Оқушылардың танымдық және өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе … . . . 3

1 бөлім. Таным теориясы және оның психология-педагогикалық негіздері

1. 1 Таным теориясы және оның психологиялық-педагогикалық мәні . . . 3

1. 2 Оқушылардың танымдық және өзіндік жұмыстарының негіздері . . . 33

2 бөлім. Оқушылардың танымдық және өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері

2. 1 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру әдістері . . . 33

2. 2 Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері . . . 33

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 33

ҚОСЫМША . . . 33

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамның алға қойған көкейтесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеу тиіс. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету бүгінде көптеген ғылымдардың көзқарасы бойынша ХХІ ғасырдың іске асуға тиісті өзекті проблемасы болып табылады.

Г. Г. Лемберг, Е. Я. Голант, Д. Н. Богоявленский, Л. В. Зенков және тағы да басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өздік жұмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады.

Елбасымыздың жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»- деп сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр. Педагог К. Д. Ушинский былай дейді: «Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор.

Халқымыздың ұлы перзенті, әлемге әйгілі ғалымы, көрнекті ағартушысы Шоқан Уалиханов халық кемеліне келіп дамуы үшін екі-ақ нәрсе керек деп ерекшелеп көрсеткен: оның біріншісі - азаттық , екіншісі - білім .

Бұл қол жетпес байлықтың екеуі де біздің қолымызда бар. Үкілі үміт, асыл арман біздің келешекке деген сенімімізді арттырып, өркениеттің биік асқарына ұмтылдырады.

Мектеп - оқушылардың зейінін оқу-тәрбие үдерісінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытады, мұғалім - балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде қалыптасады. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды. Зейінсіз өткен жұмыс түрі өзінің мақсатына жете де алмайды. Бұл жөнінде К. Д. Ушинский былай деген: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, белсенді зейін балада шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек».

Білім - алдынғы ұрпақтың кейінгілеріне онтогенетикалық тұрғыда генетикалық бағдарлама мен тұлғаның әлеуметтенуіне сәйкес тұлғаны қалыптастыратын әлеуметтік маңызды тәжірибені үздіксіз берудің ұйымдастырылатын және реттелетін үрдісі мен оның нәтижесі.

Әр елдің ұлттық білім беру жүйесінің ауқымы, құрылымы және экономикасы, ғылымы, мәдениетімен өзара әсері түрлі болғандықтан, білім беру жүйесінің шығу түрі де әртүрлі. ХХІ ғасыр - ақпараттық, қоғам ғасыры . Адамзаттың дамуының жаңа жүйесі кезеңіне білім беру мен оқытудың жаңа модельдері сәйкес келуі қажет.

Білім саласындағы Еуропалық Кеңестің озық сараптаушыларының бағалауынша, бүкіл Халыаралық ұйым үшін де,

барлық білім жүйелері үшін де төмендегі қайшылықтарды жою арқылы ХХІ ғасырдағы білім мәселелері шешілмек:

-жалқы мен жалпының арасындағы қайшылық;

- адамның өз арғы тегі, болмысын жоғалтпай әлем азаматына біртіндеп айналуы және өз аймағы мен ұлтының өміріне белсене араласуы;

-салт-дәстүр мен қазіргі заманғы үрдістер қайшылығы;

-түп тамырын теріске шығармай қалыптасу;

-басқалардың еркін және даму тәуелсіздігімен байланыс;

-ақпараттық қызмет саласындағы жаңа технологияның дамуымен байланысты техникалық үрдісті меңгеру;

-мектеп бағдарламасының күрделенуі;

- қоршаған ортаны тану мен сақтауды қарастыратын пәндердің енуі.

Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуы жолында білімнің ролі артып келетіні белгілі. Бәрінен бұрын, бұл оқу курстарын түрлендіру, білім түрлерінің арасында немесе кәсіби тәжірибе мен біліктілігін арттыру арасындағы байланысты қамтамасыз ете алатын кадрлар дайындау жүйесіне қатысты. Ең алдымен, білім жинақтай білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан ең бастысы - оқуға деген оң көзқарастың дамуы.

Білім берудің озық жаңа технологияларды меңгеру оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтыққа, өз бетінше жетілдіру қабілетін дамытады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың танымдық және өзіндік жұмыстарының ерекшеліктерін сипаттау.

Зерттеу жұмысының мәні: Оқушылардың танымдық белсенділігін және іскерлік әрекетінің білім жүйесіндегі орны мен мәнін анықтау, қазіргі мектептегі оқытудың жаңа әдістері.

Зерттеу жұмысынын міндеттері:

1. Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі, іскерлік әрекетінің ұғымдарының мәнін ашу;

2. Оқушылардың мектептегі танымдық әрекетке апаратын әртүрлі тәсілдерге шолу;

3. Жаңашыл - педагоктардың тәжірбиесіндегі оқытудың жаңа идеяларын сипаттау.

4. Жаңа ғасырға жаңа жол бастайтын білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру.

Зерттеу болжамы:

- ақпараттық дамыту ( когнитивтілік, білімділік ) : ақпараттың үлкен қорын қабылдауына, білім жүйесінің қалыптасуына, білімін игеріп, оны еркін қолдануды білуге бағыттау;

- ойлау белсенділігін дамытуға бағыттау ( дамытушылық, мәселемен оқыту ) ;

- іскерлік технологиялар: мамандық әрі оқу іс-әрекетінің жолдарын меңгеруге бағытталу;

- жеке тұлғаға бағытталған технологиялар: тұлғаның дамуына бағытталу.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: тақырыпқа байланысты жинақталған теориялық мәліметтер, орындалған эксперимент жұмыстарының білім беру жүйесінде қолдануға ықпал етуі.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, білім берудің басты міндеттері көрсетілген.

Бірінші тарауда оқушылардың танымдық ынтасын арттыру басшылыққа алынған. Мұнда оқушылардың шығармашылық және

ізденушілік қабілеттерін бағытталған оқытудың белсенді формаларын, тікелей оқушымен жеке қарым-қатынас жасауда туындайтын қажеттіліктер мен мүмкінділіктеріне сипаттама берілген.

Екінші тарауда оқушылардың танымдық және өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері баяндалған. Танымдық іс-әрекет - оқушылардың білімге деген белсенді ақыл-ой әрекеті. Сондықтан, оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдіру басты мақсат болып табылады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні мен ерекшеліктері сипатталған.

Қорытындыда жинақталған мәліметтерге сүйене отырып, білім беру жүйесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің орны ерекше екендігін дәлелдеу, оны дамыту.

1 бөлім. Таным теориясы және оның психология-педагогикалық негіздері

1. 1 Таным теориясы және оның психологиялық-педагогикалық мәні

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі.

Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастырады. А. Н. Леонтьев: «Таным - әрекет түрлерінің бірі болғандықтан, таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші таным әрекетінің мақсатын кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеде байланысты деп жорамалдауға болады», - деп түсінік береді.

Таным теориясы танымдық іс-әрекет заңдары мен заңдылықтарын зерттейді. Әлемді тану мүмкіндіктері және оның заңдары туралы мәселені философиялық шешу тарихи өзгеріп отырды, онда әрбір тарихи дәуірде жекелеген ғылымдар жинақтаған дүние туралы білім деңгейі көрінеді. Философиялық білім араларында таным процесі мазмұны анықталатын танымның субъект және объектісі қарастырады. Танымның объектісі болып шындықтың өзі немесе оның субъектіден тәуелсіз тіршілік ететін үзіндісі болып табылады. Объект - қандайда бір затқа бағытталған әрекет. Объект - субъект белсенділігі сіңірілетін өріс. Таным субъектісі болып өз тарихи дамуындағы адам және адамзат болып табылады. Субъект өзін объектімен байланыстырып, материалдық, мақсатқа лайықты әрекетті тасушы ретінде көрінеді. Субъект - мақсатты болжап, шындықтың өзгеруін жүзеге асыратын белсенді де дербес тіршілік иесі. Алайда, объективті шындық та субъектінің өзімен белсенді танымдық қатынасқа таным түсетіндіктен, таным объектісі болады.

Таным мен оқу процесі арасында болатын маңызды ерекшеліктер:

- Таным - бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам және адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни, ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді. Олар өздері үшін бұрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты болып, шәкірттердің дара мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орайластырылған, дидактикалық бейімге келтірілген әрі қарай қарапайымдастырылған материалдарды меңгерумен айналысады. Сонымен бірге оқу барысындағы таным міндетті түрде, мейлі тікелей не жанама, мұғалімнің көмегінің болуын керек қылады, ал ғылым тұлғааралық қатынастарды көбіне қажет етпейді.

- Жаңалықтар ашуға арналған таным процесі ұзақты кезеңдік ғылыми ізденістерді қажет етеді. Ал оқу процесінде белгіліні қайтадан ашып, игеру жлы қысқа әрі мұғалім шеберлігімен жеңілдетіледі.

- Таным процесі материалдық не рухани нысандарды қабылдауды талап етеді де, ал олардың шынайылығын практика дәлелдеуі тиіс. Оқу барысында мұғалім білім игеру процесі бөліктерін ауыстыруы және оны практикалық ептілік, дағдылармен кезектестіріп немесе біріктіріп жүргізуі мүмкін.

Танымдық іс-әрекет - оқушылардың білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің өзіне тән ерекшеліктері болады:

1. Таным процесінің ғылымдағы объектісі - белгісіз құбылыстар. Оқушылар ғалымдар зерттеген жүйені өздігінен оқу арқылы танып біледі. Оқушылар оқытуда адамзаттың танымдағы өткен жолын өтпейді. Олар ғылымның ашылған жаңалықтарын, ақиқат жетістіктерін игереді. Ол игеретін білімдер кездейсоқтықтардан тазартылған, жүйеленген, сенімді. Мұғалім оқушыларды ғылымдағы таластармен таныстырады. Сол арқылы оқушыларды ғылыми ізденістерге ынталандырады.

2. Оқушылардың таным процесі үнемдірек. Ғалымдардың, әдіскерлердің, мұғалімдердің көмегімен, оқытудың тиімді жолдары арқылы білім беру қарастырылады, әрбір мектеп пәні бойынша маңызды білімдер мазмұны іріктеліп алынады.

3. Оқыту процесінің ерекшелігі оқушылардың оқуды әрі қарай жалғастыруға, өз бетінше ізденуіне, еңбек әрекетіне дайындалуына, қажетті іскерлік пен дағдыны игеруіне мұғалімнің басшылығымен оқушының өз бетінше оқу әрекетінің өзара байланысы негізінде жүзеге асатын мұғалім үшін де таным процесі болып табылады.

4. Мектептегі таным процесі білім берушілік, тәрбиеленушілік, дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушылардың ақыл-ой қабілеттері дамиды, олардың дүниетанымы, ғылыми көзқарастары мен сенімдері, сезімдері қалыптасады.

Таным теориясы бойынша, пайымдаудың алғашқы формасы - түйсік. Түйсік танымның алғашқы формасы болып табылады. Түйсік процесі тітіркендіргіштер тікелей қатынасқа түскенде пайда болады, оның нәтижесінде адам заттар мен құбылыстардың тек жеке сапасы немесе жеке белгілері, жеке қасиеттері жайлы таным алады. Сонда адам ащы, тәтті, ыссы, салқын, ауыр, салмақты, кедір-бұдырлы, тағы басқа қасиеттерге жіктеуге үйрене бастайды.

Оқу танымдық іс-әрекет - оқушының білім алуға деген белсенді ақыл-ой әрекеті. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру мәселелеріне педагогтардың, психологтардың көптеген еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір жақтары сонау көне замандардан бастау алатыны жөнінде айта кеткен ләзім. Сократтың өзі- ақ оқыту поцесінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді арнайы басқарып отырудың қажеттігі жөнінде айтып кеткен болатын. Кейіннен осы идеяларды ежелгі Рим философтары өз еңбектерінде жалғастырды. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңыздылығын Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци мен А. Дистервегтің, Н. Г. Чернышевскийдің және т. б. еңбектерінде одан әрі дамытылып, тереңдетіледі. Мәселен, А. Дистерверг оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру баланың ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді.

М. Монтень оқу-танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын, оқытушының басшылық рөлі жөнінде былай деген: «Оқушы мұғалімнен алған білімін түгел сүзгіден өткізіп, өз бетінше талдау жасату қажет. Соның нәтижесінде оның білуге құштарлығы дамиды»

Танымдық белсенділіктің мәні. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында оқыту процесін белсендіруге бағытталған, оның балаға арналғаны, оқушының оқытудың белсенді субъектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулердің көлемі көбейді. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістердің қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына Ж. Пиаже (Швейцария), Б. Блюм, Д. Ж. Бруннер, Ж. Ганье, С. Эриксонның (АҚШ) еңбектері куә. Ж. Пиаженнің айтуынша, мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамау керек, шығармашылық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек». Белсенділік деген (интенсивтендіру, мығымдық) оқушының іс-әрекеті мен пәнімен «қосылғандағы» дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділіктің дағды - біліктерін меңгеруі.

Белсенділік - бұл оқытушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын, шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған. Бұл ой еңбегінің құлдырау және тоқтап қалудан сақтайтын, жігерлі, мақсатты бағытталған жүйе.

Белсенділіктің негізгі мақсаты оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу - тәрбиенің саласын көтеру.

Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін ұғындыратын екі әдіс анық белгілі болып отыр. Бір зерттеушілер танымдық белсенділікті әрекет ретінде қарайды, ал біреулер - сапа, жекелік білім деп ұғады. Берілген мәселеге «танымдық әрекет» және «танымдық белсенділік» ұғымдарының енуі тек әрекетті бірлікте қарайтын болсақ онда бұл жағдайда мәселе өзінен өзі шешілетін сияқты, себебі оқушылардың кез-келген әрекеті ойламды шешімді болуы керек.

Оқушылардың оқыту белсенділік мәселесі - терең педагогикалық зерттеулердің пәні. Бұны өңдеуге М. А. Данилов, Р. Г. Лемберг, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, М. Н. Скаткин, И. Ф. Харламов, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина, А. Х. Аренова үлестерін қосты.

Оқытудың әдістемелік белсенді негізі болып, танымдық ілімі болып, танымдық ілімі болып табылады. Танымдықтың мақсаты - жеке тұлғаның санасындағы белгілі нақтылығында. Тәжірибелік және рухани әрекетте жеке тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Бұл танымдық процестің ең жалпы үлгісі. Алайда, белсенді-танымдықтың ерекшелігінің мәні неде екенін түсіну үшін, субъектінің санасында танымдық нақты әлемнің көрінісінің екі деңгейінің бәрін (репродуктивті және продуктивті) бірінен-бірі танымдық процестің жүріп отыруы айырмашылығы бар екенін атап кету керек.

Репродуктивті танымдық деңгейінде (оқыту материалы) сырт қабылдауға берілген күйінше қабылданады. Кейбір зерттеушілер репродукцияны бір енжар нарсе сияқты қарайды, әрине ол шындыққа ұласпайды. Білім мен әрекеттің әдістерін меңгеруде оқушылардың мақсатты бағытталған әрекеті, оқушылар жағынан әр уақытта белсенді болып келеді, тек бұл белсенділіктің деңгейі әртүрлі болады. Сонымекн бірге әрекеттің басқа элементтері болуы мүмкін (Т. И. Шамова) . Дидактикалық көзқараста бұл әрекет бұрыңғы өтілген материалдың бірнеше рет қайталануы, әртүрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы іске асады. Танымдықтың жоғары деңгейі - бұл продуктивті, белсенді танымдық. Бұған тән ең алдымен, оқушының оқыту материалына деген өзгешелік қатынасы. Осының барысында, тек қана оқыту ықпалы өзгермейді, сонымен бірге, оқыту мақсатына субъект - оқушы да өзгереді. Белсенді танымдық кезінде оқушы оқып-үйреніп жатқан материалдың мазмұнына жаңа сұрақтар қояды, оның мәселесін қалыптастырады, оны шешуге жаңа әдістер іздейді. Таным оқушылардың құбылыстар туралы терең білуге ғана емес, оны ерекше ұғынуға, меңгеріп жатқан білімге және танымдық әрекетте, яғни, тек білімді, білік пен дағдыны меңгеру қалыптаспайды, сонымен бірге танымның нәтижесі мен құнды қатынастар пайда болады.

Танымдық белсенділік жеке тұлғаның әрекетінде қалыптасады. Бұл ұғымдардың қарым-қатынасы шамалы тура келгендік қатынас деп білуге болады. Бұл танымдық белсенділік оқытудың интенсивтендіруі мен мәнін белгілейді. Бұл танымдық әрекетте қалыптасып анықталады, бірақ бұл құбылыстар (ұғымдар) ұқсас деген нәрсе емес.

Танымдық белсенділіктің құрылымында жеке тұлғаның сапасы ретінде келесі компоненттер ерекшеленеді: оқу тапсырмаларын дайындауға әзірлік; өзіндік әрекетке ұмтылыс; тапсырма орындаудағы саналылық; оқытудың жүйелілігі; жекелік деңгейді көтеруге ұмтылыс т. б.

Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігі. Танымдық әрекеттің белсенділігін оқытудағы құралдары мен әрекеттерін табу мәселесі ғасырлар бойына жалғасады. Жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған. ХҮІІ-ХІХ ғасырдың педагогтары Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг,

К. Д. Ушинский және т. б. оқытушының негізгі жұмысы-оқушыларды өзінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. Олар дамып келе жатқан оқытудың дидактикасын жасаған. А. Дистерверг былай деп жазған «нашар мұғалім шындықты хабарлап қояды, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді».

Қазақтың ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, ойларын жүйелеуге шақырған. Кеңес әдіскерлері мен психологтары Л. С. Выготский, Б. Г. Есипов, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Р. Г. Лемберг, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин дамып келе жатқан оқытудың тәжірибесі мен теориясын және оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігіне үлкен, зор үлестерін қосты.

Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру. Солардың ішінде ең маңыздысына тоқталайық.

1) Әрекеттік жақындасу оқушылардың танымдық әрекетке тәрбиелеу. Әрекеттік жуықтаудың негізінде әрекет теориясы жатады. Оның негізі: жеке тұлға әрекетте қалыптасады (бұл туралы Қытай даналығында былай делінген: «Маған айт - мен ұмытып қаламын; маған көрсет - мен есімде сақтаймын; маған өзіме жасауға бер - мен үйренемін») . Оқыту процесін ұйымдастыратын мұғалімдерге әрекеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі түрлері: мотиві, мақсаты, мәселелері, мазмұны, құралдары, әдіс-тәсілдері және қорытындысы. Бұлай дегеніміз, мұғалім көптеген құралдар арқылы оқушының ойлау қабілеті, тәжірибелік шамасына әсер ету керек. Осы компаненттердің барлығын мұғаліммен бірге оқушы да меңгеруі керек.

Педагогтарға сонымен бірге оқушылар әрекеттерінің негізгі түрлерін білу керек: оқыту - танымдық, әлеуметтік, еңбек, ойын, талғамдық, денешынықтыру - сауықтыру. Әрекеттің барлық осы түрлері оқытушы мен оқушының өзара қатынасынан тұрады. Әрекеттің бұл түрлерін өзара байланыстыру өте маңызды.

2) Гуманистік психология және педагогика ілімдеріндегі жеке-бағытталған жуықтау төменгі саладай қалыптасады (К. Роджерс) :

- Индивид үнемі ауысып отыратын әлемнің ортасында өмір сүреді. Оған қоршаған орта әрекетті қабылдаудың жеке әлемі өте маңызды; бұл жекелік әлем-әлі сырттан ешкім танып білмеген.

- Адам өзінше түсінуге және өзінше пайдалануға ұмтылады; өзіндік жетілдіруге ішкі қажеттілік қасиеті болады. Жеке тұлғаның дамуы үшін қажет өзара түсіністік, тек қарым-қатынас жасау қорытындысында ғана толық жетеді.

- Өзіндік жетілу, даму-ол қоршаған ортамен, басқа адамдар байланыста болады. Адамға тура және жасырын байланыстар нәтижесінде пайда болатын, оның өзіндік түсінігін шығаратын сырт көздің берген бағасы өте маңызды, оқушының өзіндік толымдық әрекетінде мұғалім жеке бағытта оқыту жағдайында ең зор ұйымдастырушы-нұсқалық жоспарлар, дифференциалды әдістер, шығармашылық үй тапсырмалары, сабақтан тыс оқушы әрекетін ұйымдастыру арқылы жоғарғы сапаға жетеді. Жоспарлау мен бірге педагогика әдістері кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырушы фактор ретінде
САБАҚТА ЖӘНЕ ТӘРБИЕДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Мұражайда 7-сынып биологиясын оқыту әдістемесі
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлін айқындау
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен танымдық қабілеттерін дамыту
Оқушының өздігінен орындайтын және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру
Оқушылардың өзiндiк жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz