдайда саудамен қатар дамиды, ал балаларға арналған көңіл-көтеру аймақтарының бірнеше аттракциондардың қолданылуымен ашылған орталық әлі де болса қажетті деңгейде дами қойған жоқ. Бұл әр түрлі көңіл-көтерудің түрлерін орналастыруға болатын үлкен көлемдегі жер телімінің бағасының қымбат болуымен және оған бөлінетін орынның шектеулігімен, сонымен қатар, оған көңілдің аз бөлінуімен түсіндіріледі.

Сурет 3. Балалар алаңы

Жоғарыда айтып кеткендей, балаларға, жастарға және жалпы жанұяға арналған нарық даму үстінде. 2007-2009 жылдары көңіл-көтеру нарығы интенсивті даму фазасына еніп, нарыққа тез бейімделе бастайды. Соңғы жылдарда сәйкестендірілген желілердің өсім есебі нарықтың интенсивті өсімімен қамтамасыз етіледі, өйткені, олар жаңа ойыншылардың пайда болу есебімен қалыптасады. Қатаң бәсекелестік күрес 2-3 жылдан кейін (әсіресе ол балаларға арналған көңіл-көтеру сегментіне қатысты) пайда болып, ол ықпалдастық пен әріптестіеті қалыптастыру мүмкін. Сонымен бірге, жаңа технологиялармен, тәжірибесі бар шетелдік әріптес болғанда ұтысқа ие болуы мүмкін.

Зерттеп отырған нарықтың тұтынушыларын келесідей сегменттеуге болады:

  • балалар;
  • жанұялар;
  • жастар.

Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты:

  • мектепке дейінгі;
  • төмен және орта жастағы мектеп оқушылары;
  • жоғары орта жастағы оқушылары;
  • студенттер.

Жанұядағы табысы бар жанұялары;

  • орташа табысы бар жанұялар;
  • жоғары табысы бар жанұялар.

Балаларға арналған көңіл-көтеру орталықтарына келу уақыты бойынша: демалыс уақытында; Бос мезгілдері болған уақытта; Қарқаралыға демалуға баратын уақытта.

Көңіл-көтеру объектінің жалпы көлемі 600 кв. м. құрайды. Оны 1 кестеден көруге болады.

Кесте 1

Объектінің негізгі аймағының бөлінуі

Қызмет
Аймақ
Қызмет: Ойын залы
Аймақ: 20 кв. м.
Қызмет: Аттракциондарға арналған аймақ
Аймақ: 100 кв. м.
Қызмет: Гардероб
Аймақ: 5 кв. м.
Қызмет: Көріністер үшін сахна
Аймақ: 15 кв. м.
Қызмет: Мейрамхана
Аймақ: 100 кв. м.
Қызмет: Кафе
Аймақ: 80 кв. м.
Қызмет: Әкімшілік персонал үшін бөлме
Аймақ: 10 кв. м.
Қызмет: Қызмет бөлімі
Аймақ: 10 кв. м.
Қызмет: Боулинг
Аймақ: 80 кв. м.
Қызмет: Бильярд
Аймақ: 60 кв. м.
Қызмет: Түнгі клуб
Аймақ: 100кв. м.
Қызмет: Жалпы
Аймақ: 600 кв. м.
Қызмет: Е с к е р т у - Автормен құрастырылған

Жобамен жұмыс жасаған 2-3 ай уақытында келесідей тапсырмалар шешілуі тиіс: заңды тұлға ретінде тіркелу, инвестиция тарту, әріптестермен келісім шарт жасау, білікті арнайы мамандар іздеу, көркемдеу үшін дизайн орталықтарын іздестіру.

Мұнда орналасқан барлық объектілерде стандартқа сай қызмет етілуі тиіс. Мәселен, мейрамханада қызмет көрсету деңгейі өте жоғары болуы шарт () .

Орталықтың қызмет көрсету үрдісін сату объектіге келген клиенттермен қарым-қатынастан басталады: клиенттермен қарым-қатынас этикасы, клиенттерге қажетті қызмет түрлерін анықтау, клиенттерге қызмет түрлерін ұсыну.

Қызметкерлер штатын қалыптастырғанда келесідей белгілерге назар аудару қажет:

  • Қызметіне сай машықтың болуы;
  • Шешім қабылдау қабілеттілігі;
  • Тұлғааралық және коммуникациялық ұстамдылық, сыйластықтың болуы;
  • Тапсырмаларды орындау;
  • Сыпайылық, достастық қарым-қатынас, қонақстармен қарым-қатынас;
  • Жеке тазалық;
  • Жұмысты дер кезінде орындау;
  • Ағылшын тілін жетік білу және т. б.

Қызметтің бағасына келетін болсақ, нарыққа кіру кезіндегі ең нәтижелі баға саясаты ол - бәсекелестікке бағытталған баға (Кесте 2) . Берілген стратегияның артықшылығы келесідей, яғни берілген баға бәсекелестік нарық жағдайында пайда алу үшін ең дұрыс баға болады. Автоматтар 400 теңгеден бастау алады. Бұл қазіргі кезде аса қымбат баға емес. Десек те, нарықта белгілі болғаннан кейін, сұранысқа ие болғаннан кейін баға деңгейі көтеріліп отырады.

Кесте 2

Нақты қызметтер үшін баға

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Ішкі туризм туралы ақпарат
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылықтың теориялық аспектілері
Туризм инновациясы
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz