Анализаторлардың жас ерекшеліктерінің физиологиясы: сенсорлық жүйе және көру мен есту талдағыштары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы, организмнің сенсорлық жүйесі, көру есту анализаторы.

Жоспар:

1. Талдағыштар туралы жалпы түсінік.

2. Талдағыштардың ортақ қасиеті

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. З. М. Алиакбарова.

Мектеп гигиенасының негіздері

Алматы 1985

  1. Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова

Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы

Алматы 2003

Талдағыштар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді. Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. Висцералис - ішкі мүшелерге қатысты) яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе. Барлық талдағыштар 3 бөлімнен турады:

1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды;

2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те атайды;

3) орталық немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.

Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан турады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады ( рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін еске түсірініз) .

Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.

Талдағыштардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысыңда орналасқан сезім орталықтары қурады. Мысалы, көру талдағышының сезгіш рецепторларына көз алмасында орналасқан таяқша және сауытша пішінде жарық қабылдағыш рецепторлар-фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервтерінен тұрады да, қыртыс бөліміне ми қыртыстарының желке тұсында орналасқан ми сыңарларының көру орталығы, яғни Бродманның 17, 18, 19 аймақтары жатады. Көру орталығында жоғары дәрежедегі талдау мен талқылау жасалады және заттың бейнесі туралы сезім пайда болады.

Талдағыштардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау - алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.

Тітіркендіргіштің әсерін рецепторларда қозу толқындары ( қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді. Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана қоймай аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасайды. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқыланған кейін рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады. Талдағыштардың орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет. Былайша айтқанда шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді.

Талдағыштардың ортақ қасиеттері.

Талдағыштардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:

1. Талдагыштардың рецепторлары өзіне тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. Адекватус-теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Талдағыштардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады. Көру талдағышы үшін жарық сәулелері, есту талдағышына дыбыс толқындары, иіс талдағышына -жеңіл химиялық заттардың иісі сай келеді. Дәм талдағышы еритін химиялық заттар адекватты тітіркендіргіштер.

2. Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіріп келгенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін заттар көріне бастайды. Немесе, тұзды тамақ алғашқы кезде ащы болып сезілгенімен, кейіннен ол сезім жойылады, астың тұзы дұрыс секілді болады. Ал содан кейін тұзы дұрыс асты жей бастаса, алғашында оның тұзы аз сияқты болып, кейіннен сезім қайтадан қалпына келеді. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенде әтірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей келеді. Бұл мысалдардың бәрі талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күшіне тез бейімделетінін дәлелдейді.

3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және, керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған оқушы маңайындағы көлденең дыбыстарды естігенімен мағынасын түсінбейді.

4. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметің жартылай болса да өзіне алады. Мысалы, соқыр адам жерге тиген таяқтың ұшінің дыбысынан қай жерде жатқанын аңғарады немесе қолымен сипалап затты, даусынан адамды таниды т. б. Мұндай жағдайда ауру талдағыш пен сау талдағыштардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар пайда болады. Біздің мысалымызға соқыр кісінің көру орталығы мен дыбыс, иіс, тері сезімдері орталықтарының арасында жүйкелік байланыс пайда болады.

5. Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, ұшқыштар тепе-теңдік (вестибулярлық аппаратын) мүшесін жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын төмендеткендіктен ушып келе жатқан ұшақтын ішінде еркін қозғалып ұзақ жүре алады. Ал жай жолаушы ушып келе жатқан ұшақтын ішінде ұзақ уақыт түрегеліп жүрсе, жүрегі айнып, басы айналып құсуы мүмкін. Әткеншекті көп тепкен бала көлікте ұзақ жол жүре алады.

Көру талдағышы. Көру талдағышының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішіміді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне көру жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына көзуды тасиды. Көру талдағышының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады. Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көру және есту анализаторларының физиологиясы, жас ерекшеліктері және гигиенасы
Анализаторлардың жалпы теориясы және көру мен есту анализаторларының құрылысы, жас ерекшеліктері мен гигиенасы
Есту талдағыштары: құрылымы, жас ерекшеліктері және гигиеналық профилактика
Есту, көру және сөйлеу органдарының анатомиясы, физиологиясы және патологиясы
Сезім анализаторларының құрылысы мен физиологиясы: көру, есту, иіс, дәм және тері
Балалардың көру және есту талдағыштарының анатомиялық-физиологиялық дамуы мен жас ерекшеліктері
Анализаторлардың анатомиясы мен физиологиясы: рецепторлар, жіктелуі және қызметі
Көру талдағышының құрылымы, физиологиясы, жас ерекшеліктері және көру гигиенасы
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы: өсу-даму заңдылықтары, жүйке мен сенсорлық жүйелер, ішкі секреция бездері
Көру және есту анализаторларының құрылысы мен қызметі: мектеп жасындағы физиологиялық және гигиеналық аспектілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz