Таным теориясының әдістері
Таным теориясының әдістері
Сананың негізінде білім жатыр. Философияда сол сананың пайда болуына
байланыста объективтік шындықты білуге болады. Таным адамға не үшiн керек?
Практикалық күнделікті іс үшін. Білу арқылы адам дүниеде өзiн жоғары санай
отырып, өмірге өз білімімен әсер етiп, белгілі мақсатқа жетедi.
Философияда таным барысында екi көзқарас қалыптасты: гностицизм және
агностицизм.
Гностицизм – танымның бүгiнiмен ертеңiне оптимистiк түрде қарайды.
Олардың пiкiрiнше әлемдi тануға болады. Адамның дүниенi танудағы мүмкiндiгi
өте зор. Танымның жалпы мәселелерi: оның табиғаты, бiлiм мен нақтылықтың
қатынасы, оның ақиқаттылығының шарты философияның негiзi зерттеу тарауында
таным немесе гносеология (гр. gnosis – бiлiм, logos – iлiм, сөз) деп
аталады. Шетелдiк әдебиетте бұл терминмен қатар “Эпистемология” (гр.
episteme – бiлiм, logos – iлiм, сөз) деген терминдi қолданады. Гносеология
– бiлiм туралы iлiм ретiнде әлемдi тануға болатындығына күмән келтiрмейдi.
Агностицизм (гр. agnostos – а – жоқ, терiске шығару, gnosis- бiлiм)
танымның нақты екендігіне күмән келтіреді, тану мүмкіндігін жоққа
шығарады.оның тарихы ұзақ.
Танымға қарсы алғашқы iлiмнiң бiрi – антика заманының скептицизмi. Олар
көрiнген пiкiрге қарсы пiкiр табуға болады деп ақиқат бiлiмдi мойындамайды.
Скептицизм (гр. skeptikos - қарастырушы, зерттеуші, сынаушы). Объективтік
шындықты танып білу мүмкіндігіне сенбейтін күдікке орын беретін
философиялық концепция. Скептицизм – теориядан бас тартып, практикада
мүмкiн болатын парасаттылыққа, әдеп-ғұрыпқа сүйенедi. Бұл бағыт
агностицизмге, нигилизмге алып келедi. Скептицизмнiң негiзiн қалаушылар
Пиррон мен Тимон болды. Олардың iлiмiн Секст Эмпирик және т.б. эмпиризммен
байланыстыра отырып аяқтады.
ХIХ ғасырда “агностицизм” деген терминдi 1869 жылы жарытылыс тану
ғылымдарын зерттеушi ғалым Т. Гексли еңгiздi. Агностицизмнің теориялық
негіздері XVIII ғ Д.Юмның еңбектерінде орын алған. Оның пiкiрiнше кез
келген бiлiм шын мәнiнде нақты емес, бiлiмдi ғылыми зерттеудің объектісі
ретінде қарауға болмайды. Практикалық іс-әрекет үшін негіз ретінде білімді
емес, сенім мен әдетті алуды ұсынды. Кант iлiмiнде өзіндік зат ұғымын
тануға болмайтын заттың iшкi мәнi десе, заттың сыртқы көрiнiсiн “бiзге
берiлген зат”, таным арқылы білуге болады деп жариялады. Тану мүмкiндiгi
жоқ деп Кант агностицизмдi мойындайды.
Агностицизмнiң ғылымдағы бiр түрi конвенционализм (лат. conventio –
келiсiм). ХIХ –ХХ ғғ. арасында француз математигi Анри Пуанкаре
конвенционализм концепциясын ұсынды, ол ақиқатты шартты келiсiмдiк нәтижесi
ретiнде қарады. 70-i жылдардағы ғалымдар арасындағы түсiнiктер мен
терминдер туралы дискуссияда “ғылыми техникалық революция” терминi туралы
келiсiмге келдi.
Эмпириокритицизм – (гр. empeirio – тәжiрибе, сынау) бiлiмнiң
объективтiк маңызын жоққа шығаратын Мах пен Авенариустiң идеалистiк,
субъективтiк философиясы. “Ойлау жүйесiнiң экономиясы” пiкiрлерiнде, “ойды
үнемдеу” үшiн танымның негiзгi заты - санада берiлген бейненi ғана
зерттейiк, оның артында нақты зат бар ма, жоқ па оны бiлудiң еш қажетi жоқ
деп есептедi. Екiншiден, ойлап түбiне жете алмайтын “материя” деген ұғымнан
бас тарту керек. Оны сезiм элементтерiжне бөлшектеу қажет, сонда бәрi де өз
орына келедi.
Қазіргі замандағы позитивизм Юм, Мах, Авенариустың философиялық жолын
жалғастырып отыр. Философ Рассел Мен тікелей столды танымаймын, менің
танитыным тек қана маған әсер ететін бір белгілі әрекеттер, дейді. Ағаш,
стол, үй менiң денеммен тыс, өздiгiнен өмiр сүредi бiрақ бұл құбылыстар
маған әсер еткен жоқ, оны сезiмдерiм тудырды. Олар менiң ғана емес, барлық
адамдардың сезiмiне байланысты.
Марксистiк философияда тану барысында практиканың рөлiн үш жақты
қарайды:
1. Практика танымның негiзгi және қозғаушы күшi. Бiлуге ұмтылу
практикалық қажеттiлiктен туады. Геометрия жер өңдеу үшiн, астрономия
теңiзде жүзу үшiн керек болды.
2. Практика дегенiмiз танымның мақсаты. Бiлiмдi болу бiлiм үшiн емес,
оны практикаға пайдалану үшiн керек.
3. Практика – Ақиқаттың өлшемi.
Таным мен практика қашанда бірлікте. Ең бастысы шындық, оны практика
ғана көрсетедi. Шындық дегеніміз біздің санамызда қалыптасқан ойдың
объективтік нақтылығы. Дүниенi ұғыну алдымен: эмоция, сезiну, сезiм
(адамдар мен жануарлардың, өз айналасындағы ортамен қарым-қатынасы
негiзiнде пайда болатын шағын ситуациялар, көңiл-күйлер), ес-жады, нану,
сенуге байланысты. Адам тану арқылы білімін кеңейтеді. Таным дегенiмiз өмiр
шындығын жай селқос аңғарып қана қою емес, оны қызу түрде, мақсатқа сай
бейнелеу, iс-әрекетке араластыру болып табылады. Білім ақпаратқа
байланысты. Адам білімі ақпараттан алынады. Ақпаратты білімге айналдыратын
адамның сезімі мен ақыл-ойы.
Біздің танымымыз үшін субъект қана қажет емес, сондай-ақ объект қажет.
Олар бір-бірімен өзара әрекетке түседі:
Субъект – адамның биологиялық емес, әлеуметтік мәнін білдіреді. Ол
практикалық іс-әрекет пен білім иесі. Индивид, әлеуметтік топтар, таптар
және тарихи нақтылы қоғам - объектіні өзгертудің белсенді көзі.
Объект - табиғат, қоғам, қоғамдық қатынастар, яғни, объект дегенiмiз
ақиқатты материалдық дүниенiң практикалық және теориялық тұрғыдан нақты
тарихи іс- әрекет барысында субъекті игерген бөлігі. Мысалы: Демокрит
кезiнде де электрон нақты өмір сүргенімен, адам ол кезде электронды өз
ойы мен әрекетінің объектісі ретінде айтуға қабілетті болмады.
Қоғамның тарихи өзгеруi объектiнiң де субъектiнiң де өзгеруiне алып
келедi. Екеуiнiң жетiлу дәрежесi де, сәйкес: зерттеудiң танитын объектiсiне
қарап субъектiнiң кiм екенiн айтуға болады, “досың қандай болса, өзiң де
сондайсың” деген осыдан шығады. Метафизикалық материализм, идеализм олардың
диалектикалық байланысын, тарихи қосарлана дамуын ескермейдi, сондықтан
субъектiнi не жай қабылдаушы, не ешбiр шектеуi жоқ белсендi таным иесi деп
көп қателерге ұрынады. Субъектінің әсер ететін объектісі де қоғамдық
сипатқа ие болу үшін адамның практикалық қызметінде көрінуі керек. Осы
қызметтің арқасында мәдениет жасалады, ал білім сол мәдениеттің элементі
болып табылады.
Сана танымның нәтижесі ретінде екі дәрежеден қаралады:
• Сезімдік таным (тікелей аңғару)
• Рационалдық таным (абстрактылық ойлау)
Философия тарихына үңілсек, бiлiмдi сезімдік дәрежемен шектеу немесе
сенсуализм (лат sensus - сезім, түйсік) жаңа заман философы Джон Локктан
басталады. Ол - ақылда ештеңе жоқ, білім тек сезім арқылы өткенде пайда
болады - деген ілімін ұсынады. Локк: “Әуел баста сезiмдерде болмаған нәрсе
парасатта болмайды”- дейдi. Локктың бұл ілімін өзінен гөрі оның жолын
жалғастырушылар терең зерттеді. Олар XVIIIғ. материалистері Дидро,
Гольбах, Гельвецкий болды.
Эмпиризм (гр. empeiria – тәжрибе деген сөзiнен) – бiздiң бiлiмiмiздiң
қайнар көзi – сезiмдiк тәжiрибе, адамның түйсiктерi мен қабылдауларына
пайда болған деректердi ретке келтiредi. Эмпиризм қазiргi кезде
неопозитивизм формасында өмiр сүредi. Неопозитивизмде ойды сезiмдiк
тәжiрибелермен салыстыру арқылы тексередi. Егер тәжiрибе, бiлiм немесе
логикалық сараптау арқылы дәлелденсе немесе терiстелсе (верификацияланса)
онда ғылымға жатады да қалғандары жалған болып шығады. Неопозитивизм,
кезiнде Беркли мен Юм, соңғы субъективтік идеализмде, ақыл-ой білімді
түйсіктен, жай сезiнуден алады дейді және түйсіктен ары бара алған жоқ.
Сезімдік дәрежеде болатын құбылыс үш түрлі болады: түйсік, қабылдау,
елестету. Дүниені бейнелеудің алғашқы түрі түйсік - ол объективтік
заттардың, құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер еткен кездегi жеке
қасиеттерінiң (ыстық-суық, дәмді-қышқыл т.б.) бейнесі. Объективтік
дүниенің біздің санамыздағы субъективтік бейнесі. Түйсіктер біздің барлық
білімдеріміздің қайнар көзі.Олар сезім органдары арқылы - көру, есту, дәм,
иіс, терімен сезіну ретінде пайда болады: Көру - әртүрлі түр мен реңін,
жарықтың күштілігін және т.б. толып жатқан қасиеттерін айырады. Есту-
серпінді ортаның дыбыс тербелістерін ажыратады. Дәм мен иіс құбылыстардың
химиялық қасиеттерін бейнелейді. Тері арқылы әртүрлі механикалық және
температуралық қасиеттердi ажыратамыз.
Түйсік (сезіну) өзінің түрі жағынан субъективтік, оның себебі – пайда
болуы субъектінің сезім мүшелерінің қызметімен байланысты. Түйсіктің
мазмұны объективтік, себебі ол заттардың объективтік, бізден тәуелсіз
қасиеттерін бейнелейді. Сезімдік танымның күрделі түрі - қабылдау. Жеке
заттар және құбылыстардың сыртқы көрінісін, бағытын толық бейнелейді.
Қабылдау жеке адам білімінің дамуында, танып білу барысында ерекше саты
болып табылады.
Елестету - қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ
бұрын болған оқиғалар мен заттардың сезімдік бейнесі. Елестеу: бiрiншiден,
қабылдауға қарағанда бұлдырлау, тиянақсыз болып келеді; екiншiден,
қабылдауға қарағанда неғұрлым жалпылама сипатта болады, заттың негізгі және
негiзгi емес, қосалқы қасиеттерін ажыратады; үшiншiден, бейнелердің түрін
өзгертуге, оларды қайта құруға, жаңадан көрнекті бейнелер жасауға мүмкіндік
туғызады. Елес еске байланысты, есте сақтау ми ерешелiктерiне байланысты.
Ес-жады жатқа айту, еске түсiру - қабiлетi таным барысында өте қажет, әрi
дүниенi дұрыс тануға мүмкiндiк жасайды, ұмытшақтық (куриная память) адам
өмiрiнде көптеген ыңғасыз жағдайға алып келедi.
Сезімдік танымның қатесі неде, олар немен байланысты? Негізінен сезім
мүшелерінің әрқилығына және адамның көңіл-күйіне: қуанышқа, ғашықтыққа,
қызғаншақтыққа т.б. байланысты болады. Сонымен бiрге адамдарда түйсiк,
қабылдау және елестету әртүрлi дәрежеде болады. Олай болса таным
объектiсiне таным барысында оның субъективтiк интерпретациясы (түсiндiру,
талдауы) сәйкес келмейдi. Танымдағы субъективизм егер ойлаумен түзетiлмесе,
онда практикада волюнтаризмге алып келедi.
Ойлауға, сананың рационалдық дәржесіне ерекше мән беретіндер
рационалистер (Декарт, Спиноза, Кант, Лейбниц, Гегель). Олар идея сезiмде
берiлген түйсiк, қабыладаулардың жай қосындысы бола алмайтындығына
сүйенедi. Тарихи-диалектикалық әдiстердiң қалыптаспаған кезiнде, ерiксiзден
“туа бiткен идея”, “ойлаудың” тәжiрибеге дейiн берiлген априорлық
“формалары” деген iлiмдер жасалды, олар сананың белсендiгiн қорғап
идеалистiк философияны дамытты.
Сезімдік таным секілді ойлаудың да формалары бар (ұғым, пікір, ой
қорту):
Ұғым – түйсік, қабылдау және елестің негізінде пайда болады. Ұғым - бұл
сөз, тіл арқылы құбылыстарды ажырату, сапасын түсіну. Ұғым сезімдік
бейнелеудің жай жиынтығы емес. Ұғым жеке құбылыстарды, фактілерді, тағы
басқаларды зерттеу ісін қамтитын күрделі және ұзаққа созылатын таным
барысының нәтижесі, тарихи өзгеріп, жетіліп отырады.
Пікір немесе пікірлесу. Бір зат туралы бір нәрсені мақұлдайтын немесе
теріске шығаратын ойлар - бейне, ұғымдарды салыстыру.
Ой қорыту. Пікірлердi жинақтап, топтастыру нәтижесiнде жаңадан туатын
ойлардың тиянақты жоғарғы формасы. Бұлар абстракциялық ойлау (заттың
бейнесімен ойда алдын-ала әртүрлі іс-әрекет жасау) дәрежесінде iске асады.
Бұл көрген, қабылдаған заттың мәнін, мағынасын терең талдауға, дамуын
болжауға, мақсат құруға жеткізеді.
Түсіну және түсiндiру. Жетілген санының болуы үшін түсіну керек. Ол:
1. білім мен жүйелердің арасында терең әрі тығыз байланысты орнату. Бұл
бізге жаңа заңдылықты және кейбір белгiсiз құбылыстарды ашуға көмектеседі.
2. келешекті болжауға, не болатынын айтуға мүмкіндік жасайды.
Түсіндіру - ұзақ және көп қиындығы бар процесс. Түсіндіру білімнiң бір
мөлшерiнен екіншіге ретпен көшіп отыруды талап етеді. Ғылыми ойлау мен
түсiндiруде мынадай кезеңдер (қандай да болса бiр iстi атқару тәртiбi,
орындау түрi) болып отырады.
1. Интерпретация – ақпараттың негiзiнде жасалған алғашқы топшылау,
2. Реинтерпретация – алғашқы топшылауды өзгерту,
3. Конвергенция – алғашқы қабылданған мән мен мазмұнды жөнге келтiру,
4. Дивергенция – алғашқы қабылданған мазмұнды бөлiп тастау,
5. Конверция – алғашқы мән мен мазмұнды өзгертiп, қайтадан, жаңадан
құру.
Танымның негізгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz