ТАЛАНТ ЖӘНЕ ТАҒДЫР
Социалистік Қазақстан,
№166 (1904), 16 июль 1988.
ТАЛАНТ ЖӘНЕ ТАҒДЫР
Онымен Ленинградта кездестік. Онымен Алматыда жүздестік. Соның бәрінде
тағдыр соққысын көп көрген талант мұқалмай, мұңаймай ойлы да жігерлі әңгіме
айтты. Бастан кешкен бейнетті әзіл-қалжыңмен әдіптеп өмір жолы – өнер
жолынан сыр шертті. Жайдары таланттың өмір жолы өзге қаламгерлер
өмірбаянына ұқсай бермейтін еді. Сол себепті жолыққанда сұрақ та, жауап та
жазушылық тағдыры жөнінде өрбіді. Ол кім? Ол – Қазақстанға Ленинград
жазушыларын басқарып келген драматург, жазушы һәм тарихшы ғалым Даниил
Натанович Аль...
– Тарихшы В. Ян Шыңғысхан өмірін беріле зерттеп жүрді. Бір күні қаһарлы
қаһан зерттеушінің түсіне кірді. Яки қолбасшы тарихшыны қылғындырып,
буындырып өлтірер халге әкелді. Қара суға түсіп қиналған В. Ян үрейден
оянып кетті. Оянып кетіп ойланып көп отырды. Сол күннен бастап ол
ғылымды тастап Шыңғысхан жайлы романдар циклын жазуға отырды. Ал белгілі
тарихшы ғалым, тарих ғылымының докторы Даниил Натанович Аль қалай жазушы-
драматург-комедиографқа айналды?
– (Жазушы алдымен күлді. Содан соң мұңайды. Әрі қарай әңгіме шертті).
Расында мен тарихшы ғалым болуды алдыма мақсат етіп қойғаныммен
драматург жазушы болуды армандаған жан емен. Мені жазушы еткен тағдырдың
өзі. Қалай дейсің ғой. Сіздер атақты Ленинградтық іс алатын, талай
жанның түбіне жеткен зәрлі оқиғаны білесіздер, әрине. Соның шарапаты
бізге де тиді. Салтыков-Щедрин атындағы кітапхананың директоры Л.Раков
және бас библиограф болып істейтін мына пақырыңыз сол іспен сотталған.
Тағдыр айдауымен бақандай бес жыл алыста жүріп қайттық. Қиындық
қылбырауын көрген соң өз басымыздан кешкен халді тағдыр ісі деп
жайбарақат қарай алмадық. Кесімді жазаны өтеп келген соң мәселенің
қайдан, қалай шыққанын, себептерін тереңінен қазып, зерттедік. Содан
мәселеде Сталин бастаған әкімшіліктің мансапқорлық, әкімгершілік, аярлық
әрекеттері жатқанына көз жеткізіп олармен іштей күреске шықтық.
Гуманитарлық мамандық иелерінің мұндай да күрес әрекеті қандай болмақ?
Біз оларды сахнаға шығарып әшкерелеуді ойладық. Тағдырласым, әрі
әріптесім Л.Раков екеуміз тізе қосып, алдымен Жауыңнан да хауіптірек
аталатын пьеса жаздық. Қиын жазылды. Ұзақ жазылды. Ұзамай Ертеңгі күн
не айтар екен? деп аталатын комедия жаздық. Екеуінде белгілі режиссер
Н.П.Акимов комедия театрына қойды. Мен осылай комедиографтық жолымды
бастадым. Бүгіндері КПСС Орталық Комитеттің бас секретары М.С.Горбачев
мансапқор-әкім бәрінен де қауіптірек екенін айтқанда тақырыпты шығармаға
дұрыс тапқанымызға іштей қуанамыз.
– Сатираны халық сүйеді. Бұған дауа жоқ. Бірақ оны жақтырмайтындар да
жеткілікті. Тоқырау жылдарында жанр қиындығынан жапа шеккен жағдайыңыз
бар ма?
– Біз қазіргі уақытта көне дәуірлерде тасқа қашалған белгілердің өзінен
сатиралық от көргендей боламыз. Осыған қарағанда қай уақытта да адамзат
баласы өзінің кемшілігіне күле қараған секілді ғой. Асылы К.Маркстың
адамзат өзінің өткенімен күліп қоштасады деген пікірі тауып айтылған.
Күлкіні халық сүйген. Халық сүйген кәсіпті шен-шекпенге малданған кейбір
әкімгершіл топтың тыймақ болуы бос әурешілік деп ойлаймын. Әйтсе де
тоқырау кезеңінде сатирикті шектеу, комедиографтың пьесасы бойынша
қойылған спектакльді сахнадан алып тастау болмай қалған жоқ. Бұған
басқаны қоя тұрып Михайл Зощенконың тағдырын атасақ та жеткілікті. Азды-
көпті мұндай жағдай бәріміздің де басымыздан өтті. Бірақ мен комедиограф
қана емес документалист, тарихшы драматургпын да ғой. Мәселен Шындық!
Тек қана шындық! деп аталатын пьесам бойынша атақты режиссер Г.
Товстаногов Ленинградтың Үлкен театрына спектакль қойды. Сондықтан
сатирадан теперіш көргенде тарихи және документальді драматургияға
ойысамын. Бірақ сатира уытын ешуақытта ұмытпан. Прозалық шығармаларымның
өзіне араластырып отырамын. Әйтпесе прозам бар, ғылымым бар, соның
біріне ойыса қоямын. Қысқасы жазушыға жанр тараңдық етпейді. Қайта біз
жанр талабынан табылмай қалатынымыз болады. Әйтпесе халық сүйген жанрға
азғантай тараң ойлайтын әкімдер мен шенелген мансапқорлар кедергі
келтіре алмайды. Қазіргі қайта құру кезеңінде қоғамға сатира
бұрынғысынан да керегірек. Ол кемшілікті қатты сынап, алға қойған
мақсатымызға тезірек жетуге болысуға тиісті. Сатира – өзіне сенгендердің
қаруы.
– Өзіңіз айтқандай проза да төл жанрыңыз. Жақында ғана жарық көрген
Өлуге бұйрық болған жоқ деп аталатын кітабыңыз да бұған дәлел.
Социалистік Қазақстан газеті бір әңгімеңізді таяуда жариялады.
Прозадағы соқпағыңыз қалай басталды?
– Рахмет! Бұл ғылыммен сабақтас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz