Тайпин көтерілісі және Тайпин мемлекетінің құрылуы

Жоспары:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ. ТАЙПИН КӨТЕРІЛІСІНІҢ ТУУЫ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ
ИДЕОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .8
1. Тайпин көтерілісінің туу себептері және тайпин армиясының
жорықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Тайпин қозғалысының саяси-әлеуметтік және діни
идеологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІІ ТАРАУ. ТАЙПИН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІШКІ САЯСИ-ҚОҒАМДЫҚ
ҚАТЫНАСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.1. Тайпин таньгоның құрылуы және оның мемлекеттік құрылымы ... ... ...28
2.2. Тайпиндердің ішкі әлеуметтік-экономикалық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... 41
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. Ќазаќстан егемендігін алып, тєуелсіз ел болып,
демократиялыќ, ќ±ќыќтыќ жєне азаматтыќ ќоѓам орнату жолына т‰скен кезењде
µткен уаќыттыњ м±расын зерделеу ќажеттілігі арта т‰седі. Әсіресе біз
әлемдік тарихты, жалпы адамзат тарихын зерттеуімізді тоқтатпауымыз керек.
Өйткені жалпы адамзаттың даму заңдылықтары, адамзаттың кішкене бір бөлігі
қазақ халқының дамуындағы заңдылықтарды анықтауға жеңіл қол жеткіземіз.
Қазақстан мемлекеті үшін де, ғылымы үшін де көршілес жатқан алып
мемлекеттердің тарихын білу арқылы біз олардың қоғамы туралы мәліметтер
жүйесін қалыптастырамыз. Олармен қарым-қатынаста, мәдени байланыстарда олар
туралы біліміміз толық болып тұрады. Оның үстіне жалпы білім деңгейіміздің
көтерілгені де жетістік болып табылар еді. Соныдқтан Қытай тарихында
маңызды роль ойнаған, ол елдің әрі қарай дамуына әсер еткен, тарихында
өшпес із қалдырған Тайпиндер көтерілісінің өзектілігі күмән тудырмауы
қажет.
Тайпиндер көтерілісіне тікелей байланысты ѓылыми маќалалар жєне
монографиялыќ зерттеулер жеткілікті. Бұл әсіресе Ресей тарихнамасында жан-
жақты зерттелген мәселе, бірақ зерттеулердің барлығы дерлік кеңестік
кезеңде, ХХ ғасырдың 50-60 жж. жазылған. Ал Қытайда осы бір тарихи оқиға
туралы зерттеулер өте көп болар. Алайда біз қытай тілін білмегендіктен
Қытай тарихнамасының туындыларын көп қолдана алмадық. Ал қазақстандық
тарихнамасында Тайпин көтерілісі туралы зертеулерді тіпті таба алмадық,
мүмкін кездестіре алмаған шығармыз. Сол себепті де осы ақтаңдақтарды жабу
қажеттілігі Тайпиндер көтерілісін зерттеудің ѓылыми мањызылдыѓын
арттырады.. Сонымен қатар зерттеу µзініњ тєжірибелік ќолданыста, яѓни алып
көрші туралы ақпараттың өз тілімізде жазылуы сияқты жақтары да бар.
Сондыќтан біздіњ ќарастырѓалы отырѓан мєселеміз ѓылыми жаѓынан да,
тєжірибелік ќолданыс жаѓынан да µзекті болуы дау тудырмайды.
Маќсаттары мен міндеттері. ХІХ ғасырдағы Қытай тарихындағы әлеуметтік
наразылық тудырған, бір мемлекет ішінде тағы да бір мемлекеттің пайда болуы
туралы оқиғаны зерттеу барысында біздіњ алдымызда мынадай маќсаттар мен
міндеттер туындайды. Бітіруші ењ алдымен Тайпиндер көтерілісінің не себепті
туындағанын анықтап алуды жөн көріп отыр. Осыған орай Қытайдың сол
уақыттағы экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуы қандай дәрежеде жүргенін
көрсетуді мақсат еттік. Онан кейін анықталған әеуметтік-экономикалық,
әлеуметтік, мәдени және де басқа да факторлардың Тайпин көтерілісінің
шығуына, халық арасындағы қоғамдық қатынастарға тигізген єсерін де
қарастырамыз. Қойылған мақсаттармен қатар Тайпин көтерілісінің басталуы
қалай жүргенін, оның басшылығында кімдер болғанын, олардың мақсаттарын,
құрылған Тайпин таньго мемлекетінің саяси құрылымын көрсетуді ұйғарып
отырмыз. Сонан соњ бітіру ж±мысыныњ авторы Тайпин армиясының құрылымы,
жорықтарын көрсетуді де жұмыс мақсаттарының қатарына қояды.
Осы маќсаттарѓа жету жолында мынадай міндеттерді шешуге тура келеді. Ең
алдымен Тайпин көтерілісінің хронологиялық шеңберін анықтаймыз, сонымен
бірге Қытайдағы экономикалыќ жаѓдайдың µзгерістер шын мєнінде халықтың
ашынуын тудырды ма, єлде одан басќа єлеуметтік, мєдени, саяси жаѓдайдаѓы
µзгерістердіњ де біріге ыќпалдасуы болды ма? М±нан кейін біздіњ алдымызда
шешілуі тиіс міндеттердіњ бірі көтерілістің туындауында діннің маңызы
қаншалықты болды, деген сұраққа жауап беру.
Келесі шешілуі тиіс міндеттердіњ бірі Тайпин көтерілісінің басышалыр
арасындағы және басшылық пен қарапайым көтерілісшілер арасындағы қарым-
қатынастарды көрсету болып табылады. Тайпин көтерілісінің, оның
басшыларының мақсаттары қандай болды деген сұраққа да жауап беруге
тырысамыз. Тайпин армиясы қандай жорықтар жасады және жорықтардың мақсаты
не болды? Жорықтардың нәтижесі қандай, деген сұрақтарға жауап береміз.
Тайпин мемлекетінің ішкі құрлысын анықтау барысында ондағы қоғамдық және
саяси қатынастарды анықтау міндетін шешу де көзделіп отыр.
Міне осы қойылған мақсаттарға жету және міндеттерді шешу мәселесі диплом
жұмысының өзегі болып табылады.
Єдістері мен єдіснамасы. Тайпин көтерілсінің тарихы туралы зерттеу
ж±мысын ж‰ргізген уаќытта автор негізінен диалектикалыќ єдіснаманы
ќолданды. Диалектикалыќ-материалистік єдіснама ќоѓам дамуыныњ
зањдылыќтарына жєне оны зерттеудіњ єдістері ж‰йесіне негізделеді. Бітіруші
ж±мыс барысында анализ, синтез, салыстырмалы-тарихи зерттеу єдістерін
ќолданды. Талдау єдісі зерттеліп отырѓан мєселе туралы мєлімет беретін
тарихи деректермен ж±мыс кезінде де, тікелей ж±мыс барысында да ќолданылды.
Єсіресе Ќытайдың ХІХ ѓасырдыњ екінші жартысындаѓы, яѓни Тайпин
көтерілісінің алдында, басшылығының революциялық идеясының ќалыптасуы
кезењіндегі єлеуметтік-экономикалыќ, саяси жєне мєдени жаѓдайын аныќтау,
деректермен ж±мыс істеу кезінде берілген мєліметтерге сыни талдау жасау
арќылы деректік мєліметтіњ шынтуайттылыѓын аныќтау м‰мкіндігі туды. Сонымен
ќатар талдау єдісін біз монографиялыќ ењбектердегі берілген тарихи
аќпаратты ѓылыми т±рѓыдан зерттеген кезењде де ќолдандыќ. Талдаудан кейін
біз синтез єдісін ќолдандыќ. Синтездеу негізгі бµлімніњ параграфтарын
жазѓан уаќытта алынѓан деректік материалдар мен тарихшы ѓалымдардыњ ойларын
топтастырып, µз ойымызбен толыќтыру ‰шін пайдаландыќ. Топтастыру жєне
салыстырмалы єдісті ќолдану арќылы бітіру ж±мысыныњ авторы тайпин
көтерілісі туралы тарихи мєліметтерді бір ж‰йеге келтіріп, мєселеніњ
хронологиялыќ шењберін аныќтады.
Диплом ж±мысын жазу барысында осылармен ќоса біз тарихи объективтілік
принципин ±стандыќ. Тарихи объективтілік принципіне сєйкес тарихи фактіні
аныќтау ‰стінде біз ешќандай идеологиялыќ жєне саяси маќсат кµздеген
жоќпыз. Сондыќтанда тарихи оќиѓа туралы тек дектер мен тарихи зерттеулерде
кµрсетілген мєліметтер арќылы жазып, ол туралы тек объективті ќорытынды
шыѓаруѓа тырыстыќ. Объективтілік принципіне сєйкес біз тарихи оќиѓа туралы
берген материалдарымызда тарихи факт туралы тек белгілі, аныќталѓан жєне
сыни анализден µткен аќпаратты ќолдандыќ.
Ќолданылѓан деректер. туралы деректер саны жаѓынан да, сапасы жаѓынан да
алуан т‰рлі. Кез келген тарихи оќиѓа туралы біз деректерден мєлімет аламыз.
Б±л деректердіњ шынтуайтылыѓы мен тарихилыѓы мєселесін аныќтауѓа
итермелейді. Бізге белгілі деректер µз ішінде материалдыќ жєне жазбаша
болып екі ‰лкен топќа жіктеледі. Біздіњ ќарастырып отырѓан мєселемізге
байланысты єрине материалдыќ деректер де бар екені даусыз, біраќ олар
біздіњ зерттеуімізде пайдаланылѓан жоќ. Бітіруші негізінен жазба деректерді
пайдаланды. Олардыњ µзі µз тарапынан єдеби жєне ќ±жаттыќ деректер болып
екіге бµлінеді. Кейбір мєселелерде, єсіресе Ќытайдыњ ХІХ ѓасырдаѓы
єлеуметтік-экономикалыќ жаѓдайын аныќтаѓан кезде пайдаланѓанды айтпасаќ,
ќ±жаттыќ деректерді де біз зерттеу аясынан тысќары ќалдырдыќ. Біздіњ
негізге ќолданѓанымыз єдеби деректер. Олардыњ ќатарында ең алдымен История
экономического развития Китая. 1840-1948. Сборник статистических
материалов атты Мәскеуде жарық көрген [1] Қытай экономикасының ХІХ-ХХ
ғасырлардағы даму қарқыны туралы мәлімет беретін материалдар жинағын атап
өткен жөн. Бұл дерек көзі статистикалық материалдардан, экономикалық
құжаттардан тұрып, бізге Тайпин көтерілісінің қарсаңындағы және көтеріліс
кезіндегі ел экономикасының дамуына байланысты ақпаратты көрсетуге
көмектесті. Негізінен құжаттық дерек болғандықтан біз осы дерек көзіне сыни
талдау жасамадық. Бір жағынан Қытай тілін жетік білмегендіктен де деректе
берілген материалдарға салыстырмалы анализ жасалмады. Алайда мұндай анализ
өз кезінде кеңестік тарихшылардың қолымен өткізілгендіктен біз осы бір
дерекке сенім білдірдік.
Келесі қолданылған дерек те бізге Тайпин көтерілісінің шығуына себеп
болған факторларды анықтауда үлкен септігін тигізді. Тайпин көтерілісі
қарсаңында Қытай экономикасында қарама-қайшылықтарға толы құбылыстар орын
алды. Бір жағынан ауылшаруашылығы мен қолөнер дағдарыста болды, екінші
жағынан мануфактуралық өндіріс дамыды. Бірақ мануфактуралық өндірістің
дамуы бүкіл экономикада айтарлықтай үлес алмады. Мұның барлығы А. П.
Болобанның Земледелие и хлебопромышленность Северной Манчжурии деген 1909
жылы Харбинде басып шығарылған [2] еңбегі қолданылды. Әрине бұл еңбекті
тарихнамалық әдебиет ретінде қолдануға да болар еді, бірақ ондағы
келтірілген статистикалық мәліметтердің көптігі мен жан-жақтылығы оны
деректер қатарына қосуға итермеледі.
Тікелей Тайпин мемлекетінің тарихына байланысты қолданылған деректер
қатарында көтерілісшілердің жариялаған заңдары, манифестері, шетелдік
мемлекеттермен арадағы хаттары, тайпин көтерілісіне басшылық еткендердің
тергеудегі жауаптары, көтеріліс кезінде Цин үкіметінің территориясында
болаған орыс миссионерінің естеліктері бар. Аталған деректер нарративтік
деректер қатарына жатып сыни талдаудан өткен. Біз де оларға сыни
көзқараспен қарап, ондағы берілген мәліметтерді басқа деректермен салыстыру
арқылы тарихи шындыққа жақын ақпаратты қолдандық.
Тайпиндер мемлекетіне байланысты деректер қатарында Манифест о
необходимости уничтожения северных варваров по воле неба деген
көтерілісшілердің ұстанымдық құжаты бар. Құжат біз қолданған басқа деректер
сияқты Тайпинское восстание. 1850-1864 гг. [3] жинақта жариаланған.
Манифесте тайпиндердің идеологиялық ұстанымдары, діни сенімдері, саяси
көзқарастары туралы құнды мәліметтер бар.
Келесі дерек көзі де тайпиндер жариялаған Манифест об истреблении
дьяволов, спасении мира и успокоения народа по воле бога [4] деп аталып,
көтерілісшілер басшылығының халыққа үндеуі. Үндеуде тайпин көтерілісінің,
Тайпин таньго мемлекетінің мақсаттары мен ішкі идеологиясы негізделген.
Земельная система Небесной династии [5] құжаттық деректе Тайпин
мемлекетіндегі қоғамдық қатынастар, экономикалық жүйе, әкімшілік басқару
құрылымы туралы маңызды ақпарат беріледі. Әрине бұл бағдарламалық құжаттағы
ұстанымдар сөз жүзінде қалып, декларация ғана болды. Оның көптеген
қағидалары, әсіресе әділеттілік пен теңдік туралы принциптер шынайы
қоғамдық қатынастарда орындалмады.
Новое сочинение в помощь управлению [6] атты дерек көзінде тайпиндердің
басшылары ұсынған билік жүйесінің құрылымы туралы мәліметтер беріледі. Бұл
деректе Тайпин мемлекетінің саяси билік формасы, мемлекеттік аппарат
құрылымы мәселелеріне көңіл бөлінген. Бұл құжаттық дерек біздің
зерттеуімізде маңызды орын алды.
Осындай деректер қатарында К. А. Скачковтың Пекин в дни Тайпинского
восстания. Из записок очевидца [14] шығармасын атап өткеніміз жөн. Бұл
деректе тайпин көтерілісі кезінде Цин әулетінің астанасы Пекиндегі саяси
жағдай, халықтың пікірі, шенеуніктердің ойлары, билік басындағылардың
әрекеті туралы маңызды мәлімет алуға болады.
Зерттелу деңгейі. Тайпиндер көтрілісінің тарихы кеңестік тарихнамада
маңызды орын алды. Әсіресе Қытаймен арадағы қатынастар шиленіспеген кезде,
Қытай комунистік партиясы социалистік революцияда, одан кейін социалистік
құрлысты орнату кезеңінде кеңестік басшылықтың, одан кейін кеңестік
ғылымның көмегіне сүйенді. КСРО-да өз көмегін аямады. Осы кезеңде Қытай
тарихына аса көңіл бөлінген болатын. Қытай тарихында әсіресе тап күресі
мәселесіне баса назар аударылды. Соның ішінде ХІХ ғасырдың 50-60 жж. орын
алған үлкен қозғалыс тайпиндер көтерілісі терең зерттелді. Сондықтан да
болар, кеңестік тарихнамадағы тайпиндер көтерілісін зерттеу негізінен 50-60
жылдары орын алғаны. Зерттеушілер арасында Кара-мурза Г. С . Тайпины.
Великая крестьянская война и тайпинское государство в Китае 1850-1864 гг.
1950 жылы жарық көрген монаграфияны айтуға болады. Онда Қытай тілінде
жазылған деректерге сүйене отырып, көтерілістің шығу себептері, барысы,
жеңілу себептері, тарихи маңызы мәселелері терең де жан-жақты зерттелген.
Әрине зерттеу кеңестік идеология тұрғысынан, марксистік методологияға
сүйене отырып жазылған. Сондықтан да Кара-мурза шаруалар көтерілісін тура
жолға бастайтын таптың болмағандығын, шаруалардың о бастан революциялық
жеңістерді толығымен пайдалана алмайтындығы тілге тиек етеді.
Сондай зерттеулер қатарында қытайлық тарихшы Хуа Ганның История
революционной войны Тайпинского государства [16] деген еңбегін атап
өтеміз. Бұл еңбекте ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында орын алған тайпиндер
қозғалысының тарихы суреттеледі. Хуа Ган тайпиндер көтерілісін шаруалар
революциясы деп атайды. Оның пікірінше, тапиндер бүкіл Қытай шаруаларының
мүддесі үшін күрескен және осы күресі барысында үлкен жетістіктерге жеткен.
Тайпиндер көтерілісін буржуазиялық революция деп санап, оның басты мақсаты
аграрлық мәселені шешу [16. 265 б.] деген тұжырым жасайды. Ол Тайпин
революциясы одан кейінгі Қытай халқының бостандық үшін күресіне зор ықпалын
тигізді және Сихай революциясының бастамасы болды, деген ойын алға тартты.
Хуа Ган еңбегі негізінен тайпиндердің әскери жетістіктеріне аса көңіл
бөліп, негізінен армияның жорықтары мен шайқастары туралы зерттеу болып
есептеледі.
Бұлардан басқа А. М. Дубинскийдің Революционно-освободительная борьба в
Индии и Китае в середине ХІХ в., В. П. Илюшечкиннің !Крестьянская война
тайпинов, Болдырев Б. Г. Займы как орудие закабаления Китая
империалистскими деражавами, Воронцов В. Б. Миссионеры и их наследники:
Повороты политики США в отношений Китая, Зарецская С. И. Внешняя политика
Китая в 1856-1860 гг.: отношения с Англией и Францией, Кузес А. С.
Шанхайское восстание Союза малых мечей 1853-1855, Лайнгер С. Р. Из
истории китайского эмиграционного движения: сер. ХІХ – начало ХХ в.,
Сидихменов В. Я. Манчжурские правители Китая және Китай страницы
прошлого, Соловьев Ф. В. Китайское отходничество на Дальнем востоке
России в эпоху капитализма (1861-1917 гг.), Чеканов Н. К. Восстание
наньзюней в Китае 1853-1868 гг. еңбектер қолданылды. Бұлардың барлығы
қытай тіліндегі деректерге сүйене отырып, тайпин көтерілісі, Қытай
экономикасы, әлеуметтік құрылымы, саяси жағдайы туралы терең зерттеулер
болып табылады.
Қазіргі уақытта халық көтерілістері, революциялар, әлеуметтік теңдік
үшін жүргізілген тап күресі мәселесіне ғалымдар кеңестік кезеңдегідей аса
көңіл бөлмейді. Сондықтан да болар тайпиндер көтерілісі туралы орыс тілді
тарихнамада, посткеңестік аумақта ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап бірде
бір зерттеу жүргізілмеді.
І ТАРАУ. ТАЙПИН КӨТЕРІЛІСІНІҢ ТУУЫ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ИДЕОЛОГИЯСЫ.

жорықтары.
Тарауда біз Тайпин көтерілісінің шығу себептері, Цзиньтянь көтерілісінің
басталуы және оның барысымен танысамыз. Тараудың басты мақсаты Тайпин
көтерілісінің тарихи алғышарттарымен қысқаша болса да таныстыру және
көтерілстің басталуы туралы мәліметтер беру. Сонымен қатар тарауда автор
Тайпин көтерілісінің қозғаушы күштерін, көтерілсітің басшылығында жүрген
тарихи тұлғаларды, көтерілістің алғашқы кезеңіндегі оқиғаларды анықтап,
оларға баға беруді өзінің міндеті деп біледі.
Тайпин көтерілісі 1-ші апиын соғысы аяқталғаннан сегіз жыл өткеннен
кейін басталғанымен Қытай тарихшылары да, кеңестік тарихшылар да
көтерілістің шығу себептерінің бірі шетелдік езгінің орын алуы деген шешім
шығарады. Мысалы, Г. С. Кара-мурза: ХІХ ғ. ортасында бүкіл Қытайды
қамтыған Ұлы шаруалар соғысына итермелеген 1839-1842 жж. Қытайдың Англиямен
болған алғашқы соғысындағы жеңілісі болды [15. 9 б.], десе, Розалиев Ю.
Н.: Поводом к нему несомненно явились английские пушки, при помощи которых
Англия принудила Китай ввозить опиум. Торговля опиумум, вызвавшая утечку
драгоценных металлов, деморализацию государственных чиновников, наряду с
разрушительным влиянием иностранной конкуренции на местное производство
имела свои результатом дальнейшее ухудшение положения народа, - дейді [19.
73 б.].
Қытай тарихшысы Хуа Ган: Тайпиндердің революциялық қозғалысы
батысеуропалық капиталдың Қытайға енуімен байланысты болды. Хун Сю-цуань,
Фын Юнь-шань және тайпиндердің басқа да көсемдері шетелдермен салыстырмалы
түрде дамыған сауда байланысын орнатқан аудан Гуаньдуннан шыққан.
Христиандық арқылы олар капитализммен танысты, сонымен қатар Еуропа мен
Америка елдеріндегі ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық мемлекет құру үшін әрекет
еткен қозғалыстармен танысты, - деген қорытынды шығарады [16. 34 б.]. Олай
болатын болса бұл көтеріліс шаруалар соғысы да, шаруалар революциясы да
емес, ұлт-азаттық қозғалыс болмай ма? Міне осы мәселеге аса көңіл бөлген
жөн деп ойлаймыз. Кеңестік, одан кейін Ресей тарихамасында дәстүр бойынша
тайпиндер көтерілісін антифеодалдық, антиколониялдық деген пікір
қалыптасқан.
Сол кезеңдегі ірі державалар Англия, АҚШ, Франция Китайдың байлығына
қатты қызықты және елді өз өнерәсібі өнімдерін өткізетін нарық ретінде
қарады. Шикізатты шығаруға және өз өнімдерін сатуға ұмтылған шетелдік
державалар Қытай нарығына енуге тырысты. Сонай 1796 жылы Англия өзінің
өкілі Макартнейді Қытай императорына жіберіп, одан Қытаймен сауда жасауға
рұқсат сұраған болатын. Цин империясы шетелдік халықтармен сауда жасауға
шектеу қойғандықтан ағылшындар ең алдымен осы шектеулерді жойға бағытталған
саясат жүргізді. 1816 және 1834 жылдардағы Амхерст пен Нэпирдің миссиялары
осы мақсаттарға бағытталды [25. 32 б.]. Англия, АҚШ және басқа да
капиталистік державалар Цин империясында өздерінің әлеуметтік тірегін
қалыптастыруға бағытталған әрекетін қытайлықтарды христиан дініне көшіру
арқылы одан әрі күшейте түсті [24. 12 б.].
Зерттеушілер әрине басқа да объективті алғышарттарды естен шығармайды.
Олардың ішінде экономикалық, саяси және әлеуметтік алғышарттар да бар.
Мәселен, Қытайда ХІХ ғасырда феодалдық қатынастар өзінің ыдырау жағдайында
болды. Оған негізінен шетел капиталының келуі себепкер еді. Әсіресе шетел
капиталының ауыр зардабы Қытайдың оңтүстік аудандарына түсті. Солардың
ішінде Гуандун, Гуанси және Фуцзянь жағдайы нашар болды. Оның үстіне жердің
жеке адамдардың меншігінде шоғырлану процессі жүрді. Барлық жерде 3 мың му
(1 му-0,06 га) және одан да көп жерлері бар помещиктер пайда болды. Ал
Шаньси, Хэбэй және Цзянсу сияқты провинцияларда ондаған және жүздеген му
жері бар иеліктер болды. Хуа Ган мұнан мынадай шешім шығарады: Бұл
мәліметтер елдегі шамамен 80 пайыз жер ауыл тұрғындарының оннан бір бөлігін
құрайтын помещиктердің қолында шоғырланғанын, ал ауылдың оннан тоғыз
бөлігін құрайтын шаруалардың қолында небары 20 пайыз жер болғанын байқауға
болады [16. 49 б.]. Қытай халқы енді ауыл шаруашылық өнімдерінің
қымбаттауына душар болды. Жердің азғантай топтың қолында шоғырлануы күріш
бағасының өсуіне алып келді. Цяньлун билігінің 13 жылы, яғни 1749 жылы,
император өкілі Ян Си-фу күріштің бағасының өсуі негізінен жердің азғантай
адамның қолында болуымен түсіндіреді. Ол: Баяндаймын: күріш бағасының өсуі
байлардың жерді тартып алуымен байланысты. Өйткені империя құрылардың
алдында адамдардың саны жерге қарағанда аз болды, сондықтан оның бағасы
арзан еді. Одан кейін бағындыру (маньчжурлардың Қытай халқының қарсылығын
басуы) жүрді, адамдарды тойдыру үшін жер жеткілікті болды да оның бағасы
тұрақтанды. Біраз уақыт өткеннен кейін адамдардың саны жер көлеміне
қарағанда әлдеқайда өсті және оның бағасы көтерілді. Бұрын бір му жер 1-2
лян болса, қазір оның бағасы 7-8 лян, ал 7-8 лян тұрған жер енді 20 лянға
дейін көтерілді. Кедейленген жер иесі жерін сатуға мәжбүр болады; ал сатып
жіберген соң қайтадан сатып ала алмайды. Байлар болса көп көлемді жерлерді
қолына шоғырландырып күріштің бағасын өсіріп жіберді [16. 51-52 бб.].
Байқағанымыздай қарапайым қытайлық шаруаның әлеуметтік жағдайы өте төмен
болды. Ол жерден айрылды, оның үстіне астық қымбаттады, шет ел капиталы
елдің қаржылық жағдайына ауыр нұқсан келтірді. История Китая атты
оқулықтың авторлары Қытай халқының жағдайына шет елдермен арадағы сауданың
кері сальдосы әсерін тигізген көрінеді. 1820-1840 жж. аралығында сауда
операцияларының нәтижесінде Қытай экономикасы шамамен 10 миллион лян табыс
түсірді, ал сыртқы 60 маиллион лян күміс шығарылды. Бұл күміс пен мыс
ақшаның арасалмағына кері әсерін тигізді. Мәселен, ХІХ ғ. басында бір күміс
лян үшін мың мыс монета (туцзыр) берсе, 1840 жылдардың басында 1500 мыс
туцзыр беретін болды. Осы жағдай салық төлеу кезінде ауыр жағдай туғызды.
Өйткені жер салығы күміспен өтелді де, төлем мыс монетамен жүргізілді.
Оның үстіне апиын соғысынан кейін сауданың басым бөлігі Янцзы өзені
бассейнінің оңтүстігіне ауысуымен халық жағдайының нашарлауы басталды.
Оңтүстіке тасымалдалуы тиіс тауарларды енді өзен арқылы жеткізу және шет
елге сату жүрді. Бұл жағдай көптеген адамдарды жұмыссыз қалдырды. Халықтың
наразылығы арта түсті. Халық наразылығының артуына табиғат апаттары да
септігін тигізді. 1841 және 1843 жылдары ирригациялық жүйенің құлдырауы
себепті Хуанхэ өз арнасынан шығып үлкен жер аймағын су басып қалды да
нәтижесінде 1 миллион адам қаза тапты. 1849 жылы Янцзы өзенінің төменгі
провинцияларында бұған дейін болмаған ыстық, жауын-шашынның болмауы,
шегірткенің қаптап кетуі сияқты апаттар болып өтті. Нәтижесінде егін шықпай
қалып көптеген адамдар аштыққа ұшырады. Осы жағдай да әрине халық
наразылығының ушығуына оңтайлы себеп болды. Қытайдың оңтүстік
провинцияларында жергілікті тұрғындардың арасындағы топтардың арасындағы
алауыздық орнаған еді. Халық пунти (немесе бэньди) және хакка (кэцзя); яғни
жергіліктілер мен көшіп келгендер деп екіге бөлінді. Егіншіліккке қолайлы
құнарлы жерлер бэньдилердің қолында болса хаккалар оларға жалданды немесе
олардың жерлерін жалға алды. Сондықтан да хаккалар арасында үкіметке деген
наразылық кең етек алды. Тайпиндер басшылысының хаккалар арасынан шығуы да
осыған байланысты болса керек [17. 308-310 бб.].
Халық наразылығы ашық көтерілістерге алып келді. Алғашқы болып Гуандун
және Гуанси провинцияларында көтерілістер басталды. Оңтүстік провинцияларда
шаруалар қару алып қарсылық акцияларын жүргізіп жатқанда Гуансиде Хун
Сюцюань бастаған христиандық секта ашылды. Хун Сюцюань 1813 жылы (История
Китая оқулығында 1814 жылы) Гуандун провинциясында дүниеге келеді.
Малшының отбасында дүниеге келген Сюцюаньды ата-анасы 6 жасында оқуға
береді. Ата-анасы оны білімді болып үлкен қызмет атқаратынынан үміт күтеді.
16 жысында Хун Сюцюань алғашқы рет емтихан тапсырады, алайда мандариге пара
бере алмағандықтан емтиханнан өте алмайды. Жергілікті мектепте мұғалім
болып істеп, Хун тағы да екі рет емтихан тапсырады, бірақ тағы да шэньши
лауазымына қол жеткізе алмайды.
Осы арада оның өмірінде болған өзгерістердің Хунның қатты науқастанғаннан
кейін басталғанын атап өтуіміз керек. Ол науқастанып жатқанда түс көреді,
түсінде тақта отырған бір ақсақалды қария оған бағалы тастармен
безендірілген семсер береді. Ол өз түсін жору мақсатында христиандық діннің
кітаптарымен танысады. Кантонда жүрген кезінде ол христиандық брошюра оқиды
да ондағы қағидаларды ұстануға бел буады. Брошюрада жерге жындармен соғысу
үшін өз ұлы Иисусты жіберген құдай туралы жазылады. Өз түсіндегі қария
құдай деп түсінеді. Хун енді христиандық кітаптар оқып, соның ішінде
Тауратты оқып шықты. Осы кітаптардың әсерімен өзінің алғашқы шығармасы
Тәубеге деген оданы жазды. Онда ол өзінің бұрынғы өмірін айыптап, Қытай
дініне қарсы шықты. Сол үшін оны мектептен қуып жіберді. Хун Сюцюаньнің
алғашқы шоқындырған адамдары өзінің немере інісі Хун Жэньгань және досы Фын
Юаньшань болды. 1839 ол үшеуі өз ауылынан кетіп, христиан дінін уағыздаумен
айналысты. Үш уағыздаушы Гуансидің таулы аймақтарында тұратын мяо халқына
келді. Олар жергілікті халықтың тілін үйреніп, осы жерде христиандық қауым
ұйымдастырды. Хун Жэньгань шоқынғандар арасында қалып, Сюцюань мен Фынь
Юньшань әрі қарай жол жүреді.
1847 жылы Хун Сюцюань Гуансиге қайтып оралады. Онда Хун ашық үгіт-насихат
жүргізді. Көп ұзамай оның жақтаушыларының саны 2000 адамға жетті. Гуансиде
жаңа ілімнің қолдаушысы қатарына жалдамалы жұмысшы Ян Сюцин болды. Ол Сяо
Чаогуй атты шаруамен бірге қарулы отряд құрып, қарақшыларға қарсы күрес
жүргізді. Гуансиде теңізде жеңіліс тапқан теңіз қарақшылары көп болатын,
міне Ян Сюцин осы пираттардан деревняларды қорғау ісімен айналысты. Сонымен
қатар діни секта қатарына ірі жериеленуші Вэй Чанхой болды. Ол 1000 адамдық
өз руын түгелімен сектаға кіргізді. Осыдан кейін сектаның беделі арта
түсті, оған басқа да шэньши (білімділер) лауазымдағылары кіре бастады.
Кейін қозғалыста маңызды роль атқарған саудагер Ши Дакай да сектаға
қосылды.
Гуансиде наразылық күшейген сайын Хунның сектасы да революциялық толқынға
қосылды. 1849 жылы секта қызмет еткен уездерде бірнеше шаруалар толқулары
болып өтті. 1850 жылы биліктегілер Фын Юньшань мен Хун Сюцюанды тұтқындау
туралы үкім шығарады. Олар туралы: басқа біреулердің діни ісіне араласып
қана қоймай сонымен қатар жалқауларды үкіметке қарсы көтерілуге үгіттейтін
қоғамның бастаушылары және ұйымдастырушылары [3. 21 б.]. Бүлікшілердің
басшыларын тұтқындауға келген әскерді Ян Сюциннің отряды қарсы алады.
Үкімет әскерлері шайқаста жеңіліс табады. Осы уақыттан бастап Ян Сюцин
көтерілісшілердің әскери қолбасшысына айналады.
Осы шайқас сектаның үкіметке қарсы күресінің бастамасы болады. Қарулы
көтеріліске Ян Сюцин басшылық етеді. Көп ұзамай сектанттар саяси талаптарын
да ашық айта бастайды. Олардың басты саяси талабы: Манчжурлар жойылсын
болады. Манчжурлардың үстемдігіне қарсылығының көрінісі ретінде олар
бұрымдарын кесіп тастады, төбесін тықырлап алуды қойды, ұзын шаш өсірді.
Хунға ерушілер ұзын шаштарын жайып жүретін болды, сондықтан оларды
ұзыншаштылар деп атады [15. 36 б.]. Көтерілісшілердің идеологиялық
көсемі, аспанның жаңа елшісі, Христостың інісі Хун Сюцюань болды. Ян Сюцин
қарулы қозғалыстың әскери және саяси көсеміне айналды. Қара-мурзаның пікірі
бойынша христиандық ілім көтерілістің идеологиялық пердесі болды, оның
астарында қытайлық шаруалардың феодалдық езгіге наразылығы тұрды [15. 37
б.].
Оқымаған, білімсіз Қытай шаруалары үшін Хун Сюцюань оларды ғасырлық
езгіден құтқаратын құдайдай көрінді, олар оның артынан отқа да, суға да
түсуге дайын болды. Қарапайым шаруа үшін Хун жердегі жұмақты құрушы болып
көрінді. Сондықтан көтерілісшілердің қатарына ауыл-ауыл болып жақтастар
қосылды. Сюцюань ода жазып, оның сөздері көтерілісшілердің әнұранына
айналды. Онда: Білеміз біз қаналғандарды босату үшін және отанымызды
құтқару үшін аспан ержүректілерді топ-тобымен күреске көтереді. Қытай бұрын
басып алынды, енді бұған жол берілмейді, - делінген [4. 28 б.].
Көтерілісшілердің қатары күн сайын өсе түсті. Көтерілісшілер қатарына өз
қаруымен басқа да әскери отрядтар қосылды. Солардың ішінде Гуансидегі
көтерілісшілердің бір бөлігін басқарған Цю Эр және Сы Сань атты әйел
қолбасшылар да болды. Сонымен қатар 1849 жылы теңізде жеңіліс тапқан
қарақшылар отрядтары да қосылды. Ян Сюцин армиясына 8 қарақшы бандылар
құйылды. Алайда қарақшылар мүліктерін ортаға салатын, қатаң тәртіп ұстанған
діни қауымның ережелеріне шыдамады. Қауым мүшелері тәртіп бұзған, қайтадан
тонаушылықпен айналысқан қарақшыны өлім жазасына кескеннен кейін
көтерілісшілерден бөлініп, үкімет әскерлерінің жағына шығып кетті. Тек
кейін көтеріліс барысында маңызды роль атқарған Ло Даган атты 50 жасар
қарақшы шаруалармен бірге қалды [15. 38 б.].
Үкіметке қарсы қозғалыс тез арада Гуанси шаруаларының арасында кеңінен
тарады. Өйткені көтерілісшілердің басышсы хаккалардан, яғни келмелерден
болды. Ал хаккалар мен жергілікті бэньдилер арасындағы қақтығыста үкімет
армиясы соңғыларына көмектескен болатын. Сондықтан негізінен
көтерілісшілерді хаккалар қолдады. Хаккалармен қатар сектанттарға ицзя, тай
және басқа да халықтар қосылды. 1850 жылы көтерілісшілер іс жүзінде Гуанси
провинциясының қожайындарына айналды және үкімет әскерлерін басқарған
генерал Сян Жунды бірнеше шайқаста ойсырата жеңді. Шаруалар қозғалысына
қатысқандардың саны 1850 жылы шамамен 20-30 мыңға жетті [17. 312 б.].
Көтерілістің бастапқы кезеңінен-ақ шаруалар Хун Сюцюань ілімінің маңызды
қағидаларын іске асырды. Көтерілісшілер барлық адамдардың о бастан тең
құқықты принципін ұстанды. Қозғалысқа қатысушылар өздерінің өміріне қажетті
мүліктен басқасының барлығын қоғамдық қоймаға тапсырды. Қоймалардағы мүлік
ортақ саналып, қажеттілігіне қарай адамдарға үлестірілді. Көтеріліс
басшылары әскери отрядтарды әйелдер және ерлер отрядтарына бөлді де
некелесу халық соғысы жеңгеннен кейін рұқсат етіледі деп жариялады. Әскерде
және қауымда есірткі, шарап, темекі тартуға, құмар ойындар ойнауға қатаң
тиым салынды.
Өзінің әлеуметтік құрамы жағынан көтерілісті тек шаруалар қозғалысы деп
атауға болмайтын сияқты. Өйткені көтерілісшілер қатарында егінші
шаруалармен қатар, малшылар, көмір жағушылар (яғни жұмысшылар), шэньши
(ғалымдар немесе білімділер), саудагерлер, қарақшылар, теңізшілер,
жергілікті кіші халықтар өкілдері болды. Көтеріліс тек қана Гуансиде ғана
болған жоқ, Қытай халқы бүкіл елде бас көтерді. Барлық жерлерде құпия
ұйымдардың іс-әрекеті жанданды. Сычуаньда гуафэй, яғни ресми хабарларда
Гуа бандалары деп аталған ұйым әрекет етті. Шаньдунда няньфэйлер
көтерілді. Хэнаньда чжайфэйлер көтеріліске шықты. 1852 жылдың сәуірінде
олар Чженчжоу қаласын басып алып, жергілікті әкімшілікті таратып жіберді,
түрмені ашып тұтқындарды босатты. Гуандун, Хунань, Гуйчжоу, Хайнань және
Формоза аралдарындағы көтерілістер тайпиндердің ықпалымен жүрді.
Тайпиндердің алғашқы жеңістері Гуанси провинциясымен шекаралас жерлерде
көтерілістердің бұрқ етуіне алып келді. Сөйтіп Гуансидегі шаруалардың
көтерілісі бүкіл Қытайдағы антиманчжурлық қозғалысқа алып келді. Бұл
кейіннен оны Қытай тарихшыларының Тайпин революциясы деп атауына себеп
болды. Біздің пікірімізше, шаруалар соғысын революция деп атауға Қытай
коммунистік партиясының басшысы Мао Цзедунның социалистік революцияны
шаруалардың күшімен жасауға болады деген [Мао. 42 б.], ортодоксалды
марксизмге қарама-қайшы пікірін тарихи негіздеу идеясы жатқан тәрізді.
Қалай болғанымен де тайпиндер көтерілісі тарихи сахынада болып өтті.
Көтерілісті тарихи факт ретінде қабылдай отырып оны жан-жақты зерттеу
біздің міндетіміз.
1850 жылы көтерілісшілер Гуйлинь, Юньань секілді кейбір ірі қалалардан
басқа бүкіл Гуанси провинциясының қожайынына айналды. Әрине үкімет оқиғаның
бұлай өрбуін қаламады және оған қарсы әрекет жасады. 1850 жылы үкімет У
Ланьтай қолбасшылық еткен император армиясын көтерілісті басуға жұмсады.
Тайпин армиясы ерекше тәртіпке бағынды. Тайпин армиясының саны жағынан
өсуіне халық арасында жүргізілген үгіт-насихат себепші болды. Тайпин
басшылығы Каждая семья в Поднебесной и все вместе должны наслаждаться
великим благоденствием! деген ұран қағидаларын ұстанды. Сондықтан болар
цин армиясы Цзиньтяньнан бастап бір шайқастан кейін екіншісінде жеңіліп
жатқаны. Тайпиндер армиясы өз соғысында партизандық әрекеттер қолданды,
мобильді болды, шешуші шайқастан бас тартты, жалған және шынайы шабуыл
тактикасын қолданды. Осындай прогрессивті стратегия мен тактиканы Тайпиндер
Цзянкоусюй түбіндегі шайқаста қолданды. Тайпин әскерлеріне қарсы Чжоу Фын-
ци бөлімшесі ғана қарсы тұрды. Цин әскерлерінің басшысы болып тағайындалған
генерал Ли Син Юань көтерілісшілерді басуға губернатор Сян Жунды көмекке
жібереді. Шайқас алдында алты провинциядан келген цин әскерлерінің саны 10
мың жауынгерге жетті. Жалпы басшылық Сян Жунге тапсырылды. Цзянкоусюйдегі
тайпиндердің саны небары 2000 жауыгер болды. Өздерінің сандық жағынан
басымдылығына сүйенген Ли Син Юань мен Сян Жун көтереілісшілерді жеңетініне
өте сенімді болды. Циндіктердің әскери операциясымен жан-жақты таныстырмай
олардың көтерілісшілерді қоршап алып жойып жіберуге бағытталған жоспарын
айтайық. Шайқас циндіктердің көтерілісшілерді шегіндіруімен басталды. Бірақ
Паньшицунь деревнясында жасырын күштерін орнатып, оған елетін жолға миналар
орналастырды. Тайпиндер шайқаста жеңілген сияқты шегініп циндіктерді
жасырын отрядқа қарай жетеледі. Жасырын әскерлер миналардың жарылған даусын
естіп, шабуылға шықты. Цин армиясы бірнеше офицерлерінен айрылып, тас-
талқан болып жеңілді. Осы шайқаспен қатар манчжурлардың екі армиясы батыс
бағытта шабул жасған болатын. Цюйшэнчжоу түбінде тайпиндермен шайқаста бұл
армиялар да жеңіліс тапты. Қытай тарихшысы Хань Шань Мин өзінің Тайпин
таньго цзи-и цзи, яғни Тайпин көтерілісі туралы жазбаларында американдық
миссионер Мидоуздің: Тайпиндердің цин әскерлерімен алғашқы шайқастарын
көтерілісшілердің әскери стратегиясы және бүкіл соғыс жағдайы туралы мысал
ретінде алуға болады. Ол ең алдымен мынада. Бір ауданды басып алғаннан
кейін тайпиндер дереу қорғаныс құрылыстарын бастап кетеді. Оларды қуған Цин
әскерлеріне қуғынға жіберілгендердің санын одан әрі өсіре беруге тура
келеді. Тайпиндер үшін қоршауда қалып, азық-түлікпен қамтамасыз етілетін
байланыс жолдары үзілгендіктен жағдай қиындағандай болады. Бірақ керісінше
болып шығады. Азық-түлік шынымен таусылғанда , олар қоршауды бұзып,
қарсыластарының көптеген жауынгерлері мен офицерлерін шығынға ұшыратып,
келесі базасына орын ауыстырады. Цин әскерлеріне қуғынды жалғастырып,
оларды қуып жетуі мол екен, олар көтерілісшілердің қайта шабуылына
(контратака – Қ. А.) ұшырап, тас-талқан болып жеңіледі және ұрыс алаңында
көптеген өліктер қалдырады. Өздерінің сәтсіздіктері үшін өш алып, циндіктер
бейбіт халықты қырып, олардың үйлерін өртеп, мүліктерін тонайды. Тайпиндер
болса олардан алыстаған сайын Нанкинге жақындай түседі. Барлаушылары Нанкин
маңындағы Чжэнцзянге жетті, - деген сөздерін келтіреді [16. 103 б.].
1851 жылдың 1 тамызында Юнъаньчжоу қаласын басып алған тайпиндер генерал
Сай Шан-а, У Лан Тай, Сян Жун, Цин Дин Сань, Цзин Вэнь Дай және басқалардың
басшылығымен болған шабуылдарға тойтарыс берді. Сай Шан-аның ұсынысы
бойынша Цин үкіметі Хэнэн-хэбэй әскерлерінің басшысы Дун Гуан Цзя мен
Юньянчжэндегі хубэйлік әскерлерді көмекке жіберді. Осыған қоса Цин үкіметі
тайпиндерді қоршауды бұйырып бірнеше генералды Гуансиге жіберді. Бірақ
тайпиндер армиясын жеңу мүмкін болмады. Циндіктердің үстін-үстін
шабуылдарына тойтарыс бере отырып, тайпиндер Юнъаньчжоуда алты ай тұрды.
Алайда бұдан кейін онда қалуға азық-түліктің жетіспеуіне байланысты мүмкін
болмады [13. 192-194 бб.].
1852 жылдың 5 сәуірінде қатты жаңбыр жауған кезді пайдаланып, тайпиндер
Юнъяньнен қоршауды бұзып шықты. Шығыс жолға шыққан Ло Да Ган әскері жолай
Гусучжун қаласына шабуыл жасады. Қала горнизонын талқандаған көтерілісшілер
10 даньнен астам оқ-дәрі қолға түсіріп, көшелермен қаладан шықты.
Тайпиндерге қоршауды бұзып шығуға Гуйсянь уездінің кеншілері көмектескен
екен. Сол уақытта өмір сүрген Лян Жуй Сян атты автордың Гуйсянь уездінің
күміс кендері туралы деген есебінде: Еще при императоре Даогуане уездные
власти собрали через Ван Цзи владельцев рудников, сообщив им о новом
порядке взимания налогов. Уже через несколько месяцев новый порядок дал
себя знать: владельцы рудников понесли громадный убыток и поэтому
прекратили работу. Рабочие же рудников оставались сидеть в своих ямах,
ожидая, когда возобновиться работа, но, недождавшись подожгли их. Бунт
вспыхнул сразу на всех рудниках. Безпорядки в Цзиньтяне (тайпиндер
көтерілісі – Қ. А.), подстрекателем которых был Хун, несомненно, имеют
тайную связь с этими делами. Когда начались бои за Юнъянь, тайпины
воспользовались помощью, оказанной им со стороны нескольких тысяч рабочих
рудников, прорвали окружение и ушли, сметая все на своем пути. Цзинтянь был
только началом. Рудокопы завершили ее, - деп [16. 104 б.], тайпиндерге
кеншілердің де көмектескенін айтады.
Тайпиндер қоршауды бұзып шықанын естіген цин әскерінің оңтүстік
бөлімшесінің қолбасшысы У Лань Тай олардың артынан қуғын ұйымдастырды. У
Лань Тай ткөтерілісшілердің бір бөлігін Гусучжун түбінде қуып жетіп, шабуыл
жасады. Осы шайқаста тайпиндердің отряды жеңіліс тапты. Цин әскерлері
отрядының командирі Цянь Юй Гуй Таньдихой қоғамының көшбасшысы Хун Да
Цюаньді қолға түсірді. Мұндай жетістікке қол жеткізген У Лань Тай
көтерілісшілерді одан әрі қуалап, толық талқандауды жоспарлады. Сөйтіп
циндіктер тайпин армиясын қуалай Датуншаньге жетті. Тайпин көтерелісінің
басшылығы осы таулы аймақта жасырынып, цин әскерлеріне қарсы қорғаныс
ұйымдастырды. Биік тау шыңдары мен тар тас жолдар цин әскерлерінің қимылын
қиындатты. Оның үстіне тоқтамай жауын жауды., тау жолдары тайғақ болып
кетті, адамдар мен жылқылар өте баяу жүрді. Цин әскерлерін тар өткелге
келуін күтіп көтерілісшілер жолдың екі жағына жасырынды. Жасырынған жерге
үкімет әскерлері келгеннен кейін көтерілісшілер екі жақтан шабуыл жасады.
Қанды шайқаста циндіктер толығымен талқандалып, шамамен 5 мыңдай адамнан
айрылды. Шайқаста цин армиясының генералдары Чжан Шоу, Чжан Жуй, Дун Гуан
Чжун, Шао Хэ Лин, Тянь Сюэ Тао қаза тапты, генерал Цянь Ван Гуй ауыр
жарақат алды. Қоршаудан тек У Лань Тай мен Сян Жун құтылып кетті.
Қарсыластарын талқандағаннан кейін цин армиясының әрі қарай қууға күші аз
екенін біліп тайпиндер Нюцзяояо мен Хуанфынъи тау өткелдері арқылы
солтүстікке қарай жылжыды. Генерал-губернатор Сян Жун олардың жолындағы
Гуйлин қаласының қорғанысын ұйымдастырды. Тайпиндер Гуйлин қаласының
маңындағы Лицзян өзенінің жағасына лагерь болып орналасты. 1852 жылдың 18
сәуірінде көтерілісшілер қалаға шабуылын бастады. Сянбишань төбесінде
орналасқан тайпиндердің зеңбіріктері қаланың оңтүстік-шығыс жағына оқ
жаудырды. Бірінші күні көтерілісшілердің шабуылы ешбір нәтиже бермеді. 19
сәуірде цин үкіметінің генералы У Лань Тай Сянбишаньдағы тайпиндерге шабуыл
жасап, қаланың оңтүстік қақпасының алдында көтерілісшілермен ұрыс жүргізді.
Бірақ У Лань Тай шайқаста жарақат алып, ұрыс алаңынан алып шығарылды,
циндіктер жеңіліп қалды. Кейін У Лань Тай Янни түбінде 8 мамырда қаза
тапты. Бір ай қоршаудан кейін 19 мамырдың түнінде тайпиндер Гуйлин қаласын
басып алудан бас тартып, Лицзян өзенінен өтіп Синъаньға қарай бет алды.
Жолай көтерілісшілер Цюаньчжоу қаласын басып алып, Хунань провинциясының
территориясына кірді.
Тайпин қолбасшылары Сяншуй өзенінің су арнасынан көтерілгенін пайдаланып,
өзен арқылы Чанша қаласына жетіп, оны басып алуды көздеді. Мұны түсінген
цин генералы Цзян Чжун Юань Соиду өткелінің қасында көтерілісшілердің алдын
бөгеуді жоспарлады. Өткел өте тар, жан-жағынан орман суға тақалып тұрған
жер. Манчжурлар өзенге жасырын бөгет орнатты. Тайпиндердің алғашқы
отрядтары бөгетке келгенде мачжурлар шабуыл жасап, көтерілісшілер көп
шығынға ұшырады. Ұрыста көтерілісшілер басшыларының, Тайпин мемлекетін
ұйымдастырушылардың бірі Нань-ван Фын Юнь Шань қаза тапты. Бірақ тайпиндер
тез арада ол жерден әскерлерін шегіндіріп, басқа бағытта шабуыл ұйымдастыру
жоспарын жасады.
1852 жылдың 12 маусымында тайпин әскерлері Шанди ұйымының көмегімен
Даочжоу қаласын басып алды. Осы қаланың стратегиялық маңызы зор болған
сияқты, өйткені осы қаладан тайпиндер кейін бірнеше қаланы азғантай уақыт
ішінде өз қодарына қаратты. 24 шілдеде көтерілісшілер Цзянхуаны, 29
шілдеде Юнминді, 12 тамызда Цзяхэ қаласын басып алып, онда өз тәртібін
орнатты.
Осы аралық ішінде тайпиндердің әскерлері тұрақты армияға біршама ұқсай
бастады. Даочжоу-Цзянхуа-Юнмин аймағында тайпиндерге тағы да 20 мың Шанди
ұйымының мүшелері қосылып, көтерілісшілер армиясы едәуір күшейді. Бүкіл
көтерілісшілер Даочжоуда үлкен тудың астында көтеріліс мақсатына жету
жолында өлімге даяр екені туралы ант берді. Бұл жағдай Тайпин әскерлерінің
рухын көтерді. 13 тамызда Хунань провинциясындағы Ланьшань қаласын жаулап
алды. 1852 жылдың 14 тамызында Гуйяечжоу жаулап алынды, онда көтерілісшілер
уезд басшысы Ли Ци Шаоны өлім жазасына кесті. 17 тамызда тайпиндер үлкен
уездік қала Чэньчжоуды басып алды. Осы уақытта көтерілісшілер әскерінің
саны 20-30 мыңға жеткен көрінеді [16. 110 б.]. Негізінен тайпиндердің
қатары жергілікті халық өкілдерінің арқасында өсті. Жергілікті тұрғындар
қолдан келгенше тайпиндерге азық-түлікпен, қару-жарақпен, адаммен көмек
көрсетті. Жергілікті тұрғындардың көмегіне сүйене отырып, 1000 астам тайпин
26 тамызда Чэньчжоудан шығып Чаншаға бет алды. Сол күні олар Юнсинді басып
алды. Мұнда олар уезд басшысы Вэнь Дэ Сюаньді өлтіреді. 31 тамызда
Аньжэньді, 2 қыкүйекте Юсяньді, 3 қыркүйекте Чалинчжоуды алады. 1852 жылдың
7 қыркүйегінде Сяо Чао Гуй бастаған тайпиндер отряды Лилинді басып алады,
бірақ ертеңіне қаланы тастап кетеді. 9 қыркүйекте генералдар Хэ Чунь мен
Цинь Дин Сань қолбасшылық еткен үкімет әскерлері Чэньчжоу түбінде
тайпиндерге соққы береді.
Бұл шайқаста тайпиндер көп шығынға ұшырамады. 11 қыркүйекте Ли Кай Фан
мен Линь Фын Сян бастаған 3-4 мың тайпин Лилин қаласынан шығып, Чанша
қасындағы Шимапу қаласына қарай бағыт алады. Бұл жерде үкімет әскрлерімен
шайқас болып, тайпиндер жеңіске жетеді. Үкімет әскерлері шайқаста үлкен
шығынға ұшырайды, цин армиясының екі генералы қаза табады.
Ли кай Фан мен Линь Фын Сян басқарған көтерілісшілер 12 қыркүйекте
Чаншаны қоршауға алып, оған бірнеше шабуыл жасайды. Бірақ тайпиндердің 17
қыркүйекке дейін шабуылдары нәтиже бермейді. Сондықтан шаруалар Чанша
қақпасының астына жарылғыштар қойып, оны құлатуға әрекет жасайды. 18
қыркүйекте тайпиндер тағы да қаланы зеңбіректен атқылайды, алайда бұл да
ешбір нәтижеге алып келмейді. 25 қыркүйекте тайпиндердің көсемдері Тянь-ван
Хун Сю-цбань мен Дун-ван Ян Сю-цин Ли Кай Фанның есебін алып, үлкен
әскермен Чаншаға көмекке шығады. Жолай қайтадан Лилин қаласын басып алып,
Хун мен Ян әскерлері 13 қазанда Чанша түбіне келеді.
Чаншаның қоршауын бұзбағаны үшін Цин үкіметі Сай Шан-аны император өкілі
лауазымынан алып тастап, сотқа тартады. Сонымен қатар Цин үкіметі хунань-
хубэй наместнигі Чэнь Цзюэ-бяньді қызметінен босатады. Министр
дәрежесіндегі императордың өкілі болып Сюй Гуан-цзинь тағайындалады. Оған
бүкіл әскери және азаматтық қызметтер бағынышты болады. 1852 жылдың 14
қазанында қала түбіндегі тайпиндерге Хунань мен Гуйчжоудан Цзян Чжун-юань
мен Цинь Дин-сань басқарған әскерлер тұтқиылдан шабуыл жасайды. Қанды
шайқаста тайпиндер 500-ге жуық адамынан айрылып, көп шығынға ұшырап,
жеңіліс табады. 17 қазанда Чаншаны қоршауға алған тайпиндердің бірнеше
отряды Сянцзян өзенінің арғы бетіне өтеді. Чаншаны қоршап тұру ұзаққа
созылып, тайпиндерге ешбір нәтиже бермейді. Манчжур-цин командованиясы
Чанша қорғанысындағыларға көмеке әскер жібереді. Көтерілісшілер қоршауда
түсіп, енді шабуылдаушылардан қорғанушыларға айналады. Тайпин армиясы үшін
өте қиын жағдай туды. 1852 жылдың 30 қарашасында тайпиндер қаланы қоршап,
шабулдауын тоқтатып, түн ортасында Сянцзян өзенінің оң жағалауына өтіп, өз
күштерін ұсақ бөлімдермен оңтүстікке аттандырады. Манчжурлар тайпиндердің
барлық армиясы оңтүстіктегі Сянтянге кетті деп ойлайды да, артынан қууға
батпайды. Бұл үкімет әскерлерінің қателігі болады. Өйткені тайпиндер жолай
Нинсянь, Иян, Линбиньнен өтіп, Йочжоуды басып алады. Қалада кідірмей
тайпиндер жергілікті халықтан 5 мыңдай үлкенді-кішілі 5 мың қайық алып,
Янцзының төменгі ағысына бет алады [16. 114 б.].
Уханьды басып алып Тайпин армиясы қалада өздерінің тәртібін орнатты.
Қалада ерлер мен әйелдерге жатақханалар берілді, тұрғындарды есепке алып,
санақ жүргізілді. Учанның Жылқы базарында және басқа да жерлерде мінберлер
құрылып, онан көтеріліс басшылары халықтың алдында сөз сөйледі. Олар
көтерілістің мақсаттарын түсіндірді, қылмыскерлер неге жазалануы
қажеттілігін айтты, халықты Жоғары билеушіге табынуға шақырды. Тайпин
басшылығы қарияларға, мылқауларға, соқырларға, мүгедектерге арналған
жатақханалар ашып, онда оларға көмек көрсетуді ұйымдастырды. Сонымен қатар
олар өз армиясын қайта жасақтап, шығысқа жорық жасауды ұйымдастырды. Тайпин
армиясында тәртіп қатаң болды және ол шаруалардың қолдауына ие еді.
Уханьнан айрылғаны үшін цин үкіметі Сюй Гуан-цзинді Гуандун-Гуанси
провинцияларының басышылығынан алып тастады. Сян Жун Гуанси губернаторы
лауазымынан айрылды, бірақ оған бүкіл әскери істерді басқару туралы бұйрық
берілді. 1853 жылдың 29 қаңтарында губернатор Сян Жун, генерал Хэ Чунь және
губернатор Субутунга бастаған әскерлер Учанға шабуыл жасады. Сяогушань
түбінде тайпиндер соққысына шыдамай бұл әскерлер қаша жөнелді. Цин үкіметі
императордың өкілі Ци Шаньға таңдаулы әскери күштерді алып, Хубэйге
аттануды және тапиндердің шығысқа жорығына тосқауыл қоюды бұйырды. Осы
уақытта ірі жериеленушілердің жасақтарын басқаратын Цзэн Го-фань? Чаншаға
келіп, генерал-ревизор Чжан Лян Цзимен қаланы қорғауға бұйрық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz