Табу мен эвфемизмдерді этнолингвистикалық жағынан ритуалдармен, әдет-ғүрыптармен салт-дәстүрлерімен бірнеше халықтардың тілдерінің сөздік корының байланысын зерттеу



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі - Табу мен эвфемизмдер басқа халықтар
сияқты қазақ және ағылшын халықтарының этномәдениеті мен тілдерінен де
тең орын тепкен ауқымды кең категориялар. Сондықтан оларды этнография
мен лингвистиканын ішінде немесе еншілес мәселелерін
зерттейтін
этнолингвистика ғылымдарының тұрғысынан зерделеудің ғылыми танымдық
әрі практикалық мәні ерекше.
Күнделікті коғамдық өмірде біз кұлаққа жағымсыз немесе дөрекі естілетін
сөздер кездеседі. Сол жағдайда біз тыйым салынған сөздер (табу) немесе сол
сөздерді жұмсартып сыпайылап айтуға колданылатын сөздер мен (эвфемизм)
орнын ауыстырып отырамыз.
Лингвистикалық құбылыс - табу мен эвфемизмдер бүкіл дүние жүзінде жан-
жақты зерттелгені мен, бұл құбылысты одан әрі зерттеуге ғалымдардың
қызығушылығы артуда. Табу мен эвфемизмдерді зерттеу тілдің жан-жақты
қырларын меңгеруге сонымен қатар стилистика, лексикология,
этнолингвистиканы үйренуге мүмкіншілік береді. Бұл табу мен эвфемизмдерді
зерттеудегі себеп қазақ тілінің дамып күшіне енуі мен байланысты. Себебі
Совет үкіметі кезінде ұлттык сезім тарихпен, тілмен байланысын үзген еді.
Дәл қазіргі кезде еліміз егемендігін алғаннан соң қазақ этносының тамырлары
кайта дамуда. Бұл жұмыста ағылшын және қазақ тілдеріндегі табу мен
эвфемизмдер лексико-семантикалық жағынан қарастырылады. Себебі бұл
лексикологияның бастапқыдан қойылған мақсаттары. Бұл тақырыпта шетел
ғалымдары және совет кезіндегі ғалымдар А.К.Ахметов табу мен эвфемизмдерді
ертедегі мифтік кезеңнен дәл осы уақытка дейін зерттеген. Д.К.Зеленин Шығыс
Европа мен Солтүстік Азия халықтарының табу сөздері жайлы зерттеген.
И.К.Лауде бірнеше түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің салыстырмалы
анализін жасаған. Б.А.Ларин эвфемизмдердің орыс, украин және литва
тілдеріндегі бірнеше жұмыстары бар. М.М.Копыленко түркі тілдеріндегі табу
мен эвфемизмдерді зерттеген.
Жұмыстың басты мақсаттары - лексико-семантикалық жүйесіндегі қазақ және
ағылшын тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің геторогендік және гомегендік
ерекшеліктерін көрсету. Зерттеген сөздер мен сөз тіркестердің қолданылу
аясына қарай классификация жасау. Сонымен қатар бұл зерттеудің тағы бір
мақсаты лексико-семантикалық және этнолингвистикалық аспекттегі табу мен
эвфемизмдерді зерттеген тілдердегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
зерттеу.
Мақсаттары:
1. Совет үкіметі кезіндегі, шетел және қазақ тіл біліміндегі
ғалымдардың бірнеше тілдерде жазылған жұмыстарын оқып анализ жасау.
2. Табу мен эвфемизмдерді этнолингвистикалық жағынан ритуалдармен,
әдет-ғүрыптармен салт-дәстүрлерімен бірнеше халықтардың тілдерінің сөздік
корының байланысын зерттеу.
3. Ағылшын тіліндегі эвфемизмдерден классификация жасау.
4. Табу мен эвфемизмдердің лексико-семантикалық құрылысын
салыстыра зерттеу.
5. Сөздіктерден әдеби шығармалардан табу мен эвфемизмдерге мысалдар
табу.
6. Эвфемизмдердің жасалу жолдарын стилистикалық тұрғыдан
қарастыру.
Жұмыстың нысаналары. Ағылшын және қазақ тілдері жүйесіндегі тыйым
салынған сөздер немесе сол сөздердің орнын басатын жұмсартылған сөздер
болып табылады. Көптеген табу мен эвфемизмдерді сөздіктерден кездестіруге
болады. Бірақ лингвистер эвфемизмдердің кең көлемде дамуын атап өтуде және
олар одан әрі дамып тілдің сөздік қорын дамыта түсетіндігін айтуда.
Сондықтан да қазіргі кезде біз білмейтін табу мен эвфемизмдерді
кездестіруге болады және де бұл құбылыс лингвистердің табу мен
эвфемизмдерді зертеуге қызығушылын арттыруда.
Жұмыстың проблемасы. Ағылшын және қазақ тілдерінің
генетикалық байланысы болмағандықтан осы тілдердің табу
мен эвфемизмдердін паралелльдігін анықтау қиынға соқтырды. Зерттеу
жұмысының ғылыми маңыздылығы мен құндылығы.
Жекелеген кандидаттық мақалалар болмаса, қазақ және ағылшын тілдерінде
салыстырмалы түрде жете зерттелмеген обьект. Осы уақытқа дейін жарық көрген
аталмыш тақырыпқа қатысы бар ғылыми жұмыстардың басым көпшілігінде табу мен
эвфемизмдер тек бір жақты атап айтқанда, не таза этнографиялық тұрғыдан не
таза лингвистикалық тұрғыдан қарастырылады ал бұл жұмыста олар тілде де тіл
мәдениеті не де тікелей қатысы бар ғылымның бірнеше саласының басын бір
жерге тоғыстыратын ауқымды кен этнолингвистикалық біртұтас ғылыми обьект
ретінде зерттеледі.
Жұмыстың теориялық маңызы. Эфемизмдерді формамен мазмүн түрғысынан
карастыру, тілдік фактіні коғамдык сананың түрлері және обьективті акиқат
тәрізді сыртқы факторлармен байланыстыра зерттеу қаза тіл білімінін
лексикология, фразеология саласындағы теориялық пайымдауларды толықтыра
түсуге септігін тигізеді.
Дипломдық жұмыстың кейбір пайымдаулары мен нәтижелерін жоғарғы оку
орындарында оқытылатын стилистика, тіл мәдениеті пәндерін оқытуда, сондай-
ақ түсіндірме, екі тілдік аударма сөздіктерін құрастыруда, өзге де
лексикографиялық жұмыстарда пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеде: тақырыптың көкейтестілігі, ғылыми
маңыздылығымен құндылығы, мақсаттары, теориялық және практикалық маңызы,
жұмыстың проблемалары, нысаналары.
Негізгі бөлім үш тараудан тұрады.
Бірінші тарауда табу мен эвфемизмдердің пайда болуы мен дамуы. Бұл
тарау үш параграфтан тұрады: бұл тарауда табу мен эвфемизмдерге қатысты
ғылыми еңбектерге шолу жасалынады және лингвистердің табу мен эвфемизмдерге
жасаған классификациясына тоқталады.
Екінші тарауда ағылшын және қазақ тілдеріндегі табу мен эфемизмдердің
салыстырмалы анализі, классификациясы және жасалу жолдарына тоқталынады.
Бұл тарауда табу мен эвфемизм дер дің анатомия мен физиологияға, ауруларға,
өлімге байланысты, жанұямен отбасы құрумен байланысты, әйел мен ер
адамдардың байланысы, қоғамдық моральдық этикалық нормаларға кайшы келетін
қылықтар және де саяси эвфемизмдер жайлы сөз болмақ. Оған қоса бұл тараудың
келесі зерттеу мәселелері кіреді.

I Табу және эвфемизмдер лингвистикалық құбылыс

1. Табу мен эвфемизмдердің әлемдік деңгейдегі зерттелу
тарихына шолу
Адамзаттың рухани дамуының әртүрлі сатыларында қалыптасқан наным-
сенімдер мен діндердең, бүкіл әлем халықтарының әдет-ғұрыптарынан, салт-
саналарынан және тілдерінен орын алған сан алуан тыйымдар немесе табу
этнолингвистикалық құбылыс ретіндс ғылыми әлемнің назарын өзіне ертеден-ақ
аударып келген. Мәселен, т а б у д ы ң шығуын, таралуын және түрлерін
этнографиялық тұрғыдан бүкіл әлемдік деңгейде зерттеушілердің бірі-
ағылшындардың Эдуард Тэйлор бастаған антропологиялық мектебінің ірі өкілі
Джеймс Фрэзер болатын[1,15б]. Ғалымның он екі кітаптан тұратын The Golden
Bough (Алтын бұтақ - Ә.А.) атгы ірі ғылыми еңбегінің екінші томы
дүниежүзі халықтарының мәдениетіндегі жалпы табу мәселесіне арналған. Онда
Дж. Фрэзер табу атаулыны үлкен-үлкеи төрт топқа боліп, бірін-шіге - тыйым
салынган іс-әрекеттерді, екіншіге - адамдарды, үшіншіге - заттарды, ал
төртінші топқа тыйым салынған сөздерді жатқызады. Тыйым салынған сөздер де
табудың басқа топтары секілді тек этнографиялық тұрғыдан ғана
қарастырылады. Ал табу сөздерді алмастырып отыратын эвфемизмдерге нақты
мысалдар келтірілгенмен, оларға лингвистика тұрғысынан жете талдау
жасалмайды. Дж.Фрэзердін аталған еңбегі кейіннен орыс тіліне де аударылып
басылды. Бірақоның көлемі тұпнұсқаға қарағанда әлдеқайда қысқарып төрт-ақ
кітап болып шықты. Сондықтан да болар, ондағы табу сөздермен байланысты
мәліметтер де тұпнұсқадағы мөлшерден көп азайып қалған[1,62б].
Тарихи тұрғыдан, табу атаулының барлығы дерлік діни наным-сенімдердің
негізінде қалыптасқандықтан, алғашқыда оларды теология тұрғысынан
карастыратын ғылыми еңбектер басымдау болды. Мысалы, Ф.Б.Джевонздын An
Introduction to the History oi Religion (Дін тарихына кіріспe - Ә.А.)
немесе В.Р.Смиттің Religion of the Semites (Семиітердің діиі - Ә.А.)
деп аталатын еңбектері солардың қатарына жатады. Жоғарыда есімі аталған
Дж.Фрэзер де табуды діни нанымдармен байланыстыра қарастырды. Мәселен, оның
Totemism and Exogamy (Тотемизм және экзогамия - Ә.А.) деп аталатын
монографиясы да дәл сондай еңбектердің бірі[1,172б]. Ғалым бұл зерттеуінде
т о т е м г е табынудың ертеректе өте кең таралған наным екендігін жан-
жақты дәлелдеумен қатар, сол нанымның, яғни тотемизм-нің негізінде
қалыптасқан дүние жүзі халықтарынын басым көпшілігіне тән некемен
байланысты тыйымдардын сан алуан түрлеріне тоқталады. Ол тыйымдардын ішінде
түркі халықтарына қатысы бар құнды деректер де кездеседі.
Тотемизм мен табуды байланыстыра карастыратын, әлемге аты әйгілі ғалым
Зигмунд Фрейдтің қаламынан шыққан Totem imd Tabu (Тотем және табу -
Ә.А.) деп аталатын және бір ғылыми жұмыс бар. Бұл құнды еңбекте негізінен
Австралияның байырғы халықтарына тән тотемдік нанымдар мен сол нанымдардың
негізінде қалыптасқан табудың түрлері жан-жакты сѳз болады. Ѳз жұмысымызда
біз ол еңбектің ағылшын тіліне аударылып басылған нұсқасын пайдаландық.
Табумен байланысты ғылыми еңбектердің ішінде ерекше орны бар
зерттеулердің бірі - Франц Б.Стайнердің Табу деп аталатын шығармасы.
Ғалым бұл еңбегінде белгілі бір жаңалық ашпағанымен жоғарыда аталған
Р.Смит, Дж.Фрэзер, З.Фрейд және Леви-Брюльдің табу жөнінде жазған
зерттеулеріндегі кемшіліктер мен олқылықтарды сынай отырып, ѳз ойын ортаға
салады[2,17б]. Негізінен Ф.Стайнердің бұл еңбегін оның табу жөнінде оқыған
лекцияларының жиынтығы деуге болады.
Табудың жеке салаларына арналган зерттеу жұмыстары да баршылық.
Мәселен, ағылшын ғалымы Эдвард Вестермарктың кѳлемді еңбегі Марокко
халкының әдет-ғұрпындағы некемен байланысты тыйымдардың түрлеріне, атап
айтқанда, діни ұғымдардың негізінде қалындыққа, күйеу жігітке, олардың ата-
енесі мен туған-туысқандарына салынатын сан алуан тыйымдарга арналған. Ал
Эрнест Краулейдің екі томдық монографиясы мен М.М.Пайт, И.Л.Пстерс және
П.Бланчардтың бірігіп жазған еңбегі табудың жыныспен байланысты түрлеріне
арналған. Э.Краупейдің жоғарыда аталған еңбегі кейін орыс тілінде де
басылып шықты. Бұл жұмыстарда негізінен әйел адамдарда үнемі қайталанын
тұратын кейбір физиологиялық процестердің сырын білмей, оларды діни
тұрғыдан теріс ұғынудың салдарынан, әйелдерге, сол сиякты ер адамдарға
салынатын әртүрлі халықтарға тән табудың түрлері баяндалады. Олардың
арасында іс-әрекеттерге салынатын тыйымдармен қатар табудың тілге қатысы
жөнінде де көптеген деректер кездеседі.
Франция елінің жоғарыда аты аталған ғалымы Леви-Брюльдің монографиялық
еңбегінің де табуға тікелей қатысы бар. Мұнда жалпы табу мәселесі
психология тұрғысынан сөз болады. Табу туралы әдебиеттің ішінде жеке бір
халықтың ғана мәдениетінде кездесетін тыйымдарды су-реттейтін еңбектер де
жоқ емес. Солардың бірі - Америкадағы навахо үндістерінің тыйымдары жайлы
жазылған Navajo Taboos (Навахо тыйымдары - Ә.А.) деп атапатын зерттеу
жұмысы.
Үндіеуропа тарихи тіл білімі саласында табу сѳздердің маңызды орын
алатыны жѳнінде апғаш қүнды пікір айтқан белгілі лингвист А.Мейе болагын.
Ғалым Quelques hypotheses sur des interdictions dc vocabulaire dans les
langues indo-europecnnes деп атапатын еңбегінде кейбір үндіеуропа
тілдеріндегі аю, жылан, тышқаи, түлкі, аққалақ, қоян сияқты жануарлардың
ескі атауларының жойылып кетуінің ең басты себебі табуда. яғни тыйымдарда
жатқандығына назар аударады. Мәселен. А.Мейенің топшылауынша, славян,
балтық герман тілдеріндегі аю деген ұғымды білдіретін медведь (орысша),
bar (немісше), .bear (ағылшынша), lokys (литваша) сияқты сөздердің
барлығы даэвфемизмдер, ал аюдың латын тіліндегі orso, испан тіліндегі
oso, грек тіліндегі arktos және басқа тілдерде кездесетін үндіеуропалык
бір түбірден тарайтын байырғы атауы славян, балтык, герман тілдерінде
табуға айналғандықтан қолданыстан мүлдем шығып қалған, сақталмаған[2,196б].
Осы тұста үндіеуропа тілдеріндегі табуды лингвистика тұрғысынан салыстыра
қарастыратын Вильгельм Хаферс пен М. Гуериостың ғылыми жұмыстарын ерекше
атап өткен жөн. Олардың біріншісі неміс тілінде, ал екіншісі испан тілінде
жазылған. Ал тек роман тілдеріне ғана қатысты табу мен эвфемизмдер Данияның
белгілі тілші ғалымы К. Пьороптың еңбегінде қарастырылады. Табу мен
эвфемизмдерге ағылшын және американдық лингвистер де назар аударған. Мұның
дәлелі ретінде бірнеше еңбектерді атап етуге болады. Мәселен, Небраска
университетінің профессоры Louise Pound бір еңбегін ағылшын тіліндегі өлім
мен қазаға байланысты қалыптасқан эвфемизмдерге арнаса, Калифорния
университетінің профессоры M.B.Emeneau өз еңбегін жануарлардың атауларына
байланысты табу сөздерге арнаған. l.ars-Gunar Andersson мсн Peter Trudgill
бірігіп жазған еңбек те ағылшын тіліндегі табу мен эвфемизмдерге
бағышталған. Бұл тақырыпка арналған материалдарды американдық ғалым
Х.Л.Менкеннің салиқалы ғылыми еңбегінен де кездестіреміз.
Жоғарыда, осы жұмыстың кіріспесінде, атап ѳткендей, ағылшын тіліндегі
табу мен эвфемизмдердің арнайы сѳздіктері әлдеқашан жасалып қойған. Олардың
ішінен Richard A. Spears және Hugh Rawson құрастырган сѳздіктерді ерекше
атап өткен орынды. Үндіеуропа тілдеріндегі табу мен эвфемизмдерге қатысты
құнды мәлімегтерді сонымен қатар 1984 жылы Тбилиси қаласында жарық көрген
Т. В. Гамкрелидзе мен Вяч. Вс. Ивановтың бірігіл жазған ірі-ірі екі
кітаптан тұратын ғылыми еңбегінен . де кездестіруге болады. Шығыс
Еуропамен Солтүстік Азия халықтарының табу сөздері белгілі орыс ғалымы Д.
К. Зелениннің екі томнан тұратын құнды еңбегінде жан-жақты сипатталған.
Ғалым бірінші кітабында жоғарыда аталған үлкен географиялық кеңістікте
орналасқан ондаған халықтардың тілдеріндегі аңшылықпен байланысты наным-
сенімдердің негізінде калыптаскан сан алуан тыйымдар жайлы мәселе қозгғаса,
екінші кітапта сол халыктардың аңшылық кәсібінен тыс күнделікті өмірінде
кездесетін әртүрлі табу мен эвфемизмдер жайлы ой ѳрбітеді. Олардың ішінде
түркі халықтарының, атап айтқанда, татарлар, хакастар, алтайлықтар, шорлар,
тувалықтар және якуттардың мәдениеті мен тілінде кездесетін табу мен
эвфемизмдер туралы да өтe кұнды деректер бар.
Табу мен эвфемизмдерді тек лингвистика тұрғысынан қарастырған, олар
туралы салмақты пікір айтқан немесе келелі ой түйіп, тұжырым жасаған тілші
ғалымдар мен ғылыми еңбектер жоғарыда айтылғандармен ана шектелмейді.
Мәселен, кешегі кеңестік тіл білімінде өзіндік орны бар ірі ғалымдардың
бірі А.Л.Реформатский табу мен эвфемизмдердің байланысы мен аражігін
былайша түсіндіреді: Для замены табу слов нужны другие слова эвфемизмы.
Эвфемизмы - это заменые разрешенные слова, которые употребляют вместо
запрещенных (табуированных) [4,69б].
Алдыңғы пікірді толықтыра түсетін әрі табу мен эвфемизмдерді басқа бір
қырынан суреттейтін анықтаманы белгілі ғалым Л.А.Булаховскийдің еңбегінен
де кездестіреміз. Ғалым түйген ой тѳмендегідей: Как очень сузившиеся по
употреблению, запрещенные слова более других стоят, с одной стороны, перед
опасностью вымирания, с другой - перед потребностью замены их разрешенными
словами - эвфемизмами... и словами другого значения. Эвфемизмы — слова или
выражения, заменяющие точные названия пугающих предметов или явлений и
дающие возможность говорить о них без опасности вызвать стоящие за словом
злые силы.
Эвфемизмдер туралы арнайы ғылыми мақала жазған Б.А.Лариннің ауқымды
тұжырымы да эвфемизмдердің мәнін одан ары айшықтай түседі: В замену
запретных слов сөздаются новые (подставные) наименования, чтобы не
разгневать богов, обмануть нечистую силу или страшного зверя, чтобы
задобрить их. Таким образом, еще на стадии первобытных суеверий - в силу
табу начинают развиваться древнейшие эвфемизмы, дозволенные и пристойные
наименования, по природе своей перифрастические или образные, скрывающие
свой предмет, отвлекающие от его узнавания, якобы превращающие силой
словотворчества злые качества, действия в благоприятные, желательные или
хотя бы безвредные [4,97б].
Табу мен эвфемизмдерді тудыратын әлеуметтік себептердің енді бірі тіл
мәдениетімен тікелей байланысты. Белгілі ғалым В.Н.Перетрухни жасаған мына
бір қорытынды соның айғағы: Иной характер носит словарный запрет,
обусловленный соображениями вежливости и такта. Например, опытный и
деликатный врач не убьет мать больного словами: Ваш сын сошел с ума, а
скажет, вероятно: У вашего сына нервное расстройство.
Ал түркі халықтарынын мәдениетіпен, атап айтканда, наным-сенімдерінен,
мифологиялык дүниетанымдарынан, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан орын
тепкен сан алуан тыйымдардың, сол сияқты олардың тілдеріндегі табу сөздер
мен эвфемизмдердің зерттелу жайына келетін болсак, бұлар да ғалымдардын
назарынан тыс қалмаған мәселе екенін атап айтқан жөн. Алайда о баста
аталмыш халықтардың тегі, тілі, діні бір болғанымен, келе-келе олардың
ұрпақтары бастапкы ортақ мекеннен жан-жақка қоныс аударып, бірте-бірте одан
мүлде алыстап, бір шеті Шығыс Еуропаға дейін жетсе, екінші канаты Солтүстік
Мұзды мұхит иен Тынык мұхитына және Беринг жермойнағын басып өтіп, Америка
сияқты орасан зор географиялык кеңістіктен жаңа мекен тапты. Арада откен
сан ғасырлар ішінде түркі тектес халықтар бір-бірінеп одан да бетер
алшақтап, тұрмыс-тіршілігі де, мәдениеті де, тілі де өз бетімен оқшау дамып
келді. Miнe, сондықтан да бұл күнде олардың тілдерінде, әдет-ғұрыптарында,
наным-сенімдерінде, яғни жалпы мәдениетінде өткеннен қалған ортақ
ұқсастықтармен қатар, әр елдің заңы әр басқа, иттері қара қасқа демекші,
айырмашылықтар мен ерекшеліктердіц де бар екенін естен шығармаған жөн. Осы
тұрғыдан алып қарағанда, бұл күнде ұзын саны отызға тарта, атап айтқанда,
түріктер, азербайжандар. өзбектер, қазақтар, татарлар, түрікмендер,
қырғыздар, башқұрттар, ноғайлар, чуваштар, қарайымдар, қырым татарлары,
гагауздар, қарачайлар, балқарлар, қарақалпақтар, хакастар, алтайлықтар,
тувалыктар, тофалар, шорлар, құмықтар, якуттар немесе сахалар, долгандар
т.с.с. ірілі-ұсақты түркі халықтарының этнографиясы мен тілдері әлі күнге
дейін толық зерттеліп болған жоқ. Бұл айтылғанның жоғарыда аталған
халықтардың салт-дәстүрлерінде сақталған пнографиялык тыйымдарымен қатар
олардың тілдеріндегі табу мен эвфемизмдерге де тікелей қатысы бар.
Түркі халықтарының этнографиялық тыйымдары, тілдеріндегі табу мен
олардың орнын басып, ауыстырып отыратын эвфемизмдеріне қатысы бар ғылыми
жұмыстарга шолу жасағанда, лингвистикалық тыйымдардан гөрі, этнографиялық
тыйымдар ғалымдардың назарына ертерек шалынғаны байқалады. Мәселен, түркі
халықтарына тән тыйымдар, атап айтқанда, тотемдік нанымдармен байланысты
қалыптасқан табу жайлы мәліметтер 1247-1318 жылдар арасында өмір сүрген,
Шыңғысханға дейінгі түркі халықтарының тарихын алғаш per қағазға түсірген,
бүкіл әлемге танымал гүлама галым Рашид-ад-Диннін Джами ат-таварих
(Жылнамалар жинағы - Ә.Л.) деп аталатын парсы тілінде жазылған құнды
еңбегінде берілген. Өз жұмысымызда біз аталмыш еңбектің орыс тіліне
аударылып басылған нұсқасын пайдаландық.
Түркі халықтарының тотемдік нанымдары мен тыйымдарына байланысты құнды
деректерді сонымен қатар С.П.Толстов, Д.Е.Хайтун, Н.Л.Алексеев, Л.Расони,
Г.П.Потанин, А.Золотарев сияқты ғалымдардың еңбектерінен де кездестіруге
болады. Бұлармен қатар Оңтүстік Сібірді мекен ететін чувалықтар,
алтайлықтар, шорлар т.с.с. түркі халықтарының тотемдік нанымдарына тікелей
қатысы бар материалдар Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири.
Человек. Общество лен аталатын еңбектен де табылады[9,13б].
Сонау орта ғасырларда қалыптасып күні бүгінге дейін баз қалпында
сақталып келе жатқан, басқа халықтар сияқты түркі халықтарынада ортақ көне
тыйымдардың бірі табалдырықпен байланысты. Бұл тыйым он үшінші ғасырда өмір
сүрген белгілі жиһангер Марко Полоныңда назарына ілігіп, оның жазын
қалдырған мұрасынан тиісті орын алыпты.
Түркі халықтарының жоғарыда сөз болған тотемдік нанымдарымен қатар
шамандық немесе басқа нанымдарының негізінде қалыптасқан тыйымдары да
ғалымдардың назарынан тыс калмағаны байқалады. Мәселен, тува халкының
мәдениетінде кездесетін ондай тыйымдар белгілі ғалым әрі жазушы
С.И.Вайнштейннің еңбектерінде баяндалса, якуттардың ескі нанымдарымен
байланысты тыйымдары Н.А.Алексеевтің, В.Л.Серошевскийдің еңбектерінде сөз
болады. Л.П.Потаповтын Алтай оңіріп мекендейтін түркі халықтарының шамандық
нанымдары жѳнінде жазған ғылыми еңбегінің де тыйымдарға тікелей қатысы бap.
Қазақ, қырғыз т. б. түркі халықтарының осындай тыйымдары жөнінде
кезінде Г.П.Потанин, В.В.Радлов, ІІІоқан Уалиханов, О.Диваев,
Н.И.Ильминский, И.И.Ибрагимов сынды ғалымдар да азды-көпті молшерде өте
құнды мәліметтер қалдырған. Қазақ халқының ескі нанымдарымен байланысты
тыйымдар жөніндегі кейбір бағалы деректерді академиктер Ә.Х.Марғұлан.
Ә.Т.Қайдаров және белгілі этнограф Х.А.Аргынбаевтың зерттеулерінен
кездестіреміз.
Түркі халықтарының мәдениетінен орын алған тыйымдар қытай ғалымдарының
да назарынан тыс қалмапты. Мәселен, 1990 жылы Пекин қаласындағы Шьюе Юан
баспасынан шыққан Қытай халыктарының тыйымдары және тыйымдар жайлы
аңыздар атты еңбекте басқа халықтармен қатар қытай жерінде туратын
ұйғырлар, сары ұйғырлар, қазақтар және қырғыздардың салт-дәстүрлеріндегі
тыйымдар жайлы бағалы мәліметтер бар. Қазақ, қырғыз және алтайлық түркі
халықтарының салт-дәстүрлерінде ерекше орын алатын, атап айтқанда, тек әйел
адамдарға ғана тән ат тергеушілік салтымен байланысты қалыптасқан тыйымдар
туралы жазылған бағалы мәліметтер А.Н.Самойлович пен Н.П.Дыренкованың
еңбектерінен кездеседі.
Қазіргі Туркия халқының салт-дәстүрінен, наным-сенімдерінен орын алған
тыйымдардың да біз зерттеп отыpған тақырыпқа тікелей қатысы бар. Олар
туралы бағалы мәліметтер Мифы, культы, обряды народов зарубежной Азии,
Символика культов и ритуалов народов зарубежной Азии деп аталатын
жинакзардан табылады. Мифтер демекші, тек Туркия түріктері ғана емес, бүкіл
әлем халықтарының, оның ішінде түркі тектес басқа халықтардың наным-
сенімдерімен байланысты тыйымдар да мифтер мен аңыздардан кең орын алған.
Олар туралы нақты деректер бүкіл әлем халқының мифологиялық сөздігінде
тіркелген[18,29б].
Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер әлі толык зерттеліп
болмағанымен, түрікмен, өзбек, азербайжан және қазақ тілдеріндегі табу мен
эвфемизмдер жөнінде жазылған диссертациялармен қатар, қазақ, қырғыз, өзбек
және алтай тілдеріндегі осы тақырыпқа арналған немесе оған тікелей қатысы
бар жекелеген мақалалар мен ғылыми жұмыстар баршылық.
Адамзаттың рухани дамуының әр түрлі сатыларында қалыптасқан наным
сенімдер мен діндерден, бүкіл әлем халықтарының әдет-ғұрыптарынан орын
алған сан-алуан тыйымдар немесе табу этнолингвистикалық, құбылыс ретінде
ғылыми әлемнің назарын өзіне ертеден-ақ, аударып келген. Табу сѳзі Тонгон
тілінен аударғанда киелі немесе ұстауға болмайтын деген мағынаны
береді. Табу бұл тілдің магиялық ерекшелігімен, наным-сенім қорқыныштан
туындаған. Ал эвфемизм сѳзін Грек тілінен аударғанда Eu-жақсы және pheme-
сөйлеу деген мағынаны береді. "The Concise Oxford Dісtоnагу" сөздігінен
эвфемизмдерге мынадай сипаттама береді."Еuрһеmіsm is a substitution of
mild or vague or blunt or direct one, expression thus substituted" [C.O.D.,
p.357]
Табу мен эвфемизмдерді барлық мәдениеттен кездестіруге болады. Мәселен,
табудың шығуындаралуын және түрлерін этнографиялық тұрғыдан бүкіл әлем
деңгейінде алғашкы зерттеушілердің бірі-антропологиялық мектебінің ірі
өкілі Джемс Фрэзер болатын. Ғалымның он екі кітаптан тұратын "The Golden
Bough" (Алтын Бұтақ) атты ірі ғылыми еңбегінің екінші кітабы дүние жүзі
халықтарының мәдениетіндегі жалпы табу мәселесіне арналған онда Дж.Фрэзер
табу атаулыны үлкен-үлкен торт топқа бөліп, біріншіге-тыйым салынғаніс-
әрекеттерді, 2-ге адамдарды, 3-ге заттарды, ал 4-ші топка тыйым салынған
сөздерді жатқызады. Дж.Фрэзрдін аталған еңбегі кейіннен орыс тіліне де
аударылып басылды. Бірақ оның көлемі тұпнұсқаға қарағанда әлдеқайда кеміп,
төрт-ақ кітап болып шықты. Сондықтан да болар, ондағы табу сѳздермен
байланысты мәліметтер де тұпнұсқадағы мөлшерден көп қысқарып қалған.
Сонымен Дж.Фрэзер табуды жан-жақтан зерттеп және де оның әр этностағы орнын
тереңінен зерттеген [Дж.Фрэзер,56б].
Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азия халықтарының табу сѳздері белгілі
орыс ғалымы, этнограф Д.К.Зелениннің екі томнан тұратын құнды еңбегінде
жан-жақты сипатталған. Ғалым бірінші кітапта жоғарыда аталған үлкен
этнографиялық кеңістікте орналасқан ондаған халықтардың өміріндегі
аңшылықпен байланысты наным-сенімдердің негізінде қалыптасқан сан-
алуан табу сѳздер жайлы мәселе қозғаса, екінші кітапта сал халықтардың
аңшылық кәсібімен тыс күнделікті өмірінде кездесетін әр түрлі тыйымдар
мен табу сѳздер жайлы ой өрбітеді. Д.К.Зелениннің пайымдауынша, алғашқы
кездегі тыйымдар аңшылықтардың қорқынышынан туындаған, себебі олардың
ойларынша аңдар адам тілін түсіне білген сондықтан да аңшыларға өздерін
ұстатпаған. Сонымен катар Д.К.Зеленин кѳптеген әр этноста кездесетін
ұмытылған сѳздерді ѳз еңбегінде жазған. [Месhсоѵsкауа, р.33]
Табу мен эвфемизмдерді тек тұрғысынан қарастырған, олар туралы салмақты
пікір жазған немесе келелі ой түйіп тұжырым жасаған-тілші ғылымдар мен
ғылыми еңбектер жоғарыда айтылғандармен ғана
шектелмейді. Мәселен, кешегі Совет тіл білімінде ѳзінді қорны бар
іріғылымдардың бірі А.А.Реформатский табу мен эвфемизмдердің байланысы мен
ара-жігін былайша түсіндіреді Для замены табу слов нужны дрерия слова-
эвфемизмы. Эвфемизмы-это заменные разрешенные слова которые употребияют
вместь запрещеных (табуированных) [Реформатский 996] Алдыңғы пікірді
толықтыра түсетін әрі табу мен эвфемизмдерді басқа бір қырынан суреттейтін
анықтаманы белгілі ғалым Л.А.Булаховенкийдің еңбегінен де кездестіреміз
Ғалым түйген ой тѳментедідей: Как очень сузившшася по употребленнию,
запрещеннае слова боли других стоят, с одной стороны, перид опасностью
вымирания с другой-перед потребностью заменны их разрешенными словами-
эвфемизмя и словами другого значение эвфемиззмы-слова или выражения,
заменяроция тосные названия перающих предметов или явленний и дающие
вазможность говорить о них без опаснасти [Булаховский,51 б]
Осы пікірлерге қосыла отырып эвфемизмдер әрқашанда табу сөздердің
орнына қолданылып, сол сөздердің өзіде табуға айналып бұл процесс ешқашан
тоқтамайтынын айтуға болады.
Орыс-Совет лингвисті А.Н.Самуловичтің тіл, әдебиет, фольклор,
этнография және де түркологияның жалпы тарихы жұмыстарынна түркі
тайпаларындағы қазақ әйелдеріне салынатын тыйымдар жайлы жазылған
материалдар кездеседі. Ал не мен эвемизмдерді қазақ тілінде арнайы зертеген
қазақ академигі А.К.Аханов болатын. Ол мен эвмезимге классификация жасап
және де олардың тілдегі алатын орны мен ерекшеліктері жайында зерттеген
(Ахметов,5б)
Түркі тілдегі табу мен эвмезмдер жайлы мына лингвистерде зерттеген
Мысалы, И.К.Лауде Сиртаутас қазақ, өзбек және қырғыз тілдеріндегі табу мен
эвмезмдер жайында салыстырмалы анализ жасаған;
Л.С.Турганбаева қазақ тіліндегі эвфемизмдер мен дис
эвфемизмдердің ұлттың мәдениенттегі семантикасы зерттеген.
Н.И.Ергешова қазақ тіліндегі мен эвмезмдердің ішкі байланысын
зерттеген (Копеленко,48 б).
Ағылшын тілінде табу Н.Раусен сѳздігінде табудың шығуы, дамуы, әр
түрлі мағыналары жайында зерттеген. Жоғарғыда айтылған лингвист,
ғылымдардың еңбектері этнолигвистика және лексикологияға саласында жасаған
қолмақты еңбектер болып табылатыны даусыз.

1.2 Табу мен эвфемизмдердің түрлері
Ерте кезден адамдардың дамуынан бастап, табу мен эвфемизмдердің
мифологиялық наным-сенімдерден туындағаны анық. Қазіргі кездегі табу мен
эвфемизмдердің пайда балуы қорқыныштан, әдептілікті сақтаудан байланысты.
Табу мен эвфемизмдердің әр салада қолданылғандықтан лингвистер оларды
бірнеше топтарға ажырата бастады.
Бұл тарауда лингвистердің табу мен эвфемизмдерге жасалынып қойған
классмификациясына тоқталамын. Біріншіден қазақ лингвисті, акадимик
А.К.Ахметов жасаған классификациясына тоқталайын. А.К.Ахметов Совет және
қазақ лексикологиясының дамуына табу мен эвфемизмдерді зерттеу арқылы үлкен
үлес қосты[26,64б].
Қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мынадай жолдары бар:
1.Аурудың аттары алмастырылады. Науқас адамның көзінше аурудың нақ
өзін атамай, оның жеңілірек түрін айту дәстүрі бар. Мәселен, туберкулез
немесе құрт ауруы деудің орнына өкпе ауруы, рак немесе қылтамақ дейдің
орнына жаман ауру, деп дәрігерлер мағынасы қатты тиетін сөздерді жұмсақ
сөздермен алмастырып қолданады.
2.Адамның дене мүшелеріндегі кем – кетік атаулары алмастырылады.
Мәселен, ауру, жарымжан, мүгедек адамды дімкәс деген сөзбен, саңырау, керең
деген сөзді құлағының мүкісі бар, сараң естиді, құлағы тосаң деген
сөздермен, аяғы ақсақ дегенді аяғының ақауы бар деп алмастырып айта беруге
болады.
3. Мағынасы айтушы мен тыңдаушыға бірдей соншама жағымсыз, дөрекі
сөздер алмастырылады.
4. Үйлену мен тұрмыс құруға байланысты сөздер алмастырылады. Мәселен,
тұрмыс құру, тұрмысқа шығу баласын құтты орнына қондыру, баласын
аяқтандыру, қолына құс қондыру, үйлі баранды болу, семья құру, отау тігу,
бөпелі болу, аяғы ауыр, орауға отыру тәрізді сөздер үйленуге байланысты
айтылады.
5. Қоғам өміріндегі адамдардың бір – бірінің жағымсыз қарым-
қатынастарына қатысты сөздер алмастырылады. Мәселен, аузы жеңіл, қолының
жымысқысы бар, қосып айтады, ауыз болтырық, сөзге келу, бет жыртыспау,
жасы ұлғаю, қалтасы тесік, көзіне шөп салды, жаяу почта, ұзын құлақ,
аузының желі бар, ішінде бүкпесі бар, сымсыз телефондар дегендер сыпайылық
мәнде айтылады.[3, 124 -б].
Эвфемизмдер – ойды бейнелеп, көркем түрде жеткізудің негізгі бір
тәсілі, мән – мазмұны жағынан дөрекі, әбестігі білінбесе де тыңдаушысының
қамын жеген көңіл – күйін көтеруді ойлайтын сөйлеуші өзіне дөрекі
көрінетін сөздің өзін сыпайырақ сөзбен ауыстыруға тырысады. Сөйлеуші
белгілі бір тілдік ұжымда қалыптасқан этикеттік нормаларды сақтауға
тырысады. Адамның сезімді қабылдауына, көңіл – күйіне ауыр тиетін сөздерді
басқаша атаумен өзгерту көптеген тілдік ұғымдарға тән эвфемистік тәсілі.
Мысалы: қазақ тілінде кедей, жарлы сөздері екеуара коммуникацияда қалтасы
жұқа, қалтасы тесік деген эвфемизмдермен ауыстырылады.
Адамның көзінше семірді деп айту этикеттік норма тұрғысына,
әдептілікке жатпайды. Сондықтан сөз иесі мұндайда оңалып қалыпты, толыпты
деуді лайық көреді. Бұл жағынан эвфемия этикеттік нормамен ұштасып жатады.
Белгілі бір сөз жағдаятында өтірік, хәм инвективалары екеуара сөзде
шындыққа жанаспайды. Эвфемия құбылысында әр түрі мифологиялық наным –
сенімге орай адамның, жануарлардың аттарын атамау ерекше орын алады. Бұл
атаудың эвфемистік формаларының негізінде психологиялық мотив жатыр:
тыңдаушыға, ауру адамға, оның төңірегіндегілерге қолайсыздық тудырмау,
үрей шақырмау мақсатымен қолданылады.
Көпшіліктің қолдауымен эвфемизмді тосын сөз деп те атап жүрміз. Тосын
эвфемизмдердің авторлық контексінің мәні бар. Мысалы: Шығыстың кәнігі
дипломатиясының есебі түгел, әзірге ойлағандары орындалуда. Үлкен іс
үйрейлі дегендей, олардың түпкі мақсаттары бір жылдық немесе бірнеше жылдық
емес, нысана тым әріде жатыр. (Парасат, 1999, 8 тамыз).
Әсіресе, сөз қолданыстық эвфемизмдердің негізгі мәні сыпайылаумен
байланысты. Мысалы: Ұлт өкілдерін қытай деп сөйлеу жағымсыз контексте
көзге шұқығандай жер қалдырады. Сондықтан да баспасөз беттерінде қайсы бір
этнонимдер шығыстағы көршілер деген контекстік эвфемизмдермен
ауыстырылады. Сондай-ақ баспасөз беттерінде, газет бағаналарында ұятына
қарай бөліп жару саясаты үшін қазақтар – қандастарымыз, өзбек ағайындар,
қырғыз ағайындар деген эвфемизмдермен беріледі. Ал көптеген тосын
эвфемизмдер таңбаланушының шын мәнін бүркемелеп айту мақсатында жұмсалады.
Контекстік эвфемизмдер немесе эвфемистік қолданыстар әсіресе, көркем тіл
кестесінде жиі ұшырайды.
Әдетте көркем тіл белгілі бір тілдік ұжымның қоғамдық салт-дәстүрін
этикалық қарым-қатынастарын бейнелі сезімдік тәсілдерімен жеткізеді.
Мысалы, жылу жинау, көмек, жәрдем деген ұғымдар астарлы сөзбен айтылады.
Тосын эвфемизмдер мен эвфемистік қолданыстар көбіне поэтикалық сөзге
тән болып келеді. Өлім, жітім, ауыр қаза, т.б. поэтикалық эвфемизмдерден
тұратын, әсіресе байырғы шешендік сөздерден, эвфемизмдерден тұратын небір
дәстүрлі, тіпті стандарт үлгілерін кездестіруге болады: "Аққу ұшып, көлге
кетті" (Шешендік сөздер).
Эвфемизмдердің көркем шығарма тіліндегі орны ерекше. Көркем тексте
эвфемизмдердің дәстүрлі түрлерімен бірге М.Әуезовтей ұлы суреткердің сөз
қолданысы көркем тілмен жасалған небір соны, айшықты түрлер мен үлгілер мол
кездеседі: Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан
дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай және
қаза тапты. Өлі кеуденің ыстық демі тоқталды. Шөл даланы жарып аққан
дариядай, игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр жалтыр биік
басына жалғыз шыққан зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті.
(М.Әуезов. Абай жолы).
Бұл жерде қаламгер "қаза тапты", "демі тоқталды", тәрізді дәстүрлі
эвфемизмдермен бірге "тасты тақыр жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім
өскен алып шынар құлады" дап, суреткердің өз қолтаңбасына тән контекстік -
авторлық эвфемизм түрін жасап отыр.
Тексті оқып отырғанда М.Әуезов те, оқырман да - аяулы Абайды "өлді"
деген суық сөзге қимай, "дүниеден көшті", "ыстық дәмі тоқталды", "игілік
өмір үзілді, зәулім алып шынар құлады, өмірден кетті" деп ұғады. Ал,
эвфемизм құрамындағы тоқтады, құлады, үзілді, кетті деген етістіктер
тіршілік иесіне тән әрекетті көрсетіп тұрған семантикалық элементтер.
Кейбір эвфемизмдер кірме сөздер арқылы, кейбіреулері сөз ішіндегі
дыбыстарды алмастыру арқылы (эллипсис), кейбір дөрекі делінетін сөздер -
вульгаризмдер жазуда көп нүктемен белгіленіп, айтқанда (сөйлеп тұрғанда
ондай сөздер келіп қалса) интонация арқылы беріледі: кемпір - парсының
кеюана деген, бюстгалътер, туалет, гарнитур, эпилепсия, рахит, диабет -
орыс тілі арқылы енгендер; кісі аты Жақып болса - Мақып, Мәмбет — Сәмбет,
Ахмет - Сахмет, т.б. Бұл топқа Ақа, Сәке, Әлеке, Беке сияқты құрметтеулер
де жатады. Бұлар - эллипсистер. Сондай-ақ, Сөзіне ақ Айманның шыдай алмай,
жіберді Теңге... дамбалына (Айман-Шолпаннан). Асыңды ішейін, дағараңа
ш...ның кері болмай ма онымыз? (С.М.). Мұндағы көп нүктелер эвфемизмдер
орнында тұр.
Табу сөздері қазіргі қазақ тілінде қолданылады. Көбінесе ауызекі
сөйлеуде ғана айтылып, ал әдеби тіл аясында, түрлі жазба еңбектердің
тілінде сирек ұшырасатын белгілі бір сөздер тобы бар. Олар негізінен,
дөрекі, тұрпайы мағынаны білдіретін сөздер. Осы себепті бұл сияқты сөздер
үнемі сөйлеу тілінде қолданылады. Рас, мұндай қарапайым сөздер ара-тұра
көркем шығармаларда да кездеседі. Бірақ бұл ретте олар белгілі бір стильдік
мақсатта жұмсалады.
Жастау жігіт қойнынан бүктелген қағазды шығарып, Камилаға қарап
күлімсіреді:
-Мынаған доңғал басыңды жіберші!- деп.
-Жоқ, жолдас, кеңсеге бар, мөрді қалтаға салмаймын, кеңседе болады,
-деп Камила жауапты қысқа қайырды (Б.Майлин).
Скендр сияқты судырдар елдің үрейін ұшырды.
Осы мысалдардағы доңғал бас - мөр, судырлар - белсенділер. Бұлар
қарапайым сөздер кейіпкер тілінде қолданылады, ал авторлық ремаркада сирек
ұшырасады. Мағыналық, қолдану ерекшелігі жағынан эвфемизмдер де осы табу
мен қарапайым сөздер сияқты. Белгілі бір істі не әрекетті тура айтпай,
тұспалдап айтуды, яғни басқа бір сөзбен бейнелей айтуды лингвистикада
эвфемизм деп атайды. Бұл да - сөздің ауыс мағынасы. Осы тұрғыдан алғанда,
эвфемизмдер метафоралық сөз қолдану тәсіліне жақындайды. Демек, бұлардың
өзара мағыналық жігін, қолдану аясын ажырату өте қиын. Мұндай белгілі бір
іс-әрекетті, затты жанамалай айту дағдысы тек ауызекі тілде емес, сондай-ақ
жазба еңбектерде де, оның ішінде әсіресе ақын-жазушылардың туындыларында
көбірек қолданылады. Эвфемизмдер кейіпкер тілінің шынайылығын, көркемдік
дәлдігін жасауға мүмкіндік береді[24,71б].
Екеуі шығысымен қоңыр келіншек кірді үйге. Қолында қой сауған ағаш
шелек. Көйлегін шалбарланып алған. Үсті қақ. Кірлі киім ішінде, ауыр жұмыс
астында жүрсе де, сергек, мөлдір қара көзі күлім қағады,— Есенсіз бе?— деп,
сызылып тұр.
Шелектегі сүтін қазанға құйып, аяқ жуып, қымыз беріп болғанша,
Сарбала шұқылап аузын сөзден босатпады.
— Отағасыға келінсіз бе?
— Оның керегі не сізге?
— Жасырсаңыз, қойдым.
— Неге жасырайын, келіншегімін.
— Тоқал екенсіз ғоп. Тоқалды ерінің бауыр етінен жаратады. Сондықтан
ері жақсы көреді, тоқал бірақ оның жақсылығына жарымайды деген рас
па?
— Сұрай берсе, борін айта беретін ашық ауыз дейсіз бе мені?
— Нәзік жеріңізге тиіп кетсем, ғафу етіңіз. Үй иесінің аты кім? Мұны
сұрауға болатын шығар.
— Маңқылдақ аттас.
— Итбай ма, Күшікбай ма, Төбет пе әлде?
— Иә, по, осы кейінгісі.

— Бұл қай ауыл, қай ел?
Сұрастырғанша отағасы шығып кетті.
— Сіз мені ылғи соныға салдыңыз. Аталарымның атын қалай атайын...
— Күйеуіңіздің атын атамай-ақ білдірдіңіз ғой, тағы да тұспалдап
байқаңызшы.
— Дода, Жүн жеп, жабағы тышқан деген қалжыңды естіген шығарсыз.
— Е-е, қареке ме?
I
— Иә, иә, ауылым мынау аттас — деді де, келіншек колын, тұяғын
көрсетті.
— Тұяқбай атана ма? — Дәл таптыңыз.
— Сонымен руыңыз
— Қареке, ауылыңыз
— Тұяқбай, күйеуіңіз
— Төбет боп шықты ғой.
Япырай, оп-оңай нәрсені қиындаттыңыз-ау! Біздің жақтың әйелінің де
атамайтын аттары бар. Бірақ оңашада, зәру ретте атап жібереді.
— Оңашада, зәру ретте не істемейді кісі,— деп, келіншек күлімсіреді де, бір
шара қымызды ұстата берді.[24,153б].
Бұл келтірілген мысалдар ертеректе қазақтың ғұрпына кісі аттарын
тікелей атауға тыйым салу әдетінің болғандығын көрсетеді. Тыңдаушысына
дөрекі естілмесін деген оймен сөйлейшінің өз сөзін сыпайылап жеткізген
сөздері көрсетілген.
Қазақта әрбір сөзді сыпайылап жеткізген сөздері көрсетілген. Қазақта
әрбір сөзді сыпайы сөздермен ауыстырып қолдануға болады. мысалы, қазақ
тілінде кедей, жарлы сөздері екеуара коммуникацияда “қалтасы жұқа”,
“қалтасы тесік” деген эвфемизмдермен ауыстырылады.
Қанайдың үйі кедей, Қамардың беріп отырған жеріне беріп құтылатын
малы да жоқ. жаны болса да бір-бір атты аңдап мініп, кербесті деген аты
топтан озған даңқты жүйрік, қанша құтылатын, қуса жетеді. Жартастың қызыл
сирақ кедейлері Білке, Әлкен, Жүніс бас болыс өзі дегендегі “жарлы”,
“кедей” сөздері дөрекілеу деген сипат алып, оны сыпайылау мақсатында
“қалтасы жұқа” т.б. сөздер қолданылады. бірақ, эвфемизмдер, табу сияқты,
қате түсінік, діни ұғымның негізінде емес, айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді
сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде шыққан. Мысалы, “өтірік айту”
дегеннің орнына қосып айту”, “ұрланыпты” деудің орнына “қолды болыпты”,
“ұрлық – қорлық жасамау” деудің орнына “ала жібін аттамау” деген сөз
тіркестері қолданылады. “мылжың” деудің орнына “сөзуарлау” деп айтудың өзі
сыпайылап айтудың бір түрі.
Көз алдында отырған науқас адам қайтыс болғанда “өлді” деген ауыр
сөздің орнына “жан тәсілім қылды”, “жүріп кетті” деген сөз тіркестері
қолданылады. Сондай-ақ, қазақ тілінде “өлді” деген сөздің орнына “дүние
салды”, “қайтыс болды” деген сияқты сөз тіркестері.
Орыс тілінде умер дегеннің орнына скончался деген сөз қолданылады.
Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста да қолданылатын сөздерді сыпайылап
жеткізу кең өріс алып келуде. Егер адам ауырып тұрса, ауырып тұрмын
демейді, мазам болмай тұр дейді. Белгілі бір жерде жиналған адамдар
кетейік, қайтайық дегеннің орнына көбейейік деп айтуды әдетке
айналдырған еді. Соның нәтижесінде осы ұғымдарға қатысты бірнеше синонимдер
пайда болған. Бұлар белгілі контексте әр түрлі стильдік мән тудырады. Дәл
осы секілді қазіргі таңда тамақтанып алайық деп айтудың орнына жүрек
жалғап алайық деген сөз қолданылуда.
Эвфемизм тәсілін қолдану тек күнделікті жағдайда ғана емес, медицинада
да қолданылуда.
Дәрігерлер бірсыпыра жағдайда аурудың орысша атының орнына латынша
атын немесе айрықша медициналық терминдерді, мысалы, рак (қылтамақ) деудің
орнына cancer (бұл да рак), чахотка дейдің орнына tbc (мұның мағынасы
туберкулез, чахотка), операция деудің орнына хирургическая
вмешательство деген сияқты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады [10,137б].
Сонымен қатар, эндронилогиялық ауруларға жатқызылатын зоб (қалқанша
безінің қабынуы) ауруының атын атамау керек, атаса, сол ауру туралы
уайымдаса, ол үлкейіп, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін деген ой бүгінгі
таңда ойымызда жүр.
Табу құбылысына байланысты тағы мысал келтірсек, сонау ертеректен
күні бүгінге дейін санамызда қалыптасқан түс көру сөзіне байланысты. Яғни
ата – бабаларымыз, үлкен апа – ағаларымыз адам түсінде көргенін біреуге
баяндағанда түсімде деп емес өңімде деп сөйлеуі тиіс деп ескертеді.
Түсімде көрдім деп сөйлесе, кесірі тиюі мүмкін деген ұғым бар.
Тыйым салынған есімдер. Діни ескертулерден туындаған тойым есімдер Ауру
данділ сөзден сақтау үшін балдарға Әдемі есімдер берілмеген
Мысалы: Итбай
Күшікбай
Жаманбай.
Келесі топқа қоғамдық өмірде қолданылатын табу мен эвмизмдер жатады
олар алты топқа бѳлінеді.
1. Бөлімге байланысты табу эвфемизмдер:
Мысалы: аттанып кетті
өлді
орын жай
дене- өлік
2. Аурулар мен физиология байланысты табу мен эвфемизмдер. Мысалы:
жөтел ауру, көкірек ауру, құрт ауру, құлағының мүкісі, керең
3. Анатомияға байлаысты табу мен эвфемизмдер адам дене мүшелелері. Мыс:
түйме, емшек, несеп жібергіш канал.
Кейбір табиғи қажеттіліктердің атаулары.
Мыс: әжетхана, аяғы ауыр, екі қабат,
Қызыл, етек кір.
4. Әйел мен ер адамның арасындағы байланыс.
Мыс: жақын болу, көңілдес болу, ояту.
5. Жанұя және отбасы құру мен байланысты эвфемизмдер.
Мыс: Әйел, қатын, ер, жолдас
Бай, ажырасу күйеуге шықты
6. Қоғамдағы моральдық этикалық нормаларға қайшы келетін қылықтар. Мыс:
жүгенсіз, жезөкше, көзіне шөп салу
Сонымен қатар А.К.Аханов саяси эвфемизмдердің классификациясын
жасаған.

1.3 Табу мен эвфемизмдер этнографиялық ұғым
Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен
бірге оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар. Ерте замандарда адамдар әр
түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктін салдарынан кейбір
заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын
болған. Бұл кұбылыс әдетте табу деп аталады.
Табу мен эвфемизмдердің шығу тегі адамзат тарихының терең түкпіріне
қарай жетелейді. Тереңірек бойласақ, табу мен эвфемизмдер адам баласының
рухани мәдениетінің бастапқы сатыларынан бастам күні бүгінге дейін
қалыптасқан дәстүрлі наным-сенімдермен де, әдет-ғұрып, салт-саналармен де,
қазіргі заманның басты діндерімен де, тіпті өзіміз өмір сүрін отырған дәл
осы замандағы тіл мәдениетімен де тікелей байланысты екеніне көз
жеткіземіз.
Табу о баста этнолингвистикалық ұғым ретінде полинезияның тонга тілінен
тарағанымен, бұл. күнде ол - әлем тілдерінің бәріне дерлік еніп үлгерген
халықаралық термин. Дәлірек айтканда, taboo немесе tabu деген сөздерді
алғаш ағылшын тіліне ендірген - 1768-1779 жылдар арасында жер шарын кемемен
үш рет орап өтіп, Тынық мұхитының көптеген аралдарын, Авсгралияның шығыс
жағалауын және басқа да географиялық жаңалықтар ашқан, бұл күнде есімі
әлемге әйгілі жиһангер Джеймс Кук[24,19б] (Капитан Кук) болатын. Табу деген
терминнің кейін басқа тілдерге тез тарап, оңай сіңіп кетуінің ең басты
себептері, біріншіден, ағылшын тілі ол кезде әлемнің тең жартысын билеп
тұрған ең ірі империя тілі болуында жатса, екіншіден, сан қилы тыйымдардың,
ягни табудың кез келгсн мәдениетпен тілге тән этнолингвистикалық құбылыс
екендігінде жатыр. Міне, сондықтан да табуға көптеген ғалымдардың назары
ауып, этнографиялық тұрғыдан да, лингвистикалық тұрғыдан да арнаулы
еңбектер жарық көрген. Олардың ішінде ағылшын, неміс, француз, испан, орыс,
грузин, әзербайжан, өзбек, түрікмен, қазақ тілдерінде жазылған еңбектермен
қатар жекелеген диссертациялық зерттеулер де, мақалалар да кездеседі.
Олардың бәрін бұл жерде тізіп жатудың реті жоқ, өйткені олармен осы
жұмыстын барысында танысуға немесе қолданылған әдебиеттер тізімінен
байқауға да мүмкіндік әбден жеткілікті.
Енді осы арнайы зерттеу жұмысының негізгі объектісі ретінде Түркі
тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер (салыстырмалы этнолингвистикалық
зepmmey) деген тақырып неліктен тандалып алынды деген мәселеге келетін
болсақ, біріншіден, жекелеген кандидаттық диссертациялар мен мақалалар
болмаса, бұл - жалпы түркілік деңгейде әлі күнге дейіи толық қамтылмаған,
салыстырмалы түрде жете зерттелмеген соңы тақырып. екіншіден, осы уакытқа
дейін жарык көрген, аталмыш тақырыпқа қатысы бар ғылыми жұмыстардың басым
көпшілігінде табу мен эвфемизмдер бір жақты, атап айтқанда, не таза
этнографиялық тұрғыдан. не таза лингвистикалық тұрғыдан ғана қарастырылады.
Ал шыңдап келі енде, олар, жоғарыда атап ѳткендей, этнографияға да, тілге
де, тіл мәдениетіне де, тіпті социолингвистикаға да тікелей қағысы бар
ғылымның бірнеше саласының басын бір жерге тоғыстыратын ауқымы кең
этнолингвистикалық мәселе. Демек, бұл тақырыптың сонылығы да,
көкейкестілігі де осы жерден айқын байқалады.
Еске сала кететін және бір мәселе - табу мен эвфемизмдерді тудыратын
әлеуметтік себептер негізінен ұқсас болып келетіндігіне қарамастан, олардың
жекелеген мәдениеттер мен тілдердегі көріністері, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лексико-семантикалық жүйесіндегі қазақ және ағылшын тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің геторогендік және гомегендік ерекшеліктері
«Қазақ және ағылшын тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің ерекшеліктері»
Табу мен эвфемизмдердің әлемдік деңгейдегі зерттелу тарихына шолу
Табу мен эвфемизмдер- кез келген халықтың тілінен орын алған ауқымы кең этнографиялық лексика
ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивті парадигмала
Адам есімдері концептісінің ассоциативтік–гендерлік құрамы
Қазақ тіліндегі итке қатысты атаулардың мағыналық табиғаты
Табу және эвфемизм
Пәндер