Тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)


Бүгінде Қазақстан нарығындағы өзіміз тұтынып жүрген жеңіл өнеркәсіптік тауарлар көлемінің 10 пайызы ғана отандық өндірістің үлесіне тиеді екен. Егер қазіргі шеттен келіп жатқан тауарлар легі бір күнде тоқтап қалса, сонау 1990 жылдардағыдай қаңырап қалатын сөрелерді көз алдыңа елестету қиын емес. Яғни біз бүгінде шет елдік тауарларға тәуелдіміз.
Сауда үйлеріндегі сапалы киімдердің бағасы шамадан тыс қымбат. Бағалы аң терісінен тігілген тондардың бағасы арзандап көрген емес. Қазір жұрт несие арқылы қалаған киімін сатып алып жүр. Бұған да шүкірлік дейсің. Сапалы ерлер жейдесі - 3-4 мың теңге, той-томалаққа киетін кәстөм-шалбар 10 000 теңгеден бастап жоғарылай береді. Ал жазғы аяқ киімдердің 10-15 мың теңге болғанын кім көрген. Сатып тұрғандар «Соңғы еуропалық үлгіде тігілген, сапалы, көп киіс береді» деп мақтауын келістіріп-ақ жатады. Бірақ біздің қалаларда шет елдердегідей теп-тегіс, асфальталған жол қайдан болсын, әбден жемірілген ойқы-шойқы жолмен саз-батпақты бір кешіп өткен соң-ақ жылтыраған шет елдік аяқ киімнің пішіні өзгеріп сала береді. Сондықтан көп жұрт маусым сайын арзан аяқ киім алып ауыстырып отыруға үйреніп алған.
Республикамыздағы бір кездері дүрілдеп тұрған киім тігетін кәсіпорындардың бүгінде бірі жоқ. Еліміздің қай түкпіріне барсаңыз да, міндетті түрде Қытай тауарына кезігесіз. Сыртқы түрі, тігілу үлгісі көңілдегідей, ең бастысы бағасы арзан. Соған қызыққан жұрт Қытай тауарларын алып жатады. Ал отандық бірлі-жарым кәсіпорындардың бағасы удай, сапасы төмен өнімдерінен жұрт әлдеқашан бас тартқан. Сапалы киім іздегендер тіпті әлдекімдер киіп тастаған таразыға тартылатын шет елдерден әкелінген киім-кешек сататын дүкендерді жағалайды. Бүгінде аталмыш сауда орнына жұрт көп келетіндіктен, ондағы киілген киімдердің де бір келісі 2000-3000 теңгеге жеткен.
Кезінде қазақтың қылшық жүнді қойының жүнінен жасалған тоқыма бұйымдары Батыстың өзін тамсандырғандығы белгілі. Тіпті жеңіл өнеркәсіпті өркендетуде әлемнің көшбастаушы елдерінің санатында тұрған Қытайдың өзі «қазақтың жеңіл өнеркәсібінің болашағы мол» деп болжаған екен. Бұл екі мыңыншы жылдардың басы еді. Ал 2004-2006 жылдар аралығында республикамыздағы жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы ішкі жалпы өнімнің небәрі 1 пайызынан да аспады. Республиканың өңдеуші өнеркәсібінде бұл сала өндіріс көлемі жағынан құлдырау үрдісі бар жалғыз сала болып отыр. Елге сырттан келетін тауарлар легі артып, тоқыраудан аман қалған санаулы кәсіпорындардың өнімі шетелдік өнімдермен бәсекелестікке шыдай алмай құлдырауға ұшырауда.
Экономикасы жақсы даму үстіндегі Қытайдың өзі қазақтың жеңіл өнеркәсібінің болашағына сенсе, біз кезінде ұтымды мүмкіндіктерді қолдан жіберіп алғандаймыз. Еселеп салынатын салық түрінен әбден мезі болған отандық кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіппен айналысқаннан гөрі, шикізат өндіруді анағұрлым тиімді санайды. Сондықтан қазір елдегі базар нарығында отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінен гөрі, өзгелердің тауарының бағы жанып тұр.
Жеңіл өнеркәсіп саласын «сауықтыру» үшін Экономикалық даму және сауда министрлігі дағдарыстан шығудың түрлі тетіктерін қарастырған болып жатыр. Тіпті бұл салаға «жеке министрлік қажет» деген бастама да аракідік көтеріліп қалады. Ал экономика сарапшылары жеңіл өнеркәсіпті өркендетуде бақылаушы ғылыми орталықтар құру, өзімізден шығарылатын отандық өнімге салық түрін төмендетіп, сырттан келетін тауарларға керісінше салық көлемін көбейту, сондайақ шикізат өндіріп, өңдеуден дайын өнімге дейін жұмыс жасау, яғни кластерлік жүйені қалыптастыру мәселелеріне аса мән берілуі қажеттігін айтады. Бағамдасақ біз сыртқы сауда нарығына шикізат түрлерінің 90 пайызын шығарады екенбіз. Өзге ел бізден алған шикізатты дайын өнімге дейін жеткізіп, оны өзімізге сан алуан тауар түрінде қайыра сату арқылы мол табысқа кенеліп отыр.
Статистика мәліметтеріне сүйенсек, 2000-2007 жылдар ішінде республикамыздың өнеркәсіп құрылымында тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесі 2, 0-ден 0, 6 пайызға дейін төмендеген екен. Шет елдерде экономиканың бұл секторы бюджет табысының 20-30 пайызын құрайды. Экономиканың басқа бірде-бір секторы дәл осындай табыс әкеле қоймайды. Оның үстіне жеңіл өнеркәсіп әйелдерді жұмыспен қамту мәселесін де шешеді. 1990 жылдары Қазақстанда осы салада 200 мыңнан аса адам еңбек еткен болса, қазіргі күні бұл көрсеткіш он есеге дейін қысқарған. Бұл дегеніміз жеңіл өнеркәсіп саласының жылдан-жылға кері кетіп бара жатқандығын айғақтайды. Экономикалық қарқынды өсу кезеңінде жеңіл өнеркәсіптің дәл осындай тығырыққа тірелуінің себебі неде? Бірқатар мамандардың айтуынша, үкімет бұл саланы болашағы жоқ сектор деп есептен мүлдем шығарып тастаған.
Экономикалық зерттеумен айналысатын мамандарының пікіріне сүйенсек, қазіргі тұтыну нарығындағы тауарлардың 30-50 пайызының тауарлық белгісі жалған. Бұл тауарлар көбіне контрабандалық жолмен әкелінеді. Тіпті көбінде тауар белгісі де жоқ. Сырттан тасымалданатын балалар аяқ киімі, ойыншықтар мен сырт киімдердің 6070 пайызы, косметикалық бұйымдар, ыдыс жуатын заттардың, аяқ киімдердің 80 пайызы, дәрідәрмектердің 4050 пайызы, сондайақ спиртті ішімдіктер, темекі өнімдерінің басым бөлігі жалған тауар белгілерімен сатылады екен. Екінің бірі сарапшы емес. Оның шын мәнінде қайда, қашан, қандай сапамен жасалғанын бағамдап жатқан ешкім жоқ.
Қазақстанға шетелдік тауарлардың ене бастағанына көп болған жоқ. Сондықтан бізде арнайы түсіндіру, ара-жігін ажырату жұмысымен айналысатын институт қалыптаспаған. Осыны пайдаланған тауар тасымалдаушылар Қытайдан қарақшылық жолмен әкелінген тауарын Ирандікі деп, Ираннан әкелінгенін Германияға немесе Түркияға теліп, Түркиянікін Үндістан тауарына балап, аңқау тұтынушыны алдап жүр. Әсіресе Қытайдан тауар тасымалдаушылар сол жақтан «Америкада жасалған» немесе «Жапонияда жасалған» деген сияқты тауар белгілерімен жертөлелердегі астыртын цехтарда шығарылған кооперативтердің тауарларын көз алдап саудалап жатыр. Тұрмысы төмен халық қазір тұтынатын затын супермаркеттерден емес, қара базардан сатып алуға мәжбүр.
Адам баласы үшін күнделікті тіршілікте онсыз өмір сүру мүмкін емес заттар болады. Соның бірі - аяқ киім. Бүгінде Қазақстанда тері өңдеуаяқ киім саласында 32 кәсіпорын жұмыс істейді екен. Бір қарағанда бұл аз емес сияқты. Дегенмен осы 32 кәсіпорынның жұмыс істеу қуаттылығы бар болғаны 20 пайыз төңірегінде ғана. Сондай-ақ олардың бәрі дерлік арнайы тапсырыстармен ғана жұмыс істеп, өз өнімдерін еркін саудаға шығара бермейді екен. Қара базарларда отандық аяқ киімдердің жоқтығы да осыдан. Тек мемлекеттік тапсырыспен қалт-құлт тірлік кешіп жатқан саны бар да, сапасы жоқ бұл кәсіпорындардың шет елдік тауарларға қарсы тұруға қауқары жоқ.
Бүгінгі күні терітерсекті өңделмеген күйінде сыртқа тасу тиімді деп есептелініп жүр. Көптеген ұсақ фирмалар мен жеке кәсіпкерлер жүйесі арқылы ауылдардан су тегінге сатып алынған мал терілері шикізат күйінде Қыт
кетіп жатыр. Ол жақтан дайын өнім 2күйінде өзімізге 01қайта оралады. Бұдан, әрине, мемлекет бюджетіне түсіп жатқан айтарлықтай табыс жоқ. Рас, кәсіпкерлер патент алу үшін боларболмас төлем төлеген болады. Ал өзге елдер болса бюджеттеріне тұрақты салық түсіп тұратын аяқ киім өндірісі нарығын сақтауға үлкен мән береді.
Қазір Семей, Петропавл аймақтарындағы тері кәсіпорындары қаңырап бос тұр. Есесіне біз қытайлық кәсіпкерлерді жұмыспен қамтамасыз етудеміз. Мүмкін біздің қарапайым халық үшін дәл қазіргідей ағылып келіп жатқан арзан аяқ киім керек те шығар. Дегенмен болашағымызды ойласақ, үкімет тері шикізатын су тегінге сыртқа жөнелтуге жол бермеуі тиіс. Импорттық аяқ киім сапасының төмендігі айналып келгенде халықтың қалтасын қағып жатыр. Америкалықтардың «мен арзан тауар алатын соншалықты бай емеспін» дейтін қағидасын екінің бірі білгенімен, бәрібір сол арзанқол тауарларға ұрынып, екі есе шығынға ұшырап жатқанымыз да сапасыз импортпен базарды толтырып тастағанымыздың салдары болса керек. Қытай ғана емес, басқа елдерден келген аяқ киімдердің де көпшілігі ары кетсе бір маусымдық қана. Себебі оның бәрі сапасыз, арзан материалдардан тігіледі. Сапасыз иленген терінің аяқты неше түрлі ауруға ұшырататынын да дәрігерлер айтып жатыр. Мұның бәрі айналып келгенде отандық аяқ киім өндірісінің дамымай отырғандығының салдарынан екендігі анық.
1 шілдеден бастап Кедендік одақ күшіне енді. Бұрын шет елдік өнімдердің тасасында қалып келген отандық жеңіл өнеркәсіп өндірісінің тауарлары енді кедендік салықтан мүлдем босатылатын Ресей мен Беларусьтің өнімдерінің көлеңкесінде жоғалып кетер ме екен деген күмәнді ой келеді. Алматыдағы атақты аяқ киім шығаратын «Жетісу», киім тігетін «1 май» фабрикалары, Шымкенттегі «Восход», Қызылорданың аяқ киім фабрикасы, 20 мыңнан астам қыз-келіншек еңбек еткен Алматы мақта-мата комбинаты бүгінде жоқ. Ендеше Кедендік одақ, одан әрі Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер болсақ, әлемдік сапалы жеңіл өнеркәсіп тауарларына бәсекелес боларлық отандық өндірісімізді қалыптастыру мемлекеттік маңызы зор мәселе ретінде күн тәртібінде бірінші болып көтерілуі қажет.
ӘОЖ 338. 33:664(043) (574. 5) Қолжазба құқығында
ТУРЫСБЕКОВА ГУЛЬЖАН КУРАЛБАЕВНА
Тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру
(Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
08. 00. 05 - «Экономика және халық шаруашылығын басқару»
(салалар мен қызмет сфералары бойынша)
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2010
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды
Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының докторы,
профессор Тажибаев С. Д.
Ресми оппонентері: экономика ғылымдарының докторы,
профессор Мизанбекова С. К.
экономика ғылымдарының кандидаты,
доцент Желдибаев А. Е.
Жетекші ұйым: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті
Қорғау 2010 жылы «08» шілдеде сағат 14. 00-де Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 15 диссертациялық кеңес мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы.
Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы 7 маусымда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, экономика
ғылымдарының докторы, профессор Раимбеков Ж. С.
Кіріспе
Диссертациялық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған жолдауында (2010ж. ) атап көрсеткендей, экономиканы таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген дамуы жедел диверсификациялау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Себебі, Қазақстан экономикасының қазіргі даму кезеңінде өндірісті диверсификациялау үрдістері өндірістерде инновациялық прогресс жетістіктерін қолдануға, өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіруге, экономиканың шикізаттық бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.
Қазіргі әлемдік экономиканың қарқынды дамуы мен жаһандануы, сыртқы ортаның анықталмаған жағдайы қоғамның барлық салаларына маңызды әсер етуші диверсификацияны тәуекелділікті азайту мен бәсекелестік қабілеттілікті арттыру тәсілі ретінде қолдануды қажет етуде. Ауылшаруашылық шикізатын, әсіресе, тамақ өнеркәсібі саласында терең өңдеудегі халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы отандық тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологияны дамыту елімізде басымды стратегияның біріне жатады.
Тамақ өнеркәсібі саласында қоғам үшін өмірлік маңызды өнімдер өндірілуіне байланысты, бұл саланың қазіргі жағдайы мен іс жүзіндегі даму қарқыны мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі және елдің ішкі азық-түлік нарығындағы тұрақтылықтың негізгі факторы болып табылады. Сонымен бірге, тамақ өнімдерін өндіру барысында механикалық үрдістермен бірге химиялық, биологиялық және басқа да әртүрлі ерекше заманауи үрдістер қолданылуына байланысты тамақ өнімдерін өндіруші өнеркәсіп шикізатты өңдеуші салардың аса күрделі түріне жататындығы ескерілуі қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, азық-түлік қауіпсіздігінің шегі жалпы осы өнімдерге деген қажеттілік көлеміндегі импорт арқылы қамтылу үлесі 20% деңгейімен бағаланады. Ал, ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметтері бойынша Қазақстанда қазіргі таңдағы сүт өнімдерінің 40%, ет өнімдерінің 29% және көкөніс өнімдерінің 43% шет елдерден жеткізіледі, басқаша айтқанда, аграрлық өндірістің ірі әлуетіне ие бола тұрып, еліміз отандық тамақ өнеркәсібі өнімдерімен қамсыздандырудың төмен денгейімен сипатталды.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі өндірісіндегі орын алған кемшіліктер осы саладағы диверсификациялау үрдісінің жетімсіз болуы және оны жүзеге асырудың тиімді жүйесінің құрылмағанымен түсіндіріледі. Осы саладағы кәсіпорындар бәсекелестік нарық жағдайында тұрақты және тиімді қызмет етуін арттыру мақсатындағы даму стратегиясын тандау барысында диверсификациялау бағыттарын іздестіріп, оған әсер ететін негізгі факторларды анықтап, олардың құрамы мен толықтығына баға беру арқылы нақты жағдайда және дер кезінде іске асыруы, сәйкесінше басқарушы тиімді шешімдерді қабылдауы аса жоғары маңыздылыққа ие.
Сондықтан, тамақ өнеркәсібі өндірісінің диверсификациялау ерекшеліктерін анықтау, оның көлемі мен тереңдігіне баға беру, бәсекелестік нарықтағы диверсификациялау стратегиясының бағыттары мен тиімділігін анықтау маңызды болып табылады.
Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру жолдарын анықтау қажеттілігі зерттеу тақырыбын тандау себебі ретінде атап өтсе болады.
Мәселенің ғылыми зерттелу деңгейі. Жалпы диверсификация түсінігінің әртүрлі тармақталған мәні мен мағынасына, түрлері мен бағыттарына, мақсаттарына байланысты сұрақтары мен негізгі мәселелері келесі шет елдік және ресейлік авторлардың еңбектерінде қарастырылады: М. Горт, Е. Есинара, Р. Акофф, И. Ансофф, Й. Шумпетер, В. Вейнхолд, Дж. Гибсон, Я. Корнай, Ф. Котлер, М. Портер, Д. Росса, М. Салтер, А. Дж. Стрикленд, А. А. Томпсон, М. Трейси, Ф. Шерера, П. Друкер, П. Хейне, М. Паскье, Р. Кунц, Л. Абалкин, Г. Л. Багиев, В. В. Губанов, И. М. Кублин, Г. И. Немченко, Р. Б. Ноздрева, Л. И. Цыгичко және басқалары. Диверсификациялаудың жалпы және салалық мәселелері бірқатар қазақстандық авторлардың еңбектерінде де қарастырылған, олар: Б. Ахметжанов, Ж. Бельгибаев, Б. А. Жапбасова, С. С. Сатубалдин, С. Курмангалиев, С. К. Мизанбекова, С. Д. Тажибаев, Р. С. Каренов, Ж. М. Шаекина, А. Е. Желдибаев, М. Кенжегузин және басқалары.
Диверсификация негіздері белгілі дәрежеде зерттелгендігіне қарамастан, Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісін диверсификациялау үрдісінің мақсаттары мен бағыттары толық зерттелмеген, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жаңа индустриалдық ортада әртүрлі тұтыну нарықтарындағы бәсекелестік шепті нақтылайтын диверсификация стратегиясының ерекшеліктері толық анықталмаған. Сонымен қатар, диверсификациялауды шекті параметрлерден асыра пайдалану кері жағдайға алып келетіндігін ескеретін диверсификациялаудың оңтайлы нұсқасын таңдауды қамтамасыз ететін көрсеткіштер, диверсификацияны бағалау әдістері әлі де толық негізделмеген.
Бұл мәселелердің мұндай қарама-қайшылығы және толық зерттелмеуі диссертация тақырыбының өзектілігі мен тәжірибелік маңызын анықтайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты бәсекелестік нарық жағдайындағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау бағыттары мен оған әсер етуші факторларды талдау негізінде кәсіпорындарындағы диверсификациялау үрдісін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Берілген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысына келесі міндеттер қойылды:
- «диверсификация» ұғымының анықтамаларын мағынасына қарай топтастыру негізінде тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау анықтамасын нақтылау;
- өнеркәсіп өндірісін диверсификациялау үрдісін зерттеу арқылы оның жалпы ұстанымдары мен теориялық-әдістемелік негізін айқындау;
- Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі өндірісіндегі диверсификациялау үрдісінің негізгі бағыттары мен қазіргі жағдайын талдау негізінде оның ерекшеліктерін анықтау;
- тамақ өнеркәсібі өндірісі диверсификациясына әсер етуші факторларды бағалау;
- Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдістерінің негізгі бағыттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар беру және диверсификациялаудың тиімді нұсқасын таңдау алгоритмін құру;
- тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы диверсификациялау үрдісін жетілдіру нәтижесінде пайда болатын экономикалық тиімділікті бағалау әдістемелерін негіздеу.
Зерттеу нысанына Оңтүстік Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары жатады.
Зерттеу пәні ретінде тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірісті диверсификациялау үрдісіндегі ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастары болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі экономикалық теорияның жалпы заңдылықтары мен категориялары, экономикалық ғылымның әртүрлі мектептері мен бағыттарының өкілдерінің еңбектері, қазіргі отандық және шет елдік ғалымдардың монографиялық еңбектері болып табылады. Зерттеудің теориялық негізі ретінде диверсификациялау мәселелері бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми тұжырымдалған ұсыныстары қарастырылады. Танудың әдістемелік ұстанымы ретінде жүйелік әдіс қолданылды, сонымен қатар, диалектика, себептілік және функционалдылық ұстанымдары да қолданылады. Зерттеу барысында келесі жалпы және жеке ғылыми әдістер қарастырылды: диалектиканың талдау және синтез әдістері, жүйелік-функционалдық, тарихи-логикалық әдістер, абстрактілі-логикалық, есептеу-конструктивті, экономикалық-статистикалық, нормативті, эксперттік бағалау және экономикалық-математикалық модельдеу.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Жарлықтары, Қаулылары, ҚР Президентінің Жолдаулары, ҚР Қаржы және Ауыл шаруашылығы Министрліктерінің, Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасының және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының материалдары қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы қалыптасқан бәсекелестік нарық жағдайындағы өндірісті диверсификациялаудың теориялық аспектілерін нақтылау, Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдірудің стратегиялық бағыттарын негіздеу және оның тиімділігін бағалау әдістемесін ұсыну болып табылады. Ғылыми жаңалыққа ие негізгі нәтижелер ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:
- диверсификация анықтамаларын жіктеу негізінде кәсіпорынның даму стратегиясын жетілдіруге бағытталған тамақ өнеркәсібі өндірісін «диверсификациялаудың» анықтамасы нақтыланды;
- экономикалық тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етуші тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялаудың жүйеленген бағыттары мен нақтыланған ұстанымдары ұсынылды;
- Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі өндірісінің әрбір бағытының мақсаттары мен ерекшеліктері зерттеліп, олардағы диверсификациялаудың басым бағыттары анықталды;
- экономикалық-географиялық орналасу ерекшеліктерін, өнімдердің өндіріс тізбегінде болуын және соңғы өнімді өткізумен, шикізат базасымен арақатынасын ескеретін тамақ өнеркәсібі өндірісі диверсификациясын жетілдіру стратегиясы ұсынылды;
- кәсіпорын өндірісі диверсификациясының тиімді нұсқасын таңдау бойынша шешім қабылдауға арналған алгоритімі және диверсификациялаудан алынатын синергетикалық эффектіге баға берудің әдістемесі жасалды.
Диссертациялық жұмыстың қорғалуға шығарылатын негізгі тұстары:
- диверсификация ұғымының анықтамаларын топтастыру жіктемесі және тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялаудың нақтыланған анықтамасы мен ұстанымдары;
- Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының диверсификациялау үрдісінің бағыттары мен ерекшеліктері және оған әсер етуші факторларды бағалауға негізделген диверсификациялауды жетілдіру мақсаттары мен бағыттары;
- Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының диверсификациялау үрдісін бәсекелестік нарықта жетілдіру стратегиясы;
- диверсификацияның тиімді нұсқасын таңдауда шешім қабылдау алгоритімі;
- тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялаудағы синергетикалық эффектіні бағалау әдістемелері.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы. Жұмыста диверсификациялаудың негізгі мәні, түрлерінің жалпы түсінігі және оның кәсіпорын дамуына әсері анықталған. Зерттеудің тәжірибелік маңызы ретінде диверсификациялау тиімділігін нақты бағалау әдістемесін жасау және тамақ өнеркәсібінің экономикалық тұрақты дамуын негіздейтін ұсыныстар беру болып табылады. Берілген ұсыныстарды тәжірибеде тамақ өнеркәсібін басқарушы органдар, кәсіпкерлер, инвесторлар мен менеджерлер саланың экономикалық тұрақтылығын арттыруға бағытталған экономикалық даму стратегиясын жоспарлауда және кәсіпорынның басқару жүйесінде қолдануы мүмкін.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі және тәжірибелік қолданылуы . Диссертацияның негізгі қорытындылары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «Орталық Азия одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы» (Түркістан, 2005), «Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту» (Түркістан, 2006), «VII Сәтбаев оқулары» (Павлодар, 2007), «Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет» (Орал, 2007), «Қазақстан экономикасының индустраилды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» (Түркістан, 2010) баяндалып, осы конференциялар еңбектерінің жинақтарында жарық көрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz